Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «___» ___________
№ ____________ қаулысына
3-қосымша
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) регламентінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргізу мақсаты үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасын қамтитын құжат;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды орындайтын, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
4) сәулет және қала құрылысы органы – Астана қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган;
5) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу теңгерімі;
6) мемлекеттік қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасын, нысандарын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын, көрсетілетін мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-құқықтық акт.
2. Жалпы ережелер
2. Осы мемлекеттік қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту шешімін беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметті мекенжайы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-1, 16, 17, 18, 43, 49-1-баптары, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысының 454-тармағы, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысы 1-тармағының 13-тармақшасы және өзге де нормативтік құқықтық актілер негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысын (бұдан әрі – қаулы) беру немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгеруден бас тарту туралы дәлелденген жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет тегін көрсетiледi.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлкеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттiк қызметті жергілікті атқарушы орган ұсынады.
Жергілікті атқарушы органның жұмыс кестесі: дүйcенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда күн сайын сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет Уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту орындықтары, толтырылған бланкілердің үлгілері жазылған ақпараттық стендтер, өтініш бланкілері бар үстелшесі орналастырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген (пандустар, лифттер).
10. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) жергілікті атқарушы органның стендтерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
2) жергілікті атқарушы органның www.uzo.astana.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жергілікті атқарушы органның кеңсесіне осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет.
Жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді және құжаттарды Уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде береді.
Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған кезінде, кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға құжаттарды қарастырады және Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне бір жұмыс күні ішінде береді.
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі құжаттарды сәулет және қала құрылысы органына бекітілген қала құрылыстық құжаттамасына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін анықтау үшін екі күн ішінде береді.
Сәулет және қала құрылысы органы құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға сұратылып отырған нысаналы мақсатының қала құрылыстық құжаттамасына сәйкестілігі немесе сәйкес келмейтіндігі туралы қорытындысын жолдайды.
Уәкілетті орган сәулет және қала құрылысы органының қорытындысын алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі материалдарды әзірлейді және Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.
Комиссия қорытындысының негізінде Уәкілетті орган екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы немесе өзгертуден бас тарту туралы Астана қалсы әкімдігінің тиісті қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органның бекітуіне енгізеді.
Жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде әзірленген қаулы жобасын бекітеді және оны мемлекеттік қызметті алушыға береді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 37 күнтізбелік күн;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
13. Жер учаскесінің құқықтық тәртібіне, жерлердің санаттық тиістілігіне және жерлерді аймақтарға бөлуіне сәйкес рұқсат берілетін пайдалануына сәйкес, оның нысаналы мақсатын өзгерту мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алу үшін көрсетілген мерзімде жүгінбесе, жергілікті атқарушы орган оларды 6 ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхатты:
1) өтініштің нөмiрi және қабылданған күнi;
2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) және орны;
5) мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштi қабылдаған адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын және лауазымын көрсете отырып береді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
4) салық органынан салық қарыздарының жоқтығы туралы анықтама;
5) әділет органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтама;
6) жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнының актісі (қажет болған жағдайда);
7) Астана қаласының бас жоспарында көзделген объектілерді салған жағдайда, жер учаскесіндегі бұрынғы меншік иесінің әрқайсысымен жер учаскесін сатып алу туралы жасасқан шарттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
8) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
9) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжатының көшірмесі (қажет болған жағдайда);
10) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, не болмаса Мемлекеттік қызметті алушының атынан берілген сенімхаттың және жеке тұлға үшін - сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
11) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және заңды тұлға үшін - мемлекеттік қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
12) М 1:500 топографиялық түсірілім (қажет болған жағдайда).
Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.
16. Қаулыны мемлекеттік қызметті алушының өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беру арқылы жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Уәкілетті орган мен сәулет және қала құрылысы органның өзара іс-әрекетінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға Уәкілетті орган жауапты болып табылады.
20. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің іс әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды әзірлеуде көмек көрсету үшін, мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы орган белгілеген жауапты лауазымды тұлғаға жүгінуі мүмкін.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағымдар мекенжайы мен телефоны Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органның жауапты лауазымды тұлғасының атына жолданады.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсеткені үшін түскен шағымдары мекенжайы мен телефоны Стандартқа 1-қосымшада және жергілікті атқарушы органның стендтерінде көрсетілген жергілікті атқарушы орган аппараты басшысының атына жолданады.
23. Көрсетілген Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе www.uzo.astana.kz электрондық почта немесе қолға табыстау арқылы қабылданады.
25. Қабылданған шағымды Уәкілетті орган кеңсесінің жауапты қызметкері кіріс құжаттарды есепке алу журналында тіркейді. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырған шағымға жауап алу мерзімдері мен орны, шағымды қарастыру барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері көрсетілген талон беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың белгіленген мерзімдері – 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтін – 15 күнтізбелік күн.
Шағымды қарастыру нәтижелері туралы өтініш иесіне почта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Егер Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алу үшін белгіленген мерзімде жүгінбесе, Уәкілетті орган олардың 6 ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.
_____________________
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту шешімін беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға
_____________________________
_____________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе
заңды тұлғаның атауы)
№ _______ құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Мен ___________________________________________________________
(уәкілетті орган бөлімінің жауапты маманының Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________
(сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі)
______________________________________________________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін 20__ жылғы «___» _______________ № ________ өтінішті, төмендегі қоса берілген құжаттармен бірге:
-
_____________________________________
-
_____________________________________
-
_____________________________________
-
_____________________________________
қабылдадым.
Мемлекеттік қызмет «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің № _____ бөлмесінде 20__ жылы «___» _______________ көрсетілетін болады.
Сұрау салуды қабылдау күні __________________
Қолы ______________
____________________________
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту шешімін беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
1-қосымша
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім рәсімдеу және беру бойынша
іс-әрекеттердің сипаттамасы
-
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Жергілікті атқарушы орган
|
Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
|
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі
|
Сәулет және қала құрылысы органы
|
Уәкілетті орган
|
Уәкілетті орган
|
Жергілікті атқарушы орган
|
3
|
Іс-әрекеттердің (үдерісінің, операция барысының) атауы және олардың сипаттамасы
|
Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу немесе құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, қабылдаудан бас тарту
|
Құжаттардың мазмұнымен танысу және қарар қою
|
Құжаттарды қарастыру
|
Құжаттарды келісу және уәкілетті органға беру
|
Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысына материалдарды әзірлеу
|
Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясы қорытындысының негізінде Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулы жобасын әзірлеу
|
Уәкілетті орган әзірлеген Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулы жобасын бекітеді
|
4
|
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімі)
|
Құжаттар топтамасын уәкілетті органға беру немесе мемлекеттік қызмет алушыға қайтару
|
Құжаттарды Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне табыстау
|
Сәулет және қала құрылысы органына бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін анықтау үшін жолдайды
|
Уәкілетті органға сұратылып отырған нысаналы мақсатының қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытындысын жолдайды
|
Материалдарды Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның қарауына жолдайды
|
Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулы жобасын жергілікті атқарушы органның бекітуіне жолдайды
|
Астана қаласы әкімдігінің қаулысын мемлекеттік қызмет алушыға беру
|
5
|
Орындалу мерзімдері
|
Үш жұмыс күні ішінде
|
Жұмыс күні ішінде келіп түскеннен кейін келесі күні табыстау
|
Екі жұмыс күні ішінде
|
Бес жұмыс күні ішінде
|
Бес жұмыс күнінен аспайды
|
Екі жұмыс күнінен аспайды
|
Бес жұмыс күні ішнде
|
_______________________________________
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту шешімін беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
3-қосымша
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
уақытты есептеу
2. Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
Құжаттардың мазмұнымен танысу және қарар қою (жұмыс күн ішінде). Келіп түскеннен кейін келесі күні табыстау
3. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі
Құжаттарды қарастыру және сәулет және қала құрылысы органына бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес жер учаскесінің сұратылып отрыған нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін анықтау үшін жолдайды (екі жұмыс күні ішінде)
4. Сәулет және қала құрылысы органы
Уәкілетті органға сұратылып отырған нысаналы мақсатының қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытындысын келісу және беру
(бес жұмыс күні ішінде)
1. Жергілікті атқарушы орган
Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу немесе құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, қабылдаудан бас тарту
(үш жұмыс күні ішінде)
-
Уәкілетті орган
Жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясы қорытындысының негізінде әкімдіктің тиісті қаулы жобасын әзірлейді және әкімдіктің тиісті қаулы жобасын жергілікті атқарушы органының бекітуіне енгізеді
(екі жұмыс күнінен аспайды)
5. Уәкілетті орган
Материалдарды Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясы отырысына әзірлеу және енгізу
(бес жұмыс күнінен аспайды)
7. Жергілікті атқарушы орган
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе өзгертуден бас тарту туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысын бекітеді және оны мемлекеттік қызмет алушыға береді
(бес жұмыс күні ішінде)
_______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |