Пәннің аталуы
|
Имиджелогия
|
Қысқартылған атауы
|
Имидж.
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 2
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Тұрдалиева Ш.Ж.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Таңдау бойынша компанент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер-15, практикалық сабақтар-15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 60
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Имиджелогия» пәнін игеру үшін студент әдебиетпен қызмет жасап, алған ақпаратты талдауға бейімделіп, компьютерде интернетпен қызмет жасай білуі тиіс.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Курстың негізгі мақсаты – болашак маманның шығармашылық және іскерлік дағдысын өз имиджі арқылы кәсіби деңгейде көрсете білуге бағытталған. «Имиджелогия» арнайы курсы оқу жоспарына нарықтық экономикалық жағдайында мінез-құлықтың жаңа модельдерін меңгеру қажеттілігіне бағыты енгізіліп отыр.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Имиджелогия пәні, өзге ғылымдармен байланысы. Имидж туралы түсінік. Тұлға имиджінің даралануы. Имидждің түрлері: айналы, қалаулы, қоғамға қажетті имидж, көптік, корпоративтік, шынайы, идеалды, жағымпаз, топтық, заттық. Имидж символикалық құбылыс ретінде. Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі. Сырт — бейнелік имидж туралы түсінік. Киім кию мәдениеті. Макияж стратегиясы. Тұлғаның рухани келбеті-тұлға имиджінің негізгі көрсеткіші ретінде. Ауызша сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы. Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы. Этикет туралы түсінік. Іскерлік этикет қалыптасқан іскерлік, қарым-қатынастың тәртібі ретінде. Озық мінез-құлық стратегиясының негізгі.. Ишараның, бет-әлпеттің, дене қалыбының шартты мәндері. Әр түрлі халықтардың бейвербалдық қарым -қатынас ерекшеліктері. Корпоративтік имидждің ұғымы. Қызметтестердің өзара қарым-қатынас стилі. Ұйым (ұжым, фирма) имиджі — көптеген, адамдың фирманы тұтасымен қоғамдық қабылдауы. Ұйымның ішкі және сыртқы имиджінің (объективті бірлігінің негізі).
Практикалық сабақтар: «Паблик Рилейшнз» - қоғамындағы коммуникаңия заңдары, адамзаттық өзара қарым-қатынастардың жаңа типтері туралы ғылым. Паблик Рилейшнз қызмет саласы. «Паблик Рилейшнз» міндеттері. Лидердің типтері, олардың сипаттамасы. Дара имидждін ерешеліктері. Имидждің түрлері: айналы, қалаулы, қоғамға қажетті имидж, көптік, корпоративтік, шынайы, идеалды, жағымпаз, топтық, заттық. Имиджді анықтайтын факторлар. Символика туралы ұғым. Символиканың түрлері. Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі. Киім кию мәдениеті. Қоғамдық орындардағы мәдениет. Макияж стратегиясы. Габитарлық (сырт-бейнелік) ақпарат. Ауызша сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы. Жазбаша сөз өнерін игеру техникасы. Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Презентация, фонотекалар (аудио және видео)
|
Пәннің аталуы
|
Абайтану
|
Қысқартылған атауы
|
Абайт.
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 2
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Мекемтас М.
|
Доцент / оқытушы:
|
Профессор, ф.ғ.д.
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Таңдау бойынша компанент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер-15, практикалық сабақтар -15, ОСӨЖ -20, СӨЖ -30 .
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 90
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Абайтану пәнін меңгеру үшін әдебиет тарихынан жан-жақты білімі, Абай шығармашылығын меңгеру керек және Абайдың адамгершілік мұраттарын жете түсіну қажет.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай және қазақ лирикасы. Абай – ойшыл, философ, ақын. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Ақындығының алғашқы кезеңі. Ақынның толысу жылдары.Аудармалары. Поэмалары. Қара сөздері. Абайтану тарихынан қысқаша мәліметтер.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Ақынның терең тебіреніске толы жүрек тақырыбы. Абайдың поэмалары. Абайдың ақын шәкірттері. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.
Практикалық сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармалары — ақын заманының шежіресі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Абайдың ағартушылық қызметі. Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы осыған ұқсас көрініс. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Ақын Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым. Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары. Олардың көркемдік ерекшеліктерін тұпнұсқамен салыстыра талдау. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы. Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері. Абайтану ілімінің тарихы. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөніндегі өрістеген айтыс. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырып, бастырып, насихаттау жөніндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы. Бұл жөніндегі алғашқы іргелі ғылыми зерттеулер.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Презентация, фонотекалар (аудио және видео). Емтихан
|
050906 – (01, 03)
Пәннің аталуы
|
Мамандық (мамандануы) бойынша
|
Қысқартылған атауы
|
МБ
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә
|
Ормолдаева М.
|
Доцент/оқытушы
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық., міндетті компонент
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақ 15, СӨЖ 15, ОСӨЖ 15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
45 сағат
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквезиттері: Сценарий шеберлігі негіздері, Шоу бағдарлмаларды ұйымдастыру.
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Драматургия және режиссураға қатысты негізгі ұғымдарды танып білу, драматургиялық анализ жасау дағдыларын игеру, курсқа арналған арнайы әдебиеттермен жұмыс істей алуы, этюд пен әңгіме, түрлі тақырыпта монологтар жаза білуге, топтық шаралардан бастап бұхаралық мереке түрлерін ұйымдастыра білуге, сондай-ақ мәдени-тынығу жұмысы саласында аудитория құрамының әртүрлілігіне орай педагогикалық мақсатты тұжырымдай білу. Болашақ мектеп және мектептен тыс мекемелердегі, мәдениет сарайлары мен оқушылар сарайларындағы бос уақытты ұйымдастырушы – педагогтардың бос уақыттың мәдениеттілігі ісі саласындағы әр түрлі іс шаралардың сценарийін жазуға, сондай-ақ оның режиссурасы мен ұйымдастыруға қатысты білімдерін, қабілеттерімен дағдыларын қалыптастыру.
К.С.Станиславскийдің ілімі қалыптасқан жүйесін оқыту негізінде болашақ актердің ішкі техникасының бастауыш элементтерін игеруге үйрету сахналық жинақы ерікті-еріксіз назар, бес сезім шындығы, сахналық әрекет, - қисынды физикалық, психофизикалық әрекеттер, қарым-қатынас, бағалау, сезімнің естілігі, қиялдау қабілеттілігі, сахналық тапқырлық.
К.С.Станиславский жүйесі мен негізгі принцип – ережелерін оқыту, драматургтың негізгі жазған пьесаның тақырыбын, идеясын, жанрын (комедия, трагедия, драма) көрсете біліуне, сахнада шыншыл әрекетпен өмір сүрудегі негізгі қасиетті тәрбиелеу, адамның рухани тіршілігін сомдау.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Драматургиялық шығармаға талдау жасау. Мысал, ертегі, әңгіме, аңыздардың композициялық талдамасы. Әдеби-музыкалық композиция құрастыру. Инсценировка жасау. Алтын қиылыс заңын меңгеру. Драматургиялық шығармадағы қақтығыс. Әдеби мәтінмен жұмыс. Поэтикалық композиция құрастыру. Музыкалық материал мен жұмыс. Сценарийлік жоспар құрастыру. Сценарий жазудың кезеңдері. Сценарийдегі көркем-мәнерлеу құралдары. Материалдарды монтаждау. Сценарийдегі шығармашылық әдістер. Театрландырылған концерт сценарийі . Бұлшық еттің босансуы мен сіресуі
Қиял, назар мен зейін сезімдеріне арналған жаттығулар: а) берілген тақырып, тапсырмаға жеке этюдтер ұйымдастыру; б) жас сәбидің мінез-құлықтары; в) өмірде кезедесер ұшқалақ, байсалды, сараң, ақ көңіл қарттар образы. Бес сезімге арналған тартысты оқиғадан тұратын этюд. Хайуанаттар бағындағы жануарлардың іс-әрекеттерін бақылып, мазмұнды орындау. Оқиғаны бағалауға арналған этюд. Киелі күш «егер де», ұсынылған тосын жағдай. Рольдің және шығарманың түпкі мақсаты және соған апарар әрекеті (сверхзадача и сквозное действие роли и пьес). Оқиғалар тізбегі, рольдің және пьесаның басты оқиғасы. Сөз астары, сөз әрекеті, ішкі монолог, кейіпкердің қарым-қатынасы. Мизансценамен жұмыс. Образдың кілті. Образды жасаудағы сыртқы детальдардың орны. Спектакльдің атмосферасы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері
|
Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен драматургиялық, режиссуралық негіздерінен білім және бейім қалыптастыру./ емтихан
|
050906 (06)
Пәннің аталуы
|
Мамандық 1
|
Қысқартылған атауы
|
Мам.1
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Сейдалиева Р.Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Міндетті компанент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 45
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
“Мамандық”/домбыра пәні дәстүрлі аспапта орындаушылық өнеріміздің дамуына шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Пъеса жанры. Қазақстан, жақын шет ел шығармалары. Мазмұны мен көлемі әртүрлі сипатта. Қазіргі заман күйлері /Қ.Ахмедияров, А.Жайымов/. Күрделі көлемді күйлерді орындау. Күйлер. Дәстүрлі орындаушылық тәсілдерді меңгеру. Аппликатура ерекшеліктері. Орындаушылық деңгейі орта дәрежелі күйлер. Техникалық қиын тұстармен жұмыс. Көркемдік орындаушылық мағынасымен жұмыс жасау. Нота мазмұнын бірден ойнап кету қабілетін жетілдіру.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Презентация, фонотекалар (аудио және видео)
|
050906 (01)
Пәннің аталуы
|
Ойын – сауық демалысы
|
Қысқартылған атауы
|
ОСД
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақтар, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
1
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Байғонова Д.М.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақ -15, практикалық сабақтар-15, СӨЖ -30, СӨЖ -30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 90
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Шоу бағдарламаларды ұйымдастыру әдістемесі», «Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік – педагогикалық әдістемесі» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Курстың негізгі мақсаты ойынды мәдениет құндылығы ретінде қарастыра отырып, ғылыми теориялық негіздері туралы білім беру ойындары бағдарламаларын ұйымдастыру. Ойынның жаңа түрлерін енгізуде практикалық дағдыларды қалыптастыру, ойын әрекеттері сценарийлерін жазу әдістерін меңгерту. Бағдарламада ойындар теориясына анализ жасалынады, ойындар классификациясы беріледі.Қазіргі заманғы ойын түрлері. Ойынды - демалыс шараларын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру, әсіресе олардьң мазмұнын ұлттық ойын - сауық түрлерімен байыта отыру, адам ұлттық ойын - сауық байлығын игеретін іс - әрекетке көшіру амалдарын игету.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақтар: Ойын – сауық демалысының маңыздылығы мен құндылығы. Ойын теориясы және зерттеу проблемалары. Ұлттық ойындардың әлеуметтік-тәрбиелік мәні және демалыста пайдалану әдістемесі. «Ойындар жиынтығы» іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі. Ойындар бағдарламасын дайындау және өткізу әдістемесі. Ойын-сауық демалысының тәрбиелік мақсатын анықтау. Ойынды – демалыс кешін ұйымдыстыру және өткізу әдістемесі. Көңілді сұрақ – жауап кешін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Ойын-сауық демалысын ұйымдастыру әдістемесі. Тапқырлар мен көңілділер кешін ұйымдастыру әдістемесі. Бос уақыт мәдениеттілігі ісіндегі ойындық репертуар. Ойындық қарым-қатынас кешін ұйымдастыру әдістемесі. Ойындық сайыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі. Отбасылық және балалар мерекелік ойындық әрекеттерді ұйымдастыру әдістемесі. Интеллектуалдық-танымдық және театрландырылған ойындарды ұйымдастыру әдістемесі. Ойын жүргізушінің кәсіби және жеке біліктілігі.
Жеке сабақтар: Ойынның педагогикалық-әлеуметтік кешенді қызметін анықтау. Ойынның жалпы теориясы мен тәрбиелік мәні. Бос уақытта ойындар ұйымдастыру тәсілі. Өнердің ойындық түрлері. Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшеліктері. Бос уақыт мәдениеттілігі ісіндегі ойындық репертуар. Ойындар бағдарламасын дайындау және ұйымдастыру әдістемесі. Ойындық қарым-қатынас кешін ұйымдастыру әдістемесі. Ойынды сайыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі. Отбасылық ойындық әрекеттерді ұйымдастыру әдістемесі. Балалардың мерекелік ойындық әрекетін ұйымдастыру әдістемесі. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру әдістемесі. Интеллектулдық-танымдық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі. Ойын жүргізушінің кәсіби және жеке біліктілігі. Ойын жүргізушінің тіл мәдениеті.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Болашақта мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралардың сценарийін жазуға, сондай-ақ оның режиссурасы мен ұйымдастыруға қатысты білімдерін, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру / емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |