Сыртқы мемлекеттік қаржылық
бақылау жүргізудің
бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарға
№3 қосымша
Республикалық бюджеттен әкімшілік шығыстарға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі
Бақылау мәселелері
1. Бұрынғы бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін бақылау объектісінің қабылдаған шаралары.
2. Әкімшілік шығыстарға бағытталған бюджеттік бағдарламаны бағалаудың өлшемдері:
1) әкімшілік шығыстарды көздейтін бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін баяндаудың нақтылығы мен айқындығы;
2) шығыстар көлемін жоспарлау кезінде пайдаланылған шығыстар нормалары мен нормативтері және олардың көзделген заңнамалық актілерге сәйкестігі;
3) бюджеттік бағдарламаны іске асырудың нақты көрсеткіштерін бұрынғы жылдардың көрсеткіштерімен салыстыру;
4) бюджеттік бағдарламаны іске асыру кезінде, сондай-ақ қаржы жылы ішінде экономикалық өзіндік ерекшеліктер бөлінісінде енгізілген өзгерістер саны және олардың себептері;
5) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қаржы операцияларының негізділігін растайтын құжаттардың бар-жоғы;
6) ішкі бақылау қызметтерінің бюджеттік бағдарламаның іске асырылуына жүргізген тексеруінің нәтижелері;
7) бюджеттік бағдарламаны іске асыру кезінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелердің көзделген көрсеткіштерге сәйкестігі және қол жеткізілмеген жағдайда олардың себептері;
2. Бюджеттік бағдарламаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет шығындарының көлемі:
1) бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну тәртібінің сақталуы, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің стратегиялық жоспарына енгізілген бюджеттік бағдарламалардың экономикалық сыныптамасының өзіндік ерекшеліктері бөлінісінде есептеулердің негізділігі;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің (мемлекеттік мекемелердің) міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын бекітудің және оларды бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынудың уақтылылығы, оларға бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындау процесінде өзгерістер енгізудің негізділігі;
3) жасалған шығыстардың қаржыландыру жоспарларында көзделген бюджеттік сыныптама кодтарына сәйкестігі;
4) азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде міндеттемелерді қабылдаудың уақтылылығы және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын орындаудың уақтылылығы;
5) есеп айырысу тәртібінің сақталуы, банк операцияларының және дебиторлық пен кредиторлық берешектің пайда болуына байланысты операциялардың анықтығы, дұрыстығы. Басқа ұйымдардың шоттарына аударылған сомаларды бухгалтерлік есепке алудың деректерімен және банктің берген үзінділерімен салыстыра отырып банк шоттары бойынша барлық операциялар;
6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сақталуы. Жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер өнім берушінің жеңімпаз болып белгіленуіне негіз болған конкурстық құжаттамының техникалық өзіндік ерекшелігіне сай келе ме. Таурларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерін орындауы;
7) бекітілген штат кестесінің мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат кестесінің лимитіне «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулысына сәйкестігі;
8) лауазымдық айлықақыларды, тарифтік ставкаларды, жалақыға үстемеақылар мен қосымша төлемдерді белгілеудің дұрыстығы. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру жоспарында әкімшілік шығыстарға көзделген қаражат шегінде сыйлықақы берудің негізділігі. Үнем болмаған кезде сыйлықақы төлеу фактілері орын алды ма және осы төлемдер қаржыландыру жоспары шегінде көшіру жүргізілген басқа өзіндік ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің өсуіне әкелді ме;
9) жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға еңбек келісімдерін жасасу және олар бойынша төлемдер, бос лаузымдық орындар бойынша жұмыстарды орындауға штаттан тыс қызметкерлермен еңбек келісімдерін жасасу оқиғалары болды ма;
10) іссапар шығыстарына арналған қаражатты «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысына сәйкес пайдаланудың негізділігі;
11) үйлер мен ғимараттардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат жұмсаудың дұрыстығы, сметалық құжаттама мен орындалған жұмыстар актілерінің бар-жоғы, материалдарды есептен шығарудың және баға белгілеуді қолданудың дұрыстығы, ол үшін мыналарды анықтау қажет:
- кестеге сай белгіленген нысандар бойынша орындалған жұмыстар көлемінің сандық (заттай) және құндық тұрғыдан шарттық міндеттемелерге сәйкестігі;
- тапсырыс беруші мен мердігердің міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындаудан жалтарғаны үшін екіжақты жауапкершілігінің бар-жоғы. Шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда, мердігерлік ұйымға айыппұл санкцияларының қолданылғаны тексеріледі;
- бюджет қаражатының мақсаты бойынша пайдаланылуын қамтамасыз ету, мердігерге аударылған бюджет қаржаты сомасының нақты орындалған жұмыстар көлеміне сәйкестігі;
- күрделі жөндеу жүргізу кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың бар-жоғы (ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ақаулы актілер); бұл ретте мердігерлік шартты тапсырыс беруші жұмыстардың бүкіл жүргізілетін кезеңіне құндық мәнде жасайды және ол объектілер пайдалануға берілгенге дейін жарамды болады;
- жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқудың бар-жоғы, орындалған жұмыс түрлерінің жөндеу-құрылыс жұмыстарына арналған шарттар бойынша жасалған және төленген сомаларға сәйкестігі;
- мердігерлік шарттың қолданыс мерзімі аяқталған соң «Орындалған жұмыстардың актісі» деген №2 нысанды толтыру;
- №2 нысандағы орындалған жұмыс актілері деректерінің құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген нормаларына сәйкестігі (ҚНжЕ және ЕНиР);
- мемлекеттік мекеме мен мердігерлік ұйымның басшылары қол қойған №2 және №3 нысандағы орындалған жұмыстар актілеріне мөр басылған ба;
- кредиторлық берешек болған жағдайда – оның пайда болу себептері;
12) коммуналдық қызметтер үшін қаражат жұмсаудың дұрыстығы, шарттардың бар-жоғы, олар бойынша бағалар мен тарифтерді қолданудың дұрыстығы;
13) іссапарлар мен қызметтік сапарларға қаражат жұмсаудың дұрыстығы, осы мақсаттарға шығыстар лимитінің сақталуы;
14) артық материалдық құндылықтарды сатып алу үшін немесе тауарсыз шоттар бойынша, әсіресе, жыл соңында қаражат аудару фактілері;
15) өкілді шығыстарды жүзеге асырудың дұрыстығы, соның ішінде іс-шаралар жүргізудің, жұмыс жоспарының және қатысушылардың болуының, шығыстар сметасының негізділігі, растаушы құжаттардың ұсынылуы және олардың анықтығы;
16) бақылау жүргізу кезеңі ішінде дебиторлық және кредиторлық берешектің жай-күйі, туындау себептері және оларды өтеу бойынша қабылданған шаралар. Талап ету мерзімі өтіп кеткен өндіріп алуға үмітсіз дебиторлық берешек бар ма;
17) бухгалтерлік есепті жүргізудің және бюджеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді жасаудың анықтығы, тиісті органдарға қаржылық есептілікті жасаудың және ұсынудың уақтылылығы;
18) активтердің, тауарлық-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарына (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, төлемге ұсынылған шоттар және т.б.) сәйкестігі мен олардың бар-жоғын анықтау үшін негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізіледі;
19) қажет болған жағдайда, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жеткізілу немесе жекелеген жұмыс түрлерінің орындалу фактісін анықтау үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушілерде үстеме бақылау жүргізіледі. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, мемлекеттік мекемелердің және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушілердің арасында жасалған шарттарға назар аударылады;
20) бухгалтерлік есепті жүргізудің және әкімшілік шығыстарды қарастыратын бюджеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді жасаудың толықтығы мен анықтығы, тиісті органдарға қаржылық есептілікті жасаудың және ұсынудың уақтылылығы;
21) мемлекеттік органдар пайдаланатын алаңдардың, қызметтік және арнайы автокөліктердің бекітілген нормаларға сай пайдаланылуы бойынша түгендеу жүргізу, артық қызметтік алаңдар мен автокөлікті қысқарту бойынша шаралар қабылдау;
22) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 қаулысының мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген әкімшілік шығыстарды лимитін белгілеу бөлігінде сақталуы;
23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормаларының сақталуы. Жалға беруге бос алаңдардың бар-жоғы және жалға беру шарттарын жасасудың негізділігі;
24) бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондар сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларында пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің стационарлық ұялы терминалдарынан жасалған шығыс қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефондардан шығыс қоңыраулар үшін ақы төлеу оқиғалары орын алды ма;
25) қызметтік автокөлікті ұстап-күту (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілілік табелінің, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған көлiк құралдарының тиесілік табелінің сақталуы);
26) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2001 жылғы 20 шілдедегі №226-1 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 16 шілдедегі №176 бірлескен бұйрығымен бекітілген Автокөлік және арнайы техника үшін отын-майлағыш және эксплуатациялық материалдардың шығысын нормалау жөніндегі ережеге сәйкес автомобиль маркалары мен басқа да көлік құралдары бойынша 100 км жолға белгіленген нормаларға сәйкес бензинді жолдама парақтарға сай есептен шығару тәртібінің сақталуы;
27) қосалқы бөлшектерді ақаулы актілерге сай есептен шығарудың анықтығы;
28) автомобильдерді балансында ұстайтын жоғары тұрған басқару органдарының қызметтік және арнайы автомобильдерді пайдалану фактілерінің бар-жоғы;
29) автокөлік құралдарын есептен шығаруға аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің рұқсатының бар-жоғы;
30) көлік құралдарын қоғамдық және бөгде ұйымдарға өтеусіз негізде беру, көлік құралдарын тиісті сату рәсімдерін өткізбестен қалдық баланстық құны бойынша жеке тұлғаларға сату оқиғаларының бар-жоғы.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |