Құрметті көкпектіліктер!



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.65 Mb.
#7380
  1   2   3   4


Құрметті көкпектіліктер!
Жыл сайынғы есеп беру қазақстандық қоғамды демократизациялаудың маңызды бөлшегі және мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесінің негізі болып табылады.

Біздің еліміздің алдағы уақытта дамуының старатегиялық мақсаты ұзақ мерзімді Стратегияны жүзеге асыру болып табылады. Бұл Стратегия отандық тарихтағы жаңа түсінік құруға бағытталған – Мәңгілік ел. Бұл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі идеясы. Онда біздің халқымыздың өркениетті мемлекет құру жолындағы ұлттық идеясы ашып көрсетілген, ол әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруге жол бермек. Елбасы атап айтқандай, бұл тарихи межеге 2050 Стратегиясының негізінде қол жеткіземіз, ал бұл дегеніміз, біз қазақстандықтар, экономика мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажырлы еңбектің арқасында нақты нәтижелерді таяу арада көре аламыз. Күн тәртібінде еңбектің өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру, агроөнеркәсіптік кешенді, транспорт пен логистиканы дамыту, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға нақты көмек көрсету, экологияны қорғау, инновациялық технологияларды енгізу мәселелері тұр. Осының барлығы әділдік пен теңдікті, заңдылық үстемдік ететін дамыған мемлекетте өмір сүргісі келетін әрбір азаматтың белсенділігін талап етеді.

Осы стратегиялық бағыттардың аясында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол сапалық көрсеткіштерді өсіру, индустриялық-инновациялық даму және ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған.

Өткен жыл біз үшін қажырлы еңбек жылы болды, жиын-теріннің жақсы болғанын атап өткен жөн – ауыл шаруашылығының еңбеккерлері 98,9 мың тонна дәнді дақыл алды.

Ауыл тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымы жаңа бастамаларды іске асыруда басымдық береді, ал жұмыла атқарған жұмыс экономиканың өсуін, ауданның қалыпты әлекемттік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 20,6 миллиард теңгеге дейін артты, өсу қарқыны-128,1%. Құрылыс жұмыстарының ауқымы бір жарым миллиард теңгеге жетті, өсу қарқыны - 104,1%. Қолданысқа 2156 шаршы метр тұрғын үй берілді, өсу қарқыны-151,9%. Жеке тауар айналымы 3,7 миллиард теңгеге жетті, өсу қарқыны - 15,3%. Өзіндік кірістің даму қарқыны 107,9% құрады, 571 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 2,6 миллиард теңгені құрады.

Былтырғы есептік кездесулерде тұрғындар 70 түйінді мәселелер көтерген болатын. Оларды жүзеге асыру әкімшілік жұмысының басымдығына айналды. Маған олардың шешілу барысына қысқаша тоқтап өтуге рұқсат етіңіздер. Жыл бойында 62 сұрақ оң шешімін тапты. Тұрғындар көтерген түйінді мәселелердің бірқатары мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында шешілді. Аймақтарды дамыту бағдарламасының аясында Преображенка, Маринагорка, Бастаушы, Үлгілімалшы, Мамай, Белое, Тассай, Биғаш, Палатцы, Пантелеймоновка ауылдарының көшелері жарықтандырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Самар бастауыш мектебінің төбесі (17,9 миллион теңге) және Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп ғимараты (101,2 миллион теңге) жөнделді.

Тассай ауылында су құбырларын салу жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге, Көкпекті ауылындағы кәріз желілерін салу толығымен аяқталды. Самар ауылында қайта жөндеуден өткізіліп, 8 пәтер әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға берілді. Көкпекті ауылындағы орталық мешіттің айналасына жаңа қоршау орнатылды.

Ауданның шағын ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етудің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылға 16 миллион теңге бөлінген. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі Биғаш, Шәріптоғай, Көкжота, Үшкөмей, Қарамойыл, Жұмба, Мамай, Шұғылбай, Үкілі қыз ауылдарындағы су тарту скважинасын түгендеу жұмысын жүргізуде. Су жүргізетін құбыры мен су тазалағыш құрылғысы бар терең су сорғыш құрылғысын орнату жоспарлануда.

Преображенка және Белое ауылдарының клубтары жөнделді. Биғаш, Теректі, Сарыбел, Белое, Преображенка және Бастаушы ауылдық клубтарына музыкалық аппарат алынды. Октябрь мектебінің оқушыларын тасымалдау мақсатында автобус көлігі (5,2 миллион теңгеге) сатып алынды.

Көтерілген мәселелерді шешу барысында оң демографиялық үрдісі байқалатын орта және жоғары экономикалық әлеуеті басым екендігін атап өткен жөн.

Сондықтан да, Биғаш ауылдық округі тұрғындарының телефон байланысын жақсарту және ұйялы телефон байланысын орнату сұрақтары 2015 жылға дейін шешілмеуі күтілуде.

Заңды түрде рәсімдеу мен құжаттамаларды дайындау уақытының ұзақтығына байланысты ауқымды қаражатты қажет ететін мәлелердің шешу жолы біздің бақылауымызда қала бермек.

Бұл Үлкенбөкен – Көкжайық - Үлгілімалшы автокөлік жолының жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселесі. Былтырғы жылы 188,8 миллион теңге игерілді. Жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңге. Жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін 2014 жылы тағы да миллиард теңге керек. 27 шақырым жолдың қазіргі уақытта 11 шақырымы жөнделген, 16 шақырымды жөндеу жұмысына қаржы жетіспеушілігі республика деңгейінде қарастырылуда.

Ауданда экономиканың тұрақты әрі бірізді дамуына бағытталған мемлкеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Тірек ауылдық елді мекендерді дамыту жұмыс жоспарына сәйкес өткен жылы 2,1 миллиард теңгеге 42 жоба іске асырылды.

1,7 миллиард теңге қаржы өзіндік инвестиция мен несиелік қаражат есебінен құйылды. Оның ішінде 82,3% немесе 1,4 миллиард теңге «Елім-ай-Көкпекті» агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша, 10,6% немесе 180 миллион теңге «Өрнек» ЖШС жобасы және 7,1 % немесе 120 миллион теңге «Талап» шаруа қожалығында 400 басқа арналған бордақылау алаңын салу бойынша.

Көкжайық ауылын дамыту мақсатында бір жарым миллиард теңгеге 11 жоба жасалды, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 41,0 миллион теңге, ол 2,7% құрайды. Преображенка ауылы бойынша 289,5 миллион теңгеге жұмыстар атқарылды, соның ішінде бюджеттен бөлінген қаражат 72,5 миллион теңге­ (25%). Самар ауылы бойынша құйылған қаражат 314,1 миллион теңгені құрады, оның ішінде 283,1 миллион (90,0 %) мемлекеттік бюджет қаражаты игерілді. Тірек ауылдық елді мекендер жобасын жүзеге асыру барысында аталмыш ауылдарда 173 жұмыс орыны ашылды. Тіректі ауылдар жобасын жүзеге асыру нәтижесінде екі жылдың қорытындысында ауданнан жалғыз Көкжайық ауылы даму деңгейі бойынша жоғарғы даму көрсеткіші бар ауылдар қатарына енді.

2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ауданға 785,5 миллион теңге қаражат құйылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп, сонымен бірге 177 жұмыс орыны құрылды. Бұл бағдарлама бойынша ауданда «Алғашқы республикалық жұмыспен қамту форумы» болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Инфрақұрылым мен тұрғын үй коммуналды шарушылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 197,4 миллион теңге бағытталды, соның ішінде: мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына (116,2 миллион теңге) және Самар ауылын абаттандыруға (34,5 миллион теңге), Көкжайық ауылындағы көшені жарықтандыруға (43,6 миллион теңге). Сонымен бірге, 49 жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 22 адам жұмыспен қамту ортылығы арқылы жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету мақсатында 538,8 миллион теңге игерілді. Мемлекет қолдауының арқасында 2013 жылы несиелеу көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 6 есеге дейін артты (2012 жыл - 82 миллион теңге, 34 қатысушы, 2013 жыл - 463,8 миллион теңге, 185 қатысушы). Нәтижесінде мал шаруашылығында 130, ара шаруашылығында - 3, жылқы – 4, құс шаруашылығында – 4, көкеніс өсіруде–11, басқа да қызмет түрлерінен – 33 бизнес–жобалар сәтті жүзеге асырылды. Сонымен бірге, 267 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату мен дамыту үшін 27 қатысушы элоктрқұрылғыларын, құрылыс жабдықтарын, 16 блог-модулін және желгенереаторын сатып алуға 75 миллион теңге алды.

Үшінші бағыт – оқыту және жұмыс берушінің талабына сәйкес көші-қоң арқылы жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді жүзеге асыруға 49,4 миллион теңге бағытталған, соның ішінде: мамандарды қайта даярлауға - 2,3 миллион теңге, кәсіби біліктілігін арттыруға–2 миллион теңге, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыруға - 2,7 миллион теңге, көші-қоңды субсидиялауға - 0,9 миллион теңге, Көкжайық ауылындағы 10 екіпәтерлі үйдің инженерлік инфрақұрылысын жүргізуге - 28,4 миллион теңге. Барлық қаражат толық мөлшерде игерілді. Аудандық комиссияның ұсынымы бойынша Көкжайық ауылындағы 20 пәтер өз иелерін тапты.

Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тассай ауылдағы су құбырлары желісінің құрылысы аяқталды. Жобаның құны 190,8 миллион теңге. Нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша тұрғындардың таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 42,2% дейін көбейді.

2013 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша қаржыландыру бес есе өсті, 22,8 миллион теңгеге 18 жоба жүзеге асырылды.

ҮИИД бағдарламасының аясында «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені жобасы жүзеге асырылуда, жоба индустрияландыру картасына енгізілген. Индустриализациялау картасына енгізу үшін бірқатар жобалармен жұмыс жүргізілуде. Бұл «Өрнек» ЖШС 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы бар 800 бастық сүт өнімдерін өндіруге арналған ферма құру жобасы (275 миллион теңге), тағы бір жоба – бұл «Елдар» шаруа қожалығындағы қымыз өндірісі (92,7 миллион теңге), балық өнімдерін өндірумен айналысатын «Кузмич» ЖШС жобасы (82,0 миллион теңге).

Былтырғы жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін - 419,3 миллион теңге бөлінген, «Сыбаға» - 54 миллион теңге, «Жайлау» - 60 миллион теңге. Осы қаражатты игеру аудандағы мал басының өсуіне септігін тигізеді.

2009 жылдан бері «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. Осы жылдардың ішінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының 133 жас маманына көтермеақы есебінен 14,4 миллион теңге төленген. 58 жас маман 112,3 миллион теңгеге тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Көкпекті ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылуда. 36 мақсатты индекаторлар мен 83 нақты нәтиже көрсеткіші қабылданды, олар аудан әкімі қызметінің тиімділігін бағалауда есепке алынады.

Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі өте жоғары, алайда, осы уақытқа дейін олардың мүмкіндігі ауданның болашақ дамуы мен түйінді мәселелерін шешуде толық мөлшерде қолданылмай келеді. Аудандық дербес бөлім мамандары жеке кәсіпкерлермен тікелей жұмысты нашар жүргізеді. Оларға экономиканы дамыту мен нығайту жолында сәтті қолдануға болатын мемлекеттік бағдарламаның қажеттілігін жеткізе алмайды. Түсіндіру жұмыстарына деген көзқарасты биылғы жылы түбегейлі өзгерту қажет, негізгі назарды ауылдық округтерге аудару керек, шаруашылықтарда кәсіпкерлермен кездесіп, инновациялық даму тұрғысындағы ұсыныстарды көлденен тарту керек.


ЭКОНОМИКА

ЖӨӨ

2013 жылы ауданда өндірілген жалпы өнірлік өнім көлемі 23,3 миллиард теңгені құрады, өсу қарқыны – 121,7%. Адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 596,6 мың теңгеден 736,0 мың теңге артқан, өсім – 23,4 %.

Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы ауыл шаруашылық үлесі 88,6 %, өнеркәсіптік 11,4 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Негізгі капиталға құйылған инвестициялар 2,5 миллиард теңгеге немесе 80,5% жетті. Инвестициялар бойынша өсу қарқынының төмендеуіне 2012 жылы тірек ауылдық елді мекендер және «Елім-ай-Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені жобаларының жүзеге асырылуына байланысты ауқымды инвестиция келгені негіз болды.

Қаржыландыру көздерінің қорытындысы кәсіпорындардың өзіндік қаражаты барлық инвестициялардың 61,2% құрайтынын көрсетті, бұл олардың тұрақты даму динамикасының дәлелі.

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің негізгі мақсаты алгоритм шаралары бойынша өзіндік кірістің қосымша түсімін қамтамасыз ету болатын. 2013 жылы 32,9 миллион теңге алынды, өсу қарқыны 169,7%. Алайда, қосымша резервтің айтарлықтай бөлігі салық жинағынан тыс қалды.

Барлық жерде өзін жұмыспен қамтушы тұрғындар бөлігін тіркеуден жалтару сынды заң бұзушылық таралған. Сауда нысандарында кассалық аппараттардың жоқтығы, әрбір сатылған тауарға чектердің берілмеуі кірісті көрсетпей, міндетті мемлекеттік төлемдерден жалтаруға жол береді. Жалдамалы жұмысшылар санын әдейі азайтып көрсету жағдайлары да баршылық, бұл салық түсімін азайтып, біздің азаматтардың заңды құқығын бұзуға әкеліп соғады. Аудандағы 715 шаруа қожалықтарында салық басқармасының мәліметі бойынша барлығы 710 жұмысшы тіркелген, бұл дегеніміз орташа есеппен әрбір шаруа қожалығына бір жұмысшыдан. Нақты көрсеткіш әлдеқанша көп екені даусыз. Бірақ, салық төлеуде шаруа қожалығының басшылары бір немесе екі жұмысшыға ғана салық пен зейнетақы төлемін жасайды.

Бүгінгі күні салықтан жалтару келешекте аграрлық сектор жұмысшыларының көбі ең төменгі көлемді зейнетақы алуына әкеледі. Бұл бағыттағы салық басқармасы, ауылдық округ әкімдері, еңбек қорғау комитетінің өкілі қанағаттанарлық жұмыс атқармайды.

Алгоритм бойынша жоспар ауылдық округтерде 50,1 % орындалды, бұл бар-жоғы 20 миллион теңгені құрады. Бір де бір округ бектілген жоспарды орындай алмады. Ең төмен көрсеткіштер Үлгілімалшы, Маринагорка және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтерде.

Жауапты орынбасарлар мен жер қойнауын пайдаланушы компания басшылары арасындағы екіжақты келелі кеңестің жоқтығынан және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен жер қатынастары бөлімдерінің тарапынан олардың жұмысына тиісті бақылаудың болмауынан заңнамалық бұзушылықтар мен келісім-шарт талаптарының бұзылуына жол берілген, бұл өз кезегінде салық түсімінің төмендеуіне әсерін тигізді. Аудандағы 6 кең өндірушілерден 727,7 мың теңге түскен. Геологиялық – барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан 4 компанияның осы жұмыстарды жүргізуге берілген рұқсаттама мерзімі аяқталған, құжаттары толық рәсімделмеген. Біршама жылдар бойына олар кен орнын барлау мерзімін созумен келеді, нақты алтын өндірісі әлі басталмаған. Ел Президенті, Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде, өзінің келісім-шартта белгіленген жауапкершілігін орындамайтын кең өндіруші компаниялардың лицензияларын қайтаруды талап еткен. Биылғы жылы біз осы жұмысты қолға алдық.

Алгоритмдер бойынша берілген жоспарды бір де бір ауылдық округ орындамады. Ең төменгі көрсеткіштер Үлгілімалшы (А.Смағұлов), Маринагорка (Қ.Сұрашев), Қ.Аухадиев атындағы (Д.Қойгелдин) ауылдық округтерінде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне тапсырамын:

1. Өңірлік ішкі өнім өсу көлемінің әр адамға шаққанда 10% болуын қамтамасыз ету.

2. 2014 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша ауылдық округ әкімдері мен салық органдарының арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың іс-шаралар жоспарын жасау.

3.Инвестициялар тарту бойынша жұмысты жандандыру және оңтайлы инвестициялық ахуал құру.

АУДАН БЮДЖЕТІ

Былтырғы жылы аудан бюджеті 4 миллиард теңгеден асты. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалған. Шығыстың негізгі бөлігін білім беру саласының бюджеті құрайды – 2,1 миллиард теңге немесе 52 %, тұрғын үй коммуналдық саласы 723,5 миллион теңге немесе 17,8%, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік 275,3 миллион теңге немесе 6,8%, әлеуемттік көмек және қамтамасыз ету 264,3 миллион теңге немесе 6,5 %, транспорт және коммуникациялар 166,6 миллион теңге немесе 4,1%.

Өзіндік кірістер 100,5% орындалды, бекітілген жоспардың үстінен 3,3 миллион теңге түскен. Өсу қарқыны 107,9% құрады. 2013 жылдың кірістер құрылымында 2012 жылға қарағанда нақты сектор кірістерінің 4,5% артқаны байқалады, ол 56,1% немесе 351,5 миллион теңгені құрайды. Өзіндік кірістерді сала бойынша сараптайтын болсақ, ауыл шаруашылығы – ЖШС мен шаруа қожалықтарына бар болғаны 3,4% келеді. Өндіріске - (6 субъект: кен өндірушілер мен Рыбпром) – ауданның өзіндік кірісінің 11,6% және нақты сектор субьектілерінің басқа санаттарына 41,1%.

Мемлекеттік сектордан келген түсім 275,2 миллион теңге немесе кірістің жалпы сомасынан 43,9 % құрайды. Нақты сектор 351,5 миллион теңге немесе 56,1 % беріп отыр. Барлық 715 шаруа қожалықтарының салығы 9,6 миллион теңге немесе бар-жоғы 1,5%.

Салықтық түсімдер 97 % орындалған. «Құмаров және К» ЖШС бойынша жиналмаған салық 33,7 миллион теңгені құрайды.

Жер телімдерін сатудан түскен қаражат 14,1 миллион теңге.

Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларына сәйкес Сыртқы қаржылық бақылаудың кешенді тексеруімен бақылаудағы 32 нысан қамтылды немесе мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың 40%. Тексерудің жалпы сомасында бұзушылық үлесі 4,3 % болып танылды. 2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық қаражаттың орны толтырылып, қайтарылды.

Коммуналдық жеке меншікте 210 нысан тіркелген. Былтырғы жылы 8 гидротехникалық құрылғылар облыстық коммуналдық жеке меншік теңгеріміне берілді, сенімдік басқаруға Белое ауылдық клубының ғимараты берілді. 14 нысан пайдалануға жарамсыздығы себебінен теңгерімнен алынды.

Жоспарланған іс-шараларды уақтылы жүзеге асырып, қаржылық тәртіпті нағайту үшін:


  1. Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін 100 % орындауды қамтамасыз ету.

  2. Бюджеттік заңнамалардың нормаларын сақтауға, мемлекеттік сатып алу шараларын жүргізуге бақылауды күшейту,

  3. Ауданның коммуналдық жеке меншігін тиімді басқаруды қамтамасыз ету керек.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық жолға қоюға мүмкіндік беретін агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру болды.

2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 20,6 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28% көп. Жалпы алғанда мал шаруашылығының өнімі 60% құрайды және 0,5 % өсім береді, өсімдік шаруашылығында 17 % өсім қамтамасыз етілген. Мал шаруашылығын дамыту үрдісін жетілдіру үшін өнімнің сапалылығы мен өнімділікті арттыру бойынша субсидияландырудың бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама бойынша 2013 жылы ауданның 78 шаруашылық нысандарына асыл тұқымды мал сатып алуға, асылдандыру-селекциялау жұмыстарын жүргізуге, жем-шөптің бағасын түсіруге, шығарылған өнімге кеткен кірісті бөлшектеп өтеу үшін 169 миллион теңге субсидия берілген. Бұл асыл тұқымды мал басының көбеюіне септігін тигізді. Сонымен, асыл тұқымды ірі қара мал саны 15% артып отыр (4827 бас), қой мен ешкі – 30 % (1396 бас), жылқы – 6% (732 бас). 2013 жылы ауданның шаруашылықтары асыл тұқымды мал сапасын арттыру үшін 46 бұқа сатып алған. Асыл тұқымды мал шаруашылықтары ауданнан тыс жерге 336 бас қазақтың қызыл қасқа тұқымды ірі қарасын сатқан.

Марал және ара шаруашылығын облыс әкімі басым бағыттар ретінде белгілеп отыр. Өткен жылы марал саны 21,6 % өсірілді және ол 2306 басқа жеткізілді. Ауданда 1337 ара омартасы бар, өсу көрсеткіші 11% құрап отыр. Марал шаруашылығының өнімін өндіру бір жарым пайызға артқан, ара шаруашылығы – 10 %, тиісінше 850 килограмм және 60 тоннаны құрады.

Өсімдік шаруашылығында егістік аумағы 73 мың гектарды құрады. Қамбаға 98,9 мың тонна дәнді дақылдар құйылды, орташа шығым - 13,5 ц/га. Егілгені 11,6 мың тонна тұқым (102,0%). Бір жылдың ішінде 87 бірлік ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, жалпы сомасы 551 миллион теңге.

«Теректі» шаруа қожалығында (Қанат Садықов) суармалы жер пайдалану үрдісі жалғасын тапты. Бұл жерде «Дәулет» каналында «Теректі су» ауылдың су пайдаланушы ұйымы құрылды. 1100 гектар аумақта суғару жаңбырлату әдісімен жүргізіледі. Суармалы жерлерді пайдалану үшін 4 суғару құрылғысы мен насос станциялары сатылып алынды.

Суармалы жер игеру үрдісі дамудың жаңа сатысына шықты. Қазіргі уақытта 3 каналдың (Ворошилов, Ақтоған, Кіші Бөкен) гидротехникалық құрылғылары мен сумен қамту жүйесін қайта жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттар қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің су ресурстары комитетінің қарауында жатыр. Оларды қалыпқа келтірген жағдайда суармалы жерлердің аумағы 2-2,5 есе ұлғаяды. Ол жем-шөп базасының ұлғаюы мен ауыл шаруашылық дақылдары шығымының өсуне негіз болмақ.

Ел Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 Қаулысына сай жер телімдерін тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жандандырылды. Аудандағы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жыл сайын түгендеу жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді.

3 жылдың ішінде жалпы аумағы 1,3 миллион гектар болатын бес мыңдай жер телімі тексерілді. Жалпы аумағы 42,4 мың гектар пайдаланылмаған 284 жер телімі анықталды. Олар бойынша қысқа мерзімде келісім-шарт бұзылып, жер телімі басқа жер игерушілерге берілді.

2 жылдың ішінде жалпы аумағы 44,2 мың гектар болатын 293 жер телімі конкурсқа қойылды. Конкурс қорытындысы бойынша жалпы аумағы 30,5 мың гектар болатын 171 жер телімі пайдалануға берілді.

Бүгінгі күні аграрлық секторға мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуде. Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық құрылымдарына белгіленген бағамен 2850 тонна жанармай берілді. Сонымен бірге, олар 419,3 миллион теңге субсидия алды.

Үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының аясында ірі инвестициялық жоба - «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені жүзеге асырылуда (Болат Бекбердинов). 2012-2013 жылдарда жалпы алғанда 1475 миллион теңге қаражат игерілген. Былтырғы жылы 470 бас асыл тұқымды мал әкелінді, қазіргі уақытта олар карантинде тұр. Өзіндік қаражат есебінен 3 сиыр қораның, 750 басқа арналған жем-шөп беру алаңының, жем-шөп сақтау қорғанының, сумен қамтамасыз ету жүйесінің, аумақтық қоршау мен әкімшілік корпустың құрылысы аяқталды. 2014 жылы бордақылау алаңы мен мал сою цехын салу жоспарланып отыр.

«Өрнек» ЖШС (Ержан Қойгелдин) 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы бар 800 бастық сүт өнімдерін өндіруге арналған ферма құру жобасы Аймақтық Координациялық Кеңес тарапынан құпталды. Жобаның жалпы құны 275 миллион теңге. Шаруашылық 150 миллион теңге жеке қаражаты есебінен 420 басқа арналған сиыр қора және 100 басқа арналған бұзау қора тұрғызды, несиелік қаражат есебінен Гарманиядан 25 миллион теңгеге «Westfalia Surg» компаниясының сүт өндеу құрылғысын әкелді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мәліметі бойынша, «Елдар» шаруа қожалығында (Ербол Шакеров) 40 басқа арналған жылқы қора салу, табиғи қымызды өндеу, арнайы ыдысқа құю бойынша шағын желіні іске қосу жоспарлануда. Оның өнімділігі – аусымына 200-300 литр қымыз өндіру. Асыл тұқымды жылқы басын көбейту және жаңадан 15 жұмыс орнын ашу күтілуде.

«Кузмич» ЖШС балық шаруашылығын (балық ресурстарын жасанды көбейту және жетілдіру, басқа да су жануарларымен айналысу), сонымен бірге, балық шаруашылығындағы су қоймаларын пайдаланушылардың ғылыми қажеттілігін қамтамасыз ету. Бұл ішкі нарықты бекіре тұқымдас балықпен, бахтахпен, ал балық шаруашылығындағы су қоймалары мен табиғат байлығын пайдаланушыларын – көксеркемен қамтамасыз етеді. Жаңадан 33 жұмыс орынын ашып, жыл сайын 10-12 миллион теңге салық түсімі жоспарлануда.

«Талап» шаруа қожалығында (Жұмабек Күшікпаев) 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы салынуда.

Бұл жобалар бірінші жыл жоспарланып отырған жоқ. Олардың жүзеге асуы ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің (М.Теміржанов) іскерлік шеберлігіне, Палатцы (Б.Мұқышев), Кұлынжон (Ш.Шайырғазина), Көкжайық (Н.Сүлейменов) ауылдық округі әкімдерінің белсенділігі мен шаруа қожалық басшылырының жауапкершілігіне байланысты.

Осындай оңды өзгерістерге қарамастан, аграрлық сектордың дамуында бірқатар шешімін таппаған түйінді мәселелер баршылық.

Ең бір өзекті мәселе – ол эпизоотикалық қауіпсіздік. Былтырғы жылы материалдық-техникалық база күшейтілді: ветеринарлық дәрігерлерге 14 қызметтік автокөлік, ДУК автокөлігі, ауыл шаруашылық малдарын тексеруге арналған 14 фиксатор, қатыру құралы, 14 мұздатқыштар алынды. 20 мал сою алаңы бар, оның ішінде 15 алаң аудандық бюджет (3,9 миллион теңге) есебінен, 5 – шаруашылық нысандарының өзіндік қаражаты есебінен. Алайда, аудандағы эпизоотикалық жағдай қиын. Бұл тұрғыдағы жауапкершілік толықтай жабдықталған және сан жағынан әлдеқайда көп аудандық ветеринарлық қызметке артылады, олар қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының ветеринарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз ете алмай отыр. Жыл бойында ауданның алты ауылдық округінде шектеу жарияланды. Бүгінгі күні сарып ауруына карантинде «Теректі» шаруа қожалығы тұр.

Ірі қара малды жасанды ұрықтандыру бойынша жұмыс нашар жүргізілуде. Бір жыл бойына 20 жасанды ұрықтандыру пункттерінде барлығы 505 бас ірі қара ұрықтандырылған, орташа есеппен алғанда 25 бастан келеді.

Менің тапсырмам бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде өзіндік қосалқы шаруашылықты қолдау бағдарламасын жасау керек болатын. Алайда, мал шаруашылығы өнімдерінің үлкен үлесі дәл осы қосалқы шаруашылықтарда өндірілетініне қарамастан, аталмыш бағдарлама көздеген мақсатына жете алмады. Ал, ауыл шаруашылық бөлімі оны толық мөлшерде жүзеге асыру бойынша ешбір шаралар қабылдамаған.

Аталмыш бөлім аграрлық сектордың ары қарайғы дамуы үшін үдемелі индустриялық инновациялық даму, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламаларының зор мүмкіндіктерін барынша пайдалана алмайды. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу саласындағы инновациялық жобалар жоқ, ал ол өз кезегінде бағаның төмендеуіне әкеліп соғады. Су үнемдеу технологиялары баяу енгізілуде.

Егістік алқаптарының құрылымы жеткілікті деңгейде жетілдірілмейді. Сондықтан да, күнбағыстың салыстырмалы салмағы 26,5 % деңгейінде сақталып келеді, ал ол жер телімдерін тиімді пайдалану ережесінің қатаң бұзушылығы болып табылады.

Аудандағы бір де бір агроқұрылым ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық картасын жасамаған, ауыспалы егістік пен алқап тарихының кітапшасы жүргізілмейді. Жер қыртысының өнімділігін сақтауға арналған агротехникалық тәсілдер жеткілікті деңгейде қолданылмайды, арамшөппен күрес нашар жүргізіледі. Арамшөппен химиялық жолмен күрес барлығы 27-30 мың гектар аумақта ғана жүргізіледі, ал бұл дегеніміз барлық егістік аумақтарының 22% құрайды, негізінен осындай жұмыстарды ірі ауылшаруашылық құрылымдары ғана атқарады. Заңмен қатаң шектеу қойылған екінші қайтара қолдану немесе қосалқы жалға беру фактілері де кездеседі. Ауылшаруашылық нысандары мен ғимараттардың астындағы жер телімін сатып алу бойынша жұмыс нашар ұйымдастырылған.

Ауданда 715 шаруа қожалықтары бар, ал олардан түскен салық бар-жоғы 9,6 миллион теңге, бұл олардың өзіндік кірісінің 1,5% ғана құрайды. Шаруа қожалық басшыларын мемлекеттік қолдауды инновациялық даму, жер нарығының тиімділігі, өзіндік әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан қараған жөн.

Біздің дербес бөлім мамандары жағалаудағы жағдай туралы ақпаратты мүлдем білмейді, балық аулап жүрген фирмаларда лицензия бар-жоғынан да бейхабар, балықтың қанша ұсталып, қаншасы ауданнан тысқары шығарылып жатқаны туралы да статистикалық мағлұмат жоқ. Алдағы уақытта осындай бейберекеттікке жол берілмейді, сондықтан да, нақты шаралар қолданылады.

Айтылған кемшіліктер саланың динамикалық дамуына тоқтау салады. Оларды шешу үшін ауыл шаруашылығы және ветеринария, жер қатынастары бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің алдына келесі міндеттерді қоямын:


  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын ары қарай дамыту, ауыл шаруашылық малдарының тұқымдық асылдандыруын жетілдіру жұмыстарын жандандыру.

  2. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі мен қаржылай көмекті аграрлық сектордың динамикалық дамуына қолданып, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу кәсіпорындарын құруға баса назар аудару.

  3. Аудандағы эпизоотикалық жағдайды тұрақтандыру үшін түбегейлі шаралар қолдану, қаңғыбас иттерді ұстау жұмысына тиісті бақылау жасау.

  4. Тиімді жер нарығын құру, егістік алқабының құрылымында күнбағыстың салыстырмалы салмағын 15-18% азайту және жем-шөп өнімдерін 25,6 мың гектарға дейін өсіру, су үнемдеуші технологияларды енгізуге қол жеткізу.

  5. Жер қыртысының дегредацияға ұшырауынан қорғау шараларын атқару, агрохимикаттарды тиімді пайдалану бойынша кешенді іс – шараларды жүзеге асыру.

  6. Индетификация жүргізу және электронды шаруашылық кітабын толтыруға қатаң бақылау орнату.

  7. Қайта өндеу кәсіпорындарын ашу және асыл тұқымды шаруашылық статусын алу жұмыстарына кеңестік және әдістемелік көмек көрсету.

  8. Жер телімін тиімді пайдаланбаған немесе мүлдем пайдаланбаған жағдайда біржақты шешіммен жалға беру келісім-шартын бұзу тәжірибесін жалғастыру.

  9. Идентификациялық құжаттары болмаған жағдайда ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді пайдалануды тоқтату, өз бетімен жерді басып алу оқиғалараның жолын кесу, соның ішінде күнделікті өмірде тұрғындар ешбір құжатсыз пайдаланып жүрген жер телімдері де бар.

  10. Табиғат қорғау заңнамаларының қатаң сақталуына қатысты іс – шараларды қабылдау, заңнамада көрсетілген тәртіпті бұзушылармен және заңсыз қол сұғушылармен қатал күрес жүргізу.

Бұл міндеттердің барлығын да орындауға мүмкіндік бар, оларды жүзеге асыру ауданның агроөнеркәсіп кешенін жаңа бір биік деңгейге шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет