Керей- қазақтын алғашқы ханы. Әбілқайыр тұсындағы өзбектің ұлысындағы алауыздықтан бөлініп шығып, Жетісу батысына қоныстанған ру-тайпалар 1458 жылдың көктемінде өздеріне басшы болған екі сұлтанның бірі Керейді ақ-киізге отырғызып, хан көтереді.
Керей хан – қазақ хандығын 1458 жылдан бастап билеген. Шыңғыс ханның ұрпағы. Түбі: - Орысхан - Тоқтақия - Болат сұлтан - Керей болып тарайды. Тарихшылар Керей 10 жылдай хандық құрды деген тұспал айтады. Демек қазақтың тұнғыш ханы 1465-1466 жылдар шамасында көз жұмған. Керей ханның Бұрындық, Қожа Мұхамед, Сұлтанәлі деген үш ұлы болған. Олардың арасында тарих бетінде жақсы сақталғаны Бұрындық. Ол да қазақ хандығының әміршісі болған.