Құрметті әйелдер! Ардақты аналар!



Дата28.06.2016
өлшемі15.63 Kb.
#163395
Құрметті әйелдер! Ардақты аналар!
Сіздерді алғашқы көктем мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздер қоғамымыздағы бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйтқысы болып отырсыздар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, төзімділік пен қайсарлықтарыңыз біздің өмірімізді жарқын да қызғылықты ететіні рас.Сол үшін сіздерге осы шуақты мереке күні алғысымызды айтып, бар жақсылықты тілеймін!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жарлығымен 2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялады. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізіледі. Қазақстан осыдан жиырма жыл бұрын дербес даму жолына түскенде тап болған ауыртпалықтарға әйелдер ер - азаматтармен тең тұрып иықтарын тосты, әйелдер өзгерістер кезінде қиындықтарды ғана емес, мүмкіндіктерді де көре білді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы басшылығының арқасында қоғамымызда қалыптасып отырған рухани келісім мен ұлтаралық татулық, тұрақтылық пен бірліктің бұлжымай жүзеге асуында Қазақстан әйелдерінің зор үлесі бар.

Ел Президентінің жүргізіп отырған саясаты ел тәуелсіздігін сақтау, еліміздің болашағы үшін ұрпағымыздың өсіп-өнуі жолында жасалып жатқан шаралар - әр ананың көкейкесті арманы екені барлығымызға түсінікті деп есептейміз. Егеменді еліміздің көркейіп, дамуына қосқан үлестеріңіз, отбасына, ата-анаға деген қамқорлықтарыңыз ерекше. Біз жаңа мемлекет қалыптастырудың бұралаң жолынан бірге өттік, көптеген қиындықтарды да бірге көтердік. Алдымызда тұрған талай міндеттерді шешу керектігін біз түсінеміз. Ең бірінші кезектегі бұл мәселелер – ана мен баланы қорғау, қазіргі заманғы қоғамда әйелдердің рөлін арттыру. Сіздердің күш – қайраттарыңыз, мейірім мен даналықтарыңыз кез келген қиындықтарды шешуге көмектесетініне сенімдімін.

Көктемнің алғашқы мерекесі күні Сіздерге мейірімділік, нәзіктік, жылулық, бақыт, шаттық және тек қана жақсылық сыйласын.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, әйел бақытын тілеймін!



Мерекелеріңізбен, қымбатты әйелдер! Ардақты аналар!


А. Бекбосынов, аудан әкімі

Д.Бралинов, аудандық мәслихаттың хатшысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет