ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25-ші мамырда № 11158 тіркелген
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2015 жылғы 8 мамыр
Алматы қаласы
|
|
№ 77
город Алматы
|
Банк активтерінің және міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк активтерінің және міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидалары, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5660 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда «Заң газеті» газетінде № 80 (1503) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 195 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5803 тіркелген, 2009 жылғы 23 қазанда «Заң газеті» газетінде № 162 (1585), 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған).
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 77 қаулысымен
бекітілді
Банк активтерінің және міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидалары, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері
В преамбулу внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
Осы Банк активтерінің және міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидалары, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банк активтерінің және міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен Банктер туралы заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде және міндеттемелерді толық мөлшерде беру және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде беру жолымен активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ уәкілетті органның осы операцияларды келісу тәртібін, көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін айқындайды және осындай операциялар бойынша өтпелі кезеңді белгілейді.
1. Жалпы ережелер
В пункт 1 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
1. Банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операция, оның ішінде қайта құрылымдау жүргізілген бас банк және еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операция банктің кредиторлары мен депозиторларының мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында жүзеге асырылады. В пункт 2 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
2. Қағидаларда пайдаланылатын бас ұғымдар:
1) активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция – бас банк және еншілес банк арасындағы операцияларды қоспағанда, беруші банктің активтер мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде иеленуші банкке (иеленуші банктерге) бірмезгілде беру жөніндегі операция;
2) бас банк – активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі шартқа сәйкес күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде еншілес банкке өткізетін және салымдарды орналастыруға және ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде және міндеттемелерді толық мөлшерде еншілес банктен қабылдайтын бас банк;
3) бас банк және еншілес банк арасындағы операция – салымдарды орналастыруға және ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, еншілес банктен активтер мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бас банкке бірмезгілде беру және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде еншілес банкке беру жөніндегі операция;
4) беруші банк – активтер мен міндеттемелердің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) өткізетін банк;
5) еншілес банк – Банктер туралы заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, салымдарды орналастыруға және ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде және міндеттемелерді толық мөлшерде бас банкке беретін және активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі шартқа сәйкес бас банктен күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде қабылдайтын еншілес банк;
6) иеленуші банк – активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі шартқа сәйкес беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі не толық мөлшерде берілетін банк;
7) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.В пункт 3 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
3. Беруші банк және иеленуші банк (иеленуші банктер), сондай-ақ активтер мен міндеттемелерді иелену мүмкіндігін қарастыратын банк (банктер) операцияны жүргізуге байланысты алынған ақпараттың конфиденциалдылығын, жария етілмеуін сақтауды қамтамасыз етеді.В пункт 4 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
Заголовок главы 2 изложен в редакции постановления Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
2. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру тәртібі
В пункт 5 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
4. Беруші банк және иеленуші банк (иеленуші банктер) активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органның келісімі болған кезде беруші банктің және иеленуші банктің (иеленуші банктердің) басқару органының шешімі бойынша жүзеге асырады.
Беруші банктің активтер мен міндеттемелерінің бір бөлігі не толық мөлшерде иеленуші банкке активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі шарт негізінде өткізіледі.
5. Беруші банк активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларын беруші банктің басқару органының осы операцияны жүзеге асыру туралы шешімі қабылданғаннан кейін жүргізеді.
Беруші банк дайындық іс-шараларын жүргізу шеңберінде әлеуетті иеленуші банкті іздеуді жүзеге асырады.
6. Беруші банктің активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:
1) беруші банктің берілетін активтерінің тізбесі мен мөлшерін айқындау, құнын көрсете отырып қамтамасыз етудің тізбесі мен мөлшерін айқындау.
Берілетін активтердің мөлшері баланстық шоттарда және жүйеден тыс есепте есепке алынған талаптар құқықтарының, баланстан тыс шоттардағы шартты талаптардың және меморандум шоттарының балансқа сомасы ретінде айқындалады. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру кезінде активтердің мөлшері беруші банк пен иеленуші банк арасында келісілген күнге есептеледі. Берілетін активтердің құны беру сәтінде баланстық құнды немесе тараптардың келісімі бойынша тәуелсіз бағалаумен айқындалған құнды пайдалана отырып айқындалады;
2) беруші банктің берілетін міндеттемелерінің тізбесі мен мөлшерін айқындау;
3) беруші банктің депозиторының тізімін және депозиттердің мөлшерін қалыптастыру;
4) беруші банктің және әлеуетті иеленуші банктің пруденциялық нормативтерінің олардың арасында келісілген, беруші банктің активтері мен міндеттемелерін беру күнгі, алдағы уақытта жүзеге асырылатын активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция ескерілген, оның ішінде шоғырландырылған негіздегі есебі.
7. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері кіреді:
1) жеке және заңды тұлғалардың кредиттері және қамтамасыз ету;
2) акциялар және қатысу үлестері;
3) өзге бағалы қағаздар;
4) ақша;
5) жылжымалы және жылжымайтын мүлік құқықтары;
6) лицензиялық құқықтар ;
7) өзге жылжымалы мүлік;
8) жылжымайтын мүлік;
9) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;
10) банк шоты шарты, қазынашылық операциялары, РЕПО операциялары, валюталар мен тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша банкаралық мәмілелер, туынды қаржы құралдарын, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер);
11) өткізу актісінде аталған өзге активтер мен міндеттемелер.
8. Беруші банк иеленуші банкті таңдауды дербес, иеленуші банктің мына талаптарға сәйкес келуі шартымен, берілетін активтердің және міндеттемелердің мөлшерлеріне қарай жүзеге асырады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік қарыз операцияларын, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген басқа банктік және өзге де операцияларды жүргізуге, қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар;
3) уәкілетті орган қолданған қолданыстағы ықпал ету шаралары мен санкциялар жоқ;
4) беруші банктің клиенттеріне қызмет көрсету үшін филиалдары бар.
Беруші банктің басқарушы органы иеленуші банкті таңдау және оған активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шешім қабылдайды.
Беруші банктің активтері мен жеке және заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерін бір, сол сияқты бірнеше иеленуші банкке беруге рұқсат етіледі.В пункт 8 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
9. Беруші банк оның басқарушы органы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шешімді қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға активтер мен міндеттемелерді беру операциясын келісу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1) беруші банктің және иеленуші банктің атқарушы органдарының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған бірлескен өтініші;
2) беруші банктің басқарушы органының иеленуші банкті таңдау және оған банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шешімі;
3) беруші банктің бір бөлігінде немесе толық мөлшерде берілетін активтерінің және міндеттемелерінің тізбесі, түрлері және алдын ала мөлшері;
4) уәкілетті орган активтерді және міндеттемелерді беру операциясын келіскен жағдайда, тараптардың активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шартты, онда күнін және осы шарттың барлық маңызды талаптарын көрсете отырып, жасау міндеттемесімен беруші банктің және иеленуші банктің арасында жасалған алдын ала шарты;
5) беруші банктің және иеленуші банктің, олардың арасында активтерді және міндеттемелерді беру операциясын жүзеге асырудың келісілген күніндегі пруденциялық нормативтерінің, оның ішінде шоғырландырылған негізде жасалған есебі;
6) иеленуші банк беруші банктің корреспонденттік шотын және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде пайдаланылатын басқа да деректемелерін пайдаланған жағдайда, иеленуші банктің өтпелі кезеңде депозиторлардың өзіне берілген банк шоттары бойынша нұсқауларын орындау тәртібі;
7) беруші банктің және иеленуші банктің активтер мен міндеттемелерді қабылдау және тапсыру бойынша ішкі тәртібі.
10. Уәкілетті орган Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын оны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Уәкілетті орган беруші банкке және иеленуші банкке активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге келісім береді.
11. Мыналар активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыруға келісім беруден бас тарту үшін негіздеме болып табылады:
1) иеленуші банктің Қағидалардың 8-тармғының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) құжаттар топтамасының Қағидалардың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
12. Уәкілетті орган активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны келіскеннен кейін беруші банк бір ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде, Банктер туралы заңның 61-2-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген қарсылық білдіру мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, беруші банктің активтерін және міндеттемелерін бір бөлігін не толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды.
Банктер туралы заңының 61-2-бабы 4-тармағының төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, беруші банктің міндеттемелерін беру депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиторлар беруші банктің өздерінің алдындағы міндеттемелерінің берілуіне қарсы болған кезде, беруші банктің және депозиторлар мен (немесе) кредиторлардың өзара қатынастары Банктер туралы заңның
61-2-бабымен және олардың арасында жасалған шарттармен реттеледі.
Беруші банктің құқықтар (талаптар) түріндегі активтерін беру, егер шартта өзгесі көзделмесе, борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.
Активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру туралы хабарландыруды жариялаумен байланысты шығыстар беруші банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Беруші банктің активтерін және міндеттемелерін бір бөлігін не толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялау күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң, беруші банк беруші банктің өздерінің алдындағы міндеттемелерін иеленуші банкке беруден бас тартқан депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың тізімін қалыптастырады.
14. Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көзделген іс-шаралар өткізілгеннен кейін беру актісін екі данада қоса бере отырып, активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шарт жасалады.
15. Беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды, кредиттік істерді, куәліктерді және басқа құжаттарды) иеленуші банкке (иеленуші банктерге) беру екі данадағы өткізу актісімен ресімделеді.
Өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
банктің берілетін активтерінің атауы, түгендеу нөмірі (болған кезде), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банктің активтері есепке алынған банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген мөлшері мен тізбесі;
қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борыш, банктік қарыз шарттары жасалған күндер мен нөмірлері, банктік қарыз шарттарының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемелері, банктік қарыздар бойынша банк есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;
жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор-жеке тұлғалардың тегі, аты әкесінің аты (ол болған кезде), депозитор-заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомалары есепке алынған банк шоттарының нөмірлері, банк шоты және (немесе) банктік салым шартының жасалған күні мен нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген депозиттер тізбесі;
клиенттер, олардың операциялары мен банктің операциялары, бастапқы құжаттар туралы ақпарат, клиентпен өзара қарым-қатынас тарихы және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелердің тиісінше орындалуы үшін қажетті өзге де ақпарат бар берілетін дерекқорлар (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттың сақтау орындарының) тізбесі.
16. Беруші банктің және иеленуші банктің арасында жасалған активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шарттың көшірмелері уәкілетті органға оларға қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде беріледі. Өткізу актісінің көшірмелері беруші банк пен иеленуші банктің арасында жасалған активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шарттың көшірмелері уәкілетті органға берілген кезден бастап үш ай ішінде уәкілетті органға беріледі.
17. Иеленуші банкке берілген депозиттер бойынша депозиторларға тиісінше қызмет көрсету мақсатында он сегіз айдан аспайтын мерзімге өтпелі кезең белгіленеді, осы кезеңде беруші банк депозиторларының банк шоттарын жүргізу Банктер туралы заңның 61-2-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Қағидалардың 12-тармағының бесінші бөлігінде көзделген шығыстарды қоспағанда, активтерді және міндеттемелерді беру бойынша операцияларды жүргізумен байланысты шығыстар иеленуші банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
19. Беруші банк активтерді және міндеттемелерді беру бойынша операцияларды жүзеге асыру туралы ақпаратты Қағидалардың 17-тармағында көзделген өтпелі кезең аяқталған соң қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.
3. Бас банк пен еншілес банк арасында операциялар жүргізу тәртібі
20. Еншілес банктен бас банкке активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде және салымдарды орналастыруға және ұлттық басқарушы холдингтің алынған қарыздарына байланысты міндеттемелерді қоспағанда, міндеттемелерді толық мөлшерде бірмезгілде беру жөніндегі операция және бас банктен еншілес банкке күмәнді және үмітсіз активтердің бір бөлігін не толық мөлшерде беру активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы бір шарттың шеңберінде жүргізіледі.
Бас банк пен еншілес банк бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияларды уәкілетті органның келісімі болған кезде екі банктің басқару органдарының шешімі бойынша жүзеге асырады.
21. Қағидалардың 6-тармағында көзделген дайындық іс-шараларды бас банк пен еншілес банк Қағидалардың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бас банк жүргізбейтін іс-шараларды қоспағанда, бірмезгілде жүргізеді.
22. Бас банкке мынадай талаптар ұсынылады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы болып табылса;
2) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік қарыз операцияларын, касса операцияларын жүргізуге лицензиясы бар;
3) банктің клиенттеріне қызмет көрсетуге арналған филиалдары бар.
23. Бас банк және еншілес банк банктердің басқару органдары бас банк пен еншілес банк арасында операцияларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде уәкілетті органға осы операцияны келісу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1) бас банк пен еншілес банктің атқарушы органдардың бірінші басшылары немесе оның орнындағы адамдар қол қойған бірлескен өтініші;
2) бас банктің және еншілес банктің басқару органдарының операцияларды жүзеге асыру туралы шешімдері;
3) бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, оның талаптары Қағидалардың 24-тармағында көзделген.
24. Бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай ақпараттан тұрады:
1) еншілес банктен бас банкке активтерді бірмезгілде беру туралы шарт;
2) бас банктің және еншілес банктің бір-бірінің банктік ақпарат жүйелерін пайдалану тәртібі;
3) бас банктің және еншілес банктің құқықтық кадастрға, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіне берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар өткен, бірмезгілде кепіл беруші болып табылатын жаңа кредитор туралы мәліметтерді енгізу мақсатында бас және еншілес банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шартты (өткізу актісімен қоса) уәкілетті тіркеуші органға (ұйымға) ұсыну мерзімі;
4) еншілес банктің активтерін акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлесі түрінде беру мерзімі;
5) еншілес банктің бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға өтінішінің мерзімі;
6) бас банктің және еншілес банктің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібі;
7) нәтижелердің қаржылық болжамы (интеграциялау моделі, болжамдық бухгалтерлік баланс және банктердің пайдалары мен зияндары туралы есеп, бас банктің пруденциялық нормативтерін есептеу, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы операциялар аяқталғаннан кейін шоғырландырылған негізде), оның ішінде шоғырландырылған негізде;
8) бас банктің активтер мен міндеттемелерді беруге тыйым салатын ковенанттың жоқ екендігі туралы растауы не бас банктің басшылығы қол қойған, кредиторлардың оларды беруге келісімі;
9) бас банктің және еншілес банктің іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
10) бас банк корреспонденттік шотты және төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде еншілес банктің басқа деректемелерін пайдаланған жағдайда ауыспалы кезеңде бас банктің депозиторлардың берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды орындау тәртібі.
25. Уәкілетті орган Қағидалардың 23-тармағында көзделген құжаттар топтамасын оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қарайды.
Уәкілетті орган бас банкке және еншілес банкке бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияларды жүргізуге келісім береді.
26. Бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияларды жүзеге асыруға келісім беруден бас тартуға арналған негіздемелер мынадай болып табылады:
1) бас банктің Қағидалардың 22-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
2) құжаттар топтамасының Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы.В пункт 8 внесены изменения в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 28.08.09 г. № 195 (см. стар. ред.)
27. Қағидалардың 7, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 19-тармақтарының талаптары бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияға қолданылады.
Бас банк пен еншілес банк арасындағы операцияларды жүргізуге байланысты шығыстар тараптардың келісімі бойынша бас банктің және (немесе) еншілес банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
28. Өтпелі кезеңде бұрын еншілес банк болып табылатын заңды тұлға мыналарда көзделген банк операцияларын жүзеге асырады:
1) Банктер туралы заңның 61-4-бабының 9-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында – бас банктің және еншілес банктің арасында операцияларды жүзеге асырған күннен бастап кемінде он сегіз ай қолданылады;
2) Банктер туралы заңның 61-4-бабының 9-тармағының 4) тармақшасында – қолда бар шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін және (немесе) осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатқанға дейін қолданылады.
29. Өткізу актісіне қол қойған күннен бастап және еншілес банктің филиалдары мен өкілдіктерін бас банктің филиалдары мен өкілдіктері ретінде қайта тіркеу рәсімдері аяқталған күнге дейін бас банктің банк операциялары еншілес банк берген филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |