№ р/с
|
Индикатор
|
Сипаттамасы
|
1-бөлім. Бюджет процесінің жалпы сипаттамасы
|
1
|
Бюджет процесі туралы базалық заңның болуы
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерін, принциптерін және тетiктерiн белгiлейдi.
|
2
|
Бюджет жүйесінің құрылымы (деңгейлерінің саны)
|
Қазақстан Республикасында бюджеттің үш деңгейі әрекет етеді:
республикалық бюджет;
облыстық бюджеттер (14) және Астана және Алматы қалаларының бюджеттері;
аудандардың бюджеттері мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттері (біздің облыс бойынша Орал қаласы және 12 аудандар бюджеті).
|
3
|
Бюджет қаражатын резервілеу әдістерін қолдану
|
Жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:
Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;
Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;
соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;
төмен тұрған деңгейдегі бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады.
|
4
|
Бюджет заңнамасында бюджет процесін ұйымдастырудың базалық халықаралық қағидаттарын бекіту
|
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бірыңғайлық принципі (бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бірыңғай рәсiмдерiн пайдалану);
2) толымдылық принципі (бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу);
3) реалистік принципі (бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі);
4) транспаренттiлiк принципі (қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесiнiң ашықтығын, бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді мiндеттi түрде жариялау);
5) дәйектiлiк принципі (мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы);
6) нәтижелiлiк принципі (мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару);
7) бюджеттердің дербестік принципі (түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгілеу және олардың жұмсалу бағыттарын айқындау);
8) сабақтастық принципі (өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген бюджетті жоспарлау);
9) негiздiлiк принципі (нормативтік құжаттар негiзiнде бюджетті жоспарлау);
10) уақтылылық принципі (бюджетті уақытылы жоспарлау және атқару);
11) кассаның бірыңғайлық принципі (бюджетке барлық түсiмдердi бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру). Бірыңғай қазынашылық шот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылады ұлттық валютамен орталықтандырылған аудару операцияларын жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін;
12) тиiмдiлiк принципі (бюджет қаражатының бекiтiлген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу);
13) жауапкершiлiк принципі (нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған қажетті әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiн қабылдау, мемлекеттік органдардың жауапкершiлiгiн қамтамасыз ету);
14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі (бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы).
|
5
|
Бюджет қызметтерінің сапа стандартын қолдану
|
Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын жекелеген функциялар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері шеңберінде ақылы немесе тегін негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызметтер көрсету тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
|
6
|
Нәтижелілік көрсеткіштерін қолдану
|
Мемлекеттік органның мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін орталық деңгейде стратегиялық жоспарлар және жергілікті деңгейінде бюджеттік бағдарламалар әзірленеді. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сондай-ақ сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы тиiс.
Тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы.
Түпкiлiктi нәтиже - белгiлi бiр мемлекеттiк орган қызметiнiң, басқа да мемлекеттiк органдар қызметiнiң тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасының, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң және мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi).
|
7
|
Стратегиялық жоспарлау әдістерін қолдану
|
Стратегиялық жоспарлау мына құжаттарды анықтайды: «Қазақстан - 2050. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» стратегиясы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары, көп жылдық жекелеген салаларды дамыту бағдарламалары. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды. Стратегиялық жоспарды iске асыру үшiн мемлекеттiк орган операциялық жоспар әзiрлейдi. Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, мiндеттерiне және нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзiмдерi бойынша байланыстырылған, мемлекеттiк органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты iс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.
|
2-бөлім. Бюджетті қалыптастыру
|
1
|
Қаржы жылының басталу және аяқталу күні
|
Қаржы жылы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.
|
2
|
Жылдық немесе орташа мерзімдік бюджеттік жоспарлауды қолдану (мерзімі, әдісі)
|
2009 жылға дейін дәстүрлі жылдық бюджеттік жоспарлау қолданылды. 2009 жылдан бастап жылжымалы негізде үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізілді.
|
3
|
Бюджет жобасын жасау процесінің ұзақтығы және кестені сақтау
|
Жергілікті бюджеттің жобасын жасау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
-
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және жергілікті атқарушы органдармен оны мақұлдау;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу (15 мамырға дейін оларды облыстық бюджет комиссиясында қарау);
3) ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстық бюджет туралы шешім жобасын әзірлеу.
|
4
|
Жылдық бюджет процесінің алдындағы жыл сайынғы жолдаулар мен өзге стратегиялық сипаттағы құжаттардың болуы
|
Бюджетті дайындау Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларына, жекелеген салаларды дамыту бағдарламаларына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына негізделген.
|
5
|
Орташа мерзімдік макроэкономикалық болжамды қолдану
|
Стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзiрленедi.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы:
әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы, үрдiстерi, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерi;
бюджеттiк параметрлердiң үш жылға арналған болжамын (бюджеттің негізгі параметрлері) қамтуға тиiс.
|
6
|
Бюджетті жасауға өкілеттік берілген атқарушы билік органы және оның құзыреттігінің толықтығы
|
Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бюджетті жасауға уәкілетті орган болып табылады. Өнің өкілеттігіне облыстық бюджет жобасын және бюджетке өзгерістер енгізу (бюджетті нақтылау) жобаларын әзірлеу, бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру. Облыс қаржы басқармасы бюджетті атқаруға уәкілетті орган болып табылады. Өнің өкілеттігіне бюджеттік мониторинг жүзеге асыру, бюджеттік есеп жүргізу және есептілік жасау мен ұсыну тәртібін айқындау, бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу кіреді.
|
7
|
Бірыңғай/бөлек бюджеттік жоспарлау әдістерін қолдану (кірістер мен шығыстар, инвестициялық және ағымдағы шығыстар)
|
Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін бірыңғай жоспарлау әдісі пайдаланылады. Салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттік түсімдер бюджет кiрiстерi болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.
Жалпы бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптаманың негізінде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама (ББС) объектiлерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсiмдерi мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджетті жоспарлауға уәкілетті орган ретінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жасайды.
Белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы (экономикалық белгілер бойынша, олардың көздері мен түрлері бойынша) ББС бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады.
Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын iске асыруды көрсететiн барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру ББС бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
|
8
|
Бюджет жобасын дайындау нысаны (қаржы бөлу туралы бірыңғай акті/бірнеше актілер)
|
Бюджет кіріс және шығыс бөлікті қамтитын бірыңғай акті нысанында дайындалады. Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет облыс мәслихатының шешімімен бекітіледі. Кезектi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешім жобасының мәтiнiнде:
- кiрiстердiң, трансферт түсiмдерiнiң, шығындардың, таза бюджеттiк кредиттеудiң, қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттiң), тапшылықты қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемi;
- облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне берiлетiн бюджеттiк субвенциялардың көлемi;
- аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюдың көлемi;
- облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қала, астана және басқалары резервiнiң мөлшерi;
Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджет мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.
|
9
|
Бюджет жобасын түсіндіретін құжаттардың болуы
|
Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар және материалдар:
1) аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
|
3-бөлім. Бюджетті өкілді органның бекітуі
|
1
|
Бюджет туралы заң жобасын қарау және бекіту кезінде өкілді органның (мәслихаттың) өкілеттілігі
|
Мәслихат облыстық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
|
2
|
Бюджет жобасын өкілді органның қарау ұзақтығы
|
Жергілікті атқарушы орган облыстық бюджет жобасын облыстық мәслихатқа ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей енгiзедi. Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей облыстық мәслихат облыстық бюджетті бекітеді.
|
3
|
Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының принциптері
|
Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:
1) негізділік принципі;
2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.
2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігінің жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.
3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.
|
4
|
Ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешімді өкілді органның қабылдауы (тұрақты/тұрақсыз)
|
Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша жергілікті бюджетті ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір реттен артық емес нақтылауға жол беріледі. Облыстық бюджетті, оның атқарылуы кезінде нақтылау тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
|
4-бөлім. Бюджеттің атқарылуы, есеп пен есептілік
|
1
|
Бюджеттің жалғыз шотының немесе көптеген бюджет шоттарының болуы
|
Бiрыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігіне ұлттық валютамен ашылады. Бiрыңғай қазынашылық шотқа ақшалай нысанда бюджетке түсетін түсімдер толық көлемде аударылады. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын Қаржы министрлігі мемлекеттік мекемелерге ашады.
|
2
|
Бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын орган және ол қамтамасыз ететін бюджеттік жүйені қамтудың толықтығы
|
Жергілікті деңгеде бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қазынашылық департамент жүзеге асырады, олардың функцияларына:
- жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;
- түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу;
- мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу;
- мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша ұлттық немесе шетел валютасында төлемдер мен аударымдар жүргізу және т.б. кіреді.
|
3
|
Басқармалар деңгейінде бөлінген бюджет қаражаттардың бекітілген көлемін арттыру мүмкіндігі
|
Бюджеттік бағдарламлар әәкімшілері бюджеттік қаржы бөлудің бекітілген көлемін дербес арттыра алмайды. Облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіммен бекітілген қаржы бөлу туралы шешімді облыстың бюджет комиссиясы қабылдайды және облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімімен бекітіледі. Облыстың бюджет комиссиясының жұмыс органы облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы болып табылады.
|
4
|
Бюджеттің баптары бойынша бюджет қаражатын қайта бөлу мүмкіндігі
|
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты және бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн өзгертпейтiн өзгерiстердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына дербес енгiзуге құқылы. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қажеттi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерiнiң өзгерiстерi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган- қаржы басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгерту облыстық мәслихат арқылы жүзеге асырылады.
|
5
|
Бюджет мониторингі және нәтижелерді бағалау
|
Мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау, бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердiң уақтылы жүргiзiлмеу себептерiн анықтау, бюджет түсiмдерi мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттiң атқарылу көрсеткiштерiн тұрақты және жүйелi жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттiк мониторинг болып табылады. Бюджеттiк мониторингтi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, қаржы басқармасы және жергілікті деңгейде экономика және қаржы, қаржы бөлімдері жүзеге асырады.
Мемлекеттiк орган қызметiнiң ел немесе өңiр экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигiзетiн әсерiн кешендi және объективтi бағалау, мемлекеттiк орган қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзудi стратегиялық жоспар мен бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау негiзiнде талдау нәтижелердi бағалау болып табылады. Нәтижелердi бағалауды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Нәтижелердi бағалауды жүргiзу кезiнде үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) оларды алушыларға сауал қою негiзiнде алынған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.
|
6
|
Бюджеттің атқарылуы кезінде қолданылатын бюджеттік есеп әдісі
|
Бюджеттік есепке алу жүйесі есепке алудың кассалық әдістемесі негізінде жасалған, ол өзімен біріңғай қазынашылық шоттағы және мемлекеттік мекемелер шотындағы операциялар туралы ақшалай шамада ақпаратты тіркеу және қорытындылауды жинаудың реттелген жүйесін көрсетеді.
|
7
|
Бюджеттің атқарылуы туралы есептердің мерзімділігі
|
Бюджеттің атқарылуы туралы есептер ай сайын, тоқсан сайын және жылдың қорытындылары бойынша жасалады. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) төленген міндеттемелердің орындалуын көрсетеді.
Бюджетті атқару бойынша жергілікті өкілді органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тергеу комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілді органына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау бойынша өкілді органына облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бередi.
Бюджетті атқару бойынша жергілікті өкілді органы есептi жылдан кейiнгi 1 сәуірінен кешіктірмей әкімдікке, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілді органына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау бойынша өкілді органына облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебін бередi.
Облыс әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей есепті қаржы жылында блыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге облыстық мәслихатқа ұсынады. Мәслихат облыс әкімдігінің есепті қаржы жылында облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті мәслихаттың тергеу комиссиясынан облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті мәслихаттың тұрақты комиссияларында бір ай ішінде қарайды.
Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
|
8
|
Әкімдік бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеппен бір мезгілде заңнамалық органға ұсынатын есептік құжаттардың құрамы
|
Облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;
2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
|
5-бөлім. Мемлекеттiк қаржылық бақылау жүйесі
|
1
|
Мемлекеттiк қаржылық бақылау
|
1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектiлерiнiң бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау:
1) оны жүзеге асыратын органға байланысты iшкi және сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау;
2) бюджеттiң тиiстi деңгейiне байланысты республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейiнде жүргiзiлетiн болып бөлiнедi.
|
2
|
Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар
|
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi (Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы);
2) Облыстардың тексеру комиссиялары (жергiлiктi деңгейдегi сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асырады);
3) Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің (республикалық деңгейде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады);
4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;
5) облыстық басқармалардың ішкі бақылау қызметтері.
|
3
|
Мемлекеттiк қаржылық бақылау үлгілері мен түрлері
|
Мемлекеттiк қаржылық бақылау үлгiлері:
1) сәйкестiкке бақылау жасау (бақылау объектiсi қызметiнiң бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау);
2) қаржылық есептiлiктi бақылау (бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау);
3) тиiмдiлiктi бақылау (сәйкестiкке және қаржылық есептiлiктi бақылау негiзiнде жүргiзiлетiн бағалау, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкi нәтижелерге қол жеткiзiлуiн, мемлекеттiк және бюджеттiк бағдарламаларды және т.б. пайдалануды бағалау)
Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi:
1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
2) тақырыптық бақылау - бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау;
5) қосарлас бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кейіннен олардың нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша өз бетінше жүргізетін бақылау.
|
4
|
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуді растайтын құжаттар
|
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:
бақылау актiсi – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
бақылаудың қорытындылары туралы есеп – белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;
қаулы – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi шешімдерді қамтитын құжат;
қорытынды – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжаты;
ұсыну – анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты;
Ішкі бақылау қызметі:
ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды – жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша жасалатын, ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын құжат;
ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп – ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған, жұмыс тиімділігін арттыру, ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, мемлекеттік органның басшысына табыс етілетін құжат.
Ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері туралы есептің негізінде мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылдайтын құжаттың жобасы болып табылатын, ішкі бақылау объектісінің жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемішіліктерді жоюы, сондай-ақ ондағы ұсынымдарды орындауы үшін міндетті болатын ұсыну жобасын жасайды.
|
6-бөлім. Билік деңгейлері арасында қаржылық қарым-қатынастар
|
1
|
Қоғамдық қаржылармен басқарудың орталықсыздандырылған жүйесінің болуы; әр түрлі деңгейдегі билік органдарының өкілеттіктері
|
Облыстық және төменгі тұрған (жергілікті) деңгейлердегі бюджет процесi бюджеттің дербестігі қағидасында негізделген. Әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді және оларды жұмсау бағыттарын анықтауды, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің құқығын бюджет процесі өздігімен жүзеге асырады. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттің аудан (қалала) бюджеттерімен өзара қарым-қатынасы бюджетаралық қатынастар арқылы реттеледі.
|
2
|
Билік деңгейлері арасында салықтарды / табыстарды бөлу және тарату жүйесі
|
Салықтар/салықтық табыстарды бөлу бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша белгіленген
Облыстық бюджетке түсетін негізгі салықтық түсімдер: бөлу нормативіне сәйкес жеке табыс және әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмиссия үшін салық.
Аудандар бюджеттеріне салықтық түсімдер: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке және заңды тұлғалар мүлкіне салынатын салық жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық.
|
3
|
Бюджетаралық қатынастыр, бюджетаралық қатынастардың түрлері
|
Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.Бұл ретте бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiнiң айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында түсiмдер мен шығыстардың бiркелкi бөлiнуiне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттердi айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығына және ашықтығына негiзделген.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджеттiң, Астана және Алматын қалаларының бюджеттерiнiң арасында;
трансферттермен;
бюджеттiк кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттiк кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.
Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады (өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуі деңгейін теңестіруге және шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттің кепілді қызметтерін ұсыну үшін тең фискалды мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған).
Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге (республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде беріледі) және нысаналы даму трансферттерiне (жергілікті даму бюджеттік бағдармаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге береді) бөлiнедi.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
|
7-бөлім. Жоспарлау және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
|
1
|
Бюджеттік инвестициялар және оларды жүзеге асыру жолдары
|
Бюджеттiк инвестициялар - бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекеттің активтерін құруға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.
Бюджеттiк инвестициялар:
1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;
2) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
|
2
|
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қалыптастыру
|
Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;
2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн (негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі мен жүзеге асырылатындығын зерделеу нәтижелері туралы мәліметтер бар құжаттаманы) әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу;
3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.
Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
|
3
|
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру
|
Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
|
10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу процесі
|
1
|
Бюджеттiк кредиттеу және бюджеттік кредиттеудің шарттары
|
Бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процестi бiлдiредi. Кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн келiсiм кредиттiк шарт болып табылады. Бюджеттiк кредиттер салықтық берешектiң болмауы, қарыз алушының бюджеттік кредиттер бойынша міндеттемелерді атқаруын камтамасыз етуі, бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы жағдайында беріледі. Кредитор (бюджеттік кредит береді), бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы (бюджеттік кредит алушы, мамандандырылған ұйымдар (банктер), жергілікті атқарушы органдар, шетел мемлекеттеріғ жеке тұлғалар болуы мүмкін) және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi болып табылады. Бюджеттік кредиттер 1 жылға дейін (қысқа мерзімді) 1-5 жылға дейін (орта мерзімді), 5-30 жылға дейін (ұзақ мерзімді) беріледі. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.
|