2 практикалық жұмыс. Жерге орналастыру жобасын жасау үшін жоспарлы-картографиялық негіз құру



Дата24.09.2024
өлшемі364.03 Kb.
#503914
түріҚұрамы
2 практикалық жұмыс (1)


2 практикалық жұмыс.
Жерге орналастыру жобасын жасау үшін жоспарлы-картографиялық негіз құру

1. Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.


2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
3. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлердi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi (осы Кодекстiң 90-бабы). Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiлген жер учаскелерiнде және жеке қосалқы шаруашылықтың егiстiк телiмдерiнде ауыл шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ объектiлер, оның iшiнде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлердi қоса алғанда) салуға жол берiлмейдi. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерiн салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылықтұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерi, егiстiк, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егiлген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды. 3-1. Жеке меншiктегi немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн алаңдары осы Кодекстiң 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берiлмейдi.
4. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.
Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзiрленбеген жер учаскесi.
Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.
Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi.
Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар.
5. Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкiн. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесi бар жер жатады.



  1. Төмендегі мысалдарға сүйене отырып кез-келген шаруа қожалығының жерін немесе жер учаскесінің жоспарын түрлі алқаптарға жіктеп, шыққан алқаптарды өзіне сай шартты белгілермен жіктеп көрсету.

  2. Жоспарға координаталық тор сызып, бұрылыс нүктелерінің координаталарын анықтау.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет