Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»



Дата03.07.2016
өлшемі107.98 Kb.
#175572
түріРегламент


ЖОБА

Теміртау қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «__» ________

_____ қаулысымен

бекітілген

«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай түсініктер пайдаланылады:

1) орындаушы – облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі- ветдәрігер).

2) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;

3) уәкілетті орган – облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария бөлімі, аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округі әкімінің аппараты;


2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 Қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті орган көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 13) тармақшасы және 35-бабының 2-тармағы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттарды беру ережесiнiң 4-бөлiмi негiзiнде көрсетiледi (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6029 болып тіркелген).

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) беру (бұдан әрі – анықтама) не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманың бланкісін беру).

Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.

Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:



  1. қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде – ақы төлеу туралы түбіртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 болып тіркелген) -төлем тапсырмасы.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары туралы ақпаратты осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органнан, сонымен қатар аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;



2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

1) егер жануар, жануардан алынатын өнім және шикізат (бұдан әрі – объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;

3) жануардың жеке нөмірі болмағанда;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі негіз болып табылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға жүгінеді және осы Регламенттің 15-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін әзірлейді, дәлелді бас тарту немесе анықтаманы дайындайды, басшыға қол қоюға ұсынады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

13. Тұтынушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес күні бойы жүзеге асырады.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген сәтте көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет тұтынушысының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында, тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын уақыты көрсетіліп ветд2р3гермен тіркеледі.

15. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:

1) жануарға ветеринариялық паспорт;

2) тері-жүн шикізатына, жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;

3) ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжат.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның жауапты тұлғасы:

1) уәкілетті органның басшылығы;

2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.

«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

1-қосымша



Уәкілетті органдардың мекенжайлары

Р/с


Мекеме атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Орналасқан мекенжайы

1

2

3

4

5

1

«Ақтау кенті әкiмiнің аппараты» ММ

Ақтау кенті

8(7213)-94-06-41

Ақтау кенті, 5 квартал

2

«Теміртау қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

Теміртау қаласы

8(7213)-92-47-75

Теміртау қаласы , Тәуелсіздік гүлзары, 6

Ескерту: ММ – мемлекеттік мекеме.

«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

2-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
Кесте 1. ҚФБ іс-әрекеттердің барысы.


Негізгі үдерістің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

Іс-қимылдардың № (барысы, жұмыстар ағыны)

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-қимылдардың (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тіркеу

Құжаттарды қарау, анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды тұтынушыға беру

Аяқтаудың нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)




Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну







Орындалу мерзімдері

30 минут

Жүгінген күні бойы

Жүгінген күні бойы

30 минут

2 кесте. Пайдалану мүмкіндіктері. Негізгі үдеріс – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтама берілген жағдайда




Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды тіркеу

4. Анықтаманы басшылыққа қол қоюға ұсыну

5. Анықтамаға қол қою

3. Құжаттарды қарау, анықтаманы дайындау

6. Тұтынушыға анықтаманы беру




3 Кесте. Пайдалану мүмкіндіктері. Баламалы үдеріс – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтама ресiмдеуден бас тартқан жағдайда.




Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды тіркеу

4. Дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға ұсыну

5. Дәлелді бас тартуға қол қою

3. Құжаттарды қарау, дәлелді бас тартуды дайындау

6. Тұтынушыға дәлелді бас тартуды беру



«Ветеринариялық анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне



3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-қимылы)


Тұтынушы: өтінішті және құжаттарды беру


Жауапты орындаушы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды қарау, анықтаманы не дәлелді бас тартуды дайындау




Жауапты орындаушы: Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды беру




Тұтынушы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет