С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек



бет53/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек

  • Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; формальдегинмен зақымданғанда, теріні 5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.


  • Тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болғанда зақымдалған адамды бөлмеден лезде таза ауаға немесе жақсы желдетілетін бөлмеге шығарады. Ауызды және жұтқыншақты сумен шаю. Формальдегидпен уланған жағдайда бірнеше тамшы мұсатырлы спирт қосылған су буын ішке жұту, натрий гидрокарбонаты қосылған жылы сүт немесе “Боржоми” (минералды су) қабылдау. Көрсеткіштер бойынша жүрекке қатысты, тыныштандыратын, жөтелге қарсы заттар, оттекті дем алу. Ауыр жағдайларда - ауруханаға жатқызу.

  • Кез келген препараттың көзге түсуінделезде ағынды суға немесе 2% натрий гидрокарбонатымен бірнеше минут бойы шаю. Шырышты шелдің және көздің шырышты қабығы тітіркенген кезде альбуцид ерітіндісін, ауырсыну кезінде - 1-2% новокаин ерітіндісін тамызады.

  • Хлорбелсенді препараттар асқазанға кездейсоқ түскен кездеасқазанды 2% тиосульфат (гипосульфит) натрий ерітіндісімен және 5-15 тамшы суға қосылған мүсәтір спиртімен шаю, сүт, ауыз су, күйдірілген магнезия береді (бір стақан суға 1-2 ас қасық). Формальдегидпен уланған жағдайда асқазанды суға қосылған мүсәтір спиртімен немесе 3% карбонат немесе натрий ацетатымен (аммоний) шаю. Шаюдан кейін шикі жұмыртқа, сүт береді.

  • Фосфорорганикалық инсектицидтермен жұмыс істеу кезінде инсектицидті себу кезінде (іштің ауруында, құсу, лоқсу, іш өту, сілекейдің көптеп бөлінуінде, көздің жасаурауында, жалпы әлсіздік, бас ауруы, қарашықтардың тарылуы, тамыр соғуының баяулауы, бұлшықеттердің тартылуы) зақымданған адамды жұмыс орнынан алып шығады, ластанған киімін шешеді, ауызын шаю үшін жылы су немесе 2% сода ертіндісінбереді және тыныштықты қамтамасыз етеді. Препараттың кездейсоқ асқазанға түсуі кезінде лоқсуды тудырады, сол үшін бірнеше стақан су (мүмкін болсы жылы) немесе әлсіз қызғылт калий перманганат қышқылын (1:5000) ішуге береді және жұтқыншақтың артқы қабырғасын тітіркендіреді. Ем – шараны 2-3 рет қайталайды. Асқазанды 1-2% ішілетін сода ерітіндісімен, күйдірілген магнезия, белсендендірілген көмірмен шаю ықтимал. Лоқсу мен асқазанды шаюдан кейін 1-2 ас қасық белсендендірілген көмір және күйдірілген магнезияны стақан сумен береді, содан кейін тұзды іш жүргізуші береді.

  • Араластырылмаған инсектицид немесе концентрирленген эмульсияның теріге түсу кезіндеоларды мақта тығынымен немесе матамен сүртпей абайлап алады, содан кейін теріні сабынды сумен шаяды. Қалдық фосфорорганикалық инсектицидті инактивация үшін теріні мүсәтір спиртімен немесе 2-5% хлорамин ерітіндісімен сүртеді және қайтадан сумен шаяды. Препараттың көзге түсу кезінде ағынды сумен немесе ағынды 2% ішілетін сода ерітіндісімен шаяды. Көздің шырышының тітіркенуі кезінде 30% альбуцидті, ауырсыну кезінде 2% новокаин ерітіндісін тамызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет