Решение в ближайшие годы в Казахстане задач, обозначенных в Послании Президента рк народу Казахстана



Дата09.06.2016
өлшемі171.41 Kb.
#125193
түріРешение
УДК 330.5 (574)

Л.А.Медуханова, А.Б.Қожатаева



 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан,

Алматы қ.

E-mail: letter3@mail.ru



 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қазіргі жағдайы және тиімді қолдану мәселелері

 
Таяу жылдарда Қазақстанда ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді шешу ҚР Ұлттық қорынан қомақты қаражатты қолдануды талап етеді. Осыған байланысты бұл қорды құру кезінде белгіленген оның функцияларын жүзеге асыру және оның жинақтарын тиімді қолдану туралы сұрақ қайта өзекті болып келеді. Қазақстан Ұлттық қорының қалыптасу және қаражаттарды қолдану үлгісі, оның құрылымы елдің экономикалық дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріссіз қала алмайды. Бүгінгі таңда егеменді қорлар қызметін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесіне және еліміздің экономикасының қазіргі мәселелеріне сүйене отырып оның қызмет етуіне біраз өзгерістер енгізу қажет. Бүгінге, ең алдымен, «Нұрлы жол» бағдарламасында белгіленген басым жобаларды қаржыландыруға бағытталған қор жинақтарын тиімді қолдануды қамтамасыз ету талап етіледі.

Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, егеменді қорлардың қызметтері, тиімді қолдану, Ұлттық қорды басқару.
Л.А. Медуханова, А.Б.Кожатаева
Современное состояние и проблемы эффективного использования Национального фонда Республики Казахстан
Решение в ближайшие годы в Казахстане задач, обозначенных в Послании Президента РК народу Казахстана «Нұрлы жол» – путь в будущее», предполагает использование значительных средств из Национального фонда РК. В связи с этим вновь становится актуальным вопрос о реализации его функций, обозначенных при создании данного фонда и эффективном использовании его накоплений. Модель формирования и использования средств Национального фонда Казахстана, его структура не может оставаться неизменной на разных этапах экономического развития страны. В настоящее время необходимо внести ряд изменений в его функционирование, исходя из мирового опыта организации деятельности суверенных фондов и современных проблем экономики нашей страны. На сегодня, прежде всего, требуется обеспечить эффективное использование накоплений фонда, направляемых на финансирование обозначенных в программе «Нұрлы жол» приоритетных проектов.

Ключевые слова: Национальный фонд Республики Казахстан, функции суверенных фондов, эффективное использование, управление Национальным фондом.
L.A. Medukhanova, A.B.Kozhataeva
Current state and problems of effective use of National fund of the Republic of Kazakhstan
Solving the tasks, designated in the Message of the President of Kazakhstan to the people of Kazakhstan "Nurlyzhol" – the way to the future" in the next years in Kazakhstan, assumes use of considerable means from National fund of RK. In this regard the isuue of realization of its functions designated at creation of this fund and effective use of its accumulation again becomes actual. The model of formation and use of means of National fund of Kazakhstan and its structure can't remain invariable at different stages of economic development of the country. Now it is necessary to make a number of changes to its functioning, proceeding from world experience of the organization of activity of sovereign funds and modern problems of economy of our country. For today, first of all, it is required to provide effective use of the accumulations of fund directed on financing of the priority projects designated in the program "Nurlyzhol".

Keywords: National fund of the Republic of Kazakhstan, functions of sovereign funds, effective use, management of National fund.
Кіріспе

2000 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры еліміздің қаржы ресурсының бюджеттен тыс бірден бір маңызды көзі болып саналады. Осы қорды құрған кездегі бекітілген мақсаты мен міндетінің оның жұмыс істеуіндегі нақты тәжірибесіне қаншалықты сәйкес келетіндігін өткен жылдардағы атқарған қызметтері бойынша бағалауға болады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаржысын үйлесімді қалыптастыру, сапалы басқару және ең бастысы тиімді қолдану сұрақтары әлі де болса кеңінен талқылау және оларды шешу жолдарын табу өте өзекті болып қала бермек. Әсіресе бұл сұрақтар Ұлттық қордан республика бюджетіне жыл сайын 2015-2017 жылдар аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша 3 млрд. доллардың бөлінуіне байланысты күшейе тусуде.

Егеменді әл-ауқат қорларының қызметтерін ұйымдастыру жөнінде жинақталған әлемдік тәжірибе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызметін арттыру бойынша өзекті сұрақтарды шешудің негізгі әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл үшін негізінен осындай қорларды құрудың мақсаттарына және олардың атқаратын қызметтеріне бет бұру қажет.

Егеменді әл-ауқат қорларының мақсаты және қызметі

Қазіргі кезде әр түрлі мәліметтер бойынша әлемде 50-ге жуық ірі егеменді әл-ауқат қорлары (Sovereign Wealth Funds) бар. Олар дамыған, дамып келе жатқан әр түрлі елдермен құрылған және негізінен ұқсас қызметтерді іске асырады. Осы елдерде егеменді қорлардың пайда болуының және олардың санының жылдам көбеюінің басты себебі болған – валюта қорларының көп көлемде жинақталуы мен төлем теңгерімінің оң айырмасының өсуі. Бұған экономикасы шикізатқа бағытталған елдер үшін (2008 жылдың ортасына дейін) әлемдегі шикізат, әсіресе мұнай бағасының өсуі әсер етті. Ал алдыңғы қатарлы азия елдерінде (мысалы, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея) тауарлардың сыртқа шығарылуының экспансиясы немесе ғаламдық қаржылық және ақпарат нарығының экспансиясы (Сингапур және Гонконг) әсер етті [1].

Әлемдегі қызмет істеп тұрған әрбір егеменді қорлардың, яғни соларды құрған елдердің мүддесіне сәйкес өз мақсаттары мен қызметтері бар. 2008 жылы жүргізілген Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) зерттеуінде егеменді қорлардың келесідей негізгі мақсаттары анықталған:


  • өтемақылық (халықаралық конъюнктураның ауытқушылығынан, экспорттық түсімдермен байланысты бюджеттік табыстардың тұрақсыздығын толықтыру);

  • теңдестіруші (қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстардың экспортынан түсетін табыстары арқылы ішкі экономика салаларын ынталандыру, экономикада «ұзын ақша» көздерін қалыптастыру);

  • табыстық (халықаралық қормен салыстырғанда, қаржы құралдарының көп түрлерін қолдану арқылы жоғары деңгейде табыс алу);

  • қайта бөлу (қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетін түсімдерді болашақ ұрпақтар пайдасы үшін қайта бөлу);

  • тұрақтандыру (дағдарыс кезінде егеменді қорлардың қаржысын қолдану) [2].

Егер әлемдегі егеменді қорлардың қызметінің бағыттарын талдап қорытсақ, онда олар келесідей міндеттерді (функцияларды) орындауы керек:

  • жинақтау;

  • бөлу;

  • ынталандыру;

  • әлеуметтік.

ХВҚ сарапшылары көптеген елдердің тәжірибеде егеменді қорлардың барлық бағыттарын әр түрлі құрамда қолданады деп атауда: салықтарды оңтайландыру, қаржы жүйесін тұрақтандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, инвестициялық қызмет [3].

Қазақстанның Ұлттық қоры да жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкестендіріліп құрылды және соларға сәйкес міндеттерді орындауы тиіс. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қабылданған заңы бойынша Қор қызметінің мақсаты оның активтерің тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады [4]. Ал бұл заңңан бұрын 2010 ж. жарияланған Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында Ұлттық қордың негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын жинау және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін төмендету болып табылады деп айтылған. Тиісінше, Ұлттық қордың функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып табылады [5].

Бұл қызметтердің мәні Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 21 бабында анықталған. Жинақтаушы қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының материалдық емес активтерден тыс қаржы активтерінің, басқа да мүліктердің қорлануын және оның активтерінің орынды тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта табыстылығын қамтамасыз етеді.

Тұрақтандыру қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің өтімділігін жеткілікті деңгейде ұстап тұру үшін арналған. Сонымен бірге Ұлттық қордың тұрақтандыру қызметін іске асыру үшін қолданылатын бөлігі республикалық бюджетке кепілді трансфертті қамтамасыз ету үшін бағытталады.

Ұлттық қор қызметінің осы анықтамасына сәйкес ол жинақтау, бөлу (қайта бөлу) және әлеуметтік қызметтерін атқарады. Оны мемлекет бюджетінде қаражатты трансферттеу арқылы жекелей жобаларды қаржыландыру үшін қолдану (мысалы, инфрақұрылымдық жобалар), қордың сонымен бірге инвестициялық қызметті атқаратынын білдіреді (ХВҚ терминологиясы бойынша – теңдестіруші мақсат).

Сонымен қатар, егеменді қорлардың маңызды қызметтерінің бірі «зарарсыздандыру» («стерилизация») қызметі деп аталатындығы белгілі. Ол төлем теңгерімінің тұрақты профицитінен пайда болатын валюталық табыстар мен шығыстары арасындағы айырмашылықтың ішкі инвестициямен жұтылмайтындығынан туындайды. Шет елден түсетін төлемдердің олардың жұмсалуынан артық болуынан пайда болатын ақшалай қаржылар (яғни, елдің жинақ ақшасы) елдің өнеркәсіптік инфрақұрылымы әлсіз болғандықтан инвестицияға айнала алмайды [1]. Мұндай жағдай негізінен экономикасы шикізатқа бағытталған дамушы елдерге тән. Дәл осы елдер артық ақша массасын зарарсыздандыру үшін, әрі қалпына келмейтін табиғи ресурстарды сыртқа шығарудан түсетін түсімдерді жинақтау мен болашақ ұрпақтарға қайта бөлу үшін өздерінің ұлттық әл-ауқат қорларын құрған. Оларға қарағанда, ішкі жинақтары жоғары деңгейдегі дамыған елдерде осындай қорларды құру барысында басым рөлді монетарлы инфляция қатері алады. «Зарарсыздандыру» қызметінің мәні, ол төлем теңгерімі тұрақты профициті бар елдердің егеменді қорларды құруындағы негізгі бір себебін айқындайды.

Кейбір зерттеушілердің ойынша, ҚР Ұлттық қорының қазіргі кездегі даму стратегиясы «зарарсыздандыру» қызметін орындау үшін бағытталған. Басқаша айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несиелік реттеудің монетарлы үлгісі саясаты шеңберінде. Ол жетістікке Қордың қаржылай бастырмалатқан «толтыру» арқылы қысқа мерзімді макроэкономикалық міндеттеріне жетуді түсіндіреді: инфляция деңгейін реттеу және артық ақша массасын алып тастау [6].

Бірақ, қазіргі кезде Қазақстан экономикасының реалды секторын ары қарай дамыту және әртараптандыру үшін үлкен көлемде күрделі қаржы жұмсалымдарына деген арттырылған сұраныстың бар екендігі белгілі. Елімізде көлемді қаржы шығындары жоғары макроэкономикалық ұлттық бағдарламаларды іске асыру жағдайында, ішкі нарықтың монетизациясының төмен және ақшалай қаржы құнының жоғары болуынан Ұлттық қор инвестициялық қызметті белсенді жүргізуі керек. Бұл іс жүзінде жинақтың инвестицияға айналу қажеттігін және сәйкесінше Ұлттық қордың «зарарсыздандыру» қызметін орындауды кәдімгідей қысқарту керектігін білдіреді. Әрине, сонымен қатар қордың инвестициялық қызметі оның жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жабып қалмауы керек.

Инвестицияның тиімділігін зерттеу Агенттігінің аға талдаушысы А.Устименконың пікірі бойынша, Ұлттық қордың жинақтау, инвестициялау және артық ақшаны зарарсыздандыру қызметтерінің қайшылығы оны екі жекелей қорға бөлу арқылы шешуге болады. «Сантьяго қағидаттарын» (2008 жылы егеменді әл-ауқат қорларының Халықаралық жұмыс тобымен бекітілген жалпы қағидаттар) ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Тұрақтандыру қоры (Болашақ ұрпақ қоры) және Даму қоры деп бөлу қажет. Бұл қордың әр қайсысы өзінің жекелей инвестициялау үлгісіне және мемлекеттің қаржы активтерін сақтауға бағыт алатын болады.

Тұрақтандыру қоры Ұлттық қордың ағымдағы жинақтау және жартылай зарарсыздандыру қызметін орындауын жалғастыруға бағытталар еді. Сонымен бірге халықаралық борышқорлық және валюталық құралдардың жоғары өтімді әртараптандырылған портфелдерін инвестициялаудың сақтанымпаздық үлгісі қолданылатын еді. Тұрақтандыру қорына мұнай-газдан түсетін артық түсімдер, яғни резервтік жиналымдардың негізгі бөлігі басым бағытталуы мүмкін болар еді.

Тұрақтандыру қорынан ерекшелігі, Даму қорының негізіне әртараптандырылған тәсілдеменің, сонымен қатар жоғары табысты шет елдік активтер негізінде экономикалық дамуды ынталандыру және экономиканың нақты секторын нығайту мақсатында ұлттық активтерді инвестициялау (қаржы нарығын қоса) жату керек [6].

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының құрылымын осылай өзгерту жолы толықтай негізделген болып көрініп отыр. Қордың мұндай құрылымы іс жүзінде «Нұрлы жол» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қосылған бір қатар ірі жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін оның инвестициялық қызметін қазіргі уақытта толықтай қолдануға мүмкіндік береді.



Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржысын тиімді қолданудың мәселелері

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жиналған қаржысының көлемі доллармен көрсеткенде (инфляцияны қоспағанда) 62 есе өсті. Ғаламдық шикізат нарығындағы қолайлы жағдайға байланысты өткен жылы оның активтері 8,54%-ға өсті, яғни 76,83 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл еліміздің ЖІӨ-нен шамамен 30,4%-ды құрайды. ҚР Ұлттық қорының 2000-2014 жылдар аралығындағы жинақталу көрсеткіштері 1-суретте көрсетілген ([7] мәліметтер негізінде құрастырылған).



млн. АҚШ доллары


1-сурет. 2000-2014 жылдар аралығындағы (кезең соңындағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақтық қор серпіні

Ұлттық қорды құрған уақыттан бастап оның орташа табысы 5%-ды құрады, ал соңғы 4 жылда – 4,5%. Мұндай табыс деңгейі ғаламдық нарықта ұсынылған көптеген егеменді қорларға тән. Олар өз қаражаттарын ең алдымен жетекші әлемдік валюталар қоржыны және несие рейтингі жоғары елдердің борышқорлық облигациялары сияқты жоғары өтімді халықаралық активтерге салады. Мысал үшін, Ресейдің Сақтық қорының орташа жылдық табысы 2,28%-ды құрайды, Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қоры – 4,5%-ды және т.с.с.



Қазіргі кезде Ұлттық қордың қаражаты өсіуімен қатар оны тиімді қолдану мәселесі өзекті болып отыр. Ұлттық қорын құру және қолдану әлемдік пен ішкі тауарлық және қаржы нарығының конъюнктурасын, еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды, макроэкономикалық және қазыналық тұрақтылықты сақтай отырып еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын және Қордың негізгі мақсаты мен міндеттерін сақтауды ескере отырып анықталады.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 23-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры келесідей бағыттарда жұмсалады:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде (аударым) сәйкес жылдың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру үшін;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке мақсатты трансферт түрінде Қазақстан Республикасы Президенті анықтайтын мақсаттарды орындау үшін беріледі;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарумен және жыл сайынғы тексеруді жүргізуге байланысты шығындарды жабу;

Бұдан басқа, Ұлттық қордың қаржысы 2007 жылдан бастап бюджет шығынын қаржыландыру үшін үнемі қолданылады және де абсолюттік түрде трансферттер көлемі әрдайым өсуде. Қарастырылып отырған кезеңде Ұлттық қордан бөлінген көп мөлшердегі трансферттер көлемі 2008-2010 жылдар аралығында болды. Себебі осы кезеңде бюджетке «мұнайдан» түсетін табыс көлемі (2009 жылы түсімнің мүлдем азайғаны байқалады) 2011-2014 жылдарға қарағанда едәуір төмен болды. Сонымен бірге, 2014 жылы Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемі 1,4-тен 2 трлн. теңгеге дейін өсті, ал бюджеттің жиынтық табысының өсімі шамамен 60% болды. Бұл Ұлттық қордың қаржыландыруының артуымен түсіндіріледі [8].

Сонымен қатар жақсы макроэкономикалық тиімділік ала отырып, мемлекет осы қаражаттарды инвестициялау бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін. Үкіметтің даму бағдарламаларына бағыттауына құқығы бар тұрақтандыру қорындағы ақшалар қорда тұрып қалуы мүмкін. Себебі, елімізде қордағы қаражатты нақты бір алушыға беру механизмі нашар дамыған және инновациялық жаңа ойлардың тапшылығы байқалады. Дегенмен де, осындай механизмнің жақсы дамуы мен болашағы бар инновациялық ойлардың бар болуы да шығындарға ұшырату қаупін туғызады. Алдыңғы жылдарда бөлінген көп көлемдегі қаржылардың тиімсіз жаратылғаны және олардың алдыға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етпегені бәрімізге белгілі. Әсіресе, 2000 жылдардың басында құрылған арнайы индустриялды-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру үшін құрылған мемлекеттік даму институттарының қызметі қатаң сынға ұшырады. Бұл тағы да мемлекеттің инвестор ретінде тиімді қызмет ете алмайтындығын көрсететін жалпыға мәлім шындық. Кеңсешілдік және жемқорлық – осындай жағдайды тудыратын негізгі факторлар.

Түсімдерді қосарлы айырбастау – алдымен ұлттық валютаға, содан кейін шет елде бағалы қағаздарға салу үшін қайтадан шет ел валютасына айырбастау тағы да шығындарға апарады. Тек кейбір бейрезидент-компаниялар бюджетке салықты доллар баламасында аудара алады. Тіпті бұл мәселені Ұлттық қордың жаңа үлгісі де шеше алмайды. Демек, салық төлеушілер де, мемлекет те бұрынғыдай шығындарға ұшырай береді.

Жалпы Ұлттық қордың қызметі тарихында қомақты сома алғаш рет 10 млрд. АҚШ доллары 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағытталды. 2007-2010 жылдардағы жағдай дағдарысқа қарсы қызметтің жеткіліксіз тиімділігін көрсетті, сонымен қоса Қордың «жоғары өтімді» халықаралық позициясына инвестицияланған қаржыларды оперативті айырбастау және тарту қиындықтары көзқарасынан. Бұған қоса, ресми ақпарат бойынша дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 1 088 млрд. теңгенің тек 331 млрд. теңгесі ғана қайтарылған.

Ал екінші рет 2015-2017 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға бөлініп отыр.

2015-2017 жылдарда негізгі жұмыс Астанадан басқа аймақтарға дейін бағытталатын тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымды жасауға шоғырланған. Бұл инфрақұрылымның дамуы елдің экономикасын жандандырады, аймақ аралық қарым-қатынасты нығайтады, жылдамдықты арттырады, кәсіпкерлік мәселелерін шешуге ықпал етеді.

2015 жылы Ұлттық қордан 30 млрд. теңгені нақты мақсаттарын анықтап, әлеуметтік инфрақұрылымдарды тұрғызу үшін бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде 17,3 млрд. теңге білім ошақтарын тұрғызуға бағытталмақ.

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуы бойынша, 2015 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарлама жобасы шеңберінде дағдарысқа қарсы жаңа шараларға 101 млрд. теңге бөлу болжанып отыр.

Сонымен қатар, ол 2016 жылға Ұлттық қорда ХҚҰ жобаларын қаржыландыруға, ТКҚ жаңартуға, жолдар және жалға берілетін үйлер құрылысына бөлінуге қарастырылған 71 млрд. теңгенің 20 млрд. теңгесі агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталатынын; «Бизнестің жол картасы-2020» жобасына 10 млрд. теңге; ішкі нарықты техникалық реттеуді дамыту арқылы қорғауға 5 млрд. теңге; геологиялық барлау жүргізуді ынталандыруға 6 млрд. теңге; тұрғын үй құрылысын арттыруға 30 млрд. теңге бөлінетінін айтты [9].

2014-2015 жылдарда экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014 жылдың ақпан айында Елбасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1 трлн. теңге бөлінді. Сол қаражаттың бірінші траншы 500 миллиард теңге игерілді. Енді тағы 500 миллиард теңге Президент тапсырмасымен мына мақсаттарға бағытталады:

100 миллиард теңге ірі, шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін кәсіпкерлерге беріледі. Бірақ, қарыз тек тамақ, химия өнеркәсібі, машинақұрастыру және қызмет көрсету саласына ғана бағытталады;

250 миллиард теңге қаржы секторына дәлірек, отандық банктердің қайтпаған қарыздарын азайтуға бөлінеді. Үкімет бұл шара арқылы екінші деңгейлі банктердің жағдайын түзеп бермек;

81 миллиард теңге «Қорғас – Шығыс қақпасы» мен Атырау мен Тараздағы «арнайы экономикалық аймақтарға» жұмсалады;

40 миллиард теңге EXPO ғимараттарын салып жатқан кәсіпкерлерге қарызға беріледі;

29 миллиард теңгеге Астана әуежайы кеңейтіледі [10].

Бұл  жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға жұмсалатын қаражаттың бір бөлігі.  Анығында Үкімет жыл сайын Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертке қосымша 3 миллиард доллар қаражат бөліп отыруды  жоспарлап отыр.

Қомақты сома жол салуға, инфрақұрылымдарды жаңартуға жұмсалады. Үш жылда бөлінетін 9 миллиард доллардың тиімді жұмсалуын арнайы комиссия және «Нұр Отан» партиясы қатал бақылап отыратын болады. Елбасымыз: «Арнайы комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ» - деді өз жолдауында. Бұл өте дұрыс деп ойлаймыз. Себебі қанша жыл бойы жинақталып келген ірі соманың сұрауы болуы керек.

Осылай, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Ұлттық қордан едәуір қаражат жарату қарастырылған. Ендігі міндет – Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Бұл да атқарушы биліктің бірінші әрі маңызды міндеті болуы тиіс. Бастысы, қордан бөлінетін қомақты қаражат босқа жұмсалмай тиімді әрі орынды қолдану жұмыстары ақиқатта да іске асса болғаны.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді қолдану қорды басқару мәселесін шешудің бастамасы болып саналады. Қорды басқару сұрақтарын зерттеп жүрген көптеген авторлардың айтуы бойынша, осы мәселелердің арасында транспарентті (ашық) еместік, пайданы жіберіп алу, айқындылық, нақты керек бағыттарға салымдардың болмауы аталады. Бұдан басқа, Ұлттық қорды сырттай басқарушылар туралы ақпарат жарияланбайды. Мысалы, Ұлттық банк мұнай табыстарын қандай шет ел компаниялары басқаратындығын айтпайды, бұл компания талаптары деп түсіндіреді.

Ұлттық қорды басқару сұрақтарын зерттеп жүрген көптеген авторлардың ойынша, дәл осы айқынсыздықтың әсерінен қор қаражатты дәл уақытында және толық бөлмеу мәселесіне тап бола бастады.

Даму қорының қызметінде айқындылықты арттыру, тұрақты аудит, даму Қорының қызметінде түсінікті және ашық «бенчмаркинг» жүйесін тұрғызу – міне дәл осы шаралар қор қаражаттарын мақсатсыз қолдануды болдырмауда және инвестиция тиімділігін жалпы қадағалауды күшейтуде қажетті болады. Жекелей алғанда, ақпаратты ашу деңгейі келесідей аспектілерді қосу керек: жүргізілген операциялардың жалпы табысы/шығысы, резервтік жинақтардың келуі, инвестицияланатын нысандардың және құнды қағаздар портфелінің толықтай құрылымы және т.б. [6].

Қазақстан басшылары бірнеше рет ресми түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметінің басым бағыттарын қайта қарастыру қажеттігін атап айтқан болатын. Алайда, мәселелер әлі шешілген жоқ. Біздің ойымызша, қордың айқындылығын арттыру мақсатында Ұлттық қордың қаражатын қолдану туралы толық ақпарат көрсетілетін веб-сайт құру дұрыс болады.



Қорытынды

Осылайша, Қазақстанның Ұлттық қорының қызметінде қазіргі уақытта бірқатар мәселелер бар. Олар қаражатты тиімді қолдануға және қамтамасыз етуге негізделген, қорды басқаруды жетілдірумен байланысты. Ұлттық қор қызметінің үлгісі өзгермей қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының алдында тұрған ағымдағы және болашағы бар міндеттерді ескере отырып, бірінші кезекке оның осы немесе басқа қызметтері шығуы керек. Қазіргі кезде, әлемдік экономикада пайда болған тұрақсыз жағдайға байланысты және «Нұрлы жол» бағдарламасында көрсетілген Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына жету қажеттілігін ойға ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық қызметі толықтай іске асырылуы қажет. Осыған қоса, қорды басқаруды жетілдірудің шешілмеген мәселелері өз шешімдерін талап етіп отыр, ең алдымен, оның құрылуы және қолданылуы туралы қоғамға толықтай ақпараттың қол жетімді болуын қамтамасыз ету.


Әдебиет
1. Бегма Ю.С., Чедишвили Т.И. Суверенные фонды как фактор развития глобальной финансовой системы // Экономический журнал, № 3 (35), 2014// <http://economicarggu.ru/2014_3/35.pdf.> [стр.115]

2. Sovereign Wealth Funds – A Work Agenda. IMF. // [29.02.2008]

3. Панова Г. С. Суверенные фонды //<http://www.gosbook.ru/node/72224> [22.04.2013]

4.Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы //< http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000550> [1.02.2012]

5. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000231_> [25.03.2010]

6.Устименко А.: Национальный фонд РК: Изменения назрели. Журнал KAZENERGY. №3 (58). //http://www.kazenergy.com/ru/3-58-2013/9597.html [18.04.2013]

7. Жуманов.А.: Тише едешь – дальше будешь? <http://www.dn.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=2408:2014-11-18-06-38-22&catid=4:2011-10-23-11-44-29&Itemid=15> [18.11.2014, 12:29]

8. А. Юрин. Парадоксы казахстанского бюджета. // [18.03.15]

9. В рамках «Нурлы жол» на новые антикризисные меры перераспределят 101 млрд тенге. //<http://fin.zakon.kz/4692580-v-ramkakh-nurly-zhol-na-novye.html> [25.02.2015, 11:12]


10. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы. //<http://www.inform.kz/kaz/article/2715695> [11.11.2014, 20:50]
References
1. Begma Yu.S., Chedishvili T.I. Suverennyie fondyi kak faktor razvitiya globalnoy finansovoy sistemyi // Ekonomicheskiy zhurnal, # 3 (35), 2014// [str.115]

2. Sovereign Wealth Funds – A Work Agenda. IMF. // [29.02.2008]

3. Panova G. S. Suverennyie fondyi // [22.04.2013]

4.Ultti'q a'l-awqat qori' twrali' Qazaqstan Respwbli''kasi'ni'ng 2012 ji'lghi' 1 aqpandaghi' № 550-IV Zangi' //< http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000550> [1.02.2012]

5. Ultti'q qordi'ng qarajati'n qali'ptasti'rw ja'ne paydalanw tuji'ri'mdamasi' // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000231_ [25.03.2010]

6.Ustimenko A.: Natsionalnyiy fond RK: Izmeneniya nazreli. Zhurnal KAZENERGY. #3 (58). //http://www.kazenergy.com/ru/3-58-2013/9597.html [18.04.2013]

7. Zhumanov.A.: Tishe edesh – dalshe budesh? [18.11.2014, 12:29]

8. A. Yurin. Paradoksyi kazahstanskogo byudzheta. // [18.03.15]

9. V ramkah «Nurlyi zhol» na novyie antikrizisnyie meryi pereraspredelyat 101 mlrd tenge. // [25.02.2015, 11:12]

10. QR Prezi''dentі N.Nazarbaevti'ng Qazaqstan halqi'na «Nurli' jol - bolashaqqa bastar jol» Joldawi'. // [11.11.2014, 20:50]


Сведения об авторах статьи:

Медуханова Л.А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к.

Тел.: 87017586230

E-mail: letter3@mail.ru


Кожатаева А.Б.

Халықаралық қатынастар факультетінің, «Әлемдік экономика» мамандығының 2 курс магистранты



Тел.: 87016048385

E-mail: aika91.12@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет