Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



Дата23.02.2016
өлшемі139.78 Kb.
#3415


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

_________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2013 жылғы 26 сәуір № 109





Алматы қ.


г. Алматы






Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы

24 тамыздағы № 261 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы




«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қазанда № 7996 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда № 799-801 (27872) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Егер конкурстың нәтижесінде конкурстық комиссия Ұлттық Банк қызметшілерінің бос лауазымдарына ұсынылған кандидаттарды анықтамаса, Ұлттық Банк бір айдың ішінде қайтадан конкурс жариялауы мүмкін. Бұл ретте қайта өткізілетін конкурс рәсімдері Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.»;

1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 26 сәуір

№ 109 қаулысымен

бекітілген


«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

және оның ведомстволарының қызметшілерін

лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын

тоқтату қағидаларына

1-қосымша

Ұлттық Банктің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдарға қойылатын

талаптар



  1. О2 тобы үшін – Комитеттің Төрағасы, Комитет Төрағасының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бес жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


  1. О3 тобы үшін – департамент директоры, департамент директоры-бас бухгалтер, Өкілдік Басшысы, дербес басқарманың бастығы.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Департамент директорының орынбасары, дербес басқарма бастығының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.




  1. О4 тобы үшін – департамент құрамындағы басқарманың бастығы, Ұлттық Банк Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі, консультант, баспасөз хатшысы, бөлім бастығы.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды (магистратура) немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтаған кезде жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
Департамент құрамындағы басқарма бастығының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.




  1. О5 тобы үшін – бас маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог, Басқарма хатшысы, Директорлар кеңесінің хатшысы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


  1. О6 тобы үшін – жетекші маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.




  1. О7 тобы үшін – маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.
7) Ф1 тобы үшін - филиал директоры, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) директоры.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


Филиал директорының орынбасары, филиал директорының орынбасары - бас инженер, филиал директорының режим және күзет жөніндегі орынбасары, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) директорының орынбасары - бас бухгалтер.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не Ұлттық Банкте кемінде үш жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


8) Ф2 тобы үшін – аумақтық филиалдың бөлім бастығы - бас бухгалтері, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) бөлім бастығы – бас бухгалтерінің орынбасары, бөлімше меңгерушісі, құндылықтар қоймасының бастығы, бөлім бастығы.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


Бөлім бастығының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банктке кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


9) Ф3 тобы үшін – инкассация тобының бастығы, қойма (құндылықтар) меңгерушісі.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


Касса (айналым кассасы, қайта есептеу кассасы және басқа да атаулар) меңгерушісі.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


10) Ф4 тобы үшін – бас маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды, не Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.


11) Ф5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.




  1. Ф6 тобы үшін – маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жыл.



Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.».



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет