Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар!



Дата04.07.2016
өлшемі62.26 Kb.
#178064


Аудан ұстаздарының «Тамыз мәслихатында» Сырдария ауданының әкімі Ғ.М.Әбілтайдың

Баяндамасы


Құрметті ұстаздар,

қадірлі қонақтар!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қа­зақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі жолдаулары еліміздің білім саласының дамуына ерекше ықпал етіп келеді.

Биылғы Жолдауында Елбасы мемлеке­ті­міздің да­муының алдағы уақыттағы стра­тегиялық бағыттарымен қатар білім саласына ерекше тоқ­талды. Президент білім берудегі қазір­гі заманғы әдістерді және технологияларды жетіл­ді­рудің қажеттігіне, педагогикалық шебер­лікті жетілдіруге, жаңашыл мұға­лім­дердің тәжірибелерін кең таратуға, сол арқылы білім берудің сапасын арттыруға баса көңіл бөлді.

Елбасының мұғалім­дердің біліктілігін анықтайтын тәуелсіз жүйені енгізу қажеттігі туралы мәселені көтеруі де және оның нақты істе қол­даныла бастауы да жұртшылықтың кө­кейінен шықты.

Осы бағытта мемлекет тарапынан бүгінгі педагогтің мәртебесі мен әлеуетін көтеруге жан-жақты нақты және ауқымды шаралар іске асырылуда. Мәселен, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап оқытушы­лардың жалақылары 30 пайызға көбейсе, 1 қыркүйектен бастап, оның ішінде жоғары категориялары ұстаздарға 100 пайыз көлемінде қосымша ақы төленуде.

Қай мемлекеттің болмасын өркениеттілігін танытатын халықтың білімі мен ғылымы. Бүгінгі күні мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни саналы жеке тұлғаның дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, әлеуметтік өмірге бейім бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуы тиіс

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында білім саласының көкжиегін кеңейтуге жол ашып берді. Қазақстанның болашағы білімді жастар десек, сол жастарға білім беретін кадрлардың біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа үлгілерін дамыту арқылы ғана сапалы білім мен дамудың алғышарттарын жетілдіруге болатындығын атап көрсетті.

Өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білім жүйесі озық елдердің, «өнер-білімі дамыған 50 елдің қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, соған сәйкес қадам жасауымыз керек. Осыған орай, бүгінгі күні білім берудің ұлттық үлгісінің қалыптасуы, 12 жылдық білім беруге көшу, білім беру мазмұнының, құрылымының, экономикалық- ұйымдық, құқықтық жақтарының түбегейлі өзгеруі білім ұйымдарын басқару деңгейін жаңа сатыға көтеру, оны дамытудың тиімді жолдарын қарастыруды талап етеді.

Қазіргі таңда институт дипломдарымен ауылға аттанатын жас мамандарға мемлекет тарапынан нақты көмек көрсе­тілуде. Оларды барған жерлерінде баспанамен қамтамасыз етуді жергілікті әкім­діктер қадағалауда. Осы жас мамандар­дың әрқайсысына 900 мың теңгенің үстінде пайызсыз несие беру жолға қойылды. Сонымен бірге, оларға 94 мың теңге мөлшерінде бір жолғы көтерме көмек те берілуде. Соңғы уақыттарда институтты бітірген қала тұрғындары – жас мамандардың ішінен де ауылға баруға ниет білдірушілер шығуда. Біздер ондай­ларға барынша қолдау көрсетеміз. Олар­дың бұл қадамына институтта үнемі жүргізілетін кәсіби бағдар саясаты да белгілі дәрежеде әсерін тигізуде.

Биылғы жылғы аудан мектеп бітірушілері ұлттық бірыңғай тестілеуге ҰБТ-ға 406 оқушы қатысты, олардың орташа балы 63,5 (2011 жылғы орташа балл 89,4 ) балды құрады.Аудан мектептерінен 29 оқушы «Алтын белгіге» үміткер, 9 оқушы үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркелді. Бұл былтырғы орташа балдан 25,9 балл төмен. Бұл облыс бойынша Қызылорда қаласы ман Жалағаш аудандарынан кейінгі үшінші көрсеткіш. Қызылорда облысы бойынша орташа балл 64 балды көрсетсе (2011 жылы 90,4 айырма -26,4 балл) , республика бойынша 70,9 балл болды

ҰБТ қорытындысымен 10 мектеп бітіруші 100 және одан жоғары балл жинады.

. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысының әлі де болса көңіл алаңдатар тұстары баршылық. Бұл бір жылдың ғана көрсеткіші емес, оқушының 11 жыл игерген білімінің нәтижесі. Осы орайда оқушылардың білім сапаларын жақсарту мақсатында бастауыш сыныптан орта буынға, орта буыннан жоғары сыныпқа көшіру кезінде оқушы білімін сараптау, бақылау арқылы стандартқа сай білім беру жүйесін жетілдіру міндетін жолға қою керектігін атап өткім келеді.

Жыл сайынғы бөлінетін қаржы көлемінің арттуы, мектептердің материалдық- техникалық базасының нығаюы, мұғалімдердің жан-жақты шығармашылықпен жұмыс жасауына үлкен мүмкіндік тудырып отыр.Бюджеттік бағдарлама бойынша білім мекемелеріне 2011 жылы 2419651,0 мың теңге бөлініп, оның 2413030,8 мың теңгесі игерілсе, 2012 жылға 2624733,0 теңге қаржы бөлініп отыр. Яғни өткен жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 8 пайызға өсіп отыр.

Аудан білім мекемелерінің соның ішінде ағымдағы жөндеуден өткізу үшін аудан бюджетінен мектеп саласына 15415,0 мың теңге, балабақшаға 5399,2 мың теңге, күрделі жөндеуден өткізу үшін мектеп саласына 51 951,0 мың теңге, атап айтқанда №139 орта мектептің күрделі жөндеуіне 10000,0 мың теңге, № 37 орта мектептің күрделі жөндеуіне 29 288,0 мың теңге,

№ 210 орта мектептің электр желілерін ауыстыруға 5200,0 мың теңге, балабақша бойынша «Балауса» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеуге 56 890,0 мың теңге, «Ботакөз» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеуге 11 987,0 мың теңге, Шаган әуез мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 14 310, 84 мың теңге қаралды.
.Қазақ «бұлақ көрсең көзін аш» деген ғой, біз де талантты жас ұрпақтың еркін дамуына мүмкіндік жасауға тиістіміз.Қоғам дамыған сайын оған білімді жастар көбірек керек болады.Білімді ел-бай ел. Қазіргі заманғы байлықтың көзі өнерде, білімде. Оңтүстік Азия елдерінің құрлықта «жеті жолбарыс» атанып, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы дамыған дәулеттілердің сапында салтанат құруы осы білімнің, өнердің арқасында мүмкін болды.

Аудандағы әуез мектебінің «Тұмар» бишілер тобының республикалық «Айгөлек» тележобасына қатысып екінші орын алуы, Республикалық өткізілген Абай оқулары байқауында №36 орта мектеп оқушысы К.Луца №147 орта мектеп оқушысы Г.Ниязбек жүлделі ІІ орындарды иемденсе, спортты датытуда таэквандошы №35 мектеп-лицейдің оқушысы М.Копбосынованың Азия біріншілігінің қола белгі иегері атануы, «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулердің ҮІІІ халықаралық ғылыми жарысына №37 орта мектептің оқушылары Нұрғали Айжан мен Әбдіғаппарова Айшабибі қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болуы, ҮІІ Республикалық «Зерде» оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауына №132 орта мектептің оқушысы Мәжит Мағауия ІІІ дәрежелі дипломмен, марапатталып, аудан абыройын асқақтатқанын мақтанышпен айта аламыз.

Әрбір ұстаз өз біліктілігін заман талабына сай көтеріп , жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді сабағына батыл ендіру керек. Жаңа ақпараттық құралдарды меңгеруі қажет. Қазіргі уақытта аудан мектептеріне мультимедиалық кабинеттер, интерактивті тақталар келуде, әрбір мұғалім осы техникаларды жете меңгеруі қажет. Заман ағымы, уақыт өлшемі өзгергенін, жаһандану процесі қарқын алғанын, білім беру экономиканы дамытудың басты факторына айналғанын ұстаз қауымы жақсы түсінеді деп ойлаймын.

Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалымы, көрнекті ағартушысы Ш. Уәлиханов «Халық кемеліне келіп дамуы үшін екі-ақ нәрсе керек»- деп ерекше атап көрсеткен болатын. Оның біріншісі- азаттық, екіншісі- білім. Бұл қол жетпес байлықтың екеуі де қазір біздің қолымызда бар.Еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім беретін ұстаздар қауымы. Алда атқарылар жұмыстар аз емес. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында білім саласы мамандарына үлкен міндет жүктеліп отыр.Осыған сәйкес ұстаздар сол міндеттер үдесінен шығуы басты парыз.



ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Көргенді ұрпақтан,көреген дана халық тарайды. Ұстаз - келер күннің ұстасы. Сіздер тәрбиелеген ұрпақ еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын парасатты жеке тұлға етіп тәрбиелеп шығару мектептің ,ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. Өмірде мұғалімнің жасаған істері артында мәңгі-бақи қалуына игі әсер ететін ұстаздар қауымы мәңгі жасап, рухы ешқашан төмендемесін десек, өзінің үздіксіз білімін көтеріп отырғанда ғана, ол заман талабына сай мәртебесі жоғары мұғалім болады деп сенемін.

Қиын да, қызықты жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын!


Қай елдің болмасын жетілген білім саласын қалыптастыруда жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде мектеп ұстаздарының алатын орны ерекше. Шынында мұғалім – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшырақ. Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы айтқан «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді» деген ұлағатты сөз осыны растайды.
Ертеректе, білімге сусаған халықтың зердесін ашқан кезеңдегі мұғалімнің жағдайының қандай болғандығы әлі де елдің есінде. Кейіннен, мұғалімге деген жалпы құрметтің біршама бәсеңдегенінің де куәсі болдық. Бұл өз тарапынан жас­тар­дың мұғалім мамандығын таңдауына белгілі дәрежеде әсерін тигізді. Әрине, біз бұл жерде қалыптасқан объективті және субъективті факторлардың болғандығын да ұмытпауымыз керек.

Қазір заман да, жағдай да басқаша. Бүгінгі күн, әлем қауымдастығына кіретін елдердің осы заманғы білім технологиялары негізінде дамудың биіктеріне ұмтыл­ған кезеңі. Міне, осы кезеңде жалпы білім саласының сапасын, оның ішінде жас ұрпақққа негізді қалайтын мектеп ұстаз­дарының біліктілігін және дәрежесін көтеру күн тәртібіне шығып отыр. Мектеп мұғалімінің, жалпы педагогтардың мәрте­бесін мейлінше көтермейінше әлемдік жарыста мәреге жету екіталай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет