Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!



бет1/11
Дата24.11.2022
өлшемі123.5 Kb.
#465663
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.


ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкімет сағаты шеңберінде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б.Б.Атамқұловтың баяндамасы,
2017 жылғы 5 маусым
Құрметті Гүлмира Истайбекқызы!
Құрметті депутаттар!

Жаңа құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атынан Министр ретінде алғаш рет Сіздердің алдарыңызда баяндама жасау мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.


Мемлекет Басшысы біздің алдымызға еліміздің дербес ғарыш саласын дамыту міндетін қойып отыр.
Бұл – Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар бағыт.
Қазіргі таңда дербес ғарыш саясаты бар мемлекеттер көп емес.
Қазақстанға мұндай мүмкіндікті тарихтың өзі берді.
Сол себептен, бұл салаға Елбасымыз айрықша назар аударып келеді.
Біз өз тарапымыздан Қазақстанның ғарыштық потенциалын барынша арттыруға күш салудамыз.


Құрметті депутаттар!

Тәуелсіздікті алғаннан бері Елбасы ғарыш саласы қызметіне ерекше көңіл бөлуде.


1993 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының қолдауымен Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды.


Келесі жылы Қазғарышқа 25 жыл толады.

Бұл қадам жаңа инновациялық саланы құрумен кәсіби айналысуға мүмкіндік берді.


(2 слайд)
Елбасы «Қазақстан-2050" Стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейту тиіс және Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешенін, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесін және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесін ерекше атап өтті.
(3 слайд)
Министрлік құрылған ғарыш саласын дамыту, оның ел экономикасының басқа да салаларының дамуына үлесін арттыру, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» шеңберінде қойғанміндеттерін шешу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде.
Бұл жұмыс төрт негізгі бағытта жүргізіледі. Осы жайлы толық тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет