«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 18 -
пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады. Елтаңбада ұлы
идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген
қанатты сөзін еске салып тұратын болсын», -деген.
Біздер, Қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мəңгілік
Ел, лайықты əрі ұлы Қазақстан! Осындай елде туылып, өмір сүргенімді мақтан етемін. Отан
алдындағы парызым-ұлы жауапкершілікпен білім алып, елдің өркендеуіне өз үлесімді
қоссам деймін. Сыр бойы - қазақ даласында дəуірлеген мемлекеттер ту тігіп, астанасын
салған қасиетті жер. Мұнда Сақ мемлекетінің ордасы, əрі көне қала мəдениетінің орталығы
- Шірік-Рабат шахары, Оғыз мемлекетінің
астанасына айналған Жанкент, Қыпшақ жəне
Қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы салынған. ХХ ғасырдың басында, Қазақ
елінің алғашқы астанасы болған бүгінгі Қызылорда қаласының киелі Сунақата ауылында
тұрамын. Сыр бойы - бүкіл түркі халықтарына ортақ абыз, бүгінгі Мəңгілік ел идеясының
бір тамыры өзінен бастау алатын, ойшыл, мəңгілік өмірдің
кілтін руханияттан тапқан
сазгер, ыспалы музыкалық аспаптардың атасы Қорқыт бабамыз өмір сүрген, мəңгілік мекен
еткен киелі топырақта дүниеге келгеніме шүкір деймін.
15 ғасырдың 70-жылдарында Қазақ хандығы Сырдария бойымен жүріп отырып,
Қаратаудың бөктерін иеленді. Хандықтын жері кеңейіп, оған түкпір-түкпірден туыс рулар
келіп қосылып жатты. Қазақ хандығының құрамына алғаш қосылғандардың қатарында
Сырдың жағасындағы Созақ пен Сауран қалалары бар еді. Қасым хан жас мемлекеттердің
астанасы етіп, Сығанақ қаласын таңдаған. Соның нəтижесінде тоғыз жолдың торабында
орналасқан Сыр елінің қалалары көркейе түсті. Ал Тəуке ханның тұсында Сыр бойындағы
қалалардың саны 32-ге жетті. Жоңғар шапқыншылығының зардабын тартқан халық тұс-
тұстан ауып келіп, алты Алаштың табан тірері - Сыр бойын паналаған. Сондықтан да, сыр
өңірі қазақ хандығының рухани-мəдени орталығы ретінде ұлтқа пана болған, Ұлы даланың
киелі мекені ретінде танылады. Елбасының Сырды Алаштың
анасына балайтыны да сол
себептен болар. Тарихи тағдырымызға жүздеген жылдық күрделі кезеңдері үшін, бізге
дейінгі жəне келешекке ең асыл мұра болып қалған Ұлы Отанымыз-Тəуелсіз Қазақстан
үшін рахмет деймін.
Ендігі міндет - бабалар аманатына адал болып, Ұлы Дала елінде тəуелсіздікті мəңгі
ету. Келешекте елімді көркейтуге тер төгемін, адал қызмет етемін.
Мен - мəңгілік елдің перзентімін. «Менің елім – Қазақстан» деп мақтана бергім
келеді. Оқуымды тəмамдап, есейгенімде Сығанақ орнына барып, елімнің тарихын зерттеуге
атсалыссам деймін. Жыл сайын археологтар келіп, жерді қазғанда, түрлі бұйымдар табады.
Бір өкініштісі керегін алғаннан соң жерді ашық түрде тастап қетеді.
Қасиетті Жер-анаға
құрмет қайда деп ашына айтқым келеді? Осындай олқылықтар болмаса деймін. Адамның
ішегін ашып, ота жасағанда дəрігерлер қайта жабады. Ал адамдарға шексіз қызмет ететін
Жер –анамызға, Тəуелсіз еліміздің топырағына еш қиянат жасалмаса деген ұсынысым бар.
Қазақстан бүгінде бар əлемге танылған,
Абырой мен атақ та біздің елге таңылған.
Білімді боп жалғастыру арманым,
Елімізде болашаққа жол салынған, -деген өлең жолдарыммен ойымды аяқтағым
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: