Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі
Ұлытау облысының білім басқармасы
«Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК-ы
ЧC – 31 тобында өткізілген
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша
кәсіптік тәжірибе есебі
Орындаған: Ибрагим Т.А.
Арнайы пәндер оқытушысы
Жезқазған 2023
ЧС-31 тобында өткізілген кәсіптік тәжірибе есебі
КМ 3 (ОН 3.4) Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету оқу тәжірибесі
ТЖ кезіндегі медициналық және психологиялық көмек көрсету- төтенше жағдай аймағында жұмыс істеу кезінде туындайтын психологиялық бірқатар мәселені, табиғи апат, жазатайым оқиға және апаттан зардап шеккендерге психологиялық қолдау ұйымдастырумен байланысты проблемаларды сипаттайды.
ЧС – 31 тобында 2023 жылдың 20 қарашадан 08 желтоқсан аралығында өтті.
Топта 21 студент бар. Студенттер оқу тәжірибие кезінде ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы және психологиялық көмек көрсетудің түрлерін үйренді.
Практиканың негізгі мақсаттары:
-студенттерге алғашқы медициналық көмекті көрсетуді үйрену;
-студенттерге ТЖ кезінде зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуді үйрену.
-ТЖ кезінде құтқарушылардың кәсіптік дайындықтарын айқындау.
Осы мерзім ішінде студенттер берілген жұмыстарды уақытылы орындап, алғашқы көмек түрлерін үйреніп, алғашқы көмекті ұйымдастыру түрлерімен танысты.
Практика соңында оқушылардың төмендегідей білімдері мен дағдылары
қалыптасты:
Алғашқы көмек көрсету;
Психологиялық көмек көрсету;
Қан кету, сынық, термиялық,химиялық күйік кезінде алғашқы көмекті ұйымдастыру;
ТЖ болған кездегі жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
ТЖ кезінде зардап шеккендерді эвакуациялау жолдары
Студенттер оқу тәжірибесінде медициналық құралдармен жұмыс істеді, алғашқы көмек түрлерімен танысты және осы белгілермен жұмыс істеуді үйренді, жеке қорғаныс құралдары туралы білді және авариялық жұмыстарда қолданылатын құралдарды дезинфекциялау түрлерін анықтады, жұмысқа дайындығы мен жұмыс тәртібін бағалады.
Осы мерзім ішінде студенттер берілген жұмыстарды уақтылы орындады, тапсырмаларды орындай отырып, алғашқы көмек құралдары мен құралдары туралы кеңірек түсінік алды.
Тәжірибе соңында оқушылар келесі білім мен дағдыларды қалыптастырды:
- жабдықпен жұмыс істеу және жұмысқа дайындық қағидалары, сондай-ақ зарарсыздандыруды жүргізу тәртібі,
- жұмыс кезінде қауіпсіздік белгілерінің маңыздылығы және өрт гидрантының белгісін қалай жасау керектігі туралы білдік;
- ЖҚҚ дезинфекциялау әдістері және олардың жарамдылығын анықтау;
- техниканың қауіпсіздігі туралы көптеген ақпарат жинай отырып, олар адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін және оларды сақтау керектігін түсінді.
Практика кезінде студенттер орындаған тапсырмалар:
- медициналық көмек түрлерінің кестелерімен тапсырмаларды орындау ;
-жеке қорғаныс құралдарының тізбесі және жеке қорғаныс құралдарының пайдалану жөніндегі кестені толтыру ;
-барлық студенттердің оқу практикасы кезінде сабақтар мен тапсырмаларға белсенді қатысуын қамтамасыз етілді, олардан осы тақырып бойынша өндірістік тәжірибе бойынша есеп жазу талап етілді. .
Достарыңызбен бөлісу: |