ЖҰМА КҮНІНІҢ ӘДЕПТЕРІ
Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса Аллаһ оның сауабын арттырып , күніларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жеткен бір хадисте былай делінген :
Күндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады .
/Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен ./
Ибн Аббастан келген хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) осы жұма күні туралы былай деп айтқан :
Расында бұл күн Аллаһтың мұсылмандар үшін мейрам еткен күні . Сендерден біреу жұмаға келетін болса ғұсылдансын ( толық жуынсын ) . Және кімде иіс су бар болса себінсін . Әрі мисуакпен¹ тістеріңді тазалаңдар .
/ Ибн Мажа риуаят еткен . Албани хасан хаддистерден деген /
Абу Һурайрадан келген сахих хадистердің бірінде жұма күнінің фазилеті мен артықшылығы жайында былай делінген :
Кім ғұсылданып жұма намазына барса . Әрі өзіне бұйырған нәпіл намазын оқыса . Одан соң имамның құтпасын ақырына дейін мұқият тыңдаса . Кейін онымен бірге намаз оқыса , онда ол үлкен күнәларға ұрынбаған болса осы жұма келесі жұма арасындағы кәші күнілары кешіріледі . Және оған қосымша үш күн . ( Яғни , жалпы он күндік күнәлары кешіріледі )
/ Муслим риуаят еткен /
Және Абу Һурайрадан риуаят етілген шарапатты хадистердің бірінде :
Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде со сәтке тұс келіп бір жақсылықты сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді , - делінген .
/ Муслим риуаят еткен /
Ал , енді төменде мұсылманға істеуі абзал болған жұма күнінің кейбір әдептерін келтіреміз .
1.Сол жұма күнінің таң намазының парызында «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқу .
Бұл әдепке Ибн Аббастан келген мына хадис дәлел болады . Ол хадисте :
Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жұма күнінің таң намазында «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқитын – делінген .
/ Муслим риуаят еткен /
1. Мисуак – дегеніміз арак деп аталатын ағаштан алынатын , тіс тазалау үшін қолданылатын бүтақша . Онымен тіс тазалау сүннет амалдарына жатады .
2. Жұманың күндізі мен кешінде Пайғамбарға ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) салауатты көп айту .
Бұл әдепке мына хадис дәлел :
Жұманың күндіші мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер .
/ Байһақи риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /
3. « Кәһф » сүресін оқу .
Бұл әдепке мына хадис дәлел :
Кім жұма күні « Кәһф » сүресін оқыса , онда оған екі жұма арасына нұр болады .
/ Абу Сағидтан Әл-Хаким мен байһақи риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /
4. Жұманың күнін арнайы оразамен , ал түнін арнайы намазбен ерекшелемеу керек .
Бұл әдепке Абу Һурайрадан келген мына хадис дәлел . Ол кісі Пайғамабардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
Сендердің ешбірің жұма күнінің алдынан , не соңынан бір күнді қоспай , жалғыз ғана жұма күні ораза тұтпасын – дегенін естідім дейді .
/ Бухари мен Муслим риуаят еткен /
Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
Жұманың түнін басқа түндерден арнайы намаз оқып ерекшелемеңдер деген – деп айтқан .
/ Муслим риуаят еткен /
5. Жұманамазына дайындық жасау .
Оған төмендегі істер жатады :
-
Ғұсылдану
-
Иіс сулармен жұпарлану
-
Мисуакпен тіс тазалау
-
Жұма намазына ертерек шығу
-
Ең жақсы , таза киімдерін киу
-
Сүннеттегі денеге қатысты тазалықтарды атқару ( тырнақ алу , қолтық пен әурет түктерін кетіру сияқты )
-
Сүннет бойынша жұмаға жаяу бару
Бұл істерге дәлел болатын көптеген хадистер бар . Олардың кейбірін келтіріп өтеміз. Пайғамбарымыз( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) былай деген :
Қайсы бір адам жұма күні ғұсылданып , шамасы келгенше тазаланса , және үйіндегі жұпарлы майлардан немесе хош иісті сулардан қолданса . Кейін мешітке шығып , мешіттегі жақын отырған екі адамның арасына қыстырылыспай ( яғни , өзгелерге кедергі болмай бос орын тауып жайғасу ) , өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса . Одан кейін имам сөйлеген уақытта оны мұқият тыңдаса , онда бұл жұма мен келесі жұма арасындағы күнәлары кешірілді .
/ Салман Фарсиден Бухари риуаят еткен /
Аус ибн Аус деген сахаба Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
Кім әйеліне ғұсыл алдырып¹ және өзі де ғұсылданса . Кейін жұмаға ертелеп шықса . Және көлікке мінбей жайау барса . Әрі имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен айналыспаса , онда ол мешітке дейінгі әрбір басқан қадамы үшін бір жылдың оразасы мен намазының сауабына жетеді –дегенін хабарлаған . / Абу дауд , Тирмизи , Нисаий , Ибн Мажа және имам Ахмадтар риуаят еткен . Албани сахих хадис деген /
Және Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
Егер жұма күні болса , мешіттің әрбір есігінде періштелер тұрып , әрбәр келушәлерді бірінен соң бірін жазып отырады . Ал , имам мінберге шығып отырса , олар парақтарын орап қояды да , өздері де зікір тыңдау үшін келеді . Және жұмаға алғашқы болып келушінің мысалы бір түйені құрбандық еткен адаммен тең . Одан кейінгі келушінің мысалы сиырды құрбандық еткенмен тең . Ал , одан кейінгісінің мысалы қошқарды құрбан еткендей . Ал , одан кейінгі келуші тауықты құрбан еткендей болады . Ал , одан кейінгі келуші жұмыртқаны құрбан еткенмен тең болады – деген .
/ Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен /
Сахаба Абу Һурайра айтады :
Пыйғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жұма күні намазға шығардан бұрын тырнағын алып , мұртын қысқыртатын .
/ Баззар , Табарани , Байһақилер риуаят еткен /
6 . Мешітке жұма намазы үшін жүрісінде асықпастан , аптықпастан бару .
Негізінде әрбір намаз үшін мешітке асықпай , аптықпай бару шариғаттың үйрететін әдептерінен . Бұл әдепке Абу Қатададан келген мына хадис дәлел болады :
Біз бірде Пайғамбармен( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) бірге намаз оқып жатқанымызда , бір кісілерді ң асығыс тапырлап келген дауыстары естілді . Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) намазын бітіргеннен кейін :
-
Сендерге не болды ? – деп сұрады . Олар :
-
Біз намазға асыққан едік – деді . Сонда Пайғамбар ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
-
Ендігіде олай істемеңдер . Егер намазға келген болсаңдар асығып , аптықпаңдар . Намаздан үлгерген ракағаттарыңды оқып , үлгермеген ракағаттарыңды толықтырып бітіріңдер – деді .
/ Бухари , Муслимдер риуаят еткен /
7. Азаншының намазға шақыруын естіген уақытта оған жауап беріп . сауда –саттық тағы сол сияқты дүние істерімен болған байланысты тоқтату .
Оған Құраннан мына аят дәлел :
Ей , иман кетіргендер ! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде , дереу Аллаһты еске алуға ( намазға ) ұмтылыңдар . Және сауданы қойыңдар . Егер білген болсаңдар сол нәрсе сендер үшін жақсы .
/ Жұма : 9 /
8. Тахиятул масжид намазын оқу . ( Яғни , мешітке сәлем намазы ) .
1. Яғни , кім өз әйелімен жыныстық қарым – қатынасқа түсіп , оның ғұсылдануына да себеп болса .
Бұл намаз мешітке имам құтпа айтып жатқан кезде кірсе де оқылғаны жөн . Өйткені Жабир Ибн Абдуллаһ атты сахаба былай деген :
- Жұма күні Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мінбер үстінде құтпа айтып тұрғанда Ғатафандық Сулейк деген кісі келді де , мешітк сәлем намазын оқымастан бұрын отырған еді . Сонда Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) оған :
- Екі ракағат намазды оқыдың ба ?-деді . Ол кісі :
- Жоқ – деп еді , оған :
- Тұр да ол екеуін оқып ал – деді . Кейін Пайғамбар ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) адамдарға бет бұрды да :
- Егер сендерден біреуің имам құтпа айтып жатқан тұста келген болса , қысқартып екі ракағат оқысын – деп айтты .
/Муслим мен Абу Даудтер риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /
9 . Жұма намазын оқыр алдын , мешітке сәлем намазын оқығаннан кейін , Аллаһтың разылығын тауып , Оған жақындау үшін қалағанша нәпіл намаздарын оқу .
Бұл әдепке жоғарыдағы Бухаридің Салман Фарсиден келтірген Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « ... өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса ... » - деген сөзі дәлел болады .
10. Имам мінберге шыққанша Аллаһты зікір ету , Құран оқу сияқты істермен шұғылдану .
11. Жұма намазына келгенде адамдардың үстінен аттап , немесе жақын отырған екі адамның арасына қыстырылысып , немесе біреуді орнынан тұрғызып оның орнына отыру сияқты істерден сақ болу .
Оған дәлел Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) құтпа кезінде алдынғы жаққа өту үшін адамдардың үстінен аттап бара жатқан кісіге : « Отыр босқаларға зиян келтірдің ғой »-деген сөзі .
/ Абу Дауд риуаят еткен . Албани сахих хадистердің қатарынан деген /
Және бұған тағы бір дәлел жоғарыда Бухаридің риуаятында келген , Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « Жақын отырған екі адамның ортасына қыстырылыспай »- деген сөзі .
Сонымен қатар бұл әдепке мына бір хадис те дәлел болады :
Сендердің ешбірің жұма күні бауырын орнынан тұрғызып , кейін оның орнына отырып алмасын . Бірақ :« Орын ашыңдар » деп айтыңдар .
/ Бухари , Муслим риуаят еткен /
Адамдардың үстінен аттап өту мәселесіне қарай имам Шафиғи былай деген :
- Намаз оқитын орынға жету үшін өзге жолды таба алмаған адамнан басқаға , адамдардың үстінен аттап жүруі мәкруһ .
Және Ибн Хажар :
- Ләжсіз жағдайда адамдардың үстінен аттап өтуге рұқсат етілген кісілердің қатарына ; имам , алдындағы сапты жалғастырушы , не саптың үзілген жерін толықтырушы , яғни алдындағы адамдар оны істемесе , және өз орнынан зәру бір жағдаймен шығып кетіп , сол өз орнына қайтқысы келген адам .
/ Итхафул Қори кітабы . Жұма бабы . 485 – бет /
12 . Құтпа айтылып жатқан кезде , мүмкіндігінше имамға жақын отырып , бос сөздер мен бекер істермен айналыспай құтпаға мұқият құлақ салу .
Бұл әдепке жоғарыдағы Аус Ибн Аус деген сахабадан келген хадистегі Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мына сөзі дәлел :
- ... Әрі Имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен айналыспаса ... – деген сөзі .
Төмендегі екі хадис те осы әдепке дәлел болады :
- Егер жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде қасыңдағы жолдасыңа ; « құтпаға құлақ сал » деп айтсан , бос айтқанмен тең боласың .
/ Абу Һурайрадан Бухари мен Муслимдер риуаят еткен /
- Кім дәретін жақсылап алып , жұмаға келіп имамның сөзіне мұқият құлақ салып тыңдаса , онда оның екі жұма арасындағы күнәлары кешіріледі . Оған қосымша үш күндік күнәлары тағы кешіріледі . ( Яғни , он күндік күнәлары кешіріледі , егер ол адам үлкен күнәларға ұрынбаған
болса ) . Және кім құтпа кезінде таспен ойнаса¹ , онда ол бос іспен айналысқан болып есептелінеді .
/ Абу Һурайрадан Муслим мен Абу Дауд келтірген /
13. Құтпа кезінде тізені құшақтап отыру макрух .
Муғаз Ибн Анас әкесінен мына хадисті келтіреді :
Пайғамамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде тізені құшақтап отырудан тиған .
/ Тирмизи , Ибн Мажа , Ал-Хакимдер риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /
Бұл хадиске байланысты Имам Хаттаби былай деген :
- Тізені құшақтап отырудың тиым етілуінің себептері ; бұл отырыс ұйқыны шақырыды , әрі дәреттің бұзылуына да себеп болуы мүмкін . Сонымен қатар әуреттің ашылып қалуы² да ықтимал .
/ Тухфатул Ахуази Сунан Тирмизидің шархы /
14 . Жұма күніндегі дұғаның қабыл болатын сәтіне тұс келу мақсатында ол уақыттарды дұғалармен , зікірлермен толықтырып өткізіп алмауға тырысу .
Абу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) былай деп айтқан сөзі бар :
- Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде сол сәтке тұс келіп Аллаһтан бір қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді .Әрі ол кісі сол сәттің аз ғана уақыт екенін қолымен ишарат етіп етіп көрсетті .
/ Бухари , Муслим риуаяттарынан /
1. Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) кезінде адамдар кілем , жайнамаз төсеместен жәй жердің үстіне намаз оқи беретін . Сондықтан қазіргі уақытта таспен ойнау сияқты істердің қатарына кілем , қаламсап , телефон сияқты т.б. заттармен де ойнау кіре береді .
2. Бұл сөз сол кездегі араптардың киетін киіміне байланысты айтылған . Олар ол тұста ұзынша бір көйлекті киетін . Сондықтан кей жағдайда тізені көтеріп отырса , сандарының көрініп қалуына себеп болатын .
Ғұламалар осы сәттің уақытын белгілеуде бірнеше пікілер айтқан . Сол пікіртердің ішіндегі дәлелә күштірегі мына бір екі мезгіл .
Бірінші мезгіл : Ол сәт имамның мінберге отырғанынан бастап парыз намазынан босағанға дейінгі аралық .Бұл мезгілге дәлел ретінде мына хадис келтірілген :
Абдуллаһ Ибн Омар бір күні Абу Муса Ал-Ашғаридің ұлы Абу Бардадан : « Сен әкеңнен жұма күнгі сәт туралы бір нәрсе естідің бе ? » – деп сұрайды . Сонда Абу Барда : «Иә , мен оның былай дегенін естіген едім . Әкем маған Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :« Осы сәт имам құтпа үшін мінберге отырғаннан бастап намаз біткенге дейінгі аралық » - деген сөзін айтқан деді .
/ Бухари риуаят еткен /
Екінші мезгіл : Ол мезгіл Аср намазынан күн батқанға дейінгі аралық . Оның дәлелі Абдуллаһ Ибн Саламаның сөзі .Ол кісі :
-Мен Пайғамбарымызға ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) « Біздің кітабымызда ( Яғни , Тауратта . Ол әуелде яһуди дінінде болған . Кейін исламды қабылдаған ) жұма күні бір сағат бар екені айтылған . Иманды пенде намаз оқып , бір нәрсе сұраған кезінде
сол сәтке тап келсе ,Аллаһ Тағала оның қажетін орындайды » делінген деген едім , Аллаһтың елшісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) қолымен бір сағаттан да азырақ деп ишарат етіп көрсетті . Сол кезде мен « Иә , дұрыс айтасыз , Аллаһтың елшісі ! Бір сағаттан да азырақ »- дедім . Кейін «Тауратта айтылған сол сәт қай мезгіл ?» деп сұрадым . Аллаһтың елшісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) : « Күннің күндізгі уақытының ең соңғы мезгілі » - деді . Сол кезде мен : «Ол кез намаздың уақыты емес қой»- дегенімде , ол кісі: «Иә -деді де – егер иман келтірген құл намаз оқып болғаннан кейін , намаз үшін отырса ( яғни , келесі намаздың уақытын күтіп ) , ол намаз хәлінде болып есептеледі»- деді .
/ Ахмад және Ибн Мажа риуаят еткен /
Әдептердің соңында айта кететініміз , мұсылман пенде жұма намазына бекем болып , одан себепсіз қалудан сақтануы қажет . Себебі Дамарилік Абу Жағдтан келген хадисте :
Кім себепсіз немқұрайдылықпен үш жұманы қалдырса , Аллаһ оның жүрегін мөрлеп қояды – делінген .
/ Абу Дауд риуаят еткен . Албани хасан , сахих хадистерден деген /
Яғни жүрекке мөр басылса жүрек қатайып , ізгі істер мен уағыз –насихат , дұға , зікірлерден болатын пайдалы әсерлер мен ләзаттардан махрұм қалады .
Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға тән . Және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Пайғамбарымыз Мухаммедке болсын !
Достарыңызбен бөлісу: |