Регламентін бекіту туралы



Дата03.07.2016
өлшемі166 Kb.
#175541
түріРегламент


«Зейнетақы қорларына,

банктерге кәмелетке

толмағандардың салымдарына

иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі Жол полициясы

комитетінің аумақтық бөлімшелеріне

кәмелетке толмаған балаларға мұраны

ресімдеу үшін анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген білім беру саласындағы «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гульмира Сериковна Бедельбаеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Саран қаласының әкімі С. Касимов

Саран қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «08» қарашадағы

№ 41/03 қаулысымен

бекітілген

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі түсініктер
1. Осы «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» (бұдан әрі - Регламент) мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесідей негізгі түсініктер қолданылады:

1) құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) - уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері;

2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;

3) уәкілетті орган – «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4) халыққа қызмет көрсету орталығы – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) (байланыс мәліметтері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген) көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің «Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалының Саран қаласындағы бөлімі және/немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің «Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалының Саран қаласындағы бөлімінің Ақтас кентіндегі өкілдігі (бұдан әрі - Орталық), (байланыс мәліметтері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген), және мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсанындағы Кодексінің 66, 128-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы, «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:

1) Орталықта – осы Регламентке 2 және 3-қосымшаларға сәйкес зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу) осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға тиесілі мүлікпен әрекетті жүзеге асыру үшін анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭСҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) Орталыққа жүгінген кезде:

мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;

қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

2) портал арқылы жүгінген кезде:

мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;

қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара әрекет) тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Орталыққа жүгінген кезде:

осы Регламентке 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) (бұдан әрі – заңды өкілдері) өтініші;

қайтыс болуы туралы куәлік;

банк салымының бар екенін растайтын құжат;

көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама), егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда;

заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан);

мынадай:

мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың;

баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда);

некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда);

№ 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса) деректері.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.

2) порталда:

мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

қайтыс болуы туралы куәлік – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

банк салымының бар екенін растайтын құжат – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама) – егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда - сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан) – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

мынадай:

мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттардың деректері;

баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

некеге тұру туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

некенің бұзылуы туралы мәліметтер (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

№ 4 нысан бойынша анықтаманың мәліметтері (бала некеден тыс туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:

1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;

2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

12. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:

1) Орталыққа өтініш білдірген кезде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

сұраныстың нөмірі мен қабылданған күн;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;

2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» немесе электрондық поштаға мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.

13. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді:

1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталық қызметкері «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады;

анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды;

егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттар алуға мерзімінде бармаған жағдайда Орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды уәкілетті органға тапсырады;

2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзі жіберген кезде.

14. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің  10-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесідей құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) Орталық қызметкері;

2) уәкілетті органның басшылығы;

3) уәкілетті органның маманы.

16. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің орындау мерзімі көрсетіліп әрбір әкімшілік әрекеттерінің реттілігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламентке 8 қосымшада көрсетілген.

18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде және ҚФБ әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламентке 9 қосымшада көрсетілген.



5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып уәкілетті органның басшысы мен Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілу сапасына және оны іске асыруға жауапты болады.

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша



«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша уәкілетті органның және халыққа қызмет көрсету орталықтарының байланыс мәліметтері


Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша функцияны іске асыратын уәкілетті органның және халыққа қызмет көрсету орталықтарының атауы

Орналасқан жері, мекенжайы, электронды мекенжайы

Байланыс телефоны

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

«Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65

www.saragoo@mail.ru



тел. 8 (72137) 4-05-55

Күн сайын демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерді қоспағанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Халыққа қызмет көрсету орталығы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің «Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалының Саран қаласындағы бөлімі

101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85/3

www.saran-2012@mail.ru


тел. 8 (72137) 5–03-09

Аптасына алты күн, демалыс және мереке күндерін қоспағанда үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Халыққа қызмет көрсету орталығы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің «Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалының Саран қаласындағы бөлімінің өкілдігі

101203, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Первомайская көшесі 16 Б

www.saran-2012@mail.ru


тел. 8 (72137) 5–50-34

Аптасына алты күн, демалыс және мереке күндерін қоспағанда үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы ___________
     «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі _______ жылы туған кәмелетке толмаған ______________________(баланың Т.А.Ә.)________ заңды өкіл(дер)і (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастырушы басқа тұлғалар) _______________ жылы туған, _______________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) (жеке куәлік № __ ______ жылы _________ берілген) _________________ салымшының (мұраға қалдырушының Т.А.Ә.) қайтыс болуына байланысты ( _____ жылғы ___________ №____ қайтыс болуы туралы куәлік)________ жылғы нотариус берген ( ______ жылы ____________ берген мемлекеттік лицензия № ____ ) заң/аманат бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес тиесілі инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес _________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) мұраға қалатын зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат береді.

«Саран қаласының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)


Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
М.О.

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша

Банк атауы___________


     «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі _______ жылы туған кәмелетке толмаған ______________________(баланың Т.А.Ә.) заңды өкіл(дер)і (ата-ана (ата-аналар), қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастыратын басқа тұлғалар) __________ жылы туған, _______________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) (жеке куәлік № __ ______ жылы _________ берілген) тиесілі инвестициялық табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес _________________ (банк атауы) кәмелетке толмаған баланың (балалардың) салымдарына иелік етуге рұқсат береді.

«Саран қаласының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)


Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
М.О.

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

4-қосымша

«Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Кәмелетке толмаған бала (балалар) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ мүддесіне әрекет ететін «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ____________________________ көлік құралын _________________ рұқсат береді.

«Саран қаласының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

бастығы __________ қолы (Т.А.Ә.)

Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.

М.О.


«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

5-қосымша

«Саран қаласының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы

(бастықтың Т.А.Ә.) ____________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______

мекенжайы, телефоны: _________

______________________________



Өтініш
      Сізден __________________________ жинақтаушы зейнетақы қорындағы (қордың атауы мұрагерлікке құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі) зейнетақы жинақтарын салымшы (Т.А.Ә.) _______________ қайтыс болуына байланысты (қайтыс болуы туралы куәліктің №______, куәліктің берілген күні) кәмелетке толмаған балаларының (Т.А.Ә.) _______________ алуына рұқсат беруіңізді сұраймын.

Күні: _________жылғы «___ »


Өтініш беруші(лер) қолы __________


«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

6-қосымша

«Саран қаласының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы

(бастықтың Т.А.Ә.) _______________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.) __________

мекенжайы, телефоны: ____________

_________________________________

Өтініш
      Сізден кәмелетке толмаған балалар

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсетіледі, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келісемін» деген сөзді жазады) (банк атауы) ______________________ банктегі салымдарына иелік етуге (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу) рұқсат беруіңізді сұраймын.

Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
__________________________________________________________________
_____________________________________________қолы ______________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә., жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
__________________________________________________________________
_____________________________________________ қолы _______________
Күні: _________жылғы «___ » Ерлі-зайыптылардың қолдары _____________

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

7-қосымша

«Саран қаласының білім беру,

дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы

(бастықтың Т.А.Ә.) _______________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.) __________

мекенжайы, телефоны: ____________

_________________________________

Өтініш
      Сізден кәмелетке толмаған бала (балалар)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ меншік құқығында тиесілі көлік құралына қатысты мәміле жасауға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Күні: ______жылғы «______ »        Өтініш беруші(лер) қолы __________

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

8-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсете отырып әр ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер реттілігі және өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ әрекеттерін сипаттау




Негізгі үдерістің әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)

Әрекет № (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық қызметкері

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшылығы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қабылдау

Құжаттармен танысу

Аяқталу формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Уәкілетті органның маманына құжаттарды жолдау

Құжаттарды қарар қоюға басшылыққа ұсыну

Қарар қою, орындау үшін маманға құжаттарды тапсыру

Орындау мерзімі

1 жұмыс күні

20 минут

20 минут




Әрекет № (жұмыстың барысы, ағымы

4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның маманы

Орталық қызметкері

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қарастыру

Анықтаманы не дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға жолдау




Аяқталу формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Анықтаманы не дәлелді бас тартуды дайындау

Орталыққа анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды жолдау

Анықтаманы не дәлелді бас тартуды беру

Орындау мерзімі

4 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2-кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үдеріс




Негізгі үдеріс (жұмыстың барысы, ағымы)

Орталық қызметкері

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның маманы

Орталық қызметкері

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

5. Құжаттармен танысу

7. Құжаттарды қарастыру

11. Анықтаманы не дәлелді бас тартуды беру

2. Уәкілетті органның маманына құжаттарды жолдау

4. Құжаттарды қарар қоюға басшылыққа жолдау

6. Қарар қою, орындау үшін маманға құжаттарды тапсыру

8. Анықтаманы не дәлелді бас тартуды дайындау













9. Анықтаманы не дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға жолдау













10. Орталыққа анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды жолдау




3-кесте. Қолдану нұсқалары. Портал арқылы




Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның маманы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттармен танысу

5. Құжаттарды қарастыру

2. Құжаттарды резолюция қоюға басшылыққа жолдау

4. Қарар қою, орындау үшін маманға құжаттарды тапсыру

6.Құжаттарды қарастыру және анықтаманы не дәлелді бас тартуды дайындау







7. Анықтаманы не дәлелді бас тартуды басшылыққа қол қоюға жолдау







8. Мемлекеттік қызмет алушыға анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды жолдау

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

9-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте




Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

(барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-тің өзара іс-қимылы)




Мемлекеттік қызметті алушы: өтінішті және құжаттарды тапсыру



Орталық қызметкері: құжаттарды қабылдау және тіркеу, уәкілетті органға маманға жолдау


Орталық арқылы

Портал арқылы







Уәкілетті органның маманы: құжаттарды қабылдау, тіркеу және басшылыққа жолдау

Уәкілетті органның маманы: құжаттарды қарастыру, анықтама не дәлелді бас тартуды дайындау

Уәкілетті органның басшылығы: қарар қою, орындау үшін маманға құжаттарды тапсыру




Уәкілетті органның маманы анықтаманы не дәлелді бас тартуды жолдайды

Уәкілетті органның басшылығы анықтамаға не дәлелді бас тартуға қол қояды

Мемлекеттік қызметті алушы

Орталыққа:

анықтама не дәлелді бас тартуды беру



Портал арқылы





Проверка документов



Проверка документов


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет