Явка руководителей обязательна.
18.09.07г.
«Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы» «ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫ –УРОКИ КААХСКОГО ЯЗЫКА» атты бюллетень (журнал) дайындап шығарып отыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты «Тілдерді оқыту жөніндегі облыстық орталығы» облыс мектептерінің қазақ тілі пәні мұғалімдерінің өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту, үйрету мәселелеріне байланысты сындарлы кеңестер, өзекті ойлар, құнды ғылыми зерттеулер, тиімді сабақ үлгілерін ұсынуларын өтінеді.
18.09.07г.
Облыстық білім департаменті 2007 жылғы 28-29 қыркүйекте «Ана тілі сұлтаны» байқауын өткізеді. Байқауға 17-23 жас аралығындағы мектеп, кәсіптік мектеп (лицей) және колледж оқушылары қатыса алады.
оқу орындары басшылары өздері басқаратын білім мекемелерінде алдын-ала жүлдегерлерді іріктеу сайыстарын өткізіп, облыстық байқауға қатысушы туралы ұсыныстарын 2007 жылдың 20 қыркүйегіне дейін облыстық білім департаментіне жіберілуі тиіс.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Алматы қаласында 1-9 қараша аралығында өтетін байқаудың республикалық турына жолдама алады.
Осы қатынас негізінде ұсыныстарыңыз болса, қалалық білім бөліміне қыркүйектің 20-сына дейін тапсыруларыңыз сұралады.