51
Арнайы орта білім беру педагогикасықалыптасу кезеңінде
тұр.Олар арнайы орта білім беру оқу орындарындағы оқытудың
мазмұны мен формаларын және кәсіби тәрбиелеудің
проблемаларын қарастырады.
Жоғары мектеп педагогикасыжоғары
оқу орындары
жағдайында оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын, жоғары
білім алудың нақты проблемаларын қарастырады.
Түзету педагогикасы дамудың түрлі бұзылулары мен
ауытқулары бар балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және
түзетудің теориялық негіздерін,
принциптерін, әдістерін және
құралдарын әзірлейді. Құлағы естімейтіндер мен нашар
еститіндерді
оқыту
және
тәрбиелеу
мәселелерін
сурдопедагогика қарастырады,
алкөзі көрмейтіндерді оқыту
және тәрбиелеу мәселелерін —
тифлопедагогика, сөйлеу
тілінде мүкісі барларды—
логопедия, ақыл-есі кем адамдарды
оқыту және тәрбиелеу мәселелерін
олигофренопедагогика
қарастырады.
Педагогиканың
тарихы
әртүрлі
тарихи
дәуірде
педагогикалық тәжірибемен бірге
педагогикалық идеяларды
дамытуды зерттейді.
Педагогикалық ғылымдардың арнайы тобын білімнің нақты
бағыттарын оқытудың (мектептегі оқу пәндері) заңдылықтары
мен
ерекшеліктерін зерттейтін жеке әдістер құрайды.
Қоғамдық мұқтаждықтардан өмірге келген, соңғы уақытта
отбасылық педагогика, этнопедагогика, өндірістік педагогика,
әлеуметтік педагогика және т.б.
сияқты педагогика салалары
қалыптасуда.
Достарыңызбен бөлісу: