Құрметті жиынға қатысушылар!



Дата23.02.2016
өлшемі82.88 Kb.
#6232
Құрметті жиынға қатысушылар!
Бүгінгі менің сіздермен бөлісетін іс-тәжірибемнің тақырыбы елдімекеннің инфрақұрылымын дамыту болып отыр. Өздеріңізбен тәжірибе алмасу алдында Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы мен аудан орталығы Леңгер қаласы туралы кішігірім мағлұмат беріп өтсем.

Төлеби ауданының негізі 1932 жылы қаланған. Аудан орталығы болып Леңгер қаласы саналады. Алғашында Ленгер сай, Ленгер жұмысшы поселкасы болып аталған елдімекеннің дамуы негізінен бірінші бес жылдықта бастау алды. Кеңес Үкіметі елді индустрияландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп, ірі өнеркәсіп орындарын сала бастады да, өнеркәсіпке қатты отынның қажеттілігі туындауына байланысты Ленгер жұмысшы поселкасындағы көмір шахтасынан көмір өндіру қолға алынып, 1931-1945 жылдары Леңгер жұмысшы поселкасы үлкен бір өндіріс орындары бар аймаққа айналып, тұрғындарының саны 15 мыңға жетті.

1945 жылы 1 қазанда Леңгер жұмысшы поселкасы Ленгер қаласы болып өзгертілді. 1947 жылдары қалада 20 өндіріс орындары ашылып, онда 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

1954 жылы қалада 9 жылдық бір мектеп, 3 қабатты аудандық мәдениет үйі, 15 орындық перзентхана және 25 орындық аурухана құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Леңгер қаласының инфрақұрылымын дамыту біз үшін кезек күттірмес мәселеге айналып отыр.

2006 жылы қаланың бас жоспары жасалынып, онда қаладағы инженерлік-комуникация жүйелерін тарту, тұрғын үйлер мен халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салу жоспарланған.

Осы бас жоспардың негізінде тәуелсіздік алған жылдары жекешелендіріліп кеткен қаладағы су тарату мекемелерінің 70 пайызы 2007 жылы мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтарылып алынды. Тұрғындарды тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық-құжаттамалары дайындалып бюджетке ұсынылды. Нәтижесінде бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 3 млрд 334 мың қаржы қаралды.

Қаралған қаржы есебінен:

1. 2010 жылы 260 млн 479 мың теңгесіне қалаға Көктерек су көзінен диаметрі 315 мм екі су құбыры тартылды.

2. 2011 жылы 39 млн 744 мың теңгеге әрекет етіп тұрған 2000 кубтық 1 су жинайтын қойма бұзылып, орнына 3000 кубтық резервуар салынды.

3. 2012 жылы 600 млн теңгегеге Александровка су көзінен диаметрі 315 мм 2 су құбыры тартылып, 3000 кубтық су жинайтын қойма салынып, қаладағы Таскешу, Новостроевка, Киелітас ауылдық округіне қарасты Достық, Сұлтан-Рабат елді мекендеріне су құбырлары тартылды.

2013 жылдан бастап қала тұрғындарына сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген 226 млн 487 мың облыстық бюджеттен бөлінген 226 млн 46 мың теңге бөлініп, 2013 жылға бөлінген қаражат толығымен игерілді. Бұл жұмыстарды арықарай жалғастыру үшін биылғы жылға республикалық бюджеттен 96 млн 313 мың облыстық бюджеттен 84 млн 726 мың теңге бөлініп отыр. Жалпы 2010-2014 жылдары қаладағы ауыз су құбырларын ауыстыруға 1 млрд 330 млн 395000 мың теңге қаражат бөлінді. Жалпы қарастырылғаны 3 млрд 334 мың теңге. (Қалған қаражат 1 млрд 669 млн 939000 мың теңге.)





Ауыз су құбыры құрылысы жұмыстары
1969-1979 жылдары қалада 2 шайынды су тазалағыш орындары салынып, кейінгі Тәуелсіздік алған жылдары қараусыз қалған. Қаланың бас жоспарына сәйкес 2010 жылы аталмыш екі шайынды су тазалағыш орнына жобалық сметалық-құжаттары жасалынып, 2013 жылы республикалық бюджеттен 331 млн 900 мың теңге облыстық бюджеттен 38,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 2 шайынды су тазалағыш орындарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Германиядан, Италиядан арнайы алынған құрылғылармен жабдықталып, керекті инженерлік-комуникация жүйелерімен қамтамасыз етіліп пайдалануға берілді. Биылғы жылы қаланың төбе беткейінде орналасқан 1 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерге арналған №3 шайынды су орнын қайта құру және күрделі жөндеуден өткізу үшін сметалық – құжаттары дайындалуда.



Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен КТИ №1 және КТИ №2 мен ауыстырылған кәріз жүйелері
Қаланың бас жоспарына сәйкес 2010 жылы Таскешу, Новостроевка, Шахта Тоғыс елді мекендеріне табиғи газ құбырларын тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, 2013 жылы аталмыш елдімекендерге табиғи газ құбырлары тартылды. Қала аумағы қазіргі таңда көгілдір отынмен толығымен қамтылды.

Қаладағы 1 мөлтек ауданда 1975-1980 жылдары 14 көп қабатты үйлер салынған. Аталмыш үйлерге арналып қойылған қазандық тәуелсіздік алған жылдары істен шығып, мөлтек аудан тұрғындары өз үйлерін автономды түрде жылыта бастаған. Қаланың бас жоспарына сәйкес қазандықты қайта іске қосу мақсатында 2008 жылдары жобалық сметалық-құжаттамалары жасалынып, 2011 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 103,0 млн теңгеге қазандықты қайта құрып, қазандықтар жаңартылып, осы мөлтек аудандағы барлық үйлерге жылу жүйелері тартылды.

2009 жылы қаланың бас жоспары аясында 1 мөлтек ауданда қараусыз, қирап тұрған 2 көпқабатты үйлер мемлекет меншігіне алынып, жобалық сметалық-құжаттары дайындалып, республикалық бюджеттен бөлінген 194,0 млн теңгеге керекті инженерлік-комуникация жүйелері тартылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 99 отбасы баспаналы болды.

2012 жылы Үкіметтің «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген сметалық құны 178 млн 512 мың теңгеге Новостроевка елді мекеніндегі бұрынғы №8 кәсіптік лицейдің көп қабатты жатаханасын тұрғын үйге айналдыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, керекті инженерлік-комуникация жүйелері тартылып пайдалануға берілді.

2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша тұрғын үй кезегіне тұрған отбасылардың саны 1750 - ге жетіп отыр. Үкіметтің «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін қалада 21 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. 2014 жылға бес үйдің сметалық-құжаттары ұсынылып, биылғы жылы 66 пәтерлі 1 көпқабатты үй салу үшін республикалық бюджеттен 293 млн 387 мың теңге қаржы бөлінді. Осы үйді қоса алғанда болашақта салынатын көпқабатты 21 тұрғын үйлерге инженерлік-комуникация жүйелерін тарту үшін республикалық бюджеттен қосымша 200,0 млн теңге қаржы бөлініп, нысан құрылыстарын 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.

Леңгер қаласының жалпы жер көлемі 2510,03 га құрайды. 2006 жылдың 1 қаңтарында қала халқының саны 22 мың 95 адамды құраған болса, қазіргі таңда 27 мыңнан асып отыр. Қаланың бас жоспарына сәйкес 2007-2008 жылдары техникалық жобасы дайындалып қаланың шығыс жақ бөлігіндегі Самал, Қазығұрт мөлтек аудандарында тұрғын үй салуға жер телімдері берілген болатын. 2013 жылы аталмыш екі мөлтек ауданға жалпы құны 677 млн 741 мың теңгеге инженерлік-комуникация жүйелері тартылды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.





Самал және Қазығұрт мөлтек аудандарына инженерлік-комуникация жүйелерін тарту жұмыстарының барысы
2009 жылы қаладағы Алатау мөлтек ауданында бөлінген жер телімдеріне инженерлік – комуникация жүйелерін тарту үшін сметалық құжаттары дайындалып, бюджетке ұсыныс берілді. Ал 2010 жылы Шаңырақ мөлтек ауданындағы берілген жер телімдеріне инженерлік-комуникация жүйелерін тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда. Бас жоспарға сәйкес қалада алдағы уақытта тұрғын үй салу үшін қосымша 247 га жер мемлекет қорында тұр. Оған инженерлік-комуникация жүйелерін тарту үшін техникалық жобасын дайындау жоспарлануда.

Қаладағы жолдар ескіріп, жылма-жыл автокөліктердің саны артуының салдарынан көшелер тарлық ете бастағандықтан, қаланың бас жоспарына сәйкес 2007 жылы орталық Төлеби көшесін кеңейтіліп, аббаттандыру, көріктендіру жұмыстары жүргізілді.





Орталық Төлеби көшесінің бұрынғы көрінісі


Орталық Төлеби көшесінің қазіргі таңдағы көрінісі



Төлеби көшесінде жүргізілген көріктендіру аббаттандыру жұмыстары
2013 жылы Үкіметтің «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасының аясында қаланың 16 ішкі көшесі мен 2 мекетеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, кіші футбол алаңшасын орнату үшін тиісті сметалық-құжаттары дайындалып бюджетке ұсынылып, нәтижесінде бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 250 млн 148 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргіп 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.

Қаладағы бұрынғы ескі базар тарлық етіп, көше бойларында көлік кептелістері орын алғандықтан, қаланың бас жоспарына сәйкес І мөлтек ауданнан 500 орынға арналған заманауи базар мен автобекет құрылысы жүргізліп, керекті инженерлік-комуникация жүйелері тартылды.





1 мөлтек ауданындағы автобекет пен Тау жұлдызы базарының құрылысы
2013 жылы қаланың батыс беткейінде орналасқан Север мөлтек ауданында индустриялдық аймақ құру үшін 30 га жер бөлініп, тиісті инженерлік-комуникация жүйелері тартылды. Қазіргі таңда онда «ДСТО-Solar» ЖШС аудан әкімдігімен келісім-шартқа отырып қуаттылығы тәулігіне 10 мВт күн көзінен алынатын электростанция орналастыруда. Алдағы уақытта индустриялдық аймақ аумағын ұлғайтып, инвесторлар тартып, қосымша өндіріс орындарын салу мақсатында жұмыстары жүргізілуде.

Үкіметтің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Самал мөлтек ауданындағы 1200 оқушыға арналған мектепке тиісті инженерлік-комуникация жүйелері тартылып, заманауи құрал жабдықтармен қамтылып 2010 жылы пайдалануға берілді.

Қала халқының саны артып, қаладағы орталық аурухана тарлық етуінен және құрал жабдықтарының ескіріп, ем қабылдаушыларға тиісті көлемде қызмет көрсете алмайтын болғандықтан Үкіметтің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында 2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 150 млн теңгеге ауысымына 200 адам қабылдайтын емхана мен 150 орындық жаңа аурухананың құрылысы жүргізілуде. Нысан құрылысы 2014 жылы аяқталып, заманауи құрал жабдықтармен жабдықталып, пайдалануға берілетін болады.



Бұрынғы орталық аурухана



2010 жылы салынып пайдалануға берілген 1200 орындық мектеп пен құрылысы жүргізіліп жатқан 200 орындық емхана мен 150 орындық аурухана
Қаланың бас жоспарының аясында аудандық бюджет есебінен орталық саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тротуарлар салынып, балалар шомылатын бассейн, ойын алаңшалары мен ойын қондырғылары орнатылып, инженерлік-комуникация жүйелері жаңартылып пайдалануға берілді.



Орталық Төлеби саябағында қойылған ойын қондырғылары.
Аудан Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан мұнда келуші қонақтарды ауданымыздағы Біркөлік тауының етегіндегі «Біркөлік» шипажайына, Қасқасу тауының бөктерінде орналасқан «Эко Вила Қасқасу», Ақмешіт тау шатқалындағы «Красные скалы» мен «East Wect compani LTD» демалыс кешендеріне және Нысанбек елдімекеніндегі «Тау самалы» емдеу-сауықтыру орталығы мен Қасқасу, Алатау тау шатқалдарындағы орналасқан шаңғы базаларына келіп демалуларына жағдай туғызу үшін 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Шымкент – Леңгер бағытындағы облыстық маңызы бар 17 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жылы бұл жұмыстар өз жалғасын табады деген үмітеміз.



Эко вилла қасқасу демалыс кешені

Красные скалы” демалыс кешені бір тәулікке 25 мың теңге


Тау самалы”емдеу-сауықтыру орталығы 25 - 35 мың теңге аралығы




«East Wect compani LTD» демалыс аймағы 10 – 15 мың теңге аралығы



Тау самалы шаңғы базасы



Қасқасу шаңғы базасы

Кеңес үкіметі кезінде облыс орталығынан электр қуатымен жүретін жүргек поезд жүргізу мақсатында темір жолдар салынып, электр бағаналары орнатылды. Алайда кейінгі тәуелсіздік алған жылдары бұл жолдың құрылысы тоқтап қалған болатын. Қазіргі таңда осы жобаны қайта іске асыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Өйткені Шымкент қаласын мегаполиске айналдыру бағытындағы жұмыстар ауданымызды облыс орталығы Шымкент қаласымен 7-10 шақырымға жақындатып отыр. Жоба іске асқан жағдайда ауданның туризм саласының дамуына өз септігін тигізетін болады.



Сұрақтарыңыз барма! Сұрақ болмаса Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет