ҚРӘМ №5256 11. 07. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ



Дата25.02.2016
өлшемі92.44 Kb.
#25649





ҚРӘМ № 5256 11.07.2008ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2008 жылғы 26 мамыр № 76
Қредиттік бюроның қызметін лицензиялау

ережесін бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 182 28.11.2008ж.


Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі –Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 129 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4280 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап, жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Кредиттік бюролар осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай мерзім ішінде Агенттікке Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынсын.

5. Лицензиялау басқармасы (А.Ж. Нәжімеденова):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны кредиттік бюроларға, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б.Байсыновқа жүктелсін.
 

Төрайым Е. Бахмутова


 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы

№ 76 қаулысымен бекітіліген

Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесі

 

Осы Ереже 2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң) және 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» (бұдан әрі – Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және кредиттік бюролардың қызметін лицензиялау шарттары мен тәртібін белгілейді.



1. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) Кредиттік бюролар туралы Заңының 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.

2. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес беріледі.



3. Кредиттік бюро туралы Заңның 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжатқа мына құжаттар қоса беріледі:

1) бірінші басшымен бекітілген ақпараттық жүйелерді әзірлеу жөніндегі техникалық тапсырма;

2) ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және ілеспе қызметтерді атқару процессі туралы мәліметтері бар, әзірлеу кезеңдерін анықтауды, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және өндірісті пайдалануға енгізу тәртібін, барлық кезеңдерді құжаттауға қойылатын талаптарды қамтыған құжат;

3) ақпараттық қауіпсіздік саясаты, ол пайдаланылатын ақпараттық жүйе құрамының сипаттауын, өтініш берушінің ақпараттық жүйені пайдаланушылар тізімін, олардың ақпаратқа, бағдарламалық және техникалық құралдарға қол жетімділік құқықтарын (олардың қызмет дәрежесіне және орындайтын функцияларына байланысты) қамтуға және мыналарды айқындауға тиіс:

ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың жалпы бағыттарын; ақпараттық жүйені қорғаудың мақсаты мен міндеттерін;

қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне жетудің негізгі принциптері мен тәсілдері;

өтініш берушінің ақпараттық қауіпсіздік саясатын айқындайтын қажетті талаптарды әзірлеуге жауапты лауазымды адамдарын белгілеу;

өтініш берушінің ақпараттық жүйелерін және оларды қорғау жүйелерін құруға және олардың жұмыс күйінде сақталуына жауапты бөлімшелерді анықтау;

дүлей күштер: табиғи зілзала, апаттар, өрт, электроэнергияның өшуі, байланыс желілерінің зақымдануы, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери қақтығыстар туындаған жағдайдағы ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік режимін бұзылуын болдырмау шаралары;

бағдарламалық қамтамасыз етуді және/немесе ақпараттық жүйенің деректерін рұқсатсыз өзгертуін болдырмау және ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін ұйымдастыру жөнінегі ішкі құжаттар;

4) ақпараттық жүйелерді қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге үй-жайлардың болуын растайтын құжаттар (үй-жайды жалдау шартының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе орналасқан үй-жайды иелену құқығын растайтын құжат);

5) қол жетімділікті бақылауды монтаждау жөніндегі құжаттар (шарт, сипаттама);

6) серверлік жабдықтарды жеткізу жөніндегі құжаттар (шарт, сипаттама, жабдықтарды жеткізу актісі, техникалық хаттама);

7) компьютерлік жабдықтарды сатып алу құжаттары (шарт, қабылдау-тапсыру актісі, кепілдік талоны, сәйкес келу сертификаты);

8) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу құжаттары;

9) бейнебақылау жүйесін монтаждау жөніндегі құжаттары;

10) электрондық хабарламаларды беру және алу бойынша регламенттелген процедуралардың болуы туралы ақпараты бар құжат.

4. Осы Ереженің 3-тармағында аталған құжаттар Агенттік Басқармасының «Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 тіркелген) көзделген талаптарды ескеріп, беріледі.



5. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының заңнама, оның ішінде осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.

6. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия уәкілетті органмен шектелмеген мерзімге беріледі.

7. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту Кредиттік бюролар туралы Заңның 10-бабымен, Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздер бойынша іске асырылады.

8. Лицензия алу үшін берген өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, сондай-ақ, Кредиттік бюролар туралы Заңның 9-бабының 1- тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда кредиттік бюро уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтерді және осындай өзгерістер мен толықтырулар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, нотариалды расталған құрылтай құжаттарының мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмелерін ұсынады.



8-1. Кредиттік бюро лицензиясын жоғалтқанда, бүлдіргенде, уәкілетті орган кредиттік бюроның жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмірді беріп және жоғарғы оң бұрышына «Дубликат» деген жазбамен дубликатты беруді жүргізеді.

9. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия (лицензиялардың телнұсқасын) берілген (қайта ресімделген) кезде мөлшері және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалатын лицензиялық алым өндіріп алынады.


9-1. Кредиттік бюро туралы Заңның 12-бабына сәйкес уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі қабылданған шешімі орындалу үшін кредиттік бюроға жіберіледі.

9-2. Лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кредиттік бюро әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей ай сайын (лицензияның қолданылуын қайта жаңартқан күнге дейін) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кредиттік бюро жүргізген іс-шаралар туралы уәкілетті органға хабарлайды.

9-3. Кредиттік бюро лицензияны ерікті қайтару жөніндегі ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында лицензияны уәкілетті органға қайтарған күнге дейінгі алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялайды.



Кредиттік бюро уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарғанда, бір уақытта өтініш хатпен қоса Кредиттік бюро туралы Заңның 15-бабында көрсетілген іс-шаралардың орындалғанын растау жөніндегі хатты береді.

9-4. Уәкілетті орган лицензияны беру және одан айыру жөніндегі, сондай-ақ кредиттік бюроның лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жаңарту жөніндегі ақпаратты уәкілетті органның ресми веб-сайтында оны орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша ашады.

10. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен шешіледі.



Кредиттік бюроның қызметін

лицензиялау ережесіне 1- қосымша

____________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

___________________________________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)
Ө Т І Н І ІШ
Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:

1. Өтініш беруші орналасқан жері (заңды/нақты мекенжайы)

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-бірегейлендіру нөмірі (бар болса), кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктегішінің коды)

_____________________________________________________________

(телефон, факс).

2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, байланыс телефондарының нөмірлері);

3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) туралы мәліметтер: заңды тұлғалар үшін – толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталының мөлшері, жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, туған күні мен жылы);

4. Төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері толық төлегенін растайтын құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда);

5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық құқықтық нысанында).



_____________________________________________________________

6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________


Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толығымен жауапты болады.
Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, өтініш берушінің өтініш беруге өкілетті тұлғаның лауазымы

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

(қолы)
200__жылғы «______» _____________


Мөрдің орны

Кредиттік бюроның

қызметін лицензиялау ережесіне



2- қосымша

Қазақстан Республикасының

елтаңбасы

 

Уәкілетті органның толық атауы

 

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға берілетін лицензия
 

Лицензияның нөмірі _____ Берілген күні _____ жылғы «___»

_______________________________________________________________

                     Кредиттік бюроның толық атауы

 

Кредиттік бюроның алғаш рет алған лицензиясы туралы деректер:

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________



(нөмірі, күні, лицензияны берген уәкілетті органның атауы)


Төрайым (Төрайымның орынбасары)


Мөрдің орны 
Алматы қаласы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет