Регламенті Негізгі түсініктер Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»



Дата19.06.2016
өлшемі105.09 Kb.
#148037
түріРегламент


Қаражал қаласы әкімінің
2013 жылғы «26» ақпан
№26 қаулысымен бекітілген

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1. Негізгі түсініктер
1. Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» (бұдан әрі - Регламент) мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесідей негізгі түсініктер қолданылады:

1) құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) - уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері;

2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;

3) уәкілетті орган – «Қаражал қаласының білім , дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.



2. Жалпы ережелер

     1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – регламент) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (толық атауы, заңды мекенжайы құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген) негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) және «Қаражал қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.


     2. Көрсетілетін регламент нысаны: автоматтандырылмаған.
     3. Экстернат нысанындағы оқытуды ұйымдастыру «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

     5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


     7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.


     8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
     9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін көрсетіледі.
     Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
     10. Мемлекеттік қызмет аудандық (қалалық) білім бөлімінің (басқармасының) анықтауымен мемлекеттік қызметті алушы экстернат нысанында білім алуға өтініш білдірген білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.
     

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібін сипаттау

     11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді.


     Өтінішке қоса:
     1) білім алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтама-қорытындысын;
     2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;
     3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.
     12. Экстернді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешім білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.
     Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты білім беру ұйымы шығарады.
     13. Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне тапсырылады.
     14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі.
     15. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен болады.
     16. Мынадай:
     1) мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
     2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
     3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;
     4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

15. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің орындау мерзімі көрсетіліп әрбір әкімшілік әрекеттерінің реттілігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламентке 4 қосымшада көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде және ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламентке 5 қосымшада көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілу сапасына және оны іске асыруға жауапты болады.


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру


ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне


1-қосымша

           


«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері» мемлекеттік
мекемелерінің тізімі


Білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымының атауы

Орналасқан орны, мекенжайы, электрондық мекенжайы

Байланыс телефоны


Жұмыс кестесі



1

2

3

4

«Қаражал қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100500, Қарағанды облысы, Каражал қаласы, Абай көшесі, 9 үй

karaz_oo@mail.ru



тел. 8 (71032) 26513


Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 09.00-ден 18.00-ге дейін

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру


ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне


2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ өзара байланысты көрсететін кесте

Таблица 1. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі іс-әрекеттің үрдісі (жұмыс барысы)

1

№ іс-әрекет

(жұмыс барысы)



1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

1 ҚФБ

Білім беру ұйымы кеңсесінің немесе өкілетті органның жауапты тұлғасы



2 ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның басшылығы



3 ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның жауапты орындаушысы



2ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның басшылығы



3 СФЕ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның жауапты орындаушысы



3

Іс-әрекет атауы

(үрдістер, тәртіптер)



Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады

Жауапты маманды анықтайды

Берілген құжаттармен танысуды жүзеге асырады және экстернат түріндегі білім алуға рұқсат жобасын дайындайды немесе қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауапты дайындайды.

Экстернат түріндегі білім алуға рұқсат беру жобасына немесе қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауапқа қол қояды.

Мемлекетті қызмет көрсетілуші тұлғаға экстернат түріндегі білім алуға рұқсат немсе қызмет көрсетуден бас тарту жайындағы уәжденген жауапты тапсырады.

4

Аяқтау құрылымы (деректер, құжатар, ұйымдастырушы-өкімді шешімдер)

Мемлекеттік қызме көрсетілуші тұлғаға қолхат береді.

Наложение резолюции

Экстернат түріндегі білім алуға рұқсат жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауапты білім беру мекемесінің басшылығына немесе өкілетті органға қол қоюға тапсырады.

Жауапты маманға тапсырады.

Журналда белгілеу

5

Орындау мерзімі

30 минуттан көп емес

1 күн

10 күн

4 күн

30 минуттан көп емес

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5





2 кесте . Қолдану нұсқалары. Негізгі үрдіс


Негізгі үрдіс(жұмыс барысы)

1 ҚФБ

Білім беру ұйымы кеңсесінің немесе өкілетті органның жауапты тұлғасы



2 ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның басшылығы



3 ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның жауапты орындаушысы



№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады

(30 минуттан көп емес)


№ 2 іс-әрекет

Жауапты маманды анықтайды

(1күн)


№ 3 іс-әрекет

Берілген құжаттармен танысуды жүзеге асырады және экстернат түріндегі білім алуға рұқсат жобасын дайындайды.

(10 күн)





№ 4 іс-әрекет

Экстернат түріндегі білім алуға рұқсатқа қол қояды.

(4 күн)


№ 5 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсетілуші тұлғаға экстернат түріндегі оқуға рұқсат береді.

(30 минуттан көп емес)




3 кесте.Қолдану нұсқалары. Баламлы үрдіс


Негізгі үрдіс(жұмыс барысы)

1 ҚФБ

Білім беру ұйымы кеңсесінің немесе өкілетті органның жауапты тұлғасы



2 ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның басшылығы



3 ҚФБ

Білім беру ұйымының немесе өкілетті органның жауапты орындаушысы



№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады

(30 минуттан көп емес)


№ 2 іс-әрекет

Жауапты маманды анықтайды

(1күн)


№ 3 іс-әрекет

Берілген құжаттармен танысуды жүзеге асырады және қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауап жобасын дайындайды.

(10 күн)





№ 4 іс-әрекет
Қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауапқа қол қояды.

(4күн)


№ 5 іс-әрекет

Мемлекетті қызмет көрсетілуші тұлғаға қызмет көрсетуден бас тарту жайындағы уәжденген жауапты тапсырады.

(30 минуттан көп емес)


«Негізгі орта, жалпы орта білім беру


ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне


3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема


1 ҚФБ

Білім беру мекемесі кеңсесінің немесе уәкілетті органының жауапты тұлғасы



2 ҚФБ

Білім орта білім мекемесінің немесе уәкілетті органының басшылығы



3 ҚФЕ

Білім беру мекемесінің немесе уәкілетті органының жауапты маманы




Н-1, Б-1

Құжаттардың тіркелуін іске асырады

(30 минут көп емес)






Н-2, Б-2

Жауапты маманды анықтайды

(1 күн)

Н-4, Б-4

Бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауапқа қол қояды

(4 күн)






Н-3, Б-3

Ұсынылған құжаттармен танысуды іске асырады. Орта білім беру нысанында оқытуға рұқсат беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ұсынады.(10 күн)



Н-5

Жалпы орта білім беру


ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру

Б-5

Қабылдаушыға қызмет көрсетуден бас тарту жайлы уәжденген жауапты тапсырады.

(30 минуттан көп емес)


Н –негізгі іс-әрекет



Б – баламалы іс-әрекет
          

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет