Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының
2010 жылғы 21желтоқсандағы
№351 бұйрығына 44-қосымша
«Резидент еместерден тартылған қаржылық заемдар және коммерциялық кредиттер туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7451202, индексі 11-ОБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместерден тартылған қаржылық заемдар және коммерциялық кредиттер туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7451202, индексі 11-ОБ, кезеңділігі тоқсандық) толтырудың тәртібін нақтылайды.
2. Бұл есеп банктердің резидент еместерден тартылған қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттердің қаражатын есепке алу үшін арналған. Есепті резидент еместер алдында қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттер бойынша міндеттемелері бар барлық банктер тоқсан сайын, жалпы банк жүйесі бойынша жасайды.
3. 1-бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) берген тіркеу куәліктері (бұдан әрі – ТК) және хабарлау туралы куәліктері (бұдан әрі – ХК) бар қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттерді игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету қамтылады.
2-бөлімде өзге де қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттер көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдер бойынша мың бірлікпен заем валютасында әрбір заем бойынша есеп жасалады.
4. 1-бөлімнің А және Б бағандарында ҚР ҰБ берген ТК және ХК нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
2-бөлімнің Б бағанында өткен кезеңдегі есепте көрсетілген заемның реттік нөмірі көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдердің 1-бағанында есептік кезеңнің басындағы өтелмеген негізгі борыш көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдердің 2-бағанында есепті кезеңде борышты қайта құру және сыйақыны капиталдандыру есебінен негізгі борыштың көбеюін қоса алғанда, алынған кредиттік қаражат көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдерінің 3, 6-бағандарында қайта құрылған борыш есебінен борыштың көбеюі (азаюы) көрсетіледі. Қайта құрудың негізгі түрлері мынадай болуы мүмкін: берешектің мерзімін (қысқа мерзімді кредиттің өтеу мерзімін өзгерткен жағдайда (бір жыл және одан аз) ұзақ мерзімге (бір жылдан астам)) ұзарту, кредитордың талап ету құқықтарын қайта беруі.
1 және 2-бөлімдерінің 4-бағанында капиталдандырылған сыйақы (негізгі борышты көбейтетін есептелген сыйақы) көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдерінің 5-бағанында есепті кезеңде борышты қайта құру есебінен негізгі борышты азайтуды қоса алғанда, негізгі борышты өтеу бойынша есептелген төлемдер көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдерінің 7, 8-бағандарында есепті кезеңнің аяғындағы өтелмеген негізгі борыш көрсетіледі және борыштың қалдығы есептелетін баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдерінің 9-бағанында есепті кезеңнің басындағы сыйақы бойынша берешек (шығыстар) көрсетіледі.
1 және 2-бөлімдерінің 10, 11-бағандарында есепті кезеңдегі сыйақы бойынша операциялар көрсетіледі: 10-бағанда – есепті кезеңдегі есептелген сыйақы, 11-бағанда – капиталдандырылған сыйақыны қоса алғанда, сыйақы бойынша төленген төлемдер көрсетіледі (4-баған).
1 және 2-бөлімдерінің 12, 13-бағанында есепті кезеңнің аяғында сыйақы бойынша берешек көрсетіледі және сыйақы бойынша берешегі есептелетін баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.
1-бөлімнің 14-бағанында есепті кезеңнің аяғында кредиттік келісімнің жай-күйіне сәйкес мынадай тізіммен толтырылады: «қолданылып жүрген», «тараптардың міндеттемелерді толық орындауы», «кредитордың борышын толық есептен шығару (кешіру)» немесе «кредиттік келісімді бұзу». Кредиттік келісім тараптардың міндеттемелерді толық орындағанға дейін, оның ішінде егер негізгі борыш өтелсе, бірақ сыйақы бойынша берешек немесе мерзімі өткен төлемдер бар болса қолданылады деп саналады.
1-бөлімнің 15-бағанында, 2-бөлімнің 14-бағанында кредит бойынша түсініктемелер көрсетіледі. РЕПО операциялары бойынша бағалы қағаздың түрі және эмитенті көрсетілуі тиіс.
5. 1, 2-бөлімдер бойынша арифметикалық-логикалық бақылау:
1-баған = өткен тоқсандағы есептің 7-бағаны;
2-баған >= 3-баған + 4-баған;
5-баған >= 6-баған;
7-баған = 1-баған + 2-баған - 5-баған;
9-баған = өткен тоқсандағы есептің 12-бағаны;
12-баған = 9-баған + 10-бағаны - 11-бағаны.
Достарыңызбен бөлісу: |