күші жойылды-ҚҚА № 40 25.02.2006ж.
ҚРӘМ № 2712 27.02.2004ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы |
2004 жылғы 19 қаңтар
|
№7
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1765 тіркелген Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы № 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктерді еріксіз таратуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы № 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1765 тіркелген, 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:
кіріспесіндегі "арнайы басқарушының өкілеттіктері мен міндеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер " қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.";
3-тармақтың 2) тармақшасында, 4-тармақтың 1) тармақшасында, 5, 14-тармақтарда, 21-тармақтың екінші абзацында, 32, 34, 36, 57-тармақтарда, 76-тармақтың 3) және 4) тармақшаларында, 7-тараудың атауында, 79, 80, 81 және 92-тармақтарда "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның" "уәкілетті орган" "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тарату комиссиясы – еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату процесінде банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында банктің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын орган;
5) кредиторлар талаптарының тізілімі – уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде өтініш жасалған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ депозиттерге ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жөніндегі ұйымның еріксіз таратылатын банк ұсынған есепке сәйкес сома көлемінде өтеуді төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;";
6-13-тармақтар алынып тасталсын;
20-тармақтың екінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
Ұлттық Банктің банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшілік басқарушысының) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда Ұлттық Банктің банкті еріксіз тарату жөніндегі шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымында банкте мүлік болмаған не егер оның құны осы шығыстарды өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы жариялау шығыстарын өтеу үшін қаржыландыруға тыйым салынады.";
21-тармақтың төртінші абзацы "жұмсауға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тарату комиссияларының еңбегіне ақы төлеуге арналған қаражатты екі айдан аспайтын мерзімге резервтеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселеген мөлшерінен аспауы тиіс.";
22-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік өтеді.
Тарату комиссиясы он күндік мерзімде уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшілік басқарушысынан) банктің банк операцияларын жүргізуге лицензияларының түпнұсқаларын, мүлкін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.";
24-тармақ алынып тасталсын;
32-тармақтағы "заңда" деген сөз "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;
33-тармақта:
1) тармақшада:
"банкті тарату ісі басталған кезден бастап" деген сөздер "банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
"орталық әділет органдарында" деген сөздер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "арнайы басқарушысынан" деген сөздер "уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшілік басқарушысынан)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақшадағы "банкті тарату ісі басталған кезден бастап" деген сөздер "банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "тағайындау" деген сөзден кейін "уәкілетті органның тағайындауы" деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы "кредиторлардың тізіліміне" деген сөздер "кредиторлар талаптарының тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
21), 22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"21) уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;
22) тарату туралы есеп, банктің тарату балансын жасайды және оларды келісу үшін уәкілетті органға жібереді;
23) банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды;";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Уәкілетті орган берген лицензиялардың түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылады.";
35-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Таратылатын банктің ағымдағы шоты оның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалындағы бас офисі орналасқан жерде ашылады.";
екінші абзацтағы "ағымдағы есепшоттарына" деген сөздер "ағымдағы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Банктің тарату конкурстық массасына ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі кірмейді: ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды меншіктеу құқығы ұстаушыларда туындаған немесе оларға мәмілелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге негіздер бойынша өткен жағдайларда мемлекеттік бағалы қағаздар. Аталған мүлікті тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарына сәйкес ипотекалық облигациялардың кредитор-ұстаушыларымен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне өткізеді.";
46-тармақтағы "азаматтық заң нормаларына сәйкес" деген сөздер "тепе-теңдік принципі сақтала отырып кезектілік басталған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
55, 57, 59, 68, 72 және 86-тармақтардағы "кредиторлар тізілімі", "кредиторлар тізілімін", "кредиторлар тізіліміне", "кредиторлар тізілімінің" деген сөздер "кредиторлар талаптарының тізілімі", "кредиторлар талаптарының тізілімін", "кредиторлар талаптарының тізіліміне", "кредиторлар талаптары тізілімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды бекіту үшін уәкілетті органға береді.";
59-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
60-тармақтағы "соттың" деген сөз "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
61-тармақ алынып тасталсын;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап он күндік мерзімде қалыптастырады, тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және бекіту үшін жедел түрде уәкілетті органға жіберіледі.";
73-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Кредиторлар комитеті мүшесінің талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады. Бұл жағдайда тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің тізімін бекіту үшін кейіннен уәкілетті органға бере отырып кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту жөніндегі жұмысты жүргізеді.";
76-тармақта:
5) тармақшадағы "өкілін" деген сөз "өкілдерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "тарату" деген сөздің алдында "банктің қаржылық жай-күйін ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
80-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясын тағайындайды;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банктің тарату комиссиясы еріксіз таратылатын банктің келісу үшін ұсынған аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
3) банктің тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитеті құрамының тізімін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) тарату комиссиясы ұсынған еріксіз таратылатын банкті тарату туралы есепті және тарату балансын қарайды және келіседі;";
81-тармақтағы "және бұл жөнінде банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылдаған сотқа хабарлайды" деген сөздер "және ұйғарымның орындалу мерзімін белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын сотқа ұсынады.
Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өнідірісінің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
90. Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алатын әділет органдарына және уәкілетті органға жібереді.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн ішінде күшіне енеді.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
Төраға Б. Жәмішев
Достарыңызбен бөлісу: |