6.Еуропа елдері (1918-1945 ж.ж.)
Бірінші дүниежүзілік соғыс ірі капиталистік мемлекеттердің арасындағы қайшылықтардың шиеленісуінен туындады. XX ғасырдың басында ірі еуропалық елдердің арасындағы империалистік кайшылықтар бір-бірімен ымыраға көнбейтін екі ірі әскери одақтың құрылуына алып келді. Германия, Австро-Венгрия және Италия одағына қарсы 1907 жылы Англия, Франция және Ресей мемлекеттері Антанта одағын құрды.
Одан бұрынырақ 1882 жылы, Германия, Австро-Венгрия және Италия елдері арасында Үштік одақ әскери бірлестігі ұйымдасқан болатын.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетінің дағдарысы болды Ірі монополистік капитал топтарының арасындағы экономикалық қайшылықтар мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленістіріп, соғыстың себептерін туғызды. Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды. Франция — Германия, Германия — Ресей, Австро — Венгрия — Ресей қайшылықтары да елеулі әсер етті.
Соғыстың негізгі себептері соғыстың мақсаттарын да айқындады. Англия мен Франция Германияның Африкадағы отардарын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді.
Орыс капитализмі Түркияға, Балқанға Германия ықпалының күшеюіне жол бергісі келмеді Патшалық Ресей және жасалған жағдайда Стамбұлды, Қара теңіз бұғаздарын, Галиций өңірін және Неман өзенінің бойындағы жерді өзіне қаратып алуды мақсат етті.
Австро-Венгрия үкіметі Сербияны басып алып, бүкіл Балқан түбегінде және Адриат теңізінде өз үстемдігін орнатуға тырысты.
Германия дүние жүзін өзінің пайдасына қайта бөлісуді, Еуропа мен Таяу Шығыстың көптеген бөлігін бағындырып алуды мақсат етті. Сонымен қатар неміс капиталистері Балтық өңірін, Қырымды, Кавказ, Азов теңізі, Дон өңірлерін бағындыруды көздеді.
1914—19І8 жылдардағы соғыс империалистік, басқыншылық, екі жақтан да әділетсіз соғыс болды. Сербия тарапынан ғана бұл соғыс ұлт-азаттық, өзінің тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес болды. Бірақ бұл жағдай дүниежүзілік соғыстың тонаушылық сипатын өзгерте алмады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына басқыншылық саясат жүргізген барлық елдердің капиталистері кінәлі еді.
1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының мұрагері, эрцгерцог Франц Фердинанд және оның жұбайы Сараево қаласында қаза тапты. Осыған орай Германия императорының соғысқа итермелеуімен Австро-Венгрия 23 шілдеде Сербияға ультиматум жіберді. Оның жауабын күтпей, осы жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялады. Ресей үкіметі дереу жұмылдыру жұмыстрын бастады. Орыс армиясындағы мұндай әрекетке жауап ретінде тамыз айының басында Германия — Ресейге, Францияға қарсы соғыс ашса, Англия үкіметі Германияға қарсы соғыс жариялады. Жапония да Германияға қарсы соғыс жариялап, Антанта блоғына жақтас екендігін байқатты. Сөйтіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті.
1914—1916 жылдардағы соғыс қимылдары. 1914 жылы 4 тамызда неміс әскерлері "Шлиффен жоспары" бойынша Бельгия арқылы Францияның жеріне баса-көктеп кірді.
Францияға көмек көрсету мақсатымен орыстың екі армиясы тамыздың ортасында Шығыс Пруссияға басып кірді.
1914 жылғы әскери шайқастар Антанта одағының артықшылығын айқындап берді. Германия әскерлері Марна алқабындағы шайқаста сөтсіздікке ұшыраса, Австро-Венгрия әскерлері Галиция мен Сербиядағы арпалыстарда жеңіліп қалды. Кавказ майданындағы шайқастарда Ресей әскерлері түріктерді талқандап, кері шегіндірді. Сөйтіп, Германия империализмінің "қауырт соғыс" жоспары іске аспай, тығырысқа тірелді де, соғыс ұзаққа созылды.
Үштік одаққа жақтас Италия соғыстың барысында Антанта елдерімен жақындасып, олардың "көп жер береміз" деген уәдесіне сеніп, 1915 жылы мамырда Австро-Венгрияға соғыс жариялады. Италияның Германия жауларының жағына шығуы Антантаны біршама күшейтті.
1915 жылы 22 сәуірде Германия алғаш рет химия қаруын Ипр өзенінде қарсы тұрған жауға қолданды. Бірақ ең басты соғыс қимылдары Шығыс майданда жүріп жатты. 2 мамырда басталған немістер шабуылы 5 айға созылды. Орыс әскерлері Галицияны, Буковинаны, Польшаны, Литваны, Латвияның бір бөлігін тастап, шегінуге мәжбүр болды.
1915 жылғы көктем және жаз айларында Батыс майдан шептеріңде ірі шайқастар болды. 1915 жылы ағылшын-француз әскери тобының ең ірі соғыс әрекеті Мөрмөр теңізі мен Дарданелл бұғазын басып алуға бағытталды. 150 мың әскері оққа ұшқаннан кейін, Антанта жағы бұл әрекетін тоқтатып, оны қайталауға шамасы келмеді.
Германия армиясының Шығыс майдандағы жеңістерінен кейін, 1915 жылғы қазанда Болгария Антантаға қарсы соғыс жариялады. Сөйтіп, Германия, Австро-Венгрия, Түркия және Болгариядан тұратын Төрттік одақ құрылды.
1916 жылы соғыс қимылдары Батыс майданға ауысты. Акпан айында Германия армиясы Францияға қарсы — Верден камалына шабуыл бастады. Бұл канды шайқас тарихқа "Верден қырғыны" деген атпен енді. Жаудың қарсылығын жеңу үшін немістер оқ-дәріні аяған жоқ. Верден бекінісіне 2 млн снаряд аткыланды. Селолар жермен-жексен болды. Жайқалған жасыл ағаштардың орнында бытшыты шықкан бағандар мен бұтақтар, жапырактар шашылып жатты.
Соғыстың қорытындылары. Бірінші дүниежүзілік соғыс XX ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға болды. Ауқымы мен салдары жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарына 74 млн адам шақырылды.
Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қолданылды. Танктер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс жылдарында өлген адамдардың саны—10 млннан, жараланғандары 20 млн-нан асты. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады. Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Балтық жағалауы аймағындағы жаңадан құрылған жас мемлекеттер шықты.
Версаль — Вашингтон жүйесі. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 каңтарында Парижде бітім конференциясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітім шартын жасасуда Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ Кеңестік Ресей шетте қалды.
Конференцияның негізгі мәселесі Германиямен бітім шартын дайындау болды. Конференцияға қатысушылар ішінде Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекші қатарда болды.
Француз делегациясы өзінің негізгі жауы Германияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір бассейнін және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді.
Англияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы күшті бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлығын бөлісуде Англия мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылшын премьер-министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол егер Еуропада Франция күшейіп бара жатса, оған қарсы Германияны пайдалануды ойлады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсері. Ұлыбритания алдыңғы қатарлы державалардың бірі ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің нәтижесінде өз саясатындағы көптеген мақсаттарын жүзеге асыруға қолы жетті. Германия Англиямен бақталас болудан қалды. Африкадағы неміс отарларының есебінен және Түркиядан тартып алған аумағы есебінен Британия отарлық империясы кеңейді. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге міндеттенген төлемнің көп бөлігі Англияға берілді. Алайда Ұлыбританияның қаржылық-экономикалық жағдайы соғыстың салдарынан біршама әлсіреген болатын. Ол ұлттық байлығының үштен бір бөлігін жоғалтты. Өндіріс салалары 20%-ға қысқартылған. 1914—1918 жылдары соғысқа қажетті тауарлар өндіру, автомобиль, ұшақтар жасау, химия өндірісін дамыту жолға қойылған. Металл қорыту қарқыны айтарлықтай артты. Алтас көмір өндіру, теңіз кемелерін жасау, керісінше, қысқартылған. Өндірісті үлғайтудағы арасалмақтық қайшылықтар Англия экономикасына көп кедергі жасап келді, оның өнімдері қымбат болып, базарда жөнді өте қоймады. Англия экспорты соғыс кезінде екі есе төмендеген, ал импорты, керісінше, екі есе өскен. Осыған орай Ұлыбритания шетелдерден қарыз алуға мәжбүр болған. Егер соғысқа дейін АҚШ Ұлыбританияға қарыздар болса, соғыстан кейін бұл державалар бір-бірімен орын алмастырды. 1919 жылы Англия АҚШ-қа 850 млн фунт стерлинг (4 млрд долл) берешек болды. Дүниежүзілік қаржы орталығы Лондондағы Сити қаласынан Нью-Йорктің Уоллстрит қаласына қоныс аударды. АҚІП Англияны сыртқы саудадан қысқан сайын, екеуінің арасындағы бөсеке құрес күшейе түсті. Англияға карсылас болып Еуропада — Франция, Азияда Жапония саяси аренаға шықты.
Ағылшын үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғыс біткен кезде билік басында Дэвид Ллойд Джордждың либералдар, консерваторлар және лейбористерден құралған коалициялық үкіметі тұрған еді. Коалицияның мақсаты — соғыс жылдарында "азаматтық бейбітшілікті" сақтап тұру болды. Соғыс аяқталған соң, бұл коалиция тарап кетті.
Ұлыбританияда көтерілістер, қақтығыстар болған жоқ. Бұл мемлекеттегі өзгерістер эволюциялық жолмен, біртіндеп, өркениетті түрде өтіп жатты. Дегенмен ел өмірінде жаңа сатылы бағыттар туғызатын оқиғалар да орын алды.
1918 жылы сайлау туралы жаңа Заң қабылданын, дауыс берушілер саны 8 млн-нан 21 млн-ға дейін өсті. 21 жасқа толған ер адамдар мен 30 жасқа толған әйелдер сайлауға қатысуға және сайлануға құқылы болды. Соғыстан аман қайтқандарға жұмысқа орналасқанға дейін ақшалай көмек беру мәселесі шешілді. Әскери өндіріс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыз қалған жұмысшыларға да қаржы бөлінген. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі кәдімгідей өсе түсті. Ллойд-Джордж үкіметі сонымен қатар халық ағарту, тұрғын үй салу ісіне басты көңіл бөліп келді.
Сыртқы саясатта Англияның беделін көтеруге тырысқан Ллойд-Джордж үкіметінің дипломатиясы Париж бейбіт конференциясында батыл ұстанымдарды жақтады. Бірақ Англияның жағдайы өз отарларында қиын жағдайларға тап болды. 1917 жылы империялық конференцияда оның Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Одағы Британ империясы құрамындағы автономиялы мемлекеттер статусын иеленді. 1923 жылы олар басқа елдермен келісімдер жасауға құқылы болған.
1918—1924 жылдарда қалыптасқан екі партиялық жүйе күрделі өзгерістерге ұшырады. Либералдық партия ыдырауға бет алып, оның құрамы екі топқа бөлінді де, сайлаушылар саны бірден төмендеді. Ал лейбористер партиясының ықпалы күшейе түсті. Олар млн-даған мүшелері бар тредюниондарға (жұмысшылардың жалпы кәсіподақ ұйымына) арқа сүйеді. Лейбористер партиясы парламенттегі маңызды күшке айналды. 1918 жылы ұжымдық мүшеліктен басқа жеке дара мүшелікті енгізді. Ол өз кезегінде сайлаушылармен тікелей байланыс орнатуға, әр жерде тұрақты белсенділер шығаруға мүмкіндік берді.
1924 жылы қаңтар айында палатада көпшілік дауыс ала алмағандықтан консерваторлар кабинеті биліктен кеткенін хабарлады. 23 қаңтарда лейбористердің жетекшісі Рамсей Макдоналъд Ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін құрды. Бұл үкімет жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарды. Алайда лейбористер сайлау алдында халыққа берген — жұмыссыздықты жою, капиталға салық салу арқылы мемлекет қарызынан құтылу, шахталар мең электр станцяларын мемлекет меншігіне алу т.б. туралы уәделерін орындай алмады. Сондықтан мерзімінен бұрын болған сайлауда консерваторлар жеңіске жетті. 1924 жылы қазанда консерватор С.Болдуин қайтадан үкімет басына келді.
Егер Ұлыбританияда басқарушы топтар парламенттік, өркениеттік бағытта әрекет етсе, ал отарларда ұлт-азаттық қозғалысты қарулы күшпен аяусыз басып-жаншуға тырысты. 1919 жылдың ақпан айында Үндістанның Амритсар қаласында ағылшын әскерлері бейбіт митингіге қатысқандарға оқ жаудырды. Мохандас Карамчанд Ганди бастаған ұлт-азаттық күрестің өршуіне орай, Англия 1919 жылы Үндістанда реформаларды бастауға кірісті. 1919—1922 жылдары Египеттегі көтерілістерді қатал жазалады. Бірақ Англия оның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Сондай-ақ Ауғанстан мен Иранның ішкі және сыртқы саясатына араласудан бас тартуына тура келді. Түркия халқы 1922 жылы грек әскерлерін талқандап, дербес мемлекет құрды. Кемал паша басқарған Түркия үкіметін Англия ресми түрде мойындады.
Ағылшындардың ежелгі отары — Ирландияның ғасырларға созылған күресі нәтижелі аяқталды. Ирландықтар өздерінің тәуелсіздігі мен бостандығын жеңіп алды. 1919 жылы Дублин қаласында ұлттық парламент құрылып, Ирландияны республика деп жариялады. Үш жыл өткен соң, 1921 жылы желтоқсанда Англия 26 графтықтан тұратын Ирландия тәуелсіз мемлекетін мойындады. Бірақ индустриясы дамыған 6 Солтүстік-Шығыс графтық (Ольстер) Ұлыбританияның құрамында қалып қойды. Ирландияның сыртқы саясатын бақылауды, онда әскери-теңіз базасын және әскер ұстау құқығын Англия өзіне заңды түрде бекітіп алды.
Локарно конференциясы. 1925 жылы 5-16 қазанда Локарнода Үлыбритания, Франция, Германия, Италия, Бель-гия, Полыпа, Чехословакия өкілдері қатысқан конференция болды. Конференцияда Германияның Үлттар лигасына кіруі туралы, Францияның және Бельгияның Германиямен арасындағы Версаль бітімінде бекітілген шекаралары туралы мәселе қаралды. Келісім бойынша, Франция-Германия және Бельгия-Германия шекаралары бұзылмайтындығына және Рейн облысына қарулы күштер орналастырылмайтыны туралы Версаль шартының сақталатынына кепілдік берілді. Кепілдік келісіміне 1925 жылы желтоқсанда Германия, Франция, Бельгия, Ұлыбритания, Италия қол қойды. Франция, Бельгия, Германия бір-біріне шабуыл жасамауға міндеттенді. Бұл келісім Германияның Ұлттар лигасына кіруіне де жол ашты. 1926 жылы Германия Ұлттар лигасының толық кұқықты мүшесі болып қабылданды.
Бриан-Келлог пактісі. Бірінші дүниежүзілік соғыста жаңа қарулар қолданылуы, адамдардың жаппай қырылуға үшырауы соғыс пен бейбітшілік мәселесін халықаралық қатынастардың ең негізгі мәселесіне айналдырды. 1925 жылы химиялық және бактериологиялық қаруларды қолдануға тыйым салған келісім жасалды. 1927 жылы Францияның Сыртқы істер министрі (А.Бриан) АҚШ мемлекетік хатшысына (Ф.Келлог) хат жазып, онда соғысты ұлттық саясаттың құралы ретінде қолданудан мүлде бас тарту және әлемде тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету туралы келісім жасауды ұсынды. Осыдан кейін аталған келісімнің жобасы жасалды. Ф.Келлог бұл жобаны Ұлыбританияға, Германияға, Италияға, Жапонияға, т.б. мемлекеттерге жіберіп, олардың осы мәселені талқылауға қатысуы туралы ұсыныс жасады. Талқылау аяқталған соң, 1928 жылы 25-тамызда Парижде Бриан-Келлог пактісіне қол қойылды. 1928 жылдың аяғына дейін бүл пактіге 49 ел қол қойды, соның ішінде КСРО да болды.
Жалпы алғанда 20-жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуында тұрақтылық, мемлекеттердің өзара бір-бірімен санасуы, бейбітшілікті сақтауға ұмтылушылық сипаты болды. Алайда, дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және Германияда фашистердің өкімет басына келуі халықаралық жағдайды мүлде өзгертіп жіберді.
Соғыстан кейінгі Англияның экономикасы. 1920 жылдары британ экономикасы баяу түрде болса да қайтадан нығая бастады. Автомобиль, электр техникасы, химия секілді алдыщы қатарлы өндірістер қарқынды дамыды. Бірақ сауда, құрылыс, көмір өндірісі өркендеген жоқ. Британдық капитал сыртқы экспансияны қалады. Шахта иелерінің алдында екі қалау тұрды: бірі — жаңа техникаға капитал құю арқылы көмір өндіруді жаңғырту, сөйтіп, сыртқы саудада көмірден бәсекелестерін ұту, екіншісі — шахтерлердің еңбекақысын төмендету. "Арзан жол" ретінде екінші жол тандалды. Бірақ бұл жағдай 1926 жылы елдегі жұмысшы табының жаппай ереуілін туғызды.
Консерваторлар үкіметі 1927 жылы жаппай ереуілге жол бермейтін кәсіподаққа қарсы бағытталған заң шығарды. 1929 жылғы кезекті парламенттік сайлауда лейбористер партиясы жеңіске жетті. Сөйтіп, екінші лейбористер үкіметі құрылды.
1929 жылы басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Ұлыбританияға тек 1932 жылдың көктемінде жетті. АҚШ, Германия және Франциямен салыстырғанда, Англияда өнеркәсіптік өндіріс аз қысқарды, өйткені оның экономикасы қалыптасу жылдарында гүлдене алған жоқ-ты. Дағдарыс бәрінен бұрын өнеркөсіптің көмір өндіру, болат құю, кеме құрылысы салаларында көрініс берді.
Үкімет басына екінші рет келген Р.Макдональд 1931 жылы тамызда "ұлттық" коалициялық үкімет құрды. Оның құрамына 5 лейборист министрмен бірге, консерваторлар мен либералдар да кірді. Олар ереуілшіл қозғалыстарға қарсы саясат жүргізді. Бұл кезеңде жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы да көп қысқарып кеткен болатын. Үкіметтің бұл әрекеті жұмысшылар қозғалысының өрлеуіне әкеліп соқты.
Үкімет 1934 жылы қатал жазалауды көздеген заң қабылдады. Ал "Қоғамдық тәртіп туралы" заң (1937 жылы күшіне енген) Ішкі істер министрі мен оның қарамағындағы полиция күштеріне — сөз бостандығына, митингілер, жиындар өткізуге шектеу қою құқығын берді. Мұндай заңдардың шығу себебі 1930 жылдардың ортасында әр түрлі фашистік ұйымдардың белсенділігінің артуына байланысты болды. Әсіресе жер иесі ақсүйектер мен ірі буржуазия өкілдерінен қолдау алған Освальд Мосли бастаған британ фашистерінің іс-әрекеті бұған ерекше әсер етті. Алайда елде фашистердің әлеуметтік базасы әлсіз болды.
Үкіметті қайта жасақтау барысында 1937 жылы кабинет басына Германияны жақтаушы Невилл Чемберлен келді. Англияның сыртқы саясатында консерваторлар партиясының бір топ қайраткерлерінің ықпалы арта түсті.
Франция дүниежүзілік соғысты жеңіспен аяқтады. Германияны жеңгеннен соң, мемлекеттегі жағдай шовинистік сипатта болды. Франция Англиямен бірге Батыс Еуропадағы жетекші елге айналды. Ол 5 млн тұрғыны бар Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алды. Франция отарларының катарына бұрынғы неміс және түрік иеліктері: Африкадағы Того мен Камерунның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливан қосылды. 1919 жылғы қараша айындағы сайлауда асқынған ұлтшылдық пиғылдар белең алды. Оңшыл буржуазияның партиялар негізінде Ұлттық блок Құрылды. Оған радикал республикашылдар және Францияның ппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар қосылды. Социалистік партия сыртта қалды. Ұлттық блок сайлау барысында көп дауыска ие болды. Бұл Фран- Әйфель мұнарасыцияның оңшыл күштерінің ең жоғары жетістігі еді.
1920 жылы президент болып Александр Мильеран сайланды. Тәжірибелі саясатшы Мильеран мемлекеттегі революциялық, жұмысшы қозғалыстарын басуға тырысты. Ол әлеуметтік реформа жүргізуге, жұмысшыларды өндірістегі өнімді бөлуге қатыстыруға уәде берді. Бірақ бұл уәделер орындалмай қалды.
Мемлекетте әлеуметтік қысым өсе түсті. Бұқара халық озбырлық саясатқа, соғысқұмарлықка, қымбатшылыққа қарсы көтерілді. Жұмысшы қозғалысының басында социалистік партия тұрды. 1920 жылдың желтоқсанында Рур қаласында өткен социалистердің ұлттық съезінде целегаттардың жартысынан астамы Коммунистік Интернационалды жақтап, Франция коммунистік партиясын құрды. Съездің екінші тобы социалистік партияда қалды.
Рурды басып алу. 1922 жылы Ұлттық блок басына Францияның бұрынғы президенті Раймон Пуанкаре келді. Олар көмір корына бай Рур аймағын Германиядан тартып алуды көздеді. Лотарингия мен Рур қалалары арқылы Францияны қуатты өнеркәсіптік державаға айналдырып, Еуропада жетекші орынды иеленуді дәмеленді.
Франция мемлекетінің қаржы жағдайы әбден нашарлады. "Францияға тиісті төлемақы өтеуден бас тартты" деп Германияға кінә тақкан Р.Пуанкаре кабинеті 1923 жылы қаңтарда француз-бельгия әскерін жіберіп, Рурды басып алды. Бұл әрекет Германия мен Франция арасында саяси дағдарыс туғызды. Басқыншылыққа деген наразылық науқаны басталып, Францияға Рур көмірін жіберу тоқтатылды, шойын мен болат қорыту сапасы төмендетілді. Ұлттық блоктың өз ішінде Пуанкаре саясатына карсылық күшейіп, 1923 жылдың күзінде француздар Рурды тастап шығуға мәжбүр болды. Ұлттық блок ыдырады. Ел ішіндегі радикалдардың және радикал-социалистердің топтары жаңа саяси күшті — солшыл блокты құру қажеттігін мақұлдады.
Р.Пуанкаренің саясатына халықтың наразылығы. 1924 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Солшыл блок депутаттар палатасына маусым айында радикалдардың жетекшісі Эдуард Эррио басшылық етіп, солшыл блоктың үкіметі құрылды. Шаруа отбасынан шыққан, демократиялық көзқарастағы білімді Э.Эррио 1922 жылы Ресейді аралап, "Жаңа Ресей" деген кітап жазды. Сөйтіп, КСРО-ны мойындаушылар жағында болып, кеңес-француз қарым-қатынасын қолдады.
Солшыл блок үкіметі 1926 жылға дейін билік басында болды. Олар реформалаудың ілгерілеушілік бағдарламасын жариялағанымен, оңшыл күштердің қарсылығына байланысты және ақша жетімсіздігінің салдарынан оны іске асыра алмады. Солшыл блок сенімнен айырыла бастады. 1926 жылғы сайлауда олар жеңіліс тапты, сөйтіп, өкімет билігіне қайтадан "Ұлттық бірігу" атты жаңа блокқа енген оңшыл күштер келді. Өкіметті жаңа блоктың басшысы, Францияның бұрынғы президенті Р.Пуанкаре басқарды (1926—1928 жж.).
Франциядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономикасы бір қалыпты дамыды. Жеңіске жеткен держава ретінде Франция өзінің отар иеліктерін көбейтті. Эльзастың, Лотарингия және Саар облыстарының бай көмір мен темір рудалары есебінен шикізат базасын кеңейтті. Германия төлеуге тиісті төлемақының аумақты бөлігін алып отырды. 1928—1931 жылдары Франция банктерінің алтын қоры екі есе өсті.
Солай бола тұрса да, Франция өндірістік дағдарыстан даұтыла алған жоқ. Өнеркөсіптік өндірістің жартысына ауығы кысқартылды, әсіресе тоқыма әнеркәсібі, қымбат бұйымдар өндірісі, шарап өндіру секілді өндірістер қатты зиян шекті.
Француз үкіметі мемлекеттік бюджетті сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта салық саясаты қатаң қолға алынып, экономика үнемділігі енгізілді.
1931—1933 жылдар аралығында бірінен соң бірі ауысқан үкімет бұрынғы қалыптасқан саясатты жалғастырды. Олар: қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек ақыларын қысқарту, ондаған мың әскерлерді қызметтен босату, мемлекеттік бюджеттің кірісін жаңа салықтар арқылы көтеру.
Саяси режім азаматтардың сенімінен шықты. Францияның лауазымдылары арасында мемлекет арқылы экономиканы реттеу идеясы қалыптасты. Мүұдай нұсқауды жақтаушылар өздерін "дирижешілдер" деп атады “дириже" француз тілінен аударғанда — басқару, жетекішілік ету деген мағынаны білдіреді).
Францияның саяси өмірінде "күшті үкімет" құру, демократиялық еркіндікті шектеу мақсатымен конституцияны қайта тарау туралы ұсыныстар тарала бастады. Мысалы, бұрынғы премьер-министр А.Гардье ескі консерватизм рухында парламент құқығын шектеуді, президент пен премьер-министр өкілеттігін кеңейтуді, мемлекеттік қызметкерлерге — митингіге қатысуға, кәсіподаққа мүше болуға шектеу қоюды ұсынды.
Француз фашизмінің ерекшеліктері. 1899 жылы жазушы-журналист Ш.Моррас негізін салған "Француз әрекет лигасы" ашық диктатура орнатуды ұсынды. 1924 жылы құрылған "Патриот жастар" лигасы күшті атқарушы үкімет құруды талап етті.
1927 жылы көсіпкерлердің, газет иелерінің және Іңшыл парламент мүшелерінің қолдауына сүйенген қызметте жоқ полковник Казимир де ля Рок "Әскери крест" лигасын ұйымдастырды. 1934 жылы оның мүшелерінің саны 150 мыңға дейін жетті. Лиганың жеке меншік қарулы жасағы, жүйелік байланыстары болды.
Италия және неміс елшіліктері қаржыландырған бұл экстремистік және ұлттық лигалар өздерін Муссолини мен Гитлердің ісін тікелей жалғастырушылар санап, "коммунизмді құртуға", "сатқын демократияны", "шіріген парламентаризмді" жоюға шакырған фашистік ұрандар көтерді.
Буржуазиялық революцияға кештеу келген Италия мен Германияға қарағанда, Франция көне, мықты республикалық-демократиялық дәстүрі бар мемлекет болған. Сондықтан да Франциядағы фашистік ұйымдар бытыраңқы болды, олардың біртұтас бағдарламасы болмады. 1934 жылы 6 акпанда фашистер парламентті басып алуға әрекет жасады. Бұл әрекет полицияның күшімен ғана тоқтатылды.
Халықтық майданның қалыптасуы. 1934 жылы 12 акпанда фашизмге қарсы наразылық білдірген ереуілдер басталды. Оған 1,5 млн адам қатысты. Бұл ереуілдер "Фашизм жойылсын!" деген ұранмен өтті.
Алғаш рет ереуілдерге коммунистер, социалистер, кәсіподақ мүішелері, партияда жоқтар бірігіп қатысты. Антифашистік қозғалысқа радикалдар партиясы, демократиялық ұйымдар, көптеген мәдениет қайраткерлері қосылды.
Коммунистер ақпан окиғасынан кейін радикалдар мен социалистерге, ұсақ буржуазияға, орта буынға өздерінің теріс көзқарасын өзгертті. Олар социал-демократтарды "социал-фашизм" деп атаған сталиндік анықтамадан бас тартты. Социалистік партия да тактикалық ұрандарын ауыстыруға мәжбүр болды. Олар енді коммунистік партиямен бірлесіп, фашизмге карсы құресуге шықты.
1934 жылы 27 шілдеде ФКП (Франция коммунистік партиясы) мен социалистік партия кимыл-бірлігі — Халықтық майдан қуру туралы пактіге кол қойды. Екі партия фашистік ұйымдарға тосқауыл құруға, демократиялық еркіндікті корғауға, фашистік лаңкестікке және соғыс қаупіне қарсы шығуға, еңбекшілердің материалдық мүддесін қорғауға міндеттемелер алды.
1936 жылдың каңтарында Халықтық майданның сайлау алдындағы бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама экстремистік топтарды қарусыздандыруды және таратуды, ұжымдық қауіпсіздік жүйелерін құруды, мемлекеттік, әскери өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алуды, француз банктерінің іс-әрекетіне бақылау қоюды, 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізуді, демократиялық салық реформасын өткізу және жұмысшыларға берілетін жәрдемақыны ұлғайтуды, ақы төленетін демалыс күндерін енгізуді, көсіпкерлерге мемлекеттік көмек шараларын және басқа әлеуметтік жағдайларды қарастырды.
Жаңа мемлекеттердің пайда болуы. 1918 жылы Еуропаның саяси картасында Финляндия, Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Полына сияқты жаңа Мемлекеттер пайда болды. Бұл мемлекеттер көптеген жылдар бойы жүргізілген ұлттық тәуелсіздік күрестің, ұлттық буржуазиялық-демократиялық революция жеңісінің нәтижесінде дүниеге келген еді.
1918 жылы жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылу процесінде бұрынғы бөлініп кеткен бірқатар халықтар бірігіп, біртұтас ұлттық рыноктың құрылуы үшін жағдай туды. Екінші жағынан, буржуазияның саяси әлсіздігіне байланысты ұлттық және әлеуметтік мәселелер соңына дейін шешілмеді. Бұл Оңтүстік-Шығыс және Орталық Буропа мемлекеттерінің аз халықтары арасындағы кайшылықтардың негізі болып қала берді.
1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңде жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси кондырмаларында құрылымдық өзгерістер болды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді, буржуазиялық-демократиялық конституциялар қабылданды. Либерал-демократиялық партиялар қатысқан коалициялық кабинеттер құрылды.
Өнеркәсібі дамыған елдердің бірінші ондығына бұлардың арасынан тек Чехословакия мен Австрия ғана кірді. Венгрия мен Полына — аграрлық-индустриялық, Албания, Болгария, Румыния және Югославия аграрлық мемлекеттерге жатты. Мұнда ұлттық кірістің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығында шоғырланды.
Австрия, Албания, Полына және Чехословакяя елдерінде республикалық құрылыс орнатылды, ал Венгрия, Болгария, Румыния және Югославия елдері конституциялық монархияға жатты. Олардың конститулиялары демократиялық еркіндікті жариялады. Барлық елдерде көп партиялық жүйе өмір сүрді. Көп ұлтты мемлекеттерде бағындырушы ұлттардың буржуазиялық партиясы алдыңғы шептен орын алды. Барлық ұлттардың тей құқықтығы жарияланғандығына қарамастан, іс жүзінде аз улттың өкілдері екінші сатыдағы азамат ретінде қаралды.
Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикасы мен саяси құрылысында елеулі өзгерістер болып өтті. Бірқатар әлеуметтік реформалар жасалды, буржуазиялық-демократиялық конституциялар қабылданды, реформашыл партия өкілдері де шақырылған коалициялық кабинеттер жасақталды.
1918 жылғы Қараша революциясының нәтижесінде (Германиядан соң) Австрия 1918 жылы 12 қарашада өзін республика деп жариялады. Австрия социал-демократиялық партиясының жетекшісі К.Реннер канцлер болып тағайындалған коалициялық үкімет құрылды.
Бірінші үкімет қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымын қайта құруда бірқатар шара-ларды жүзеге асырды. Мысалы, 1919 жылдың көктемінде Құрылтай жиналысы дворяндық титулдар мен атақтарды жойды, Габсбургтерді елден кетіріп, олардың мүлкін төркілеу ааңын қабылдады.
Австрия басшылығы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу жолын іздестіру барысында 1922 жылғы қыркүйекте Ұлттар Лигасының мінбесінен Австрияға халықаралық несие беруге өтініш жасады. Осы жылдың қазан айында Женева келісіміне қол қойылды. Ол бойынша республика Ұлыбритания мен Франциядан несие алып, соғыстан кейінгі дағдарыстан шығуға тырысты. Бірақ 1930 жылдар басындағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс тағы да ішкі-сыртқы саяси тұрақсыздық тудырды.
1934 жылы Австрия мен Германия арасындағы достық қатынас келісімі қайта орнатылды. Алайда Германияның аншлюсіне дайындығын көріп, оған қарсыласуға күш таппаған христиан-социалистік партиясының жетек-іиісі, канцлер К.Шушниг үкіметі өз еркімен кетіп, 1938 жылғы 12 наурызда неміс әскерінің Австрия басып кіруіне жол ашты. Австрия енді Герман мемлекеті болып жарияланып, ұлтшыл рейх құрамына кірді.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптарын жою үшін ірі елдер арасында қарыздар мен төлемдер мәселесін реттеу қажет болды. Соған орай 1931-1932 жж. Германия репарациялар төлеуді, ал Еуропа елдері АҚШ-тан алған қарыздарын төлеуді тоқтатты. Бұл дағдарыстан әбден күйзелген елдерге елеулі жеңілдіктер әкелді. Алайда, ірі елдер дағдарыстан шығуға қажетті шара ретінде кедендік салықгарды көбейту және ұлттық валюталарын алтынға айырбастау ережелерін қатаңдандыру саясатын ұстағандықтан, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нашарлап кетті. 1933 жылы Лондонда өткізілген Халықаралық экономикалық конференция ешқандай нәтиже берген жоқ. Ауыр дағдарыстан әрбір ел басқа елдердің есебінен шықпақшы болды, бұл халықаралық жағдайды нашарлатып жіберді.
Халықаралық жағдайдың шиеленісуі ең алдымен фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясатына байланысты болды. Басқыншылық саясатты Қиыр Шығыста Жапония бастады. Жапонияның басқыншылық мақсаттары "Танака меморандумында" негізделді. (Бұл — Танака премьер-министр болып тұрғанда, оның 1927 жылы императорға жазған баяндамасы). Бұл құжатта бүкіл Қытайды, Монғолияны басып алу, одан кейін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістанға үстемдік орнату көзделген еді. 1931-32 жж. Жапония Солтүстік-Шығыс Қытайды (Маньчжурия) басып алды да, "Маньчжоу-Го" деп аталған "қуыршақ" мемлекет құрды. Қытай Ұлттар лигасына арыз жолдады. Ұлттар лигасы бұл мәселені тексеру үшін Литтон басқарған комиссия қүрды. Комиссия Жапон әскерлерін Маньчжуриядан шығару және бұл жерді халықаралық бақылауға беру туралы ұсыныс жасады. 1933 жылдың басында Жапон әскерлері ішкі Қытайға ене бастады. Ұлттар лигасы Маньчжоу-Го мемлекетін мойындамау және Жапонияның халықаралық шарттарды сақгауға тиісті екендігі туралы қарар қабылдады. Бұған жауап ретінде 1933 жылы 27-наурызда Жапония Ұлттар лигасынан шығатынын мәлімдеді.
Германияда өкімет басына фашистік партияның келуі халықаралық жағдайды елеулі түрде шиеленістірді. Фашистік Германия бірінші кезекте Версаль бітім шартының күшін . жоюға, сөйтіп шексіз қарулану мүмкіндігін алуға тырысты. Ал қарулану Германияға бүкіл Еуропаны басып алу және дүниежүзіне үстемдік орнату мақсатын іске асыру үшін қажет еді. Осындай ниеттегі Германия енді Үлттар лигасын өзінің қолын байлайтын бөгет деп есептеді де, 1933 жылы 19- қазанда Ұлтгар лигасынан шығып кетті.
1935 жылы наурыз айында Германияда жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді. 1936 жылы Германия Рейн облысына әскер енгізді, осылайша Версаль бітім шартын және Рейн кепілдік келісімін бүзды. Германияда жанталаса қарулану басталды, Италия басқыншылық әрекетін 1935 жылы Эфиопияны (Абиссинияны) басып алудан бастады. Ұлттар лигасы Италияны баеідыншы деп айыптады. Алайда, Италияға бүл шешім ешқандай ыкдал жасаған жоқ, ол 1936 жылк Эфиопияны толық басып алды. Италияның Эфиопияға қарсы басқыншылық әрекетіне Германияның жылы шыраймен қарауы және Испания республикасына қарсы бірігіп жорық жасау екі фашисті мемлекетті бір-біріне жақындата түсті. 1936 жылы Германия мен Италия арасындағы ынтымақгастық туралы хаттамаға қол қойылды. Бір айдан кейін Германия мен Жапония Коминтернге қарсы келісім жасалды. Мұнда екі ел Коминтернің басқа елдердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу үшін Коминтерннің әрекеті туралы өзара хабарласып отыруға келісті. Коминтернге қамқоршы болып отырған Кеңес Одағы екендігін ескеріп, олар Кеңес Одағымен осы келісімнің рухына қайшы келетін саяси келісімдер жасамауға міндеттенді. Сонымен қатар осы екі мемлекеттің біреуі Кеңес Одағы тарапынан арандатылмаған шабуылға үшыраған жағдайда, екіншісі Кеңес Одағының жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік беретін шараларды қолданбауға уәде берді. 1937 ж. бүл келісімге Италия қосылды. Осылайша "Берлин-Рим-Токио өзегі" деп аталған одақ күрылды. Бүл Германия мен Италия арасындағы Австрияға ықпал жасауға бәсекелестікті, Германия мен Жапония арасындағы Тынық мүхиты мен Қытайға ықпал жасауға бәсекелестікті жүмсартты. Енді олар бір-бірінің Еуропа мен Азиядағы басқыншылық әрекеттеріне бөгет жасамайтын болды. 1937 жылы Жапония Қытайды жаулап алуға қайтадан кірісті. Германия 1938 жылы Австрияны қосып алды ("аншлюс"). Жаңа дүниежүзілік соғыс өртінің тұтану қаупі төнді.
Вена конгресі Европа державаларының напалеондық Франциямен соғысты аяқтаған, 1814 жылдың қыркүйек айынан 1815 жылдың маусым айына дейін Вена қаласында өткен халықаралық конгресі. Конгреске Турциядан басқа Европа елдерінің барлығынан 216 өкіл қатысты.
1814 жылы мамырдың 18 жұлдызында Париж трактатына Ресей, Англия, Австрия, Испания, Пруссия, Португалия, Швеция мемлекеттері қол қойды. Конгрессті ұйымдастырушылар негізінен Ресей, Англия, Австрия, Пруссия державалары болды. Париждік трактатпен келісе отырып, Напалеонмен соғысқан державалар шартқа қол қойғаннан кейін, екі ай өтісімен Венада кангресс ашуға міндетті болды. Себебі оларға бір келісімге келу керек болды және Париждік трактатта айтылған шараларды іске асыруға көңіл бөлуге міндетті болды.
Конгрессті ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаттары – Француз буржуазиялық революциясы және Напалеон соғыстары нәтижесінде Европада болған саяси өзгерістерді жою; революциялық қозғалыспен күресу; бұрынғы феодалдық тәртіптер мен династияларды қайтадан қалпына келтіру; Францияда Бонопарт режимінің қайта орнауына, Европаны жаңадан жаулап алу үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік бермеу; Напалеонды жеңген елдердің территориялық талаптарын орындау. Ұлт – азаттық және революциялық қозғалыстарды тоқтататындай мықты монархиялық билікті орнату державалардың басты мақсаты болды.
Францияны әлсіретіп, Европа территориясын бөлісіп алуды көздеген державалардың арасында алауыздық пайда болды. Феодалдық – абсолюттік тәртіпті орнату мүмкін емес болды. Осы орайда Александр I Ұлы Француз революциясы салдарынан қандай қайшылықтарға тап болғанын да жақсы меңгерді.Саондықтан Европада жаңа көтерілістер басталар болса, Ресей державасына зақым тиеді дей келе, Бурбон династиясының рестоврациясына қарсы болды. Ал Ресей билеушісінің бұл пікіріне Англия қарсы шықты. Француз революциясы тұсында Бурбон династиясының билеушілері Ұлы Британияға қашқан болатын. Ал осы тұста Бурбон династиясы Париждік таққа отырар болса, Англия өз беделін бүкіл монархиялық Европа алдында өсіреміз деп ойлады. Сонымен Англия мен Австрия Ресейдің басым билігін жоюды көздеді. Конгресстің ашылуына дейін қалған уақытты пайдалана отырып, олар Ресейге қарсы мемлекеттер одағын құрып алмоқшы болды.
1814 жылдың тамыз айында көптеген мәселелер бойынша кеоіссөздер жүргізілді. Ресей үшін польшалық – саксондық мәселе шешімін таппаған болатын. Александр I өзінің шетел жұмыстары бойынша статс – секретарьі К.В Нессельроде және орыс дипломаты Иоанис Наподистрияға ұсыныстарын берді. Ұсыныстың негізі: Австрия мен Англия арасындағы антиресейлік позицияларын білген Александр I Пруссияны ұсыныс арқылы өзіне қаратпақшы болды. Пруссияға ол Напалеон одақтасы болған Саксония корольдығының территориясын беруге уәде берді. 1814 жылы қыркүйектің 16 жұлдызында Ресей мен Пруссия құпия шартқа қол қойды. Ресей Пруссияға Саксония жерін беру және ол жерден Ресей өз әскеоін әкету шарттың мазмұны болды. Австрия Пруссия территориясының кеңейуіне ашық түде қарсы болды. Англияны бұл мәселе қызықтырмады.
Сонымен 1814 жылдың қыркүйкек айында Вена конгрессінің ашылуына антинапалеондық коалиция одақтастары арасында өзара келіспеушіліктер болды. Ең басында Франция конгресске қатыспайды деген үкім шығарылған болатын. Одақтастар арасындағы келіспеушілікті тиімді пайдаланған Тамйран бұл үкімді түбірімен өзгертті. Енді Францияның елшісі конгресстің тең құқылы мүшесі болды. Вена конгрессіндегі негізгі шешілмеген мәселе польшаның және саксондықтардың териториясын кімге беру төңірегінде болды. Конгресте Пруссия шарт бойынша Ресейді жақтауға тура келді. Бұл антиресейлік коалицияның құрылуына әкеп соқты. 1814 жылы желтоқсанның 22 ждұлдызында Англия, Австрия, Франция құпия шартқа қол қойды. Бұл Пруссия мен Ресейге қарсы бағытталған құпия жиналыс болды. 1815 жылы Напалеонның Эльбыдан Францияға келуі, араздасқан екі жақты қайтадан татуластырды.
1815 жылы 13 маусымда конгресс мүшелері декларация қабылдады. Напалеонды құқығынан айыру және соған қарсы соғыс ашу декларацияның мазмұны болып табылады. 1815 жылы 28 мамырда Вена конгрессінің қарытынды акоісі жазылды. Ол 121 баптан құралды. Вена конгрессі Европа картасын қайта өзгертті. Голландияны Нидерланды королевствасы деп атап, оған Бельгины қосты; Норвегия Швецияға берілді. Польшаны Ресей, Австрия және Пруссия бөлісіп алды. Пруссия Саксония мен Вестфалияның бір бөлігін, Рейн орталығын өзіне қосты.Австрияға Напалеон соғыстары кезінде бөлініп кеткен жерлері қайтарылды. Ломбардия бұрынғы Венеция республикасының жерлері, Зальцбург тағы басқа территориялар берілді. Италия қайтадан бірнеше бөлікке бөлініп, олар ескі династияның билігіне өтті. Германияның ұсақ 38 мемлекеттері формальді түрде Австрияға бірікті. Вена конгрессі Англияның соғыс кезінде Испаниядан және Франциядан жаулап алған отарларды заңдандырды. Швецарияның шекаралары аздап кеңейтілген, конгресс оны мәңгі бейтарап ел деп жариялады.
Вена конгрессі дворяндық реакцияның күшеюіне жағдай жасады. Капитализмнің дамуына ревалюция және ұлт- азаттық қозғалыстың күшеюіне байланысты Вена жүйесі әлсірей түсті. Оған 1820, 1830, 1848 жж. Революциялармен 1853-56ж. Қырым соғысы соқы болып тиді.
1815жылы Европа халық-аралық қатнастар Төрттік және Қасиетті одақ құрылуына әкеп соқты. Онда ресей манызды рөль атқарды Вена конгрессі аяақталғаннан кейін 1815ж қыркүйекте Ресей, Австрия Пруссия арасында қасиетті одақ актісіне қол қойды. Басында одақ саяси мазмұнда болған жоқ еді. Оның нақты бағдарламасы болмады. Бірақ саяси құрлымының бергі көрінісі ретінде Европадағы монархиялық династиялардың әлсірету және бүкіл күштермен монархиялық легиметизімнің принціптерінің жақтау оған басты міндеті болды. Қасиетті одақтың белсенді мүшелері Австрия мен Ресей болды. Александр I және австриялық канцлер Меттерних Қасиетті одақтың негізін қалаушылар және оған дем берушілер деп есептелді. Қасиетті одақтың соңғы конгрессі Веронада болды. Веронаға Алесандр I, австриялық император Франц I, Пруссиялық король Фридрих Вильгельм, Италияндық монархтар , әскер басшылары келді. Бұл конгресстін шешімінде Франция испания революциясын тоқтату туралы мандап алады, Трокадероде Франция әскерлері Испан армиясың талқандайды, 1823ж күзде Испания революциясы тоқтатылады.
7.Америка (1918-1945 ж.ж.)
Бүл жүмыссыздардың Вашингтондагы жасаган аттанысы (1931-32). Аштар жорықтары -капиталистік елдердегі жүмысшалардың
жүмыссыздықпен қайыршылыққа қарсы күресінің бір түрі .Көбінесе АҚШ пен Үлыбританияда қолданды Ең ірі жорықтар 1929-33 жылдардагы дүние жүзілік экоомикалық дагдарыс кезінде болды.
АҚШ-тың Демократиялық партиясы. Ол -американ моно полистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі.1828 ж. қүрылды. Басаптқыда ол плантаторлар мен фермерлердің едәуір болігін , буржуазияның кейбір топтарынан біріктірілді.Кейіннен қүл иеленушілер мен ірі буржуазия партимясына айналды.Кәзіргі күнде ірі монополиялардың сойылын согады, агрессиялық саясат жүргізеді. Косемдері : Л.Джонсон, Г.Хемфри , М.Мэнсфил (сенаттагы демократардың басшысы) АҚШ-тың демократиялық партиясының түрақты мүшелері
болмайды.Монополиялар және партияның басшы қайраткерлерімен тыгыз байланысты босстар ( саяси алаяқтар ) маңызды роль атқарды. Аса ірі монополиялар АҚШ-тың демократиялық партиясына қаражат беріп, оның саясатын белгілеп отырды.
АҚШ-тың Республикалық партиясы.
Американ монополистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі.1854 жылы буржуазия окілдері қүрды. Империялизм дәүірі бастаганнан бері ірі монополиялардың мүддесін қоргай отырып, агрессияшыл саясат жүргізіп келеді. Косемдері:Б.Голдуотер , Р.Никсон , Д.Эйзеихауэр , Э.Дирксен ( сенаттағы республикалардың басшысы).АҚШ-тың р.п. Аса ірі монополистік топтармен тығыз байланысты; олар партияны қаражат жағынан асырап-сақтап оның саясатын белгілеп беріп отырды.
8.Еуропа елдері (1945-2005 ж.ж.)
Ұзақ уақыт бойы ГДР-дегі социализм құрылысы ФРГ және Батыс Берлин мен шекараның күзетсіз болуы жағдайында жүргізілді. Осыған орай ГДР-ге қарсы түрлі арандатушылық әрекеттері істелді. Көптеген ғалымдар, инженерлер мамандығын жете меңгерген жұмысшылар ФРГ-ге қоныс аударды, бұл ГДР-ге орасан зор кері әсерін тигізді. 1961-ж. тамызда ГДР үкіметінің шешімі бойынша Батыс Берлинді айнала биік қабырға тұрғызылды, яғни «антифашистік қорғаныс шебі» жасалды, ФРГ-мен шекарада суверенді мемлекеттерге тән әдеттегі қатаң бақылау орнатылды. КСРО-ның көмегіне сүйенген және өзінің сыртқы саясатын Варшава Шарты мемлекеттерімен үйлестіріп отырған ГДР, ұзақ мерзім бойы неміс социалистік мемлекетінің өмір сүріп отырғанының тарихи шындық екенін мойындағысы келмеген ФРГ-ге және басқа капиталистік елдерге табандылықпен қарсы тұрды.
Ұлыбритания, КСРО, АҚШ және Франция арасында 1971ж. жасалған төрт жақты келісім Батыс берлинді ФРГ-нің бір бөлігі емес деп тапты. Уақыт өте келе кейіннен ФРГ мен ГДР біріге отырып Германия мемелекеті біріккен болатын.
Ұлыбритания соғыстан кейінгі жылдарда басты батыс державаларының бірі, ғылымы мен техникасы шапшаң дамыған, аса бай, монополиялар елі болып қала берді.Соғыстан кейінгі кезеңде Англияда лейбористер консерваторлар алма кезек өкімет басында тұрды. Консерваторлар реформалар жүргізген кезде монополиялардың мүдделерін сақтауға барынша тырысып бақты. У. Черчиль тәрізді саяси лидерлердің дәстүріне, беделіне табына отырып олар нәрсені бұрынғысынша қалдырғысы келер еді.
Лейбористер мен консерваторлардың бағыттары арасында күрт айырмашылығы болған жоқ. Ұлыбританияның дәстүрлі жүйесі екі пар тиялы болып келеді.1945 ж. өкімет басына келген К.Эттлидің лейбористік үкіметі өзінің аса маңызды реформаларының бірі – банк және өнеркәсіпті дамыту еді. Консерваторлардың барлық басқарған кезі «босқа кеткен 13 жыл» деп жариялай отырып, лейбористер 1964 ж. өкімет басына қайтып оралды.
1970-1974 жж. өкімет басында бола отырып, тори «жылжымалы денационационализациялауды» жүргізді, яғни жекелеген авиациялар, жергілікті радиостанциялар және басқалар түрлі желеумен жеке қолдарға қайтарып берді. Отарлық проблемелар 1964-1974 жж. елеулі роль атқара берді. Бұл онжылдықта азаттық процессі Араб түбегіндегі, Латын Америкасындағы ағылшын отарлары мен про тектораттарын қамтыды.
Консерваторлардың лидері М.Тэтчер басқарған үкімет мемлекеттік сектордың өзін өзі ақтамайтындығын желеу етіп, «жаңа консерватизмді» құра бастады. 90-жылдары ел эконмикасы жоғарылай түсті.
ІІ д.ж.соғыстан кейін Францияда үш мемлекеттік құрылыс орын тебеді. 1944-1946жж. уақытша режим қалыптасады. 1946-1958 жж. Төртінші республика орнайды. 1958 ж. бастап Бесінші республика қалыптасады. Осы үш кезеңнің әрқайсысы тап күштерінің өзіне тән орналасуымен ерекшеленеді.
1968 ж. мамыр-маусым айларындағы оқиғалары тіршілік жағдайын жақсартуды, білім беру жүйесін қайта құруды талап еткен студенттердің жаппай бас көтеруімен басталды. Империализ мен нәсілшілдікке, АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына, тұтас алғанда «баю қоғамына» қарсы бағытталады.
Де гольдің ізбасарлары – Жож Помпиду мен Валери Жиксар д Эстенголлизм саясатын жалғастыра беретіндерін мәлімдейді. 1971 ж. «Ынтымақтастық принциптеріне», бірқатар саяси құжаттарға қол қойылады. 1980-1990жж. өнеркәсіптік дамыту бағдарламалары қабылданады.
Алайда монополиялардың қысымымен және экономикалық дағдарыстың әсерінен 1980-1982 жж. үкіметтің бағыты консервативті бола түсті.
Фашизимнен азат болған соң және соғыс аяқталғаннан кейін Италияға қарсыласу жылдары қалыптасқан прогресшіл партиялардың майданы терең ықпал жасады.
Монархиялық құрылыс республикалық құрылыспен алмастырылды. 1947 ж. конституция қабылданды.50-64 жж. құлдырауға дейін созылған және итальян «экономикалық ғажайыбы» деп дарияланған өрлеу басталады.
Италия НАТО-ны құруға тек қатысып қана қоймай, сонымен бірге АҚШ милитаризіміне жол береді. Бүкіл капиталистік елдерді шарпыған1974-1975 жж. дағдарыс өте ауыр болып шықты. Сыртқы саясатында Италия , бұрынғысынша, АҚШ-қа бағдар ұстап, НАТО-ның Европадағы оң қанаты болып тұрды.
9.Америка (1945-2005 ж.ж.)
АҚШ-ы гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияны жеңуге үлкен үлес қосты.Алайда елдің экономикалық дамуы тұрақсыздығымен ерекшеленді. Өнеркәсіп өндірісі бірнеше рет (1948-1949, 1953-1954, 1957-1958, 1960-1961 жж.) дағдарыстарды басынана кешіріп, олардың салдарынан АҚШ 415 млрд. Доллар зиян шекті. 1969-1970 ж. тағы да экономикалық дағдарыс қыспағына түседі. 60-70жж. АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық дамуында бетбұрыс болды.
Қазіргі таңда АҚШ әлемдік қауымдастықта алдыңғы қатарлы ел болып табылады. Сонда-ақ НАТО, БҰҰ сынды халықаралықт ұйымдардың беделді мүшесі болып табылады.
12.Тест тапсырмалары
1.Тарихи үрдістің жаңа замандағы негізгі мазмұны:
A) Құлиеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуы, бекуі, жеңуі.
B) Феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуы, бекуі, жеңуі.
C) Капиталистік қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуы, бекуі, жеңуі.
D) Капиталистік қоғамдық-экономикалық формацияның құлдырай бастауы.
E) Отарлық жүйенің қалыптаса бастауы.
2. Капиталистік қатынастардың ауыл шаруашылығына ену көрсеткіші:
A) Шаруаларды қолдануға оброктіқ форма насихаттау.
B) Жерге жеке меншік жалдамалы еңбекті пайдалану, нарықпен байланыс.
C) Шаруаларды қолдауға барщиналық форма насихаттау.
D) Құнарсыз ескі жерлердің орнына жаңа жер иеліктерін өңдеу.
E) Шаруаларды айлыққа көшіру.
3. Жеке меншік немесе алынған жердегі ауылшарауашылық кәсіпорынның басшысы болып табылатын шаруа:
A) Коттер.
B) Фермер. C) Диггер.
D) Копигольдер. E) Паупер.
4. Англиядағы ірі жер иеленушілер қалай аталды:
A) Джентельмен.
B) Кавалер. C) “Жаңа дворяндар”.
D) Вотчиник. E) Лендлорд.
5.ХVІІ ғ. Ортасындағы Англиядағы жерді ерікті иеленушілер, анағұрлым ауқатты шаруалар:
A) Фригольдер.
B) Коттер. C) Копигольдер.
D) Скваттер. E) Юнкер.
6. ХVІІ ғ. Англияда қала тұрғындарының төменгі табы қалай аталды:
A) Коттер.
B) Поупер. C) Батрак.
D) Копигольдер. E) Йомен.
7. “Пуританизм” ұғымының мағынасы дұрыс беретін анықтаманы көрсетіңіз:
A) Англикан шіркеуі мен абсолюттік тәртіпке қарсы идеологиялық ағым.
B) Ағартушылық идеологиясының бағыттарының бірі.
C) Жоғарғы ағалшын дворяндарының арасындағы ескі тәртіпті ұстанатын идеялық ағым.
D) Англия католицизмді тарату қозғалысы.
E) Пролетариаттың саяси құқық үшін қозғалысы.
8. ХVІІ ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясының себептерін көрсетіңіз:
A) Солтүстік америка отарларындағы ұлт-азаттық қозғалыс.
B) Елде король жүргізген аяусыз террор.
C) Қатынастардың шиеленісуі және король мен парламент арасындағы ашық бөлініс.
D) Шетелдік интервенция.
E) Парламент пен буржуазия арасындағы қайшылықтардың көбеюі.
9. ХVІІ ғ. ортасындағы Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына қандай оқиға себеп болды:
A) І Карл королінің басы алынды.
B) 1640 жылы қарашадағы парламент жиыны.
C) Азамат соғысының басталуы.
D) Англияда республика жарияланды.
E) Кромвель протекторатының орнауы.
10. Ағыншын буржуазиялық революциясының бас кезінде пресвитериандар мен индепенденттердің ортақ негізі не болды:
A) Республиканың жариялануы, президенттік басқару үлгісін орнату.
B) Монархия мен лордтар палатасының сақталуы.
C) 21 жасқа толған ер азаматтар үшін сайлау құқы берілді.
D) Сюарттар династиясының биліктен кетіп, Англия шетел династиясын шақыру.
E) Конституциялық монархия орнату.
11. ХVІІ ғ. ортасындағы Ағылшын буржуазия революциясының бірінші кезеңінің хронологиялық шегін көрсетіңіз:
A) 1640-1647 жж.
B) 1640-1653 жж. C) 1629-1640 жж.
D) 1630-1640 жж. E) 1640-1642 жж.
12. ХVІІ ғ. ортасындағы Ағылшын буржуазиялық революцияның революциялық лагерінің жетекшілері кім:
A) Шаруалар мен жұмысшылар одағы.
B) Буржуазия мен "жаңа дворяндар".
C) Шаруалар.
D) Жұмысшылар.
E) Жұмысшылар мен буржуазия одағы.
13. ХVІІ ғң. ортасында Ағылшын буржуазиялық революциясында парламент армиясын басқарған индепенденттердің көсемін атаңыз:
A) Лильберн.
B) Страффорд. C) Прайд.
D) Уинстенли. E) Кромвель.
14. ХVІІ ғ. ортасында революцияның бірінші кезеңіндегі ағылшын парламентінің басты мейрамдары:
A) Республика жариялануы.
B) "Рыцарлық ұстанымдарды" алып тастау Заңы.
C) Жұлдызздар палатасы., Жоғарғы комиссияны жою. Корольдің ерікті түрде салық жинауына тыйым салу.
D) Корольдің басының алынуы.
E) Жалпы халықтық сайлау құқын енгізу.
15. Ағылшын революциясының ең маңызды аграрлық Заңы:
A) Қоршауға тыйым салу.
B) Қауымдық жерлерді өңдеу. C) Рыцарлық иеліктерді жою.
D) Жерге жеке меншікті жою. E) Король жерлерін асту.
16. Англия королі І Карлды жазалау қай жылы жүзеге асырылды:
A) 1649 ж.
B) 1688 ж. C) 1655 ж.
D) 1650 ж. E) 1652 ж.
17. Англияның Республика болып жариялануы қай уақытта жүзеге асты:
A) 30 қаңтар 1649 ж.
B) 19 мамыр 1649 ж. C) 1 наурыз 1649 ж.
D) 1 қаңтар 1649 ж. E) 5 маусым 1649 ж.
18. ХVІІ ғ. ортасындағы Англияда болған "Прайд тазалағышы"-ның мақсаты:
A) Лордтар палатасын жою.
B) Парламенттер король жақтастарын қуу.
C) Армиядан король жақтастарын қуу.
D) Парламенттен Кромвель жақтастарын қуу.
E) Армиядан Кромвель жақтастарын қуу.
19. Ағылшын буржуазиялық революциясының көрнекті теоретигі, қайраткері:
A) Айртон.
B) Унистенли. C) Прайд.
D) Локк. E) Джефферсон.
20. Ағылшын буржуазиялық революциясы кезіндегі левеллерлер бағдарламасының мақсаты:
A) Ерлерге сайлау құқын жүзеге асыру принципі.
B) Сайлау құқын тек жеке меншігі бар ерлерге беру.
C) Әйел теңсіздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |