5
органоид. Ядро цитоплазмамен тығыз байланыса отырып,
генетикалық ақпараттың дəлдігін қамтамасыз етуге қатысады
жəне клетканың тіршілік процестерін басқарады.
Клеткадағы белоктың биологиялық синтезделуін іске асыра-
тын, химиялық құрамы нуклеопротеидтерден тұратын, диаметрі
20-30 нм шамасында, үлкен жəне кіші бөлікшеден құралған де-
нелер
рибосомалар деп аталады. Рибосомалар мультифермент-
тік комплекс болып табылады.
Эндоплазмалық тор (ЭТ) – каналдар мен цистерналардан
жəне көпіршіктерден тұратын күрделі жүйе. ЭТ қалыңдығы 5-6 нм
мембраналармен қапталған. ЭТ түйіршікті жəне жазық
болып
келеді. Каналдар мен цистерналар белок жəне басқа заттардан
тұратын
энхилемамен толтырылған. ЭТ мембраналарында
редокс-тізбегінің екі түрі болады,
оның бірі клеткадағы уытты
заттарды залалсыздандыруға қатысса, ал екіншісі қаныққан май
қышқылдарын қанықпаған май қышқылдарына алмастырады.
Түйіршікті эндоплазмалық торда клетка қабығындағы полиса-
харидтердің синтезіне қатысатын белоктар мен ферменттер,
құрылымдық белоктар, клетка қабығының ферменттері мен
басқа да белоктар синтезделеді. ЭТ плазмодесмалар арқылы клетка
жəне клетка аралық заттардың тасымалдануына қатысады.
Гольджи аппараты (ГА) диктиосомалардан, везикулалардан
жəне цистерна аралық түтікшелерден тұрады. Қысыңқы цистер-
налар – диктиосомалар 5-8 данадан бірігіп
буда сияқты топтасып
орналасады. Оларды қаптайтын мембраналардың қалыңдығы 7-
8 нм шамасында болады. ГА-ның бір ұшында жаңа диктиосомалар,
ал екінші ұшында везикулалар түзіледі. Екі процесс бір мезгілде
жүзеге асады. Бір клеткада 1-30 ГА болады. ГА мембраналарды
құрастыруға, полисахаридтерді синтездеуге қатысады. Сондай-
ақ сульфаттау, белоктар мен липидтерді гликолиздеу қызмет-
терін атқарады. Өсімдік клеткасы онтогенезінің барлық саты-
ларында ГА қабықтың қалыптасуына қатысады. Бұл процеске
аралық қабаттардың пайда болуы,
клетка қабығының өсуі,
матриксті заттардың синтезделуі, қайталама қабықтың қалыпта-
суы, қабықтың жəне клетка сыртына шырыштардың бөлінуін,
т.б. жатқызуға болады. ГА эндоплазмалық тор мен плазмалемма
араларын байланыстыратын түйін болып есептеледі.
6
Пластидтер – қос мембранамен қапталған дөңгелек жəне
доғал органоидтар. Пластидтер түссіз жəне түсті деп бөлінеді.
Хлоропластарда фотосинтез процесі жүзеге асады. Хлоропластар
сопақша денешіктер, ұзындығы – 5-10 мкм, диаметрі – 2-3 мкм.
Хлоропластар қос мембранамен қапталған. Ішкі мембранасы
гомогенді орта стромамен шектеледі. Ішкі мембранасы ішке
қарай көмкеріліп, тығыз тилакоидтар құрайды. Олардың пішіні
кейде диск түрінде болады. Тилакоидтар бірінің үстіне бірі
қатталып жинақталып, тилакоид граналарын құрайды. Тилакоид
мембраналарында жасыл, сары қызыл пигменттер болады.
Клеткадағы тотығу-тотықсыздану
процестерінің, электрон
тасымалдаушы тізбектің, тотыға фосфорлану, яғни жалпы энер-
гия алмасу процестерінің орталығы –
митохондрия. Жоғары
сатыдағы өсімдік клеткаларында митохондриялардың пішіндері
түрліше (дөңгелекше, сопақша) болады. Оладың диаметрі 0,4-
0,5 мкм, ұзындығы 1-5 мкм тең. Митохондрия қалыңдығы 5-6 нм
қос мембраналы қабықпен қапталған. Сыртқы мембрана созы-
лыңқы болады, ішкі мембрана кристалар (тарақ тістері сияқты
қатпарлар) құрайды. Кристалар митохондрияның сыртқы ауда-
нын өзгертпестен, ішкі ауданын кеңітеді. Сыртқы жəне ішкі
мембраналардың жəне кристалардың
арасындағы кеңістікті
матрикс толтырады. Митохондрияның құрамына 65-70% белок,
25-30% липидтер жəне аздаған мөлшерде нуклеин қышқылдары
кіреді. Митохондрияның ішкі мембранасында электрон тасы-
малдаушы тізбек, АТP – синтетазалық комплекстер болады.
Өсімдік клеткаларының негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін
жүйе –
вакуоль. Меристемалық клеткаларда вакуоль өте майда
көпіршіктер түрінде болады, оларды
провакуольдер деп атайды.
Жетілген клеткаларда провакуольдер бірігіп, үлкен вакуоль
құрайды. Көптеген жағдайда вакуольдің көлемі клетка көлемі-
нің 90%-ын алып жатады. Вакуольдің
сыртын эндоплазмалық
тор мембранасының туындысы
тонопласт қоршайды. Вакуоль-
дің ішкі қуысын клетка сөлі толтырады. Оның құрамына 98%
су; минерал иондары; алғашқы зат алмасу өнімдері: органика-
лық қышқылдар мен олардың тұздары, пектинді қосылыстар,
белоктар; сондай-ақ қайталама өнімдер: фенолдар, танниндер,
флавоноидтар, пигменттер (антоциандар), алкалоидтар жəне
басқа да заттар кіреді. Вакуоль клетканың созылып өсу кезінде
7
судың
осмостық сіңірілуін, сондай-ақ клетканың тургорын
қамтамасыз етеді. Вакуольдегі пигменттердің болуы гүл күлте-
лерінің, жемістердің (күзде жапырақтардың жартылай) боялуын
қамтамасыз етеді. Вакуоль – қоректік заттардың (сахароза,
минералды тұздар, т.б.) қоры жинақталатын орын. Вакуольде
негізінен гидролиздік ферменттер болады. Вакуольде клеткаға
қажетсіз заттар қайта өңделеді жəне улы заттар залалсыздан-
дырылады.
Клетканың сырттан суды сіңіру қабілеті осмостық потенциал
жəне тургорлық қысымның
қатысынасымен анықталады, яғни
клетка ішіндегі қысымның атмосфералық қысымға қарағанда
жоғары болуымен сипатталады. Теріс мəнмен алынған клетканың
сору күші клеткалардың су потенциалына
тең болады.
S
V
M
M
m
w
w
0
,
мұндағы
M
w
– клеткалардағы судың химиялық потенциалы;
M
0
w
–
таза бос судың химиялық потенциалы;
V
m
–
клеткадағы
парциалды су көлемі;
S – сору күші.
Клеткаға судың ырықсыз жолмен енуінен (судың осмостық
қозғалысынан) басқа клеткаға судың ырықты жолмен енуі, яғни
метаболиттік энергия жұмсалуымен жүзеге асады. Бұл жағдайда
плазмалемма мен тонопластың электросмостық потенциалының
айырымы (электросмос) немесе цитоплазмадағы белоктардың
кері гидротациясы (ісінуі) арқылы жүреді.
Қорыта айтқанда, өсімдіктердің клеткалары бүтін организм-
дегі барлық маңызды тіршілік функцияларының өзара жəне қор-
шаған ортамен тығыз байланысты процестерді жүзеге асыратын,
ұйымдастырылу деңгейі жоғары, өте күрделі жүйелер болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: