Кіші қанайналым шеңберіндегі қанайналымының (перфузияның) бұзылысы
Өкпе қанайналымы мына жағдайларда төмендеуі мүмкін:
оң қарыншаның жиырылу қызметінің әлсіреуі;
жүректің сол бөлігінің жеткіліксіздігі және өкпеде қан іркілуі;
туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, өкпе артериясының тарылуы);
қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі (сілейме,коллапс);
өкпе артерияларында қан қатпасының (тромб) құрылуы немесе эмбол тұрып қалуы.
Шығу тегі бойынша мынадай түрлерін ажыратады
Алғашқы, идиопатиялық өкпелік гипертензия
Салдарлық
гиперкинездік (өкпе ішілік қосылымдық, қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы)
бітелулік (өкпенің обструкциялық және рестрикциялық аурулары, өкпелік артериит)
обструкциялық (өкпе артериясының эмболиясы, тромбозы)
вазоконстрикциялық (ұяшықтық гипоксия, гиперкапния, ацидоз, қантамыры межеқуатының эндотелий-тәуелді реттелуінің бұзылысы және эндотелин сөлденісінің , нитроксидтің (NO)
Патогенезі бойынша өкпелік гипертензияны қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық және аралас деп бөледі.
1. Қылтамыралдылық гипертензия. Артериолар мен қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен сипатталады (систолалық қысымның 30 мм с.б.б. және диастолалық қысымның 12 мм.с.б.б. жоғарылауы).
Ең жиі себептері.
Артериола қабырғасының тарылуы (мәселен, жан – дүниелік күйзеліс, өкпе қантамырларының эмболиясы, феохромоцитомада катехоламиндердің артық шығарылуы, ацидоз, дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының қауырт төмендеуі). Гипоксия вазоконстрикцияның күшті жайты болып табылады (вазоконстрикцияның негізгі дәнекерлері: катехоламиндер, эндотелин, тромбоксан А2).
Өкпенің майда қантамырларының бітелуі (мәселен, микротромбтармен, эмболдармен, гиперплазияланған эндотелиймен).
Өкпе ұяшықтарының қысылуы (мысалы, өспемен, ұлғайған лимфалық түйіндермен, жөтелдің жедел ұстамасы кезінде бронхтар мен өкпе ұяшықтарында жоғарылаған ауа қысымынан).
2. Қылтамырсоңғылық гипертензия. Қантамырларынан қанның сол жүрекшеге ағып кетуі бұзылуымен және артериялық қанның өкпеде жиналуымен сипатталады.
Ең жиі себептері: қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы (мысалы, эндокардит нәтижесінде), өкпе көктамырларының қысылуы (мысалы,ұлғайған лимфалық түйіндері немесе өспемен), сол қарынша бұлшықетінің жиырылғыштық қызметінің әлсіреуі - сол қарыншалық жеткіліксіздік (мәселен, миокард инфаркты, гипертониялық ауру, миокардиодистрофия).
3. Өкпе гипертензиясының аралас түрі. Жиі қылтамыралдылық немесе қылтамырсоңғылық гипертензияның асқынуы және үдеуі салдарынан дамиды. Мысалы, өкпе көктамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің қиындауы (қылтамырсоңғылық гипертензияға тән) рефлекстік түрде өкпе артериолалары саңлауының тарылуына алып келеді (Китаев рефлексі, қылтамыралдылық гипертензияға тән).
Көріністері: сол қарыншалық немесе/және оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінің көріністері (көктамырларда қанның іркілуі, ісіну, іш шемені және т.б.), ӨТС төмендеуі, гипоксемия және гиперкапния, ацидоз (тыныстық, созылмалы ағымында — аралас).
Өкпелік гипотензия кіші қанайналымы шеңбері қантамырларында тұрақты түрде қан қысымы төмендеуімен сипатталады. Ең жиі кездесетін себептері:
• Жүрек ақауларында қанның «оңнан‑солға» қосылуынан. Осы кезде веналық қан артериялық жүйеге “лақтырылады” (мысалы, Фалло тетрадасында өкпе артериясы қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде).
• Әртүрлі себептерден дамыған гиповолемия (мысалы, ұзақ іш өту кезінде, сілеймелік жағдайларда, созылмалы қан жоғалту нәтижесінде).
• Жүйелік артериялық гипотензия (мысалы, коллапс немесе кома кезінде).
Достарыңызбен бөлісу: |