Құрметті Гүлмира Истайбекқызы! Құрметті депутаттар!


(9 слайд) Үшінші бағыт – Ғылыми зерттеулерді дамыту және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу



бет6/11
Дата24.11.2022
өлшемі260.89 Kb.
#465663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. БАЯНДАМА Атамкулов Б.Б.
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы, 05ed568bfaa5a399cf42bc3a91b4c0c4 original.1106962 (1) (1), Отчет по Форуму Digital Almaty (2), Тақырып Менеджменттегі мотивация Дәріс жоспары (2 сағат)-dereksiz.org
(9 слайд)
Үшінші бағыт – Ғылыми зерттеулерді дамыту және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу.
Ғарыш саласын қалыптастыру әрі дамыту бойынша міндеттерді табысты іске асыру үшін қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға тұрақты көңіл бөлу қажет.
Қазғарыштың ғылыми ұйымдарында халықаралық деңгейде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін жоғары білікті ғалымдар жұмыс істейді.
Олардың құрамында: ҚР Ұлттық ғылым акадеғмиясының 2 академигі және 3 мүше-корреспонденті, 25 ғылым докторы, 88 ғылым кандидаты және 4 PhD, 500-ден астам қызметкер.
Осы ғылымы ұйымдарда халықаралық деңгейде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін жоғары білікті ғалымдар жұмыс істейді. Олардың құрамында: ҚР Ұлттық ғылым акадеғмиясының 2 академигі және 3 мүше-корреспонденті, 25 ғылы докторы, 88 ғылым кандидаты және 4 PhD, 500-ден астам қызметкер.
Жобаға магистранттардың, аспиранттардың, жас ғалымдар мен мамандардың (35 жастан кіші) қатысуы 30 % астамды құрап отыр.
Ғылыми-зерттеу тәжірбелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) нәтижелері бойынша Қазғарыштың Ғылыми ұжымы 2015 жылғы Әл-Фараби атындағы ғалым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
«Ұлттық ғылыми зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ұжымы жүргізген ғарыш саласындағы ғылыми зерттеулер екі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға мүмкіндік берді.
Бірінші жоба - ҚР Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру. Оны шетелден қымбат тұратын ғарыштық технологияларды сатып алмастан, отандық ғалымдар мен мамандар толығымен жасаған.2014 жылы іске қосылған.
Жүйе 60 дифференциалды стансадан тұрады. Олар Қазақстанның бүкіл аумақтарында орналасқан. Құрамында Астана қаласындағы дифференциалды түзету әрі бақылау, теңіз дифференциалды стансасы және ұтқыр дифференциалды стансасының орталығы бар.
Бұдан басқа, ҚР ДСНЖ барлық дамыған мемлекеттерде құрылған мемлекеттік геодезиялық спутниктік желіні ҚР-да құру үшін әзір база екендігін және заманауи құрал болып табылатынын атап өту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет