Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған
«Үздік бейнесабақ» байқауы
Байқаудың мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын оқыту және үздік бейнесабақтарды іріктеу арқылы озық педагогикалық идеяларды дамыту.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналады
Байқауға қатысу тәртібі.
- Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының, мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатыса алады.
- Байқауға ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.
- Байқауға қатысу үшін өтінім, жұмыстарды беру уақыты – 2022 жыл 17 қазанға дейін.
- Байқауға қатысу үшін бейнесабақтарды Google Диск немесе Яндекс Диск интернет-сервисіне жүктеп (бейнесабақ жүктегенде ашық қолжетімді болу керек) сілтемесін өтініште көрсету қажет. Байқауға қатысу өтінімі umc-ro@umckrg.gov.kz электронды мекенжайына 2022 жылдың 17 қазанына дейін жіберіледі.
Байқауды ұйымдастыру және
өткізу тәртібі
Анықтама телефоны: 44-56-30 – Байқауды ұйымдастыру комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |