Сабақ №1. 8 Жұмыстың атауы: Жіті коронарлы синдром кезінде көмек көрсету



бет1/2
Дата07.06.2023
өлшемі43 Kb.
#474809
түріСабақ
  1   2
Әдістемелік құрал Ақерке


Симуляциялық сабақ №1.8
Жұмыстың атауы: Жіті коронарлы синдром кезінде көмек көрсету
Жұмыстың мақсаты: Жіті коронарлы синдром кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсету тәсілдерін , өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін тексеру әдістерін үйрету
Қажетті құрал-жабдықтар: Тонометр, пульсоксиметрия, фонендоскоп, ЭКГ, дәрі-дәрмектер.
Жұмыстың мазмұны:
Жіті коронарлы синдром – бұл уақытша қойылатын диагноз. Миокард инфаркты және тұрақсыз стенокардия диагнозын қоюға мүмкіндік болмаған жағдайда, аурудың алғашқы сағаттарында науқастарды белсенді жүргізу тактикасын шешуге көмегін тигізеді.
Қауіп факторлары:

  • Қарттар;

  • Гипертониямен ауыратын адамдар;

  • Қант диабетімен ауыратындар;

  • Артықша салмаққа ие адамдар;

  • Отбасында ЖҚЖ аурулары бар адамдар.

Жіктелуі:

  • ST сегментінің төмендеуімен

  • ЭКГ өзгерістері мен кеуде қуысында ауырсынудың болуы науқастарда жедел миокардтың ишемиясының бар екендігін білдіреді,бірақ ST сегменті төмендейді.

  • тұрақты және тұрақсыз ST депрессиясы

  • Т инверсиясы

  • Т тісшесінің тегістелуі

  • ST сегментінің жоғарылауымен

  • Кеуде қуысында ауырсынудың болуы немесе жағымсыз әсерлердің (дискомфорта)

  • ST сегментінің тұрақты көтерілуі

Немесе жаңа, алғаш рет ЭКГ-да Гисс будасының сол тармағының толық блокадасы.
ST сегментінің жоғарылауысыз түрінде әдетте
Тұрақсыз стенокардия
Q-тісшесіз миокард инфарктісі анықталады-бмайда ошақты
ST сегментінің жоғарылауымен түрінде әдетте
Q-тісшелі миокард инфаркті– ірі ошақты, трансмуральді анықталады.
Тұрақсыз стенокардияның критерийлері:
- Ауырсынудың сипатыныңың,қарқынының және ұстама жиілігінің өзгеруі.
- 15-20 мин асатын тыныштық күйде ауырсыну ұстамасының кенет пайда болуы.
- Физикалық күштемеге төзімділіктің төмендеуі.
- Нитроглицеринге тиімділіктің төмендеуі.
- Түнгі ауырсыну ұстамаларының пайда болуы.
- Инфарктан кейін ерте стенокардия ұстамасының пайда болуы.
Тұрақсыз стенокардиялардың аяқталуы:
- Ұзақ ремиссия
- Тұрақты стенокардияға өту
- Жедел миокард инфарктісінің дамуы
- Кенет өлу
Емдеу тәсілі:
Антиангинальді ем:
- β-адреноблокаторлар;
- нитраттар;
- баяу кальций каналдарының блокаторлары.
Антитромбинді ем: гепариндер
Антитромбоцитарлы агенттер: аспирин;
аденозиндифосфат рецепторларының антогонистері (тиенопиридины); тромбоциттердің гликопротеинді IIb/IIIа рецепторларының блокаторлары.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Алғашқы қарым-қатынас орнату. Сәлемдесі, өзін таныстыру, науқастың аты-жөнін сұрау, көздік қарым-қатынас орнату
2. Науқастың шағымдарын жинау.Не мазалап тұрғанын сұрау
3. Негізгі шағымдарын сипатын анықтау.

  • Ауырсыну орнын анықтау

  • Сұрау және қолымен көрсетуін өтіну

  • Ауырсыну сипатын анықтау

  • Қандай ауырсыну екенін анықтау: күйріруші, басушы,қысушы және т.б.

  • Ауырсыну қайда берілуін анықтау

  • Ауырсыну қайда берілуін анықтау (солға және жоғарыға)

  • Ауырсыну ұзақтығын анықтау

  • Ауырсыну қашан пайда болғанын, қанша уақыт жалғасуын анықтау

  • Ауырсыну тудырушы немесе ауырсынуды төмендетуші факторларды анықтау

  • Ауырсынуды немен байланыстырады, не ауырсынуды күшейтеді, не төмендетеді

  • Ауырсынуды немен басқанын анықтау

  • Ауырсыну басу үшін қандай дәрі, қашан, қанша қабылдағанын, көмегі болған не болмағанын анықтау.

4. Қосымша шағымдарын анықтау.Тағы не мазалайтынын анықтау (мысалы, әлсіздік, өлім қорқынышы смерти, ентігу, жүрек қағуы және т.б.)
5.Ауыру анамнезін анықтау. Осындай жағдай алғаш рет болып тұрма немесе алдын болғанба, созылмалы аурулары барма, дәрілер қабылдайдыма т.б..
6.Өмірлік анамнезін анықтау. Тұқым қуалаушылық, аллергоанамнез, зиянды әдеттер, қансырау.
7.Артериальдық пульсін анықтау. Артериальдық пульс екі қолында анықталады.
8. Жүрек аускультацисы. 5 нүктеде аускультация жасау.
9.Лабораторлық жәнеаспаптық зерттеулер. ЭКГ оқиға орнында. Тропонин уақытқа байланысты
10.Оксигенотерапия. Оттегі сатурациясы 90%-дан төмен және ентігу болғанда - 4-8 л/мин отегі тағайындау.
11.β блокаторлар тағайындау.
Метопролол тартрат 0,1% ерітіндісі 5 мл 25-50 мг ішке/тіл астына немесе пропранолол 20-40 мг ішке/тіл астына қарсы көрсеттімдер жоқ болса (коронароспазм, кокаин қаабылдау, айқын гипотензия, брадикардия, ЭКГ-да өткізгіштіктің бұзылыстары )
12.Нитратар тағайындау
Нитроглицерин к/т (10 мг нитроглицеринді 100 мл физ. Ерітіндіде ерітіп, минутына 6-8 тамшыдан бастап 30 мин ҚҚ бақылай отырып енгізу немесе тіл астына 0,5 мг немесе аэрозоль 0,4 мг (1 доза). Қарсы көрсеттімдер жоқ болса 3-5 минуттан кейін қайталауға болады
13.Гипотензия кезінде
400 мг дофамин + 250 мл 0,9% физ р-р к/т тамшылатып енгізу.
400 мл пентакрахмал к/т тамшылатып енгізу.
14.Айқын ауыру синдромында.
Морфиннің 1 мл 1% ерітіндісі + 20 мл физ р-р Фентанил 1-2 мл 0,005% ерітіндісі
Дроперидол 1-2 мл 0,25% ерітіндісі - ҚҚ бақылай отырып.
15. Антиагреганттық терапия.
аспирин 150-300 мг, ЖКС қаупі жоғары болса екінші антиагрегант тағайындау – тикагрелор 180 мг немесе клопидогрель 300 мг немесе 600 мг
16.Антикоагулянттық терапия.
фондапаринукс 2,5 мг/таулігіне немесе кішімолекулярлық гепарин – эноксапарин 0,2 немесе 0,4 мл к/т болюс т/а немесе ТФГ 5000 ХБ к/т
17.Тромболитикалық терапия
ЭКГ-да ST- сегменті жоғарылаған болса – Актилиз алғашында 15 мг болюс түрінде, кейін 0,75 мг/кг 30 мин ішінде, соңында 0,5 мг/кг 60 мин ішінде көктамырға енгізу.
18.Пациенттің маршрутын анықтау
Кардиологиялық стационардың қабылдау бөлімшесіне хабарлау, тасымалдау
19.Бейвербальды әрекеттерді дұрыс қолдану. Дене қалпы, дауыс тоны, беттің мимикасы, қимылдар, тактильді қолдау
20. Аяқтау. Науқасты кейінгі шараларды түсіндіру, қоштасу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет