С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру



бет73/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру
Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру кезінде зеңбілді дұрыс қою қажет. Науқасты ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос жер есепке алынады.
Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны дұрыс. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене биомеханика-сының шарттарын қолдануы қажет.
Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:

  • бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қояды;

  • реттік әдіс: зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою (сурет 16).


m-sestra.ru

Сурет 16
Науқасты ауыстыру кезінде зеңбілдің


және кереуеттің орналасуы
а – кереуеттің бас жағына перпендикулярлы зеңбілдің аяқ жағын қою; б – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою; в - кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы зеңбілдің бас жағын қою.

Ауырлықты көтерер алдында табандарды бір-бірінен 30 см қашықтықта орналастырып және бір табанды аздап алдыға қою қажет. Мұндай қалып жақсы тірек береді, тепе-теңдікті дұрыс ұстап құлаудан сақтайды. Адамды немесе затты көтерер алдында, науқастың орналасуы алдыға еңкеймеуді талап етпейтініне көз жеткізу керек. Науқасты көтергенде өз денесіне жақын қысып ұстап, дененің жоғарғы бөлігінің вертикальді қалпын сақтай отырып, тек аяғын тізе буынында бүгу керек. Науқасты оқыс қимылсыз баяу көтеру керек. Бұрылу үшін алдымен науқасты көтеріп, содан кейін табанға тіреліп денені бүкпей баяу бұрыламыз [7].


Науқасты зеңбілден (каталкадан) кереуетке ауыстыру реттілігі:

    1. Зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қою. Егер палата көлемі кішірек болса зеңбілді кереуетке параллельді қоямыз.

    2. Медициналық қызметкер каталка мен кереует арасында науқасқа бетін қаратып тұрады (параллельді әдісте).

    3. Науқас астына қолды қою: бір санитар қолдарын бас жағына және науқастың жауырын астына салады, екіншісі – жамбас астына және санның жоғарғы жағына қойып, үшіншісі – сан ортасына және сирақ астына қолды қойып көтереді (сурет 17).

Егер тасымалдауды екі санитар жүргізсе, біреуі науқастың қолдарын мойын және жауырын астына, ал екіншісі бел және тізе астына қойып көтереді

    1. Бір сәтте келісілген қозғалыспен науқасты көтеру және онымен бірге 90° (егер зеңбіл параллельді орналасса - 180°-қа) кереуетке бұрылу және науқасты жатқызу.

    2. Зеңбілді кереуетке тығыз орналастырып және оны кереует деңгейімен ұстап, екеулеп (үшеулеп) науқасты зеңбіл жиегіне жаймамен тартып, содан кейін жоғары көтеріп төсегіне ауыстыру.



www.medvyvod.ru

www.medvyvod.ru

а б
Сурет 17.


а – үш тасымалдаушының науқасты зеңбілден кереуетке ауыстыруы, б – екі тасымалдаушының науқасты зеңбілден кереуетке ауыстыруы.
Медициналық қызметкер күнделікті жұмысында науқасты ауыстыру кезінде жиі қолданатын әдісі, бұл науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру. Кереуетке тығыз қойылған зеңбілден науқасты ауыстыру нақты күшті талап етеді және көбіне қолдана беруге рұқсат етілмейді (сурет 18).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет