М. Мақатаев поэзиясының тақырыбы. Әдеби-кешенді талдау. 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясы. Сараптама жасау



Дата28.01.2023
өлшемі1.35 Mb.
#468849
хх ғ (копия)

М.Мақатаев поэзиясының тақырыбы. Әдеби-кешенді талдау. 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясы. Сараптама жасау.

  • Орындағандар: Садыкова Азиза, Тлеу Aйханым, Ахметова Тахмина, Досымбек Нұргүл
  • Қабылдаған: Панзабек Багила Торебеккызы

Бұл жылдардағы поэзияның ең көрнекті тақырыптарының бірі – индустрияландыру тақырыбы болды. Ел ішінде салынып жатқан өндіріс орындары, темір жол құрылыстары, осы жолдағы табыстар мен қызу еңбек – алдымен ұшқыр өлеңнің назарына ілікті. Қазақ ақындары бұл тақырыпқа арнап көптеген өлең, поэмалар жазды.
1960-1970 жылдардағы қазақ поэзиясы
Подпись
Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты
Подпись
Онжетіжасар ақынның шығармашылық жолы «Советтік шекара» газетінде 1949 жылы алғаш жарияланған
«Қырманға», «Қойшы бала-Әкітай» өлеңдерімен басталады.М.Мақатаев шығармаларының көпшілігі газет-журналдарда жарияланды,
өлеңдері 1951 жылы жарық көрген «Жастар жыры» жинағында басылды.
М.Мақатаев1962 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Аппассионат» поэмасы арқылы танылып, есімі қазақтың үздік ақындарыныңқатарын толықтырды
Мұқағали тілге шебер ақын. Оның өлеңдерінің тілі жеңіл, көңілге қонымды, әрі қарапайым. Мұқағали қолданған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары, қызметтері бір-бірімен жымдасып, біртұтас күйге енеді. Мүмкін сондықтан болар, ақынның өлеңдері өздерінің көркемділігімен, бейнелілігімен, мағына дәлдігімен және эстетикалық жағынан әсерлілігімен ерекшеленіп тұрады.
Ақынның, ақын ғана емес, жалпы қолына қалам ұстаған қаламгерлердің барлығының ең басты құралы – сөз және сол сөздердің мағыналары. Сөздер стильдік бояуы бар және стильдік бояуы жоқ қарапайым сөздер болып, ал олардың мағыналары тура және ауыспалы мағына болып бөлінетіндігі көп­шілікке аян. Мұқағали сөздердің осы ерекшеліктерін кеңінен пайдаланған. Әрине, сөздердің өзіндік ерекшеліктерін ғана пайдалану ақын үшін аздық етеді. Сондықтан ол тілде бар метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу, перифраз сияқты т.б. көріктеу құралдарын пайдалану арқылы, сөз тұл­ғаларын, сөз мағыналарын құбылту арқылы айтпақ болған ойын анық, айқын, дәл жеткізіп қана қоймаған, сонымен бірге оны бейнелі, көркем, әдемі етіп жеткізе алған.
Аудармалары
Сонымен қатар М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасында аудармалар ерекше орын алады. Ақын өзінің қысқа өмірінде Шекспирдің сонеттерін,Уитменнің «Шөп жапырақтарын» және Дантенің «Құдіретті комедиясы» өлеңдерін ана тілінде сөйлетті. Оның орыс классиктерінің шығармаларын шебер аударғанының арқасында Александр Блок, Николай Некрасов, Александр Пушкиннің шығармалары қазақ оқырманына жол тартты.
Ақиық ақынның дарынына өмірден өткен соң ғана лайықты баға берілгенімен Мұқағалидың өлеңдері ақынның көзі тірісінде-ақ халқының сүйіспеншілігіне бөленді.
Подпись
 «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,»
деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты. Қазір оның туғанына сексен, дүниеден озғанына 35 жыл өткен кезде, ой көзімен қарасақ, қазақ поэзиясы дегенде, Мұқағали есімі бірден ауызға ілінетін, көз алдымызға шашын артқа қайырған тау тұлғалы ақын бейнесі елестейтін, тіпті оның сонау жиырмасыншы ғасыр қойнауында жазып кеткен мұңды, сырлы жырлары тілге бірден оралатын күнге де жеттік

Мұқағали Мақатаев шығармаларын зерделей отырып, бір нәрсеге анық көзіміз жетеді, адамдардың санасына да билік жүргізілген кеңестік кезеңде тірлік кешкен ақынның ойы ешнәрсеге тәуелсіз болған, ол өзі өмір сүрген ортаға қатысты өмірінің әр кезеңінде дербес көзқараста болған, орын алып жатқан жағдайларға өздігінше баға бере білген, мұның өзі оның артында қалған мұраның құндылығын арттыра түседі

Мұқағали Мақатаев шығармаларын зерделей отырып, бір нәрсеге анық көзіміз жетеді, адамдардың санасына да билік жүргізілген кеңестік кезеңде тірлік кешкен ақынның ойы ешнәрсеге тәуелсіз болған, ол өзі өмір сүрген ортаға қатысты өмірінің әр кезеңінде дербес көзқараста болған, орын алып жатқан жағдайларға өздігінше баға бере білген, мұның өзі оның артында қалған мұраның құндылығын арттыра түседі


Оның жарқын шығармашылыққа арналған өмірінің отыз жылдан астамы туған жері Қарасазда өтті. Достары мен замандастары Мұқағалидың оптимизмін, өмірге құштарлығын, ізденімпаздығын жоғары бағалады.

Қорытынды


Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Мұқағали ақын қазақтың салт-дәстүрлерінің поэзиядағы тұтас галереясын жасады деуге де толық негіз бар. Мұқағали жырлары – қазақи болмыс тіршілігіміздің, атадан балаға дарып келе жатқан асыл салт-дәстүріміздің де айнасы бола білді.«Қолда барда алтынның қадірі жоқ», - деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Қазіргі айтылып, жазылып жатқан астатөк мақтау, марапат сан алуан естеліктердің ол кезде бір де біреуі жоқ еді. Тек тарих беттерін парақтағанда, көзге ілінетін кейбір деректерді бүгінгі үлкен тойдың мінберінен ерекше тоқталып айту біздің парызымыз .

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет