«2013 жылдың 9 айы бойынша Средигорное селолық округінің әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы туралы»
Средигорное селолық округі әкімінің
есеп баяндамасы
Құрметті округ тұрғындары!
2013 жылғы 15 тамызындағы № 615 «Әкімнің халық тұрғындарымен есеп беру кездесулері туралы» ел басшысының Жарлығын жүзеге асыру мақсатында квартал сайын халық алдында селолық округ әкімдерінің есеп берулері өткізіледі.
Сондықтан біз бүгін Средигорное селолық округінің 2013 жылдың 9 ай ішіндегі әлеуметтік- экономикалық дамуының нәтижесін және алдағы кезеңге қойылатын тапсырмалар жайлы қорытындысын бергейі жиналдық.
Президент, Үкімет, сондай-ақ облыс әкімі және аудан әкімі қойған міндеттердің келісімі бойынша 2013 жылдың 9 айы ішінде округ әкімі аппаратында округ тұрғындарының әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілді.
Алдындағы өткізілген әкімнің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде Средигорное ауылындағы Заречная көшесі мен Шірікқайың ауылындағы Центральная көшесін жарықтандыруды орнату бойынша ұсыныстар айтылған.
2013 жылы жергілікті бюджеттен Шірікқайың ауылының көшелеріне жарықтандыруды орнатуға 1 млн. 126 мың теңге бөлінген. Бүгінгі күнде Центральная көшесінде 11 шам орнатылған. Берілген қаражаттың 9800мың теңгесі жұмсалды.
Республикалық бюджеттен Средигорное ауылындағы Заречная көшесіне жарықтандыруды орнатуға 1 млн. 100мың теңге бөлінген. 13 шам ды орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта осы екі желілерді энергияға қосу бойынша техникалық құжаттауға дайындық жұмысы жүргізілуде.
2013 жылға селолық округ аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін келесі қаржыландыру Бағдарламасы анықталған:
- ауыл округіне санитарлық тазалық жасау бойынша жұмысты өткізуге 431 мың теңге бөлінген, жұмсалған 430700тг;
- толық тазалау және қоқысты шығаруға – 33 мың теңге;
- ТБО астындағы полигон бойынша құжатты әзірлеуге – 99 мың теңге;
- апатты қоқыс төгетін орындарды жинауға – 299 мың теңге;
- жергілікті жол бойын дұрыс ұстауға 477 мың теңге бөлінген, жұмсалғаны 301 мың теңге.
2013 жылы 42572 теңге мүлік салығы, 141222 теңге- жер салығы, 293167 теңге- ауыл шаруышылығы тағайындаған жер салығы жиналды. Салықты жинау 100% құрайды.
Округ тұрғындарының жұмыссыздық мәселесін шешуде күнделікті ел ішінде Зырян ауданының жұмыспен қамту орталығына есепке тұру туралы жұмыс жүргізіледі, қоғамдық жұмыстар үшін орын беріледі. 2013 жылдың 9 айы ішінде қоғамдық жұмыстарда 4 адам еңбек етті. Бүгінді күнде есепте 1 адам тұр.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша өзінің жеке шаруа қожалығын дамытуға Александровка ауылының тұрғыны Даркимбаева Гульмира Кабекқызына соммасы 600 мың теңге несие берілді.
Селолық округ аумағында 1318 адам тұрады.
Округ тұрғындарының көпшілігі жеке шаруа қожалығымен, мал-құс өсірумен айналысады. Жалпы аула саны- 451.
Средигорное селолық округі 1975 жылы құрылған. Оған 4 ауыл кіреді: Средигорное а-лы, Шірікқайың а-лы, Андреевка а-лы, Александровка а-лы.Селолық округтің орталығы Средигорное ауылы саналады. Округ аймағы ауыл шаруашылық жерлерімен бірге қосқанда 51422 гектарды құрайды. Селолық округ аудан орталығынан 35 км, облыс орталығынан 190км жерде орналасқан. Аудан және облыс орталығымен автомобиль көлігі арқылы қатынас орнатылған.
Халықтың этникалық құрамы: қазақтар- 487 адам, 36,9% , орыстар- 804 адам, 61,0% , басқа ұлттар – 27 адам, 2,0%, құрайды.
Округ аумағында бірде-бір діни ұжымдар жоқ.
Округте 2 орта және 2 бастауыш сынып мектептері, 2 шағын орталық, Мәдениет үйі, клуб, дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік пунктер, 2 кітапхана, 1 наубайхана, 10 дүкен жұмыс істейді. Шаруашылық субъектілері: жауапкершілігі шектелген серіктестік -1, шаруа қожалығы- 2, жеке кәсіпкерліктер- 11. Мектеп пен медицина мекемелері телефонмен қамтылған.
Жыл сайын азаматарды әскерге шақыру бойынша жұмыс жүргізіліп отырады. Көктемгі және күзгі шақыру кезінде шақырылатын учаскеге 20 адам қамтылды немесе 100%, жазылу барысында учаскеге 17 адам жазылды. Округ бойынша жалпы әскери міндетті – 212, қосымша офицерлер -6.
Средигорное селолық округі әкімінің аппараты халықты қаматамасыз ету орталығымен бірлесе отырып көптеген жағдайларға байланысты аудан орталығына жете алмай отырған азаматтарға, әр түрлі қызмет жасау бойынша жұмыс жүргізіледі. Ұялы ЦОН жұмыс істейді.
Әкімшілік реформа аясында селолық округ әкімінің аппаратында халыққа мемлекеттік қызметті тиімді жасау бойынша жұмыс жүргізіледі. Күнделікті азаматтармен жеке сауалдары бойынша қабылдау өткізіледі және оған сәйкес жауаптар, ұсыныстар, кеңестер беріледі. Есеп беру кезеңінде азаматтардың және заңды тұлғалардың үндеулерін тыңдау жұмысы жүргізіліп отырды. 2013 жылдың 9 айы ішінде 9 әр түрлі үндеулер түсті, соның ішінде қоғамдық құқылы мүшелерден жазбаша үндеу -6, заңды тұлғалардан -3. Жеке шаруа қожалығы бар туралы анықтама -618, мал дәрігерлік анықтама-503, мал дәрігерлік төлқұжат- 558 дана берілді.
Округте 18 жасқа толмаған балаларға берілетін және төленетін әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы алу үшін сұранған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу бойынша комиссия жұмыс істейді. 18 жасқа толмаған мемлекеттік балалар жәрдемақысы алған екеуі- 2 отбасы.
Мал дәрігерлігі саласында округтің эпизоотикалық амандығын қамтамасыз ету бойынша толық бағытталған жұмыс жүргізіледі. Округте 1 мал дәрігері, 1 мал дәрігерінің санитары қызмет етеді, мал дәрігерлігінің пунктіне орын бөлінген. Мал шаруашылығында эпизоотикалық тұрақтылықты сақтау үшін өте қауіпті ауруларға қарсы сақтандыру шаралары өткізіледі. Көктемгі және күзгі өңдеу кезінде бруцеллезге оң реакция нәтижесі көрсетілді: ірі-қара мал -1 бас, ұсақ мал- 2 бас. Өткен жылы малды есептеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Өткізілген сәйкестендіру нәтижесінде барлық ірі-қара мал басы, ұсақ мал сәйкестендіру номері берілген арнайы базаға енгізілді және мал дәрігерлік төлқұжаты берілді.Эпизоотикалық жағдайды жақсарту мақсатында саны 35 бас бос қаңғып жүрген иттерді аулау жұмысы жүргізілді.
Экономиканың қызмет ететін саласы ауыл шаруашылық өндірісі болып табылады. Агро азық-түлік бағдарламасына сәйкес, басты міндет- селолық округ аймағында дән, ет және сүт өндіру болып табылады. Жалпы ауыл шаруашылық жерінің аумағы -29936 га, пашнялар- 9675га, жайылым- 17489га, шабындық жерлер – 2772га құрайды.
Средигорное селолық округінде бір ауыл шаруашылық құрылым «Средигорненский»ЖШС қызмет етеді, ол егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады, өзінің материалдық-техникалық базасы бар және өз жоспарына сәйкес жұмыс істейді, ауылдың дамуына және жергілікті халықтың еңбек етуіне үлкен септігін тигізеді. Қазіргі уақытта аумағы 4023 га құрайтын жерде астық жинау жұмысы жүріп жатыр, жиналған -2532га өніммен бірге 11,5ц/га.
180,8 тонна тірідей ет салмағы, сүт -2010 тн. өндірілді.
Селолық округте сондай-ақ 2 шаруа қожалығы жұмыс істейді: егіншіліпен және мал шаруашылығымен айналысатын «Южаков» ШҚ және «Жамбурбаев» ШҚ.
Малдың қыста қауіпсіздігін сақтау үшін жетерліктей жем базасы дайындалған.
Егіншілік кезеңінде ауыл шаруашылық өндірістеріне жеңілдікпен мемлекеттен арзандатылған жанармай берілген.
Әрқашан шағын бизнестің даму мен кәсіпкерліктегі сан мониторингі қаралып отырады. Күнделікті баға мониторингі жүргізіледі. Селолық округтегі елді-мекенді пунктерді аббатандыру бойынша жұмыс жүргізіліп тұрады. Арнайы орындарға 307 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 17 сенбілік өткізілді, оған 600 адам қатысты. Жұмыс істемейтін адамдардың күшімен арамшөп өсімдіктерді шабу, тұрмыстағы қоқысты жинау және шығару жұмысы өткізілді.
Салауатты өмір салты мен спорттың дамуы бойынша арнайы жұмыс жүргізіледі. Средигорное және Шірікқайың орта мектептерінде әрқашан спорт секциялары жұмыс істейді, командалар жарыстарға шығады, жүлделі орындар алады.
Барлық әлеуметтік саладағы мекемелер қысқы кезеңге өзінше дайындық жүргізді. Толық жеткілікті көмір қоры және отын жеткізілді, құрылғыға, от жағу жүйесіне ағымдағы жөндеу жасалды.
Сандық спутникті телерадионы енгізу Бағдарламасын жүзеге асыру аясында ОТАU- 16 ұлттық спутникті телерадио байланысына қосылған абоненттер саны көбейді.
Жолға келсек. Барлық жолдар, округ аумағына қарайтын, облыс және жергілікті жолдар жөндеуді қажет етеді. 2013 жылы жөндеуге қаражат бөлінген жоқ.
Қысқы уақыт кезінде 21,0км. жолдағы және ауыл көшелеріндегі қарды тазарту керек. Аудан бюджетінен жергілікті аумақтағы жолды қамтамасыз ету және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орындарына дейінгі жолды тазартуға қаражат бөлінеді. Берілген жұмыспен «Средигорненский» ЖШС айналысады.
Средигорное селолық округінде жемқорлыққа қарсы күрес аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралардың жоспарын орындауда нақты жұмыс өткізіледі. Мектептегі құқықтық всеобучтағы сабақтарда жемқорлыққа қарсы заңдар оқытылады. Мемлекеттік сатып алу « Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына , Мемлекеттік сатып алу сайтында хабарламасы берілген жағдайда беріледі. Сенім телефоны , мемлекеттік қызметкерлердің теріс әрекетеріне азаматтардың үндеуін салу үшін жәшіктер бар. «Өзіңнен баста» акция аясында округ әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімінің сайтында өзінің кірістері мен отбасының табысы жайлы хабарлама жарияланған. Жыл сайын әкім аппаратының мемлекеттік қызметкерлері табыс және мүлік туралы декларацияларды беріп отырады. 2013 жылдың 9 айы ішінде мемлекеттік қызметкерлердің ар-ұят Кодексіндегі фактілерді бұзғаны туралы азаматтардан үндеулер мен арыздар түскен жоқ, мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлық құқық бұзушылық болған жоқ.
Жалпы округтегі моральдық психологиялық климат тұрақты.
Учаскі полиция инспекторымен нақты жұмыс жүргізіліп отырады, күн тәртібі бойынша, ересек адамдар ішінде және кәмелетке толмағандар ішінде де құқық бұзушылықты сақтандыру бойынша жұмыс өтіліп тұрады. Округ бойынша тіркелген- 4, ашылмаған -4. Әр түрлі құқық бұзушылыққа әкімшілік хаттамалар құрылған, СЛПУ емделуге 2 адам жіберілді.
Әкімнің халықпен есеп беру кездесулері халықпен жақын тіл алысуға тиімді мүмкіндік береді, селолық округтегі әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы өте өткір мәселелер көтеріледі. Мұнда өкімет пен халық арасында ашық диалог өтеді. Жыл сайын кездесулерде халық үшін ең маңызды сұрақтар көтеріледі және негізгі бөлімі жыл ішінде шешіледі. Қорытындылай келе, мұндай жұмыс түрі тек қана жеке алынған азаматтар категорисы емес, сондай-ақ барлық елдің ең маңызды мәселелерін шешуге көмектеседі деп айтуға болады. Бұл есеп берулер өкімет пен халық арасындаға тиімді диалог түрі болып саналды: әр елді мекен пунктіндегі мәселелерді бірлесе қарауға мүмкіндік туады, адамдар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін тура айта алады.
Өздеріңіз көріп отырғандай, 9 ай ішінде айтарлықтай жұмыс істелді. Тағы да сонша істеу қажет.
Алдымызға қойып отырған міндет: бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, 2013-2017 жылға округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасын орындау. Бағдарлама бойынша қаралады: су құбырларының желісін жөндеу, Средигорное ауылындағы қоқыс төгетін орындардың құрылысы, асфальт төселімін жөндеу, Андреевка ауылындағы Березовка өзенінінің көпірін толық жөндеу, округтегі елді мекен пунктерінің жолдарын жөндеу, ауыл көгалдандыру бойынша жұмыс, Средигорное және Шірікқайың ауылдарында балалар алаңқайын орнату, Средигорное орта мектебінің шатырын және терезелерін ауыстыру, Андреевка және Александровка бастауыш мектептерінің шатырын жөндеу, Средигорное орта мекбіне автобус беру, Шірікқайың орта мектебінде асхана құрылғыларын алу, көшені жарықтандыруды орнату бойынша жұмыс жалғасын табады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саналы саясатының арқасында жыл сайын халықтың құт-берекесі өсіп бара жатыр, және осыған қоса әрқайсымыз өз өміріміздің жақсаруына күшімізді салсақ, біз бай және жақсы өмір сүреміз.
Сондықтан бәріміз бірге күш салсақ, барлығын жасай аламыз.
Назарларыңызға рахмет!
Средигорное селолық округ
әкімінің міндетін атқарушы Н.Куковская
Достарыңызбен бөлісу: |