Рекомендательный указатель литературы к 80-летию



Дата25.02.2016
өлшемі262.59 Kb.
#20741


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Северо-Казахстанский государственный университет

им. М.Козыбаева

Алысқа көзін салған асқар ақын

/Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш

ақын Мұқағали Мақатаев-80 жылдығына/
Поэт небесных гор
/Рекомендательный указатель литературы к 80-летию. со дня рождения Мукагали Макатаева - казахского поэта/


Петропавл , 2011

Оқырмандарға
Ұсынылып отырған көрсеткіш қазақтың әйгілі

ақыны, лирик Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың

80 жас толуына арналған.

Мағлұмат алфавиттік тәртіппен орналасқан.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы

ең соңғы шыққан басылымдар еңгізілген. СҚМУ

ғылыми кітапханасы қорында бар.

Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және қалың

оқырман қауымға арналған.

Мұқағали Мақатаев

(1931-1976жж.)

«Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз.

Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен

уақыт оның тұлғасын зорайта, асқақтата түсіпті.

Жыры жалын ақын қазақ өлеңі өлкесіндегі бір

асқарға - дара Алатауға айналғандай.

Шынында да, ол қазақ өлеңдерінде Қасым

Аманжолов сияқты дауылдай өртке тиген

өлеңімен Өмірді шайқаған құдіретті тұлға

қайталанбас кесек құбылыс».

Ә.Тәжібаев.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының

бұрынғы Нарынқол ауданындағы Қарасаз топырағында дүниеге келген.1948 жылы онжылдық мектепті бітіргеннен кейін өзінің

туған ауылында әртүрлі қызмет атқарады.Ауылдық кеңестің

хатшысы,қызыл отау меңгерушісі,жергілікті комсомол

қызметкері,жетіжылдық мектепте мұғалім болады.

Бұл-орта білімді жаңа ғана алған жас жігіттің өмірдегі орнын

бағдарлау,кәсіби тіршілік жолын айқындау кезеңі секілді еді.

Кейіндеу аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеді.

Мектептің жоғары кластарында жүріп өлең жазып,бірді-екілі

туындыларын аудандық баспасөз беттерінде жариялатып

байқаған Мұқағали осы кезден бастап қаламгерлік өнерге

ден қояды.

1962 жылы болашақ ақын Алматы қаласына көшіп келді де,

әдеби ортаға етене қатысты. Қазақ радиосында дикторлық

қызмет атқарғанда да, республикалық баспасөзде жұмыс істеген

жылдарында да әдеби шығармашылық өмір тынысынан бір сәт

те ажырамай, туа біткен ақындық қабілетін шыңдады. «Қазақ

әдебиеті» газетінде,«Жұлдыз» журналында поэзия бөлімдерінде

қызмет атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының поэзия

секциясында әдеби кеңесші болды. Аз уақыт Мәскеу

қаласындағы М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының

жанындағы қысқа мерзімді курста оқыды.

КСРО Жазушылар одағындағы қазақ әдебиеті бойынша кеңесші

міндетін де атқарды.

Әдеби орта,баспасөзде қызмет атқарған тұстағы әдеби

өмір,алпысыншы жылдардағы жеке басқа табынуды

әшкерлеуден туындаған кеңестік дәуір әдебиетіндегі

жаңғыру, бүгінде «жылмық жылдар»деген атпен белгілі

жаңа серпіліс Мұқағалидің да дүниетанымының біржолата

қалыптасуына, қаламгерлік қолтаңбасын айқындап,даралай

түсуіне ықпал етті,негіз болды. Жас ақын талантын

алғаш рет елуінші жылдардың соңына таман Әбділда

Тәжібаевтың аңғарып,сәтті сапар тілеп,бір топ өлеңдерін

«Қазақ әдебиеті» газетінде жариялатуы-оның ақындық

жолын біржолата айқындап берді, әдеби өмірге еркін араласа

түсуіне жол ашты. Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылдарда Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің беттерінде

жарияланады.1954 жылы «Әдебиет және искусство»

(«Жұлдыз») журналында бір топ өлеңдері жарық көрді.

«Қазақ әдебиеті» газетінде өлеңдер топтамасы (Ә.Тәжібаевтың

қоштасуымен)оқырманға жол тартты.Арада он жыл салып,1964

жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалар жинағы жарыққа

шықты. 1966 жылы «Армысындар, достарым!» атты өлеңдер

мен поэмалар кітабы, 1967 жылы «Қарлығашым, келдің бе?»

атты жыр жинағы оқырман қолына тиіп, қаламгерлік бетті

айқындаған,өзіндік қолтаңбасы бар ақынның тұлғасын танытты.

Жазушылық жолы осылайша сәтті басталған жас ақынның

бұдан былайғы барлық саналы өмірі поэзия тынысымен тығыз

байланысты өтті. Өмірінің екінші жартысында біріңғай еркін

әдеби шығармашылық іске шығып алды. «Поэзия! Менімен егіз

бе едің?Сен мені сезесің бе, неге іздедім?»,- деп тебіренетін

Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтықсыз өлең

жолына арнады. Таланты бай, ішкі рухани қуаты берік ақын

небір тамаша лирикалық жырларын ұсынды. «Мавр», (1969),

«Дариға-жүрек» (1972),«Аққулар ұйықтағанда»(1974),«Шуағым

менің» (1975) жинақтары қазақ поэзиясында өзіндік белесті із

қалдырып, өз оқырмандарын тапты.

1976 жылы жарық көрген «Өмір-дастан» атты таңдамалы

өлеңдері мен поэмалары ақындық өмірдің бір түйінді

белесіндегі қортындысы секілді көрінді.

Келесі 1978 жылы жарияланған «Өмір-өзен» кітабын көре

алмады. Дарын ақын, нағыз толысқан шағында 1976 жылы

қырық бес жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл кезде

ақын поэма дастандарымен, талантты лирикалық шығарма-

ларымен, әлем әдебиетінің кесек туындыларын қазақ тіліне

аудару арқылы қазақ әдебиетінің тарихында ерекше тұлғалы

орын алып,жарқын да шынайы талантымен кеңінен таңылып

үлгерді. Ақын соңында бай да талантты қаламнан туған мұралар

қалдырды. Шығармашылық өмірінің алғашқы қалыптасу кезеңі

бүкіл кеңес әдебиетінде үлкен серпіліс тудырған алпысыншы

жылдардағы «жылымық» жылдарына тұспа-тұс келген ақын

дүниетанымы одан кейінгі социалистік қоғамдағы тоқыраудың әуелгі жылдарында күрделі қайшылықтарға ұшырады.

Ал өткен ғасырдың соңындағы қайта құру, қазақ елінің тәуел-

сіздік алу кезеңін ақын өз көзімен көре алмай кетті. Көзінің

тірісінде де ақын ретінде жақсы танылып, әдебиетте өз үнімен

дараланған суреткердің мұраларына көзқарас, ықылас күшейе

түсті.«Бәсіре» (1981), «Зов души» (1981), «Соғады жүрек»

Екі томдық шығармалар жинағы (1982), «Шолпан»(1984)

қалың оқырман қолына тиді.1991 жылы үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.

Ақын У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын» (1996),В.Шекспирдің

«Сонеттерін» (1970), Дантенің «Құдіретті комедиясының»

«Тамұқ» атты бірінші бөлімін (1971) қазақ тілінеа аударып

жариялатты.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында, Қазақ елінің

тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына

жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа

бір кезеңі басталды. Ақын шығармалары өзі дүниеден қайтқан-

нан кейін, беріде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

сыйлығымен бағаланды.Мұқағали өлеңдері–ұлттық поэзияны

жаңа бір белеске көтерді. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен

рухын ұстанды, түрлендіре байытты да,сонымен қалың қазақ

оқырмандарының жүрегіне жол ашты.Сонымен қатар,

ақын қазақ лирикасын XX ғасыр әдебиетінің озық дәстүрлерімен

талантты түрде құнарландырды.

Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселе-

леріне қалам толғаса, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана

тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін

бұзбай, жарасымды дамытты.

Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесі-

нен орын тепкен - Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні

халық санасына сіңді деп айтуға негіз бар. Ақынның

шыншыл, сыршыл қоңыр дауысы әдебиет әлеміне

орнықты. Өзімен-өзі арпалысқан мазасыз Ақын-

жүрек миллион жүректі адамгершілік, суреткерлік

жалын - жігерімен жылытып келеді.
Поэзия!

Менімен егіз бе едің ?

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім ?


Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан,бақтардан,алаңдардан.

Шырақтардаң, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған адамдардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнанда да...
Қазақ ақынының түйсінуі,қазақ ақынының тебіренісі сол

мәңгілік тақырыпты өзгеше бір реңде жеткізеді.

М.Мақатаев өлеңдерін отты, жігерлі десек те, бірыңғай

сазды, сыршыл, шешендік, ақылгөйлік сарындары бар

десек те, нақ басып дәл сипаттай алмас едік.

Мақатаев-жырлары-азаматтық жан-дүние сырлары. Кәдімгі

жұмыр басты пенденің күнделікті тұрмыс-күйінен туындап

жататын жан тебіреністері. Әрине,ақынжанды адамның, ақын

жүректің бұлқыныстары.

Мұқағали Мақатаев таланты жетпісінші жылдар поэзиясында

кемел биігінде, қазақ лирикасының кең төрінде дер кезінде

көрінеді.

Мұқағали ақын ретінде ойды ойып алып, дайын күйінде

қалтаңа салып бермейді,ойды өрбітеді, ойды тіршілік

процесіндей дамытады,шоғын маздатып, қызуын өршітеді.

Табиғи өрісті арнасымен желілеп жеткізеді.

Соның бәрінде де сіңіп,жетеңе жедел белгілі бір шынайы

құбылыстан,өмірлік оқиға, детальдан тілге тиек табады.

Сөйтіп өлең өрнектері ассоциациялық поэтикалық түзілім

қатарларымен санаңа шымырлап жетеді.


Арсыз күлкің тиылмас,жылауың да,

Айтысыңда басылмас,ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір кәрия болмаса бір ауылда.

Біз кәрия болғанша,

Кім біледі...

(Қариялар азайып бара жатыр)
Көктем кетті, күз, міне жуықтады,

Бармысыңдар,бауырлар қырықтағы?

Бәрің тірі қалдың ба, қарығанда

Қырқыншы жылдардың суықтары?


Тағдыр бізден бәрін де аямаған

Жылатқан да жұбатқан, аялаған.

Ата-қаздан айрылған балапан ек,

Аспан асты,жер үстін паналаған.

(«Бармысындар,бауырлар,қырықтағы?»)
Екі өлең қарапайым жолдармен басталған.Мұқағали Мақатаев

өлеңдерінің осыған орай айырықша ерекшелігі-өзіндік мәнер-

нәшінің ұтымды оралымдылығы.Ақын ұсақ көріністерден,

майда зергерліктен гөрі кесек картиналарға,тынысты

полотноларға үйір. Бейнелепайтсақ, ақын туындыларының

ішінен тұтастай өлең-полотноны,өлең-портретті, өлең-

картиналарды айнытпай көреміз.

Ақын кредосы-шыншылдық,сәби сезімге ғана сиятын албырт шыншылдық. Оны оқырмандармен өзек жарды сырлас,айнымас пікірлес ететін алтын арқауы да осы-шыншылдығы.

Мұқағали ақын, көбінесе ұғым,түсінік-таным арқылы

сөйлейді. Сол арқылы аз сөзге көп мағына сыйғызады, әрі

мағына байлығын экспрессивтік мән бояуын қалыңдатады.
Түспесін десең,егер сезімге кір.

Жанарым,менің ылғи көзімде жүр!

Жамандық көрсең қабағымнан,

Жас болып төгіліп кет жанарымнан

(«Жанарым»)

Заманның тынысы мен ақынның мұңы ұштасып кеткен-

дей. Бүгінгі күннің, бүгінгі дәуірдің,яғни,ақын өмір сүрген

кездің тынысы да осы.

М.Мақатаевтың ақын ретіндегі,азамат ретіндегі бөлекше

мінез жаратылысына тән қасиеті-ештеңеден бейтарап қала

алмайтыны. Көзімен көріп,көңілімен бағамдаған жайды басқаға

да,өзіне де,оңаша да,көпшілік ортасында да бүкпесіз,жалтақсыз

қолма-қол айтады.Өзгенің айыбын да,өзінің айыбын да

жасырмай бетке баса біледі.

Отан,ана туралы ақындар көп жазса да,өзгеге ұқсатпай,

өзінше жырлаған санаулы ақынның төрінен де Мұқағалиды

көреміз. Ақын жүрегі балаға да, далаға да,адамға елжірей

тебіреніп, егіле жырлайды.Сан –салалы тақырыптағы,

түрлі жанрлардағы шығармаларының жан өзегінде сол сезім

мен адалдық жарасымды табиғи өмірін танытады.

Мұқағали Мақатаев поэма жанрында да ерекше

қолтаңбасымен дараланды.Қазақ тарихының құбылысы

мәселелеріне барумен бірге,өз өмір сүрген кезең шындығына

да қалам толғады.Саяси-әлеуметтік, қоғамдық-саяси сарындағы

поэмаларының өзінде шынайы көңіл шымырқаныстарына

толы көркем шындықты бейнелейді. Ол поэма жанрын

тақырыптық жағынан байытты,жанрлық-стильдік тұрғыдан

жаңғырта түсті.

Дастан,поэмаларында лирикалық сарындар,азаматтық-

әлеуметтік тыныс,тарихи арна барынша жеке-дара

оқшауланып көрінді.Саяси тақырыптарға да барып,

бірнеше талантты поэмалар қалдырды. «Аққулар

ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Арман», «Досыма

хат», «Алтай-Атырау», «Мұзбалақ», «Қырандар қош

болындар», «Ару ана» поэмалары-әдебиет тарихында

елеулі орыны бар, көркемдігі кемел, психологиялық

талдауларға ден қойған, қазақ елінің әр кезеңдегі

ахуалын,ұлттың жан дүниесін терең ашып көрсеткен

туындылар. Негізінде,Мұқағали поэма,дастан секілді

ірі жанрлардағы шығармалары көркемдік табиғаты

жағынан лиро-эпикалық сипаты басым болып келеді.

Лирикалық жырдың шебері,оның ішінде адам бала-

сының ішкі психологиялық иірімдеріне сергек көңілімен

тереңдеп баратын ақындық қасиет дастан-

дарында да ерекше көрініс береді.

М.Мақатаевтың поэма, дастандары суреткердің

дүниетаным кеңдігін,білім-парасатын, ұлттық әдебиет-

тің тынысын әлемдік әдеби ізденістер, адамзаттық

тебіреністер арнасымен тоғыстыра алуымен бірге,ақын

шығармаларының тақырыптық-көркемдік кеңістігін барынша

кеңейтті. Поэзияның ірі жанрларында күрделі тақырыптарды,

ұлттық мәселелерді,тарихи таным табиғатын талантты

толғаумен ол жетпісінші,сексенінші жылдар әдебиетінде өзгеге

ұқсамайтын, бітімі бөлек, терең із қалдырды.

Қазақ өлеңінің сыршылдық,ұлттық нәштеріне өз

өрнегін қосып түрлік,стилистикалық, троптық жағынан

құнарландырып байытқан Мұқағали Мақатаев таланты,

туабітті ақындық дарыны ұлттық поэзиямыздың

мәртебесін өсірген осындай шығармалармен дара-

ланды. Ақынның барлық еңбегі тұтастай алғанда,

өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани

дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін,тарихи тұрғыдағы

ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар

қатарына жатады.

Қазір Мұқағали Мақатаевтың жүрек сырын,жырын,

өмірін білмейтін қазақ кемде-кем?

Оқырман мен өлең ара қатысындағы уақыт табы

осыдан да аңғарылады...

Кезінде мерзімді баспасөзде толық жарияланған «Реквием»

(«Жан азасы») толғауы «Өмір-өзен»жинағына недәуір

ықшамдалып енген болатын.Бұл ақынның аққу әні еді.

Бірақ ол ақынның жарық дүниемен,миллиондаған

оқырмандармен қоштасуы емес,мәңгілік қауышу тебіренісі

болатын.


Өлеңмен де,өмірмен де бүкпесіз қауышып,қалтарыссыз

сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім

өртінде өтті. «Жүрегінің түріне кір жасырмай»айтып кетті.

Ол-қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін

Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп

өткен бір ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген

парасатты қаламгер.

Ол әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз,ақжарқын көңілімен

сазды сыр төгіп отырғандай.Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен

де ақынның қимылын, дауысын,мәнерін естіп, мінез-құлқын

танимыз. Өйткені ол өлеңнен,өнерден сыр іріккен емес.

Өлеңге өз жан дүниесін ашты,өлеңнің сырлы құпияларын жария

етті.

Ал өлең жолдарына өмір болып құйылу-таланттың



талантының басына қонар алтын құс!

Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан

туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай

бермек. Әр өлеңі, өлеңінің әр жолы халықтың қымбат

өнер қазынасына айналған классигіміздің шығармашылық та,

өмірбаяндық та қыр-сыры күн санап халқы үшін қымбаттай

беретініне күмән жоқ.Оны зерттеген сайын ақынның ғана емес,

халқымыздың да мәдени көкжиегі кеңи түспек.



Еңбектерінің әліпбилік көрсеткіші



  • Мақатаев М. Жырлайды жүрек: Өлеңдер мен поэмалар.//Құраст. Б.Айдарова.-Алматы: Жазушы,1989.- 496 б.

  • Мақатаев М. Өмір-өзен: Өлеңдер мен дастандар.-

Алматы: Раритет, 2005.- 288 б.

  • МақатаевМ. Өмірдастан: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Жазушы, 1976.- 232 б.

  • Мақатаев М.Шығармаларының төрт томдық жинағы.Т.2.- Алматы: Жалын, 2001.-320 б.

  • Мақатаев М.Шығармаларының төрт томдық жинағы. Т.3 .- Алматы: Жалын, 2002 .-432 б.

  • Мақатаев М.Шығармаларының төрт томдық жинағы. Т. 4.- Алматы: Жалын, 2002 .- 432 б.

  • Мұқағали: Естеліктер /Құраст.А.Әбдіқалов.-Алматы: Жалын, 1995.- 224 б.


Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер


  • Асылбек А. Мұқағали ескерткіші алдындағы ой. //Мұқағали.- 2009.- №8.- б. 23-24.

  • Асылжанұлы Б..Мұқағалидің лирикалық поэзиясы. //Жұлдыз.-2010.-№10.-б.177-185.

  • Ағыбаева А.Мұқағалимен кедесіп едім.: 9ақпан-

М.Мақатаевтың туған күні.//Заң газеті.-2008.-9 ақпан.

  • Ахметқали Ж.Мұқағали лирикасындағы антонимдердің қолдану ерекшелігі.//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-

№2.- б. 93-97.

  • АшановаМ.Мұқағали-аңыз.//Қазақ әдебиеті.-2011.

-4 ақпан

  • Әденов Ә.Ұлы ақын жайлы бірер сөз: Мақатаев

шығармашылығы.//Мұқағали.-2009.- №4.- б.20-23.

  • Әкебаев Б.Мұқағали және Абай.//Мұқағали.-2010.-№11.-б.30-33.

  • Әсемова Р.Мұқағали-мәңгілікғұмыр.//Ұлағат.-

2008.- №1.-б.128-132.

  • Батық Мәжитұлы. Мұқағалимен мұндасқан ақын: Еркін Ібітанов жайлы сыр толғау.// Мұқағали.- № 8.- б.30-33.

  • Байсұлтанова Г.Мұқағали жырлайды.//Оқыту-тәрбиелеу технологиясы.-2010- №5.-б.56-59.

  • Бегманұлы Қ. «Мұқағали он жасында-ақ от ауызды ақын еді» ақын М.Мақатаев туралы.//Жас алаш.-2007.-23 қазан.

  • Бейсенбаева Б.Мұқағали лирикасындағы түр мен түстің көркемдік ерекшеліктері.//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№10.-б.124-127.

  • Бектасова Г.Мұқағали Мақатаевтың бұлтты аспанда:

естелік.// Түркістан.-2011.-3 ақпан.

  • Бекей М.Ақының сыр сандығын ақтарғанда:Мұқағали

және ұлттық рух.//Мұқағали.-2010.- №10.- б.35-45.

  • Болтаева Ғ.М.Мақатаев өлеңдерінің бала тәрбиесіндегі

рөлі.//Ұлағат.-2008.-№5.-б.82-85.

  • Далабаева А.Мұқағали шығармаларындағы ерлік рухтың дәріптелуі.//Ақиқат.-2010.-№8.-б.107-110.

  • Ермегияев А. Мұқағали-бақытты ақын.//Мұқағали.

-2009.-№9.- б. 5-14.

  • Жайнақова С.Қарасаз перзентінің қарасөзі:27 наурыз

М..Мақатаевтың дүниеден өткен күні.//Әдебиет айдыны

.-2008.-20 наурыз.



  • Жақсылықов Ж. Мұқағалимен өткен сол сәттер.

//Мұқағали.- 2009.- №7- б. 4-7.

  • Жарқынұлы!Ең шұғылалы жұлдыз:жазушы

Мақатаев шығармашылығы.//Ана тілі.-2010.-7 қазан.

  • Жарқынбеков С.«Жазылар естеліктер мен туралы». //Ана тілі.-2011.-9 ақпан.

  • Жанырбай М.Мұқағали Мақатаев жырларындағы салт- дәстүр сипаттары.//Мұқағали.-2010.-№1.-б.41-43.




  • Жолдасбеков М Мұқағали қазақ поэзиясының

бағын жандырған ақын.// Мұқағали.- 2010.- № 8.-

б.13 – 22.



  • Қауғабай О.Мұқағалидың Димекеңе мұң шағуы.

//Ақиқат.-2007.-№8.-б.56-60.

  • Қауғабай О.Мұқағалидың Мәскеумен қоштасуы.

//Ақиқат.-2009.-№8.-б.68-74.

  • Қасымханқызы Б.Мақатаев поэзиясындағыбиік идея.

//Мұқағали.-2009.-№1.-б.5-9.

  • Қазанбаева А.Мұқағали лирикасындағы етістіктердің

стильдік қызметі.//Мұқағали.-2009.-№9.-б.19-23.

  • Қайырбеков Ә.Алтын қалам:немесе Ғабит Мүсреповке

Мұқағали Мақатаевтың мұң шағуы.//Мұқағали.-2010.

-№2.-б.24-27.



  • Қайранбай Ж.Мектеп оқушыларына арналған:Мұқағали

өлеңдерінің жинағы туралы.//Мұқағали.-2010.-№6.-б.48.

  • Кәрішал Асан-Ата.Мұқағалидың жолыққаны жақсы

ырым болды.//Мұқағали.-2009.- №8.- б. 23-25.

  • Кәрібаева Б.Мұқағали жырларындағы психологиялық

ирімдер.//Мұқағали.-2009.-№2.-б.5-18.

  • Кеттебек Ж.Мұқағали Мақатаевтың бұлты аспаны.

//Мұқағали.-2010.-№1.-б.13-23.

  • Құдабаева Н. М.Мақатаев шығармаларындағы

фразеологизмдердің қолданылуы //Мұқағали.-2009.-

№12.- б.30-37.



  • Құрманғали Қ.Мұқағали жыры жалпақ жүрегінде.

//Мұқағали.-2009.-№6.-б.9-19.

  • Қырбасова Э.Ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі

табиғат лирикалары.//Атамекен.-2009.-11 қараша.

  • Мадияр Әбілқайыр.Мұқағали-жырымның шамшырағы.

//Мұқағали.- 2009.-№7.-б.14.

  • Мамыткұлұлы А.Мұқағали рухымен сырласу

//Мұқағали.2009.- №12.- б.16.

  • Мақұл А.Туған жердеп жыр төккен:Мақатаев

шығармашылығы.//Мұқағали.-2010.-№12.-б.40-45.

  • Машкеева Н.Мұқағали Мақатаевтың «Раймбек!

Раймбек!»поэмасының көркемдік ерекшеліктері.

//Ақиқат.-2011.- №1.-б.59-61.



  • Мәмесейіт Т. Бәкей қыз.Мұқағали өскен өңірдің тарихи оқиғасы.//Мұқағали.-2009.- №10.-б. 28-42.

  • Мәжитұлы Б.Мақатаев және Үмбетов.//Мұқағали.-

2010.-№5.-б.14-15.

  • Мәжит Б.Мұқағали ұнатқан Бетховен.//Мұқағали.-

2009.-№5.-б.27-29.

  • Мекебаев Ш. Мұқағали ағамды сағынамын.//Мұқағали.

-2009.- №8.- б.19-22.

  • Мекебаев Ш.Ақын жыр адамға жыр береді:Мақатаев

өлеңдерін дене сабағында пайдалану.//Мұқағали.-

2010.-№12.-б.36-39.



  • Мерхамитқызы Ф. Мұқағали жүрген сара жол- Абай

жолының жалғасы іспеттес //Мұқағали.- 2009.-№11.

-б .35-40.



  • Мейрбеков Ә.Аспантау ақиықтары:Мақатаев

шығармашылығы.//Мұқағали.-2009.-№10.-б.5-12.

  • Мұқағали Мақатаев Ұ(1931-1976).//Қазақ әдебиетінің тарихы.Он томдық..-Т.9.-Алматы,2005.- б.607-629.

  • Мұқағали Мақатаев(1931-1976 жж.).//Тарихи тұлғалар.Танымдық көпшілік басылым:Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған.-

Алматы, 2006.- б.206-207.

  • Мұқағали өлеңдерін қылқаламмен өрнектеген

//Мұқағали.-2009. -№9.- б.14-15.

  • Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі афоризмдер.

//Мұқағали.-2010.-№5.-б.52.

  • Мұқағали өзі де өксімесін, сөзі де өксімесін.//Жас Алаш.- 2011.- 8 ақпан.

  • Мұқашқызы З. «Өмірімен өтер болды-ау бұл өлең»:ақын

Мақатаев шығармашылығы жайлы кеш.//Қазақ тілі мен

әдебиеті орыс мектебінде.-2010.-№2.-б.91-95.



  • Мұқағали қазақ поэзиясының бағын жандырған ақын.

// Мұқағали.- № 9.-б. 8-13.

  • Мұртаза Ш. Мұқағали жалған сөздің жауы болатын. //Мұқағали.- 2010.- №1.- б. 6-8.

  • Ноғайбаева Қ.М.Мақатаев философиялық-әлуеметтік

ойлары.//Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік журнал.

-2010.-№4.- б.75-76.



  • Нұрышев А.Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен

шығармашылығы сабақ..//Қазақ тілі мен әдебиеті

орыс мектептерінде.-2008.-№1.-б.38-44.



  • Нұржекеұлы Б.Ерекше тағдыр иесі:Мақатаев-

80 жыл.//Егемен Қазақстан.-2011.-8 ақпан.

  • Нұрлығаян С.Дариға жүрек :әдеби сын Мақатаев

шығармашылығы.//Жұлдыз.-2009.-№3.-б.196-201.

  • Нұржекеұлы Б. «Қазақа мәңгі қызмет жасап келе

жатқан Мұқағали».//Мұқағали.-2010.-№1.-б.6-8.

  • Оразақын А. Мұқаали мұрасы «Алтын қалам»

Арнасында.//Мұқағали.-2010.-№10.-б.14-16.

  • Оразақын Асқар. Мұқағали туралы естелікті еселеу.

//Мұқағали.-2009. -№7.- б.44-47.

  • Өмірзақұлы Р. Мұқағали ақынның жырларымен.

- Петропавл, 2002. - 69 б.

  • Нұржекеұлы Б. Қазаққа мәңгі қызмет жасап келе

жатқан Мұқағали.//Мұқағали.-2010- №1.- б.5-11.

  • Нұрмаханова Р. Мұқағали құдіреті.//Мұқағали.-2009.

- №9.-б.8-13.

  • Рахманова С.Мақатаев прозасындағы қордалы ой мен

нәзік сезім.//Қазақстан мектебі.-2009.-№7.-б.73-76.

  • Сахид-Уаһас Р.«О менің ақ қанат құс махабаттым.»

немесе Мұқағали поэзиясындағы әйелдер бейнесі туралы. //Мұқағали.-2009.-№3.-б.28-33.

  • Сембаева Г.Мақатаев шығармашылығындағы

дүние-танымдық көзқарастар.//Мұқағали.-

2010.-№4.-б.51-56.



  • Мұқағали Мақатаев(1931-1976 жж.).//Тарихи тұлғалар.Танымдық көпшілік басылым:Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған.-

Алматы, 2006.- б.206-207.

  • Тұрбекова Ұ. «Қалай біткен мына көл таубасына?!».

Мұқағали Мақатаев шығармашылығы.//Ақиқат.-2007

-№5.-б.81-83.



  • Тұрбеков Ұ.Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім

иірімддері.//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2009.-№8.-

б.81-88.


  • Төлепбергенұлы Н. «Мен сірә өлмейтін шығармын!».

//Мұқағали.-2010.-№3.-б.47-49.

  • Үркімбай Н.Алысқа көзін салған асқар ақын:

ақын Мақатаев шығармашылығы.//Мұқағали.-2010.

-№3.-б.23-25.



  • Үркімбай Д.Жырлары дертке дауа: ақын Мақатаев

шығармашылығы.//Қазақ әдебиеті.-2010.-5 наурыз.

  • Үмбеталиев С.Мұқағали және туған жер.//Мұқағали.-

2009.-№11.-б.42-43.

  • Шоранова Г.Мұқағали өлеңдеріндегі сезім мен сыр:

сөз өнері.//Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл.-2010.

- №1.- б.7-8.



  • Ысқабай Ә. Өр мінезді өлеңдер өрнектеген кемеңгер.

// Мұқағали.-2010.- №10.-б.24-29.

  • Ібітанов Е. Мен білетін Мұқағали. //Мұқағали.- 2009.-

№9.- б. 8-13.

  • Ібітанов Е.Мен білетін Мұқағали.//Мұқағали.-2009.- №11.- б.5-13.

Құрастырушы: Қазиқанова А.Қ.

Ақпараттық -библиографиялық бөлім


К читателям

Предлагаемый вашему вниманию рекомендательный указатель посвящен 80-летию со дня рождения М. Макатаева,

знаменитого казахского поэта

В указателе представлена биография поэта, краткий обзор его творчества, список литературы о нем , имеющиеся в фонде научной библиотеки СКГУ им. М.Козыбаева.

Указатель предназначен для преподавателей, студентов, а также для широкого круга читателей.


Мукагали Макатаев

/1931-1976/
« Он искал слова,- которые бы полнее

выражали смысл жизни, суть труда и

дел нашего поколения. И он сумел

найти такие слова. Добротой

наполнены его строки, добротой

и любовью к человеку».
Ануар Алимжанов

Макатаев родился 9 февраля 1931 года в селе Карасаз Алма-Атинской области. Кра­сота родного, счастливого края стала источ­ником его поэтического дара. Полное имя поэта — Мухаметкали, но его с детства ласково называли Мукагали, считая, что бремя ответственности (нелегко носить имя Пророка) может осложнить жизнь маленького ребенка. У молодых родителей Макатаевых, Сулеймена и Нагиман, он был первым из троих детей. Отец поэта, скромный и работящий человек, за год до войны стал председателем колхоза. Первоначально детство Макатаева было безоблачным, только шалости и проказы, связанные с ощущениями детства, могли оставить счастливый след в душе человека, уже ставшего взрослым: «Мы были босоногими детьми, когда гоняли коз, когда кидали в окна камни». Макатаев любил мир своего детства и искренне тосковал по нему, но рано лишившись отца, погибшего на фронте, будущий поэт с лихвой познал все тяготы военного времени.

Первые стихотворения были написаны им в одиннадцать лет и посвящены отцу. В пят­надцатилетнем возрасте Мукагали серьезно увлекся поэзией. В 1948 году Макатаев успешно окончил в Нарынколе школу-интернат. Но, к сожа­лению, так и не смог получить высшего об­разования, хотя дважды поступал в КазГУ, затем в институт иностранных языков. В 1973 году он поступает в Литературный ин­ститут им. М. Горького в Москве, но, не проучившись и года, по семейным обстоя­тельствам возвращается домой.

Макатаев рано женился, весной 1949 года. Со своей будущей женой — Лашын Алимжановой — Мукагали познакомился в ауле Шибут, где в то время работал в сельсовете, а она — учителем в школе. После переезда всей семьи в 1962 году в Алма-Ату работал диктором на Казахском радио, журналис­том в республиканских газетах и журналах, руководил советом по делам молодежи в Союзе писателей.

К 1949 году относятся его первые публика­ции. Уже в 1960 году во вступительном слове к подборке стихотворений Макатаева поэт Абдильда Тажибаев назвал его великим поэ­том. Начиная с 1962 года, когда вышла пер­вая книга стихотворений, до последнего года жизни Макатаева — 1976-го, увидели свет его стихотворные книги: «Аппассионата», «При­ветствую вас, друзья!», «Когда лебеди спят», «Свет мой», «Жизнь-поэма» и другие.

Боль за свое рано повзрослевшее поколение навсегда осталась в сердце будущего поэта и пробудила в нем чувство сострадания ко всем осиротевшим детям. От имени своих сверстников, от имени всех сирот земли Мукагали Макатаев обратился к людям в поэме «Реквием Моцарта», написанной им незадолго до смерти:

Мы сироты


Одни на свете.
Мы - не взрослые и не дети;
Нам не страшно
И нам не больно.
Шар земной
Будто мяч футбольный.
Не ругайте нас, одичалых,
Нас, к любому делу пригодных,
Нас, отчаявшихся, печальных,
Нас, бессребреников голодных.
Равнодушье преодолейте,
Нам обиду не наносите
Жалких слез над нами не лейте.

Поэзия Макатаева пленяет искренностью чувств, завораживает пронзительной инто­нацией, покоряет гениальной простотой, не­повторимым обаянием. Она хватает за душу и не отпускает, потому что настоящая. Не об этом ли рассуждал и сам поэт: «Мнимое переживание, мнимые любовь и радость, мнимый патриотизм и т. д. — враги поэзии. Не надо творить ради расположения публи­ки, а надо ради расположения Духа. Каждый пишущий человек может рассмешить, раз­волновать читателя (это зависит от его мас­терства), но чтобы войти в его душу, прочно остаться в его памяти, надо быть предельно откровенным, душевным и понятным».

Рождение любимой казахским народом проникновенно-грустной песни «Вспомни обо мне» имеет особую историю, в которой, можно сказать, приняли участие божест­венное провидение и онтологический закон парности. Незадолго до смерти Макатаева пересеклись пути двух выдающихся казах­ских сынов.

Осенью 1975 года знаменитый компози­тор Нургиса Тлендиев обратился к поэту Макатаеву с предложением: «Мукаш-батыр! Всю глубину твоих стихотворений я только сейчас по-настоящему понял, только сейчас как будто бы их узнал. Каждое твое слово близко и понятно народу, оно простое. Тогда почему же не перевести их в песни, которые постоянно будут на устах твоего народа? Как ты на это смотришь?»

После этого разговора композитор при­гласил Макатаева к себе домой, и оба реши­ли: чтобы творческий процесс не прерывал­ся, во время работы Мукагали будет жить у Тлендиева. За период тридцатидневного сотрудничества поэт и композитор написали такие известные песни, как «Сарыжайлау», «Приветствую тебя, Жетысу», «Не погаснет, бабушка, твой очаг», «Пусть не будет вой­ны», «Приди, проказница, в мои Алатау», «Домбра — мой друг», «Я вас ищу». Тлендиев, вспоминая эти вдохновленные и насыщен­ные творчеством прекрасные осенние дни, с теплотой пишет о детской непосредствен­ности и застенчивости Мукагали, о его ве­ликом трудолюбии и мощи таланта.

Макатаев и Тлендиев (поэт и композитор) начинают с одной и той же высоты, называе­мой душа человека, суть которой определяет единый национально-философский образ — образ природы. Именно природа — буйству­ющая весна, проливной дождь, цветы и небо, летний лес, опадающая листва, первый снег и зимнее утро — служит в стихотворении толчком к воспоминанию.

Неумолимая смена времен года, беско­нечное их движение, печальное присутствие души и голоса Макатаева уже сами по себе определяют протяжно-грустную мелодию Тлендиева. Благодаря духовному завещанию поэта стихотворение «Вспомни обо мне», об­ретшее воплощение в проникновенной му­зыке Тлендиева, стало поистине народным произведением.

Смысловой и философской основой пес­ни-прощания Макатаева является неизбыв­ная любовь к жизни. В одном из стихотворе­ний поэт говорит обо всех невзгодах жизни, о ее горечи и несправедливости, но, несмотря на это, восклицает: «Я в жизнь влюблен».

Любовь в поэзии Макатаева — это глубоко драматическое чувство, наполненное тоской и безысходностью. Любовь еще сильнее под­черкивает одиночество поэта. Только в при­роде и через природу возможно соединение влюбленных. Она — посредник между ними. В стихотворении «Укрывшись тоски болез­ненным чекменем...» влюбленный согласен на разлуку в бытийном мире, если его люби­мая будет царить в мире природном:

Если не увижу тебя, ну что ж,

Только солнцем останься в небе моем.

И тогда можешь думать, что меня нет.

И тогда он сможет превратиться в обла­ко и станет ловить лучи солнца, и тогда он может «превратиться в непрекращающийся ливень».

Макатаев — поэт-пантеист. К женщине он относится, как к явлению и стихии природы. В стихотворениях «Ты была подобна цветку розы...» и «Твои глаза рождены из глубокой бездны...» природа служит своеобразным «строительным материалом» в создании об­лика женщины: кажется, что она нарисована красками природы.

Стихотворения о любви у Макатаева со­ставляют золотой фонд его поэзии. Любовь для Макатаева — понятие универ­сальное и многомерное. Ведь вся его поэзия пронизана любовью — любовью к жизни, к поэзии, к женщине, к природе, к Отчизне, к матери, к детям, к своему народу, к родному языку и родной культуре. Трудно сказать, что из перечисленного является главным. В совокупности все это составляет единое целое — человеческое бытие. Любовь к бы­тию, к жизни во всех ее проявлениях — в этом смысл поэзии Макатаева, которая по существу является философской.

Прикоснуться к величию Макатаева noмогают и его дневники. Поэт словно исповедуется в них, так как разговор наедине с собой требует откровенности, искренности и огромной работы души.

Знакомясь с записями, касающимися творчества, оказыва-ешься свидетелем радостей и открытий Макатаева. Сокровенные мысли поэта-философа, поэта-патриота, неиссяка­емая любовь к родной земле, к своему на­роду потрясают воображение и производят мощные сдвиги в привычном сознании, в понимании того, что такое Родина и народ. «22 февраля 1973 г. Задумавшись, понимаю, что у меня есть одна мечта. Это — хоть как уго­дить своему народу, понравиться ему. Только ему без утайки рассказать всю свою правду. Народ мой, как донесу до тебя свой голос?»

Он прожил бурную, полную лишений жизнь, его часто не понимали. Первый сборник стихов вышел только через тринадцать лет после поэтического дебюта, а переводов своих произведений на русский язык Мукагали так и не увидел. Поэт никогда не роптал на жизнь, потому что главным для него было творчество.
Как завещание звучат слова Макатаева: «Если когда-нибудь кого-нибудь заинтере­суют моя жизнь, мое творчество, я вот что скажу им: Дорогие товарищи мои! Если вы действительно намерены исследовать мою биографию, мое творчество, то не забудьте прочесть все, что написано мною».

35 лет как не стало Макатаева. За это время изменилась страна, произошла смена поко­лений, но любовь к поэту безгранична. Его стихи звучат не только на казахском языке, но благодаря переводам О. Жанайдарова, Л. Шашковой, Н. Черновой, М. Курганцева, Ю. Александрова, Г. Шалахметова им дарована жизнь на русском языке. О его творчестве написаны серьезные исследова­ния К. Алпысбаева, К. Сеитовой, Г. Орда, А.Носковой, К. Хамидуллаева, А. Казанбаевой, Б. Бегимановой, Ж. Отейулы, У. Туркебаевой. Слава к Мукагали Макатаеву пришла после смерти, в 1980-е годы: в Алматы его именем названа улица, установлена мемориальная доска на доме, где он жил. Постановлением правительства от 15 декабря 2000 года Мукагали Макатаеву за заслуги в области литературы была присуждена Государственная премия Республики Казахстан (посмертно). Уникальным стало иллюстрированное издание «Божественной комедии» Данте в его переводе. Поэтические сборники вошли в золотой фонд казахской поэзии. А нежные поэтические строки положены на музыку и звучат песнями.

Стержнем всей творческой жизни Мукагали Макатаева была вечная тема - жизни и смерти. Ей оставался он верен до последнего вздоха. Страстное стремление остаться на родной земле, пусть - деревом, птицей, существом живым и зримым -присутствует во всех его предсмертных стихотворениях. Он одухотворяет природу, становясь ее естественной частью. Наиболее ярко это чувство выражено в стихотворении «Будем жить меняясь жизнями….». Стихотворение изумительное.


Будем жить меняясь жизнями…
Сердечко-лист, березка-душенька,

Махнемся судьбами с тобой?

Ты станешь песней непослушною,

А я весеннею листвой.
Согласна ли шагнуть без боязни

На мой такой тернистый путь?

Живи, люби, катайся в поезде,

Прими людскую нашу суть.
Взгляни глазами человечьими

На мир, столицы посети...

А я над тропами овечьими

Тобою буду ввысь расти.
Найду себе жилье укромное

Поближе к желтому жнивью.

И небо горное, огромное,

Меня оденет в синеву.
Ведь мы одной землею вскормлены

И рождены: и ты, и я.

Я глубоко проникну корнями

В земную сущность бытия.
Я — человек, ты — бессловесная,

Но только с тысячью сердец.

Поет душа твоя древесная,

Шатер листвы — всему венец.
Лист упадет забьется множество.

А у меня в груди болит

Одно лишь сердце. И тревожится

Вот-вот от ветки отлетит...
И вместе с ним на веки вечные

Я отлечу. А ты весной

Над головами человечьими

Вновь зашумишь своей листвой.
Краса-березонька, послушай-ка,

Давай сменяемся с тобой

И оболочкою, и душами,

И непредвиденной судьбой.
Давай дышать, меняясь жизнями:

То человеком, то листвой;

Вне времени с его капризами

Тобой и мной, тобой и мной.
Ты волей злою, непреклонною

Мне не накликаешь беду.

А я, шумя листвой зеленою,

Тебя ни в чем не подведу.

Список литературы о М. Макатаеве
Абишева С. «Если кто ищет меня, я есть в этом мире»:К 75-

летию М. Макатаева. //Казахстанская правда.-2006.-10

февраля.
Абишева С. Философия любви в поэзии М.Макатаева. //

Евразия.- 2005.- № 3.-С.75-92.


Абишева С. "Я вернусь снова": К 80-летию со дня рожде-

ния М.Макатаева -казахского. поэта. //Казахстанская

правда .-2011.- 9 февраля.
Арцишевский А. Мукагали. Жизнь, творчество, смерть и

легенды. //Централ Азия Монитор.-2008.-8-14 февраля.

Джуанышбеков Н. «Заблещут молнией слова…» : К 75-

летию Мукагали Макатаева.// Мысль.- № 2.-С.59-63.

Журавлева О.Л. Моделирование образа литературного ге-

роя в поэзии М.Макатаева. //Русский язык в школах и

вузах Казахстана.-2007.- №1.- С. 35-36.

Карпова И.Н. Поэтический час "Аллея поэтов": Мукагали

Макатаев. //Внеклассная работа в школе.-2010.-№ 12.-С.

25-30.


Кругляков Г. Поэт небесных гор: 70-летию Мукагали Мака-

таева. //Нива.-2001.-№7.- С.147-145.

Кунелекова Г. Мукагали Макатаев: "Я ровесник поколе-

ния 21 века". //Экспресс.-2001.- 21 февраля.


Макатаев Мукагали. //Казакстан: Нац. энциклопедия.- Т.З.-

Алматы, 2005.-С.459-460.

Макатаев Мукагали. //Алматы: Энциклопедия.- Алматы,

1996.-С.198 .

Макатаев М. "Буду я вашей песней.": Стихи. //Нива.-2001

.-№7.- С.24-31.

Макатаев М. Любовная лирика. //Простор.-2001.- №1.-

С.74-75.


Петровский А. Встречайте поэзию : О Мукагали

Макатаеве.// Казахстанская правда.- 2001.- 6 сентября.

Рахметова Р.К. Встреча с Мукагали Макатаевым:

Литературная гостинная. //Русский язык и литература в

казахской школе.-2004.-№6.- С.57-60.

Сариева К.Н. Как тревожно стучишь ты, сердце мое : О

поэзии Мукагали Макатаева. //Евразия.-2006.-.№6.- С.86-99.
Чернова Н. "Свет полуденный, жизнь моя"! : Мукагали

Макатаеву-70 лет. //Простор.-2001.-№1. – С.72-74.

Подготовила : Макаренко О.М.

информационно-библиографический отдел


Ответственная за выпуск : Нурпеисова К.Н.

заведующая библиотечным комплексом






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет