Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!



Дата22.02.2016
өлшемі72 Kb.
#2221


ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі пленарлық

отырыста 2015-2017 жылдарға арналған

республикалық бюджет жобасы бойынша

ҚР Қаржы министрі Б.Т.Сұлтановтың баяндамасы

Астана қ, Парламент Мәжілісі, 2014 жылғы 19 қараша
Құрметті Қабиболла Қабенұлы!

Құрметті депутаттар!
Парламент Мәжілісіне енгізілген 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы ағымдағы жылғы тамызда мақұлданған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған болжамы негізінде қалыптастырылған болатын.

Макроэкономикалық ахуалдың өзгеруін, бастапқы сыртқы параметрлерді есепке ала отырып, сондай-ақ Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін, аталған болжам қайта қаралған болатын.

Нақтыланған параметрлер туралы менің алдымдағы баяндамашы толығымен айтып өтті.

Парламент Мәжілісінде заң жобасын талқылау барысында оған бас комитеттің кеңейтілген отырысында салыстырмалы кестені қарау кезінде депутаттар тарапынан қолдау тапқан қажетті түзетулер енгізілді.


Құрметті депутаттар!

Биылғы жылы Комитеттердің және Жұмыс тобының отырыстары жаңа форматта өтті. Бұл бюджеттік жоспарлау жүйесіндегі бірқатар өзгерістерге, атап айтқанда шығыстар лимиттерінің институтын енгізуге байланысты.

Бұл жұмыстың ең басынан лимиттер мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктеріне және Елбасының азаматтардың әлеуметтік қорғалуын одан әрі арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру, атап айтқанда азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізу, мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақыларды ұлғайту жөніндегі міндеттерге және т.б. байланысты анықталды.

Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілген лимиттер шегінде стратегиялық басымдықтарды және оларды іске асыруға бағытталатын қаражат көлемін дербес анықтау мүмкіндігі берілді.

Мұндай көзқарас Заң жобасын Парламентте талқылау форматын да өзгертті: мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген жауапкершілікке сәйкес басымдықтарды анықтап, құрметті депутаттар, сіздердің алдарыңызда оларды қорғады.

Депутаттық корпус аталған форматты қолдады және талқылау бюджет жобасына енгізілген шығыстардың іс жүзінде нәтижелілігі аясында өрбіді. Осы ұстанымның арқасында қысқа мерзімде бюджет параметрлерін қайта қарауға мүмкіндік болып отыр.

Айталық, 2015 жылы бюджет жобасының шығыстарын қысқарту 179 млрд. теңгені, Ұлттық қордан тартылатын нысаналы трансферттің есебінен ұлғаю 707,5 млрд. теңгені құрады.

Нәтижесінде, Сіздердің түзетулеріңізді есепке ала отырып, 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері:



Түсімдер:

2015 жылы – ағымдағы жылдың деңгейіне 750,6 млрд. теңгеге өсіммен, 6 858,0 млрд. теңгені;

2016 жылы – 6 982,7 млрд. теңгені;

2017 жылы – 6 971,1 млрд. теңгені құрайды;



Шығыстар:

2015 жылы – ағымдағы жылдың жоспарына 664,8 млрд. теңгеге өсіммен, 7 855,1 млрд. теңгені;

2016 жылы –8 042,2 млрд. теңгені;

2017 жылы –7 943,6 млрд. теңгені құрайды;



Бюджеттің тапшылығы 2015 жылы 997,1 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,3%-ті, 2016 және 2017 жылдары 1059,4 млрд. теңгені және 972,5 млрд. теңгені, тиісінше ШІӨ-ге 2,1%-ті және 1,7%-ті болып құрады.

Енді бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына толығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.



Әлеуметтік саладағы мемлекеттің жаңа міндеттемелері Елбасының тапсырмасына және Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасына сәйкес 2017 жылы 600 млрд. теңгеге дейін ұлғая отырып, 2015 жылы 194 млрд. теңге көлемінде бағаланады және келесі бағыттарға бөлінеді:

- 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізуге – 2015 жылы 157 млрд. теңге және үш жылдық бюджетте 720 млрд. Теңге көзделеді;

Анықтама ретінде:

- жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер түрінде 40 млрд. теңге (2015 жылға 4,7 млрд. теңге);

- орталық мемлекеттік органдарға 55 млрд. теңге (2015 жылға 8,6 млрд. теңге).

- 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақыларды 25%-ға ұлғайтуға – 23 млрд. теңге;

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендияларды 25%-ға арттыруға қосымша шығыстармен – 23 млрд. теңге;

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - күш құрылымдары қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалауға 30 млрд. теңге бөлінеді;



Анықтама ретінде: Бюджетке қайтарылатын 50% зейнетақы жинақтаулары және ақшалай ырыздықақының 20%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарына көзделген бюджет қаражатын қайта бөлу есебінен.

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгертуге – 137 млрд. теңге козделеді.



Анықтама ретінде: Бүгінгі күні зейнеткерлікке шыққан барлық азаматтарға бірдей мөлшерде берілетін базалық зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындау ұсынылады.

Осы бастамалар жоғарыда аталған лимиттерді қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын 250 млрд. теңгеге оңтайландырғанның арқасында мүмкін болды. Қазіргі қысқарту мемлекеттің әлеуметтік саладағы бұрын қабылданған және жаңа міндеттерін қозғамады.

Тұтастай алғанда енгізілген түзетулерді есепке ала отырып, 2015-2017 жылдары әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар 5 884 млрд. теңгені, оның ішінде 2015 жылға – ағымдағы жылмен салыстырғанда 183 млрд. теңгеге өсіммен 1 712 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік саладағы жоғарыда көрсетілген бастамалармен қатар бюджет жобасында:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 9%-ке (инфляция деңгейінен 2%-тік пункте оза отырып), сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 7%-ке ұлғайтуға - 129 млрд. теңге көзделеді;

2) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қолдау шараларына 5,7 млрд. теңге ескерілді.



Анықтама ретінде: Осы шығыстар мыналарға бағытталатын болады:

- мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңмен анықталған 209 мың азаматқа қосқан үлесі үшін біржолғы материалдық көмекті төлеуге – 5,7 млрд. теңге;

- Астана және Мәскеу қалаларындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға 272 Ұлы Отан соғысы ардагерінің және оларға ілесіп жүретін адамдардың қатысуын қамтамасыз етуге (бару және қайту жолына және тұруға арналған шығыстарды төлеу) – 47 млн. теңге.

Халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсету мақсатында Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Осы мақсатқа 2015-2017 жылдары енгізілген түзетулерді ескере отырып, 295 млрд. теңге бағытталатын болады. Оның ішінде 2015 жылы – 90 млрд. теңге (0,6 млрд.теңгеге қысқарту) шамамен 28 мың жұмыс орнын ашуға, оқыту арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге және шамамен 50 мың адамды қоныстандыруға көзделеді.



Анықтама ретінде: Жалпы алғанда Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қатысушыларының саны болжам бойынша 78 мың адамды құрайды.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту.

2015-2017 жылдары енгізілген түзетулерді ескере отырып, денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2 066 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 77 млрд. теңге көзделген.
Білім беру және ғылым саласында.

Бұл мақсаттарға 2015 – 2017 жылдары енгізілген түзетулерді ескере отырып, 1 713 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр, оның ішінде 2015 жылы ағымдағы жылмен салыстырғанда 63 млрд. теңгеге (23 млрд. теңгеге қысқарту және 33 млрд. теңгеге ұлғайту) өсе отырып 511 млрд. теңге құрады.

Осы қаражаттан білім беру объектілерін салуға 105 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен 30 млрд. теңге бөлінеді.

Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын кадрлық қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордың нысаналы трансферт есебінен республиканың 10 жоғары оқу орнының жанында мұнай-химия, геологиялық, инженерлік және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы зертханалар ашу жоспарланып отыр.

Осы мақсаттарға 2015 - 2016 жылдарға 3 млрд. теңгеден, жалпы 6 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.

«Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруды жалғастыруға, сондай-ақ Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес балабақшалардың жетіспеуін жою мақсатында «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 343 млрд.теңге көзделеді.

Оның ішінде 2015 жылы – балабақшалар құрылысына Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 6,5 млрд. теңгені қоса алғанда 25,8 млрд. теңге көзделеді.



Ауыл шаруашылығы.

2015-2017 жылдары шығыстар енгізілген түзетулерді ескере отырып, 553 млрд. теңгені, оның ішінде 2015 жылы 206 млрд.теңгені құрайды.

Негізгі шығыстар мыналарды дамытуға бағытталған:

- су шаруашылығы – 39 млрд. теңге (қысқартуы 3 млрд. теңге);

- орман шаруашылығы – 14 млрд. теңге;

- балық шаруашылығы – 1 млрд. теңге.

Депуттардың ұсыныстарыбойынша қосымша 20 млрд. теңгені есепке алғанда, «ҚазАгро» холдингіне агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларға кредит беруге жыл сайын 60 млрд. теңге көзделеді.



«Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыруға жыл сайын 67 млрд. теңге шамасында қаражат көзделеді. Қаражат агроөнеркәсіп кешенін қаржылық қолдау шараларын жалғастыруға, өсімдік шаруашылығын, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті және ғылыми салалардың дамуына бағытталатын болады.

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді ескере отырып, 2015-2017 жылдары 1 043,1 млрд. теңге сомасында қаражат көзделеді.

Бұл жерде айта кететін жәйт, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді салуға 2015-2016 жылдары 145,0 млрд. теңге, Ұлттық қордан облигациялық қарыз түрінде бөлінеді.


Өңірлерді дамыту бағдарламасының төртінші блогымоноқалаларды дамыту.

Осы мақсатқа 2015-2017 жылдары 69 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген. Оның ішінде 2015 жылға - 23 млрд.теңге кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға, кәсіпкерлерге микрокредит беруге, сондай-ақ ағымдағы жайластыруға және инженерлік инфрақұрылымға бағытталады.



Индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға келесі үш жылдары жалпы сомасы 233 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 132 млрд. теңге, одан, Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен 81 млрд. теңге шығыстар көзделеді.

Бизнестің жол картасы–2020-ны іске асыруға 146 млрд. теңге көзделген, одан 2015 жылы - 51 млрд. теңге жаңа бастамаларды субсидиялауға және оларды кепілдендіруге, кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға және тағы басқаларға көзделеді.

ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесін дайындау және өткізу үшін келесі үш жылға 435 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді, одан 2015 жылы - 164 млрд. теңге көрмені ұйымдастыруға және көрме кешенін салуға көзделеді.

Көлік жүйесін дамытуға 2015-2017 жылдары 1 525,9 млрд. теңге бөлу, одан алдымыздағы жылы – 590 млрд. теңге, оның ішінде жолдарды салуға және реконструкциялауға Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен 178 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Осы қаражат есебінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты, сонымен бірге «Орталық-Оңтүстік» «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы» және Орталық-Шығыс «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» дәліздерін салу, сондай-ақ басқа да: «Бейнеу-Ақтау-Түрікменстан шекарасы», «Омбы-Павлодар-Майқапшағай», «Астана-Қостанай-Челябі» және «Астана-Петропавл», «Алматы-Өскемен» халықаралық транзиттік дәліздерді салу сияқты ірі жобаларды іске асыру және жаңа жолаушылар терминалы мен Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жалғасатын болады.

Сонымен қатар, 2015 жылы шығыстарды – Мемлекет Басшысының «Нұрлы Жол–Болашаққа бастар жол» жолдауына сәйкес, Ұлттық қордан нысаналы трансферт есебінен «Проблемді кредиттер қоры» АҚ-н капиталдандыруға 250 млрд. теңге көлемінде ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Елбасының жолдауына сәйкес, Үкімет пен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының жобаларын бірлесе қаржыландыруға үш жылдық бюджетте 91,5 млрд.теңге, одан 2015 жылы – 39,2 млрд.теңге көзделді.



***

Құрметті депутаттар!
2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамудың нақтыланған болжамы мен Мемлекет Басшысының «Нұрлы Жол–Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқан тапсырмаларына сәйкес енгізілген түзетулерді ескере отырып, республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары осындай.

Қолдау көрсеткендеріңізге және сындарлы диалогтарыңыз үшін Сіздерге ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіздер.



Қолдауларыңызды сұраймыз!




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет