Ақпараттық мәдениет және цифрлық сауаттылық ұғымдары. Білімді ақпараттандыру. Ақпараттандыруды қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық өмірге енгізу және оларды үнемі жетілдіріп отыру деп айтуға болады.
1990 жылдары жалпыға қолжетімді Интернеттің пайда болуы, мемлекеттік тұрғыда қоғамды ақпараттандыру осы 1990 жылдан бастап қолға алына бастады.
Аға буын 1963 жылға дейінгі туғандар ”X” ұрпақтар 1963-1984 жж.. Теледидар, бейнемагнитофон, компьютер «Жұмыс істеу үшін өмір сүру» Оқулықтар мен дәптерлер ”Y” ұрпақтар 1984-2004 жж Интернет, e-mail, ұялы телефон «Жұмыс пен өмірдің балансы» Жергілікті электрондық ресурстар ”Z” ұрпақтар 2004 жылдан кейін Әлеуметтік желі, виртуалдық шындық «Өмір сүру үшін жұмыс істеу» Желілік курстар және шексіз білім алу
Технологиялық (цифрлық) революцияның толқындары
1 толқыны: өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында "халықтың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету" ұранымен пайда болды. 1991 жылы білім беру ұйымдарының төрттен бір бөлігінен астамы ЕТ кабинеттерімен жабдықталды, компьютерлік сауаттылыққа оқыту еліміздің барлық оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының бір бөлігіне айналды.
2 толқыны: 2000-шы жылдардың ортасында "оқу процесіне АКТ енгізу" ұранымен басталып, халықтың ақпараттық мәдениетін дамытумен жалғасты.
3 толқыны: 2003-2012 жылдар аралығында білім беру ұйымдарының цифрлық құрылғылармен жабдықталуының өсуі ЦТ-ны білім беру үдерісінде кеңінен қолдану, ол халықтың цифрлық сауаттылығын дамытуға әкелді.