С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Суреттер, репродукциялар, слайдттарды, диафильмдерді, видеофильмдерді және басқада көрнекі құралдарын демонстрациялау (көрсету)



бет121/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Суреттер, репродукциялар, слайдттарды, диафильмдерді, видеофильмдерді және басқада көрнекі құралдарын демонстрациялау (көрсету) – мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы бір қатар дидактикалық мақсаттарды шешетін маңызды әдіс. Көрнекі құралдар балаға таныс және таныс емес заттардың бейнесін береді. Суреттер, сызбалар

көмегіменбалалардастатикалықкөрнекібейнелер


қалыптасады.Оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) динамикалық көрнекі бейнелерді жасауға пайдаланады.


Суретте (сонымен бірге ОТҚ арқылы көрсетілген) затты, оның құрамдас бөліктерін, бала өмірде кейде байқамайтын қасиеттерін анықтап көруіге болады. Осының арқасында қоршаған әлем туралы түсініктерді анықтау, кеңейту, тереңдету жүзеге асырылады.





264

Сонымен қатар, осылар арқылы байқағыштықты, ой процестерін (салыстыру, ажырату, жалпылау, талдау), сөз қорын кеңейту, қызығушылыққа әсер етуді дамытуға көмек береді. Сурет қиялға, шығармашылық қызметке азық береді.

Демонстрациялық көрнекі құралдар баланың ой-өрісінің кеңеюінде үлкен роль атқарады, өйткені үйренушілердің тәжірибесінде жоқ, тікелей қабылдай алмайтын оқиғалар, құбылыстар, заттар тұралы түсінік беруге мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі географиялық ендіктердегі жануарлар, өткен жылдар оқиғалары, үлкендердң еңбегі, қалалар мен елдер және т.б.


Мектепке дейінгі мекемелерде көптеген сурет түрлерін қолданады, әсіресе - арнайы жасалған дидактикалық суреттер, олар көбіне серияларға біріккен болады (жыл мезгілдері, жануарлар әлемі және т.б.) . Балаларды атақты суретшілердің суреттерінің репродукциялары мәдениетке, өнерге баулиды (мысалы, «Құзғын қарғалар ұшып келді» А. К. Саврасов, «Алтын күз», «Наурыз» И.И. Левитан, «Сұр қасқырға мінген Иван ханзада», «Аленушка» В.М. Васнецов)Көрнекті


құрал ретінде кітап графикасын (кітаптардың иллюстрациясын) қолданады, олардың көмегімен шығарманың кейіпкерлері тіріледі, оқиғалар өтіп жатқан елдер мен қалалар пайда болады. Одан басқа педагог заттық суреттер іздеп, тақырыптар бойынша саралайды («Ойыншықтар», «Транспорт», «Үлкендердің еңбегі», «Жануарлар», «Біздің қала» және т.б.), әрлеп, балалармен жеке жұмыс істеген кезде, және де үлестіру материалы ретінде топтық және фронталды сабақтар кезінде қолданады.


Сабақ кезінде оқыту мақсатында слайдтар, диафильмдер, видеофильмдер көрсетіліп, компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Слайдтар арқылы педагогтың әңгімесінің иллюстрациясы жасалса, ол әңгіме айқын және сенімдірек болады. Диафильмдер мен видеофильмдер балаларды оқу фильмдеріне үйретеді, оның ерекшелігі танымдық мазмұнда





265

болатындығы.Мысалы, «Нан қайдан келді?», «Мәскеу салынуда», «Бір аяқ сүт» және т.б. Фильмді қабылдау үшін алдын-ала дайындық жасау керек, сурақтар қойылып, көргеннен соң олар жауап беруі керек. Фильм көру сабақтың бір бөлігін ғана алады, олардың ұзақтығы 10 минуттан аспайды. Кейін балалармен қойылған сұрақтар бойынша әңгіме жүреді. Егер балаларға жауап беру ауыр болса, фильмнің кейбір кадрлары, үзінділері қайта көрсетіледі. Бірнеше күннен соң қайта көрсетіп, балалардан тек мазмұндап айтып беруін сұрамай, факттарды талдау жасауға, олардың байланысын орнатуға итермелеу керек.

Белгілі бір заттың, құбылыстың қарапайым


демонстрациясы, оның суреттегі бейнесі баланың осы объектінің қажетті жақтары мен қасиеттерін ашпайтынын ескеру қажет.Стихиялы түрде қабылдау заттар туралы дұрыс ұғымның қалыптастырмайды. Осындай демонстрация кезінде педагог


басқарушы рөлде боуы қажет,баланың игеруін ұйымдастрырады.Ұйымдастыру дегенге, объект туралы жеке білімін жалпы көрініспен бірге, заттардың түрлі жақтары мен қасиеттерін қатал дәйектілікпен береді.


Осыған байланысты, сұрақтардың тәртібі маңызды, олар арқылы педагог картиналарды көруді басқарады. Басында, ол картинаның жалпы мағынасын түсінуге арналған сурақтарды пайдаланады («Картинада ненің суреті салынған?», «Суретші нені бейнелеген?») кейін балаларға мазмұнын талдауға түрткі болатын сұрақтар қойылады (кім және не бейнеленген, олардың қасиеті, ерекшеліктері, әрекеттері қандай). Содан соң бейнеленген заттар, тұлғалар арасындағы байланысқа байланысты сұрақтар қойылады. Кейін баланың қиялын стимулдайтын, өзіндік қорытынды, пайымдар шығаратын сұрақтар қойылады. Бұндай тәсілде балаларға картина кейпкерінің орнына өзін қойып, олардың әрекеттері мен уайымдарын айтып беріп «картинаны тірілту» ұсынады.


Сонымен оқытудағы көрнекі құралдар баладақоршаған әлемнің заттары мен құбылыстары туралы анық түсінік қалыптасуына,







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет