Құрастырушы: аға оқытушы Ахметов Д. К



бет1/9
Дата11.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
#190690
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы-экономика факультеті
Экономика және менеджмент кафедрасы

050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 5В050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған

Кәсіпорын экономикасы
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

Қаржы-экономика факультетінің деканы

_______________ЭрназаровТ.Я.

20___ж. «___»_________






Құрастырушы: аға оқытушы ________________ Ахметов Д.К.

Экономика және менеджмент кафедрасы



050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 5В050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы» мамандықтарының

(мамандықтың толық атауы және шифрі)



сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған

(оқу нысаны)



Кәсіпорын экономикасы

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің толық атауы)



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ ____________ 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

____________________________________________ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ ____________ 20_ж. «_____»___________

(қолы) (аты-жөні)

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ______________ ____________ 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Кафедра меңгерушісі ______________ ____________ 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Аты-жөні ______Ахметов Динислам Кадырович_____________________

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі ___аға оқытушы____________________

_экономика және менеджмент_ кафедрасы _А_ корпусында (Ломов көш.64), __419__ аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны __67-36-43____.



2 Пән туралы мәліметтер

2.1 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысан

дары


барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

ОСӨЖ

050506 «Экономика»

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2009 түсу жылы

6

3

18

12

6

-

-

-

117

18

емтихан

5В050600 «Экономика»

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2010 түсу жылы

3

1

6

3

3

-

-

-

39

6

емтихан

050508 «Есеп және аудит»

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2008 түсу жылы

6

1

6

3

3

-

-

-

39

6

емтихан

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2009 түсу жылы

4

1

6

3

3

-

-

-

39

6

Емтихан

050509 «Қаржы»

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2008 түсу жылы

6

3

18

12

6

-

-

-

117

18

емтихан

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2009 түсу жылы

3

3

18

12

6

-

-

-

117

18

емтихан

5В050900 «Қаржы»

ОКБ негізінде сырттай оқу түрі, 2010 түсу жылы

3

3

18

12

6

-

-

-

117

18

емтихан


2.2 Пәннің мақсаты және міндеттері

Бұл пәнді беру мақсаты болып шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:


  • кәсіпорын мәнімен, оның ұлттық экономика жуйесіндегі орны мен рөлімен шаруашылық объектісі ретінде танысу;

  • нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуді ескере отырып нарықтық экономиканың агенті ретінде кәсіпорынға сипаттама беру;

  • кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

  • кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нэтижелерін оқып білу.

2.3 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді үйрену барысында студенттер мынаны игеруі керек:



  • кәсіпорын өндірістік – шаруашылық қызметінің экономикалық жағдайың талдау;

  • кәсіпорынның үйымдық және өндірістік құрылымдарын әзірлеу;

  • кәсіпорынның ортажылғы өндірістік куатын есептеу;

  • өндірістік бағдарламасың жоспарлау және бағалау;

  • күрделі жұмсалымдардың құрылымың есептеу және олардың тиімділігін бағалау;

  • айналым қаражаттарының нормативтарың есептеу және өндірістік босалқы қорының ең төмен мөлшерін бағалау;

  • өндірістік ресурстарың тиімді пайдалану;

  • жұмыс уақытының балансың, өндірістік бағдарламаға жұмсалған еңбегің жоспарлау;

  • пайда нормасың, өнімнің табыстылығың,өндірістің табыстылығың капиталдың табыстылығың есептеу;

  • өндірістік – шаруашылық қызметінің қаржы жоспарың құрастыру.

Пәнді үйрену барысында студенттер мына дағдыларды игеруі керек:

  • ақпаратпен жұмыс істеу;

  • іскерлік қарым-қатнас;

  • шешім қабылдау;

  • қысқаша есеп беру;

  • презентация өткізу.


2.4 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: Экономикалық теория; Микроэкономика; Менеджмент; Маркетинг.


2.5 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Бизнес жоспарлау; Кәсіпкерлік; Фирмаішілік жоспарлау.




3 Тақырыптық жоспар

3.1 050506 «Экономика», 050509 «Қаржы», 5В050900 «Қаржы» мамандықтарының пән тақырыптық жоспары, сырттай оқу түрі, орта кәсіби білім беру негізінде, түскен жылы 2008, 2009, 2010



№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс

тер


практикалық (сем)

зертханалық

студия лық

жеке

СӨЖ

1 БӨЛІМ Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның жүйесі

1

Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

0,5

0,5










10

2

Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

0,5













10

3

Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

0,5

0,5










10

2 БӨЛІМ Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігi

4

Кәсіпорынның негізгі капиталы

1

1










11

5

Шикізат, материалдық және отын –энергетикалық ресурстар

0,5

0,5










10

6

Кәсіпорынның айналым капиталы

1

0,5










11

7

Еңбек ресурстары

1

0,5










10

3 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі

8

Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

1

0,5










10

9

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

1

0,5










10

10

Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

1

0,5










5

11

Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

1

0,5










5

12

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

1













5

4 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі

13

Табыс және өндіріс рентабелділігі

1

0,5










5

14

Кәсіпорын қаржысы

1













5

Барлығы

12

6

-

-

-

117

3.2 050508 «Есеп және аудит», 5В050600 «Экономика» мамандықтарының пән тақырыптық жоспары, сырттай оқу түрі, орта кәсіби білім беру негізінде, түскен жылы 2008, 2009, 2010



№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс

тер


практикалық (сем)

зертханалық

студия лық

жеке

СӨЖ

1 БӨЛІМ Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның жүйесі

1

Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
















3

2

Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
















3

3

Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

0,5













3

2 БӨЛІМ Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігi

4

Кәсіпорынның негізгі капиталы

0,5

0,5










4

5

Шикізат, материалдық және отын –энергетикалық ресурстар

0,5













3

6

Кәсіпорынның айналым капиталы

0,5













3

7

Еңбек ресурстары

0,5













3

3 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі

8

Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

0,5













4

9

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты




0,5










3

10

Өнімді өткізу және өндіріс шығындары




0,5










2

11

Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі




0,5










2

12

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету




0,5










2

4 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі

13

Табыс және өндіріс рентабелділігі




0,5










2

14

Кәсіпорын қаржысы
















2

Барлығы

3

3

-

-

-

39


4 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Кәсіпорын экономиканың негізгі бастапқы буыны болып табылады, және кәсіпорын экономиканың негіздерін білу - білікті нысандарды дайындаудың міндетті шарты.

Бұл курсты оқу барысында Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту мен әртараптандыруды ескере отырып студенттерді қалыптасқан қүқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортада кәсіпорынның қызмет етуінің жаңа механизмінің білімімен студенттерді қаруландыру мүмкіндігін береді.


5 Курстың компоненттері
Дәріс сабақтарының тізімі
1 БӨЛІМ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҮЙЕСІ
1 тақырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы. Салалар жіктелуі. Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдық саясаты: ұзақ мерзімді басым бағыттары және іске асыру стратегиясы. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өнеркәсіптің рөлі. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасынын индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттары.

Нарықтың мәні және негізгі категориялары. Нарық түрлері, олардың ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және қайықшылықтары. Нарықтар құрылымы.

Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері. Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайындағы Қазақстандагы нарық инфра-құрылымын дамыту.

Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Дамыған мемлекеттердегі жоспарлаудың тәжірибесі (индикативті, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар, болжаулар). Экономиканы әлеуметтік-экономикалық жаңарту жағдайында мемлекеттің рөлі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері: салықтар, бағалар, еңбек ақы, импортты және экспортты лицензиялау, кеден ережелері, қаржы және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат.

Қазақстан Республиканы индустриялық-инновациялық дамыту жағдайында өндіріс факторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекеттік реттеудің шаралары. Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы басқару органдарының құрылымы және олардың функциялары.

Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.
2 тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және кұқықтары. Әр турлі белгілері және меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Кәсіпорындардың жаңа түрлері - халықтық кәсіпорыңдар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар. Кәсіпорын құрылымы. Кәсіпорындар бірлестіктері.

Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару.


3 тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне көрсеткіштер жүйесі. Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштері. Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Қаржы тұрақтылық көрсеткіштері. Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған варианттардың дербес жағдайлары. Ілесетін салаларда тиімділік пен капитал салымдарды есепке алу. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы (көрсеткіштерді дисконттау) уақыт факторын есептеу әрдістері. Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы деген көрсеткіштерін сипаттау. Варианттарды салыстырудағы сапалық талдау. Кәсіпорындар қызметінің тиімділікті бағалау экологиялық аспектілері.
2 БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГI
4 тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Ұдайы өндірістің нысандары және негізгі капиталды жетілдіру.

Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген (кумулятивті, қалдық құнын азайту). Нарықтық қатынастар қалыптасу кезіндегі Қазақстан Республикадағы амортизациялық саясат.

Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсеке қабілеттілігін арттыру шаралары.

Кәсіпорынның тіркелген активтер. Кәсіпорының материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.


5 тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.

Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешенді дамыту.

Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту. Шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісін дамыту. Қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тиімділігін көтеруді ескере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары.

Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды басқару. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру.

Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау әдістері, көрсеткіштері, факторлары және мәні.
6 тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталы
Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері.

Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні.

Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған өндіріс және дайын өнімді қалыптастыру үшін. Айналым қорларды пайдалануды бағалау. Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу.

Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.



7 тақырып. Еңбек ресурстары
Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және енбек қауіпсіздігін қорғау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау. Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұймдастырушылық мінез-құлықтың мәні және маңызы. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері. Еңбек өнімділік резервтері және факторлары.
3 БӨЛІМ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
8 тақырып. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу
Еңбек мотивацияның формалары және мәні. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні. Әлеуметтік әріптестіктің дамуы: генералдық (бас), салалық және тарифтік келісімдер, ұжымдық келісім.

Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу. Міндетті әлеуметтік сақтандыру. Әлеуметтік салықты есептеу әдістемесі. Жеке табыс салықтың сипаттамасы.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі. Кәсіпорынның пайдасымен зиянда қатысу жүйесі. Кәсіпорынның капиталында қатысу жүйесі.
9 тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты
Нарық және инвестициялық процесс. Инвестициялар: мәні мен түрлері.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы, оның мақсаты, мазмұны және іскеру шаралары. Мемлекеттік даму институттар. Қазақстанның инвестициялық қоры. Қазақстанның Даму Банкісі. Инновациялық қор. Экспортты сақтандыру корпорациясы. Инвестициялық қорлар.

Инвестицияларды талдау бағыттары. Жобалық талдаудың тұжырымдамасы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі. Басшылық инвестициялық ұсыныстар көрсеткіштері. Инвестициялардың экономикалық тиіміділігін анықтау әдістемесі.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері.

Қаржы инвестициялар. Лизинг - өндірістік инвестициялау құралы.

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты. Инновация (жаңашылықтар): табиғатының циклділігі және жайылуы. Жаңашылықтарды басқару және инвестициялау.

Кәсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері.

Инновациялық жобалардың портфелін калыптасу, мәні, қағидалары және бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.
10 тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары.
Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы. Кезең шығындарға және статьялар бойынша өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар.

Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өндіріс және тиімді өткізу шығындарды есепке алу әдістері. Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырмалық әдістері. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.

Қосымша шығындар, олардың құрамы және бөлу белгілері. Қосымша шығындарды бөлу әдістемесі. Өндіріс шығындарын толықтаудағы шет елдер тәжірибесі. Өнімнің өзіндік құнын азайтуының мәні, көздері және факторлары.
11 тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары. Маркетингтің өндірісті ұйымдастыруға және кәсіпорынның негізгі функцияларына әсер етуі.

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың әдістемелік негіздері. Кәсіпорынның жоспарлар құрылымы. Ішкі өндірістік жоспарлау. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу. Өндірістік бағдарламаны жасау үшін оның нарықтық-ресурстық тәсілі. Кәсіпорын дамуының циклділігін ескере отырып өндірістік бағдарламасын жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау әдістемесі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

12 тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне жетуге әсері.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Өнімді стандартқа келтіру. Өнімді сертификациялау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсудегі бағаның рөлі. Өнімнің, жүмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
4 БӨЛІМ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕСІ
13 тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі
Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстар түрлері. Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша салық салу табысты анықтау кезінде шегерулердің сипаттамасы. Корпоративті табыстық салықты анықтаудың жалпы ережелері. Корпоративті табыстық салықты анықтау кезіндегі салық салу табысты анықтау әдістемесі. Қосымша құн салықты және басқа салықтарды есептеудің жалпы ережелері.

Кәсіпорында табысты арттыру резервтері.

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде. Рентабелділік деңгейін көтеру жолдары.


14 тақырып. Кәсіпорын қаржысы
Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар нысандары. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары. Қаржы механизмі: құрамдық элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі. Кәсіпорындарда салық салу: мәні, түрлері және қағидалары.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржы жоспарлау. Кәсіпорыңдағы қаржы ресурстарды қалыптасу көздері. Заемды қаржыларды алу әдістері. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 Тақырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оның мемлекеттік реттеу.

Сабақтың мақсаты мен мазмұны: ҚР экономикасының даму бағыттарын анықтау және мемлекеттік реттеу құралдарын зерделеу.

Сабақты өткізу әдістері: дискуссия, экономикалық мәселелерді интерактив талқылау, баяндама жасау, рефераттарды қорғау.

Тәжірибелік сабақтың сұрақтары:

-Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы. Салалар жіктелуі.

- Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан

Республикасының мемлекеттік құрылымдық саясаты: ұзақ мерзімді басым бағыттары және іске асыру стратегиясы.

- Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өнеркәсіптің рөлі.

- Нарықтың мәні және негізгі категориялары. Нарық түрлері, олардың

ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және қайықшылықтары. Нарықтар қүрылымы.

- Экономиканы әлеуметтік-экономикалық жаңарту жағдайында

мемлекеттің рөлі.

- Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері.
2 тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Сабақтың мақсаты мен мазмұны: кәсіпорынның басты тапсырмаларының анықтамасы шаруашылық субъектісінің өзіндік кәсіпорын туралы түсініктерін алу.

Сабақты өткізу әдістері: тәжірибелік сабақты мақсатты түрде есептер шығару мен тыңдау және берілген тақырыптар бойынша рефераттарды талқылау түрінде өткізу. Тақырыптар студенттердің оқытушымен бірге келісіліп таңдалады.

Рефераттарға ұсынылған тақырыптар:

- өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындарды қолдау және дамыту;

- банкроттың белгілері мен түсініктері;

- кәсіпорынның банкротын хабарлау процедурасы;

- банкрот пен дағдарыс кезіндегі кәсіпорынның реструктуризациясы мен басқарылуы;

- санация, кәсіпорынның жойылуы мен құрылуы;

- өнім мен тауардың экономикалық бәсекелестік мәні;

- бәсекелестіктің аса дамыған ерекшеліктері.

1 Тапсырма

Екі кәсіпорынның шағын бизнесінің қызметін келесі көрсеткіштер бойынша салыстырыңдар:



1 кәсіпорын

1 Өндіріс көлемі – 2000+50н;

2 Өнім бірлігінің орташа бағасы – 100+н;

3 Өнім бірлігі өндірісіне шығындар – 75+н;

4 Негізгі өндірістік қорлар құны – 350000+100н;

5 Инвестициялар – 150000+100н.


2 кәсіпорын

1 Өндіріс көлемі – 2500+50н;

2 Өнім бірлігінің орташа бағасы – 110+н;

3 Өнім бірлігі өндірісіне шығындар – 70+н;

4 Негізгі өндірістік қорлар құны – 420000+100н;

5 Инвестициялар – 180000+100н.

Есептеңіз:

- кәсіпорын пайдасын;

- кәсіпорын рентабельділігін;

- өнім рентабельділігін;

- инвестициялардың қайтарылым мерзімін;

- қор қайтарымын;

- қор сыйымдылығын.

2Тапсырма

Кәсіпорын өндіріске 13 000 000 теңге салды. Шығындар 10 000 000 теңгені құрайды. Сонымен бірге бұл қаражатты банкке жылына 12%-дық депозит шотына салу мүмкіндігі болды. Баламалы нұсқаларға талдау жасаңыз.



3Тапсырма

Нарық сыйымдылығын анықтаңыз. Өнеркәсіп тауарлары нарығында өнімнің келесі номенклатурасы берілген: А бұйымын үш сатушы сатады, Б бұйымын екі сатушы, В бұйымын төрт сатушы сатады. Бұйым бағасы: ЦА – 50 т., ЦБ – 80 т., ЦВ – 120 т. Нарықтағы апталық қор: QA1 – 2000 бұйым, QA2 – 1800 бұйым, QA3 – 600 бұйым, 1 – 900 бұйым, 2 – 800 бұйым, 1 – 300 бұйым, 2 – 400 бұйым, 3 – 600 бұйым, 4 – 1000 бұйым.



Әдістемелік нұсқау

А бұйымы бойынша нарық сыйымдылығы тең 220 мың т. [50(2000+1800+600)]; Б – 136 мың т. [80(900+800)]; В – 276 мың т. [120(300+400+600+1000)].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет