Қаражал қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «___» ______
№ _____ қаулысымен бекітілген
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:
1) тұтынушы – жеке тұлға;
2) уәкілетті орган – аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округі әкімінің аппараты, облыстық маңызы бар қалалардың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері;
3) орындаушы – уәкілетті органның маманы.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет «Қаражал қаласы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайы осы регламентінің 1 және 2 қосымшаларында көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 49) тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 6 мамырдағы №425 «Нысандардын құрылысы үшін қажет мәлеметтерді және рұқсат ететін құжаттарды беру және әзірлеу тәртібін жайластыру бойынша кейбір шаралар туралы» Үкіметтің қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) «Қаражал қаласы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің str.krj@mail.ru электрондық мекенжайында «Мемлекеттік қызмет» тармағында орналасқан.
2) Осы регламентінің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде орналастырылады.
6. Осы Регламентінің 3-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу коды көрсетілген, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) техникалық шарттардың міндетті қосымшасы бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
тұтынушы уәкілетті органға өтініш берген кезде:
1) осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
2) осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап мынадай құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
3) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты –30 минуттан аспайды;
Электрондық сұрау салу көзделмеген.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет тұтынушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында уәкілетті органда жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабын жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
жеке тұлғалар үшін:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына жеке басын куәландыратын деректерге сұрау салу және тексеру);
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
3) еркін нысандағы өтініш;
4) жергілікті атқарушы органдардың жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;
5) Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер);
6) инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлер (инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды алуға арналған параметрлер: электрмен жабдықтау – талап етілген қуаты, кВт, жүктеменің сипаты (фаза); сенiмдiлiк бойынша санаты) сумен жабдықтау – суға жалпы қажеттілiк, м3/тәулігіне; кәріз – сарқынды сулардың жалпы мөлшері, м3/тәулігіне; жылумен жабдықтау – жалпы жылу жүктемесі, Гкал/сағ.; телефондандыру – телефон аппаратының саны; жарықтандыру – жарықтың болжанған желілерінің техникалық сипаттамасы);
заңды тұлғалар үшін:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмес(заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан заңды тұлға ретінде өтініш беруші мемлекеттік тіркеу туралы жарғы мен куәлік бойынша деректерге сұрау салу және тексеру);
2) статистикалық картаның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
4) еркін нысандағы өтініш;
5) жергілікті атқарушы органдардың жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;
6) тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер);
7) инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлер (инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды алуға арналған параметрлер: электрмен жабдықтау – талап етілген қуаты, кВт, жүктеменің сипаты (фаза); сенiмдiлiк бойынша санаты) сумен жабдықтау – суға жалпы қажеттілiк, м3/тәулігіне; кәріз – сарқынды сулардың жалпы мөлшері, м3/тәулігіне; жылумен жабдықтау – жалпы жылу жүктемесі, Гкал/сағ.; телефондандыру – телефон аппаратының саны; жарықтандыру – жарықтың болжанған желілерінің техникалық сипаттамасы);
Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің мүдделеріне қайшы келмеген жағдайларда, онда жобаға осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.
Егер сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) ұйғарылған болса және сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.
12. Құжаттарды қабылдау:
1) уәкілетті органда кеңсе арқылы.
13. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
Уәкілетті органға құжат тапсырған кезде:
1) өтініштін нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
14. Тұтынушыға сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді уәкілетті органның лауазымды тұлғасы онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде жүзеге асырады.
Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
жобалауға арналған тапсырманың техникалық шарттар алуға қажетті негізгі параметрлерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтініш берушіге хабарлаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыны сәйкессіздікті жою үшін шақырады;
егер көрсетілген инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге қосылу параметрлері мен орнын көрсете отырып, техникалық шарт беру мүмкін болмаса, онда оны беруден негізделген бас тарту жіберіледі.
Уәкілетті орган инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушіден инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде тұтынушыға сәулет-жоспарлау тапсырмасын жібереді.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы қызметкері бас тартқан жағдайда тұтынушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
4. Жұмыс қағидаттары
15. Уәкілетті органның қызметі тұтынушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
5. Жұмыс нәтижелері
16. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
6. Шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) «Қаражал қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шағым жасалады. Уәкілетті органның басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы регламенттің 4-қосымшада көрсетілген.
18. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
19. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша түрде пошта арқылы, немесе ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
20. Уәкілетті органның кеңсесіндегі тіркеу қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымдардың шағымның растау болып табылады (мөртанбан, кіріс нөмірі мен күні шағымның екінші данасына немесе шағымға қоса берілген ілеспе хатқа қойылады).
Шағымды қабылдаған адам тұтынушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда шағымның нөмірі, күні, байланыс деректерін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органы
№
|
Мемлекеттік қызмет көрсететін органның атауы
|
Мекенжайы
|
телефон
|
|
1
|
«Қаражал қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тоқа 1, 2 қабат
|
8(71032)2-65-15
|
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2 - қосымша
Қазақстан Республикасы
«Қаражал қаласының құрылысы, сәулет және қала құрылысы»
мемлекеттік мекеме
мекеменің атауы
Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тоқа 1
(орналасқан жері, электрондық адресі, тел.)
Б Е К І Т Е М І Н:
Бөлімнің бас сәулетші
(Т.А.Ә.)
ЖОБАЛАУҒА АРНАЛҒАН
СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫ (СЖТ)
20____жылғы «____» __________№ ______
Объектің атауы:_____________________________________________
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):_______________________
Қаражал қаласы, ____жыл
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу үшін негіздеме
|
Қала әкімінің ______________ (күні, айы, жылы) №_____ қаулысы
|
Жобалаудың сатылылығы
|
Нобайлық жоба толық көлемде, оның ішінде:
Жалпы деректер: М 1:500 топографиялық негізде учаскенің Бас жоспары (абаттандыру және көгалдандыру схемасы); Қасбеттер, қабаттар жоспары, осьтер бойынша қималар, шатырдың жоспары; қасбеттердің сәулеттік шешімінің паспорты (сыртқы әрлеу ведомості)
|
А. ЖЕР ТЕЛІМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
|
1. Жер телімінің орналасқан жері
|
Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, квартал
|
2. Салынған құрылыстың болуы (жер телімінде бар құрылымдар мен имараттар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалар)
|
Қысқаша сипаттама
|
3. Геодезиялық зерттелінуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабы)
|
Қысқаша сипаттама
|
4. Инжерелік-геологиялық зерттелінуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық материалдардың және басқа да іздестірулердің болуы)
|
Қордағы материалдар бойынша (топографиялық түсірілімдер, масштабы, түзетудің болуы)
|
Б. ЖОБАЛАНАТЫН ОБЪЕКТІНІҢ СИПАТЫ
|
1. Объектінің функционалдық мақсаты
|
Қысқаша сипаттамасы
|
2. Қабат саны
|
Технология бойынша
|
3. Жоспарлау жүйесі
|
Объектінің функционалдық мақсатын ескере отырып, жоба бойынша
|
4. Конструктивтік құрылымы
|
Жоба бойынша
|
5. Инженерлік қамтамасыз ету
|
Орталықтандырылған. Бөлген жер телімінің шегінде инженерлік және алаңішілік дәліздер көздеу
|
В. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛАПТАРЫ
|
1. Көлемдік кеңістіктік шешім
|
Жер телімдері бойынша шектес объектілермен қиыстыру
|
2. Бас жоспардың жобасы
|
Жер телімінің шектелген аумақтық параметрлерін және көліктік-жүргіншілер коммуникациясын дамыту перспективасын ескеру
|
2-1 тігінен жоспарлау
|
Іргелес аумақтардың жоғарғы белгісін бөлшектеп жоспарлау жобасымен сәйкестендіру
|
2-2 абаттандыру және көгалдандыру
|
Қысқаша сипаттамасы мен нормативтер
|
2-3 автомобильдер тұрағы
|
Қысқаша сипаттамасы мен нормативтер
|
2-4 жердің құнарлы қабатын пайдалану
|
Қысқаша сипаттамасы
|
2-5 шағын сәулеттік пішіндер
|
Қысқаша сипаттамасы
|
2-6 жарықтандыру
|
Қысқаша сипаттамасы
|
Г. СӘУЛЕТ ТАЛАПТАРЫ
|
1. Сәулеттік бейненің стилистикасы
|
Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік бейнесін қалыптастыру
|
2. Қоршап тұрған ғимараттармен өзара үйлесімдік (қимыл) сипаты
|
Бағыныстағы
|
3. Түсі бойынша шешім
|
Нобайлық жобаға сәйкес
|
4. Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде
|
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу
|
4-1 түнгі жарықпен рәсімдеу
|
Қысқаша сипаттамасы
|
5. Кіреберіс тораптар
|
Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну
|
6. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының тіршілік әрекеті үшін жағдай жасау
|
МҚН 3.02-05-2003 және ҚР ҚНжЕ 3.01-05-2002 сәйкес іс-шараларды көздеу; мүгедектердің ғимараттарға кіруін көздеу, пандустарды, арнайы кіреберістер жолдарды және мүгедектер арбасы өтетін құрылғылар көздеу
|
7. Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау
|
ҚР ҚНЖЕ сәйкес
|
Д. СЫРТҚЫ ӘРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
|
1. Жертөле
|
Қысқаша сипаттамасы
|
2. Қасбет
Қоршау құрастырмалары
|
Қысқаша сипаттамасы
|
Е. ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
|
1. Жылумен жабдықтау
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)
|
2. Сумен жабдықтау
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)
|
3. Кәріз
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)
|
4. Электрмен жабдықтау
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)
|
5. Газбен жабдықтау
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)
|
6. Телекоммуникация
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)
|
7. Дренаж (қажет болған жағдайда) немесе нөсерлік кәріз
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)
|
8. Стационарлық суғару жүйесі
|
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)
|
Ж. ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫҒА ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТТЕР
|
1. Инженерлік іздестірулер бойынша
|
Жер телімін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен және жер жұмыстарын жүргізуге ордер алынғаннан кейін кірісу
| -
Қолданыстағы құрылыстар мен құрылғыларды бұзу (ауыстыру) бойынша
|
Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы
|
3. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша
|
Өтетін инженерлік коммуникациялар анықталған жағдайда оларды қорғау бойынша конструктивтік іс-шаралар көздеу, тиісті инстанциялармен келісу
|
4. Жасыл екпелерді сақтау және /немесе отырғызу бойынша
|
Қысқаша сипаттамасы
|
5. Жер төлемін уақытша қоршау құрылысы бойынша
|
Қысқаша сипаттамасы
|
К. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
|
Нобайлық жобаға сәйкес құрылыс салынатын жалпы алаң
|
Л. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
|
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеген кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын басшылыққа алу.
2. Жобалауды (жаңа құрылыс кезінде) түзетілген М 1:500 топографиялық түсірілім және бұрын орындалған геологиялық іздестірулер материалдарында жүргізу.
3.Қаланың (ауданның) бас сәуетшісімен келісу:
- М 1:500 бас жоспар;
- инженерлік желілердің жиынтық жоспары;
- құрылыстың бас жоспары;
- жарнамалық-ақпараттық қондырғылар.
|
ЕСКЕРТУЛЕР:
1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі-СЖТ) және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттардың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығы шегінде қолданылады.
2. СТЖ шарттарын қарастыруды талап ететін қандай да бір жағдай пайда болған кезде, оған өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
3. СЖТ көрсетілген талаптар мен шарттар барлық инвестициялық үрдістің меншіктену және қаржыландыру көздерінің формасынан тәуелді болулары міндетті. СЖТ тапсырыс берушінің немесе жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сұранысы бойынша қала құрылыстық кеңестің, сәулеттік қоғамның талқылау құралы болып табылады, тәуелсіз сараптамада қарастырылады.
4. Тапсырыс беруші СЖТ баяндалған талаптарға келіспесе сотқа шағымдануына болады.
5. Берілген СЖТ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте құрылысқа жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеуге және сараптамадан өткізуге рұқсатты білдіреді.
6. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған), бірақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қатысы бар объектілерді мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға тиіс.
Аталған талапты тапсырысшыға (құрылыс салушыға) СЖТ берген кезде аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді және ол сол тапсырмада, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсатта көрсетілуге тиіс.
СЖТ құраған
________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
______________________________
(қолы)
|
СЖТ алдым
________________________________
(күні, айы, жылы)
_________________________________
(қолы)
|
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 -қосымша
Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімдік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақытылығы
|
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
1.2. Қызмет алу үшін кезекте ___ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресімдеген (тіркеген) жағдайлардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Тұтынушы құжаттарды бірінші реттен дұрыс ресімдеген жағдайлардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы үлесі
|
|
|
|
4. Шағымдану процесі
|
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санынан негізді шағымдардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
Әкім аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері
Р/с
№
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты органның атауы
|
Электрондық поштаның мекенжайы
|
Көрсетiлген қызмет қорытындылары мен келiспеген жағдайда шағымданатын адамның лауазымы
|
Көрсетiлген қызмет қорытынды-ларымен келiспеген жағдайда шағымданатын лауазымды адамның жұмыс кестесi
|
Көрсетiлген қызмет қорытынды-ларымен келiспеген жағдайда шағымданатын лауазымды адамның байланыс деректерi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
«Қаражал қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
str.krj@mail.ru
|
Бөлім бастығы
|
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс күндерi - сенбi, жексенбi
|
8/71032/
2-65-15
|
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
5 -қосымша
Талон
_____________________________________
(субъектінің атауы)
Өтінішті қабылдаған ___________________________________
(маманның Т.А.Ә.)
20 ____ жылғы «___» _________ ____ сағ. ____ мин.
|
(мөлшері 15 см х 21 см)
_____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |