Сабақ 1 «Математика-1», «Математика-2»



Дата29.04.2024
өлшемі33.17 Kb.
#500081
түріСабақ
математика (2)


Практикалық сабақ 1
«Математика-1», «Математика-2», «Математика-3», «Математика- 4» оқулықтарына талдау жасау.
Біз 1-4 сыныптарына арналған жаңа буын математика оқулықтарын талдау барысында педагогикалық әдебиетте оқулықтарға қойылатын талаптарды басшылыққа алдық. Әдістемелік тұрғыда оқулық мынандай мақсаттарды көздеуі тиіс:
- оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейде түсінікті болып баяндалуы;
- ой әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру; пәнаралық және пәнішілік байланысты жетілдіру;

- оқу материалдарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

- жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу;
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
- оқу бағдарламасына сәйкес болу;
- оқушылар үшін үғымды, қысқа және қызықты болу;
- көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;
- - тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек;
- тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы;
- оқулық оқу мазмұнына қойылатын талаптарға сай болып, оқушылар үшін қызықты болуы тиіс, мүмкіндігінше қысқа, тілі жатық, жақсы безендірілген, көркем рәсімделген болуы тиіс;
- оқулық оқушылардың оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
«Атамұра» баспасынан шыққан «Математика» оқулықтарына Ж.Т. Қайыңбаев мынандай сипаттама береді: «Оқулықта беріліп отырған жаттығулар жүйесі математикалық білім, білік және дағдыларды бағдарлама талаптарына сай оқушылардың игеріп шығуына тиімді және үйлесімді жағдай туғызуға лайықталған.
Сондай-ақ осы жүйенің жаттығулары әрдайым бақылауды, байқауды, салыстыруды, ұқсастығымен айырмашылығын ажыратуды, шешудің мүмкін жолдарын және бірнеше нұсқасын іздестіруді, қорытынды жасауды, т.б. талап ететін, сәйкес нұсқаумен қамтамасыз етілген. Соның өзі көпшілік жағдайда бір сарынды іс-әрекет орындаудан бас тартып, жаттығуларды орындау кезінде өзгермелі және әр бағыттағы іс-әрекеттер арқылы дамытпалы оқытуды жүзеге асыруға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда оқулық бұрынғы қолданып келген оқулықтардың ерекше және өзгеше құрал болып табылады»
Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» атты еңбектерінде «Атамұра» баспасынан шыққан 1, 2, 3, 4 сынып оқулықтарына төмендегідей сипаттама берді: «Оқулық - ең негізгі оқу кұралы. 1-4 сыныптарға арналған математика оқулықтарының әрқайсысында дамыта оқыту және білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясы басқа да әдіс-тәсілдер үйлесімін табатындай ара-қатынаста қолдану арқылы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға бағыттайды және оның багдарлануына міндеттейді. Сонда дамыта оқыту технологиясы жетектеуші; ал дәстүрлі оқытудың және білімнің дидактикалык, бірлігін ірілендірудің технологиялары бағындырылған және жетелуші ретінде пәнді оқыту үдерісінде көрініс табуы тиіс.

Әр сабақтардың жаттығулар жүйесімен жүргізілетін жұмыс әдістемесінің моделі оқулықтың өзінде жасалып берілген. Оқулықтағы тапсырмалардың берілу түрі; көлемі; орналасу қалпы және рет-тәртібі сыныптың әр оқушысының оқу іс-әрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал оқушының оқу іс-әрекетінің өзін баланың өзін-өзі оқу субъектісі болып өзгеруіне бағытталған оқушы белсенділігінің ерекше түрі екендігін мұғалімнің сезінуі тиіс. Сонда ғана оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерінен объектісі ғана емес; оқытудың белсенді субъектісі деңгейіне көтеріледі. Осыған қолайлы жағдай туғызу мақсатыңда тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс-әрекеттердің түрін және рет-тәртібін анықтауға септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқаулар нақты жаттығулар бойынша келтіріледі.


Оқулықтағы жаттығулар жүйесі білім, білік және дағдыларды қалыптастырудың тура және жанама жолдарының үйлесімді ара-қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және сәйкес қолайлы жағдайлар туғызатынын да ескерген жөн. Игерген білімді әр алуан жағдайларда (үлгі бойынша, біршама өзгерген және жаңа, сондай-ақ шығармашылық іс-әрекет орындауға тура келетін) қолдану үдерісі пәндік біліктің автоматтандырылған сипатқа ие болуын қамтамасыз етеді де қалыптастырылатын дағды әлдеқайда тұрақты және шапшаң қалыпқа келтірілетін болады.
Тапсырмалар жүйесінің әр алуан сипатта болуы оқушының ақыл-ойын нәрлендіреді және байытады, естіп-білген және қабылдаған мағлұматтарына тереңірек үңілуге қолайлы жағдай туғызады, өйткені олардың бәрі кеңірек тармақталған жүйенің құрамына енеді де игерілген білімнің әр түрлі қыры мен сырын аша түседі, оларға тереңірек үңілуге және оларды байланыстыруға түрткі болады. Олар мына сиякты ретпен енгізіледі ("Математика 1", 54-беттен бастап): есеп терминімен, оның құрамды бөліктерімен (шарты, сұрағы), шешуі және жауабымен қосындыны және қалдықты табуға берілген есептер; есепті және оның шешуін талдауды жүзеге асыру, қосынды және қалдықты табуға берілген есептер; обьектілері әр түрлі болып келетін бір ғана түрге тиісті есептерді салыстыру; қосындыны және қалдықты табуга берілген есептерді салыстыру; бірі - есеп, ал екіншісі есеп емес болатын екі тапсырманы салыстыру; есептің жаңа (бірнеше бірлік артық немесе кем санды табу) және оны бұрыннан белгілі түрлерімен салыстыру кері есептер, бірі - есеп, ал екінші - есеп емес болатын екі тапсырманы салыстыру; есептің жаңа түрі (айырмалық салыстыру) және оларды әр түрлі: артық, кем, қымбат, арзан, ұзын, қысқа, үлкен, кіші ұғымдармен байланыстыра қарастыру; кері есептер және өзара кері есептер (айырмалық салыстыру, бірнеше бірлік артық және кем санды табу); есеппен байланысты тапсырмалар бойынша есеп құрастыру, есеп бола алмайтын тапсырма мен есепті салыстыру, берілген есепке кері есеп құру , сұрақтары бірдей (әр түрлі) және шешулері бірдей есептерді салыстыру, тапсырманы есепке түрлендіру және есептің сұрағын түрлендіру; есептің шартына (сұрағына) сәйкес сұрақты шартты таңдап алу; есептің шартын және сұрағын өзгерту, тапсырманы (тапсырмаларды) және есепті (есептерді) берілген амалмен байланыстыра құру.

1-4 сыныптар математика оқулықтарының әрқайсысының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі оқытылып-үйретілетін мәселелердің және оқушылардың игеруі тиіс білік пен дағдыларының іргетасы болып табылатын, математика ғылымының негізгі қағидаларын айшықтап көрсетумен және түсініп сезінуімен сипатталатын теориялық білімнін жетекшілік рөлін қамтамсыз ету болып табылады.


Оқулықтың көптеген тапсырмаларына нұсқаулар ілестіріле беріледі, мәселен: салыстыр (Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?), түрлендір, құрастыр, іріктеп ал, тексеріп көр, теріп жаз, оқы, қорытынды жаса, өзгерт, ойлан тап, қатесін тап және тексер, қалдырылғандарды орнына қой, жазуды жалғастыр, негіздеп бер, тексер, зертте, неге? Неліктен? және т.б. Тапсырмалардағы осындай тірек сөздер оқытылып-үйретілетін материалды түсініп қана қоймай, оның оқытылуы себебін сезінудің, бір ғана ғылым деңгейіңде және әр алуан ғылым салаларында әр түрлі мәселелердің байланысын тағайындаудың, сондай-ақ қателердің орын алуының себептерін және оларды түзетудің жолдарын анықтаудың қажеттігіне назар аударуға бағдарлайды. Оқулық жаттығулары жүйесінде: өзгеріске ұшыраған тапсырмалар және теңдіктер және теңсіздіктер; қосуға (көбейтуге) және азайтуға (бөлуге) берілген өзара байланысты мысалдардың төрттігі; өзара кері есептер мен мысалдар құрастыру және шығару; өзара кері ұғымдар, пікірлер және ұғымдарды қарастыру жиірек кездеседі.
Оқулықтағы ақыл-ой операцияларын және әрекеттерді орындауды көздейтін жаттығулары да аса маңызды. Оқулық осындай тапсырмаларында: салыстыру, анализ, синтез, абстракциялау (дерексіздендіру), жалпылау, классификацилау (жіктемелеу), мәнді белгілерді тағайындау, ұғымның белгілерінің өзгермелі нұсқаларын анықтау, логикалық ойлау, тапқырлық көрсету, зерделік таныту, шығармашылық ойлау, шабыттанып шарықтау, қарама-қарсы қою, қарсы қою, ажырату, байқау, бақылау, индуктивтік талқылау, дедуктивтік талқылау, дәлелдеу, негіздеу, түсіндіру, іздестіру, болжам, түсіңдірме келтіру, ұғымды анықтау, қортынды тұжырымдау, ой қорыту, тәуелділікті тағайындау, заңдылықты анықтау, қасиетті айшықтау, қасиетті ашу және т.б. көзделеді.
Оқулықтарда әрбір сабаққа лайықталған материалдар жеке беттерде берілген немесе бір-біріне тәуелсіз түрде нөмірленген. Жаттығулар жаңа материалды оқып үйренуге дайындық түсіндіру, өтілген материалды тиянақтау, білімді жетілдіру, қандай деңгейде игергендігін тексеру, қалыптан тыс танымдық жаттығулар, шығармашылық ізденісті талап ететін тапсырмаларды қамтиды.
Практикалық сабақ 2. Оқушыларды сандар нумерациясын оқытуға дайындау
Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру, бір таңбалы сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру, теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңею және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі сандар — нөл саны — жүз көлеміңдегі сандар – мың көлеміндегі саңдар — миллион көлеміндегі сандар – миллиард көлеміндегі сандар.
Оқытудың міндеттері
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әр түрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды сәйкес цифрлармен белгілеуді меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
2. 1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.

Практикалық сабақ 3


Арифметикалық амалдардың қасиеттерін оқыту

Математиканың бастаушы курсында натурал сандар қатары және нолмен тығыз байланысты қарастырылатын өзекті мәселенің бірі арифметикалық амалдар.


Әрбір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау процесінде нақтылы негізге сүйене айқындалады: Сонда:
– қосу – ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
– азайту – жиынының бір бөлігін айырып алу;
– көбейту – элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;
– бөлу – жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.
Амалдарды оқыту барысында, олардың аса маңызды, қасиеттері де қарастырылады:
● қосу мен азайту амалдарына қатысты алғанда;
● қосудың орын ауыстырымдылық қасиеті;
● қосу мен азайтудың ерекше жағдайлары (0 мен 1-дің қасиеттері);
● санды қосындыға қосу және қосындыны санға қосу, қосындыдан санды азайту және содан қосындыны азайту, сияқты мәселелер қарастырылады, сондай-ақ жақшаның ішіндегі амал бірінші орындалады;
● қатар тұрған қосылғыштарды қосындымен алмастыруға болады;
● бірліктерді бірліктерге, ал ондықтарды ондықтарға қосады;
● бірліктерден бірліктерді, ал ондықтардан ондықтарды азайту түріндегі қорытындылар жасалады.
Арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланыстар, арифметикалық амалдардың дұрыс орындағанын тексеру және белгісіз компоненттерін табу үшін пайдаланылады. Сондықтан әрбір арифметикалық амалдардың нақтылы мағынасын айқындаумен бірге, олардың белгіленуі, яғни амал таңбасы және терминология, амалдардың компонеттері мен нәтижелерінің атаулары енгізіледі.
Математиканың бастауыш курсында арифметикалық амалдар орындау реті туралы ережелердің маңызы өте зор. Ол ережелердің өзі математикалық заңдылық емес, тек солай қолданып, қалыптасып кеткен келісім екенін ескерген жөн.
Математика курсының құрамды бөлігі жәнеөзекті мәселесі таза арифметикалық материалдарды оқытып үйретудің қорытынды нәтижесі .
Оқушылар ауызша және жазбаша есептеу бірліктері мен дағдыларды игеру үшін:
а) Әр түрлі көрнекі құралдарды тиімді пайдалану және есептеулер жүргізудің теориясы мен практикасының арақатынасын дұрыс сақтау арқылы қалыптасуы тиіс дағдыны және оның негізі болатын сәйкес есептеу тәсілін оқушылардың саналы игеруіне жағдай туғызып, есептеудің дұрыс орындалуына негіз жасау қажет;
б) Есептеудің саналы және шапшаң орындауға жетуі қамтамасыз етілетіндей дағдыны бекіте, тиянақты және жетілдіре түсетіндей ұйымдастырылуының ескерілуі тиіс;
в) Бүкіл сыныптың және жекелеген оқушылардың сәйкес есептеу дағдылардың игеру деңгейін жүйелі түрде тексеріп және бақылап отыру керек, нәтижеге орай әрбір оқушыға немесе олардың белгілі бір тобына жеке-дара қарым-қатынас жасау және осы тұрғыда анықталған кемшілікпен оқулықтардың дер кезінде жайылуына қатысты қамқорлықтың әрдайым қажет екенін ескеру керек;
г) Есептеулер жүргізу, үйретудің қай кезеңінде болмасын есептеулерді орындағанда оқушылардың өзін-өзі тексеру мен бақылауына ерекше назар аударған жөн.
сондай-ақ сандар аймағының кеңейтілу ретінің өзгеруі, сәйкес аймақтарда арифметикалық амалдарды және есептеулер жүргізу тәсілдерінің қарастырылуы ретін бұрынғыдан өзгеше құруға мүмкіндік туғызып отыр. 1-сыныпта 10-ның көлеміндей қосу мен азайту кестелері, 1 және 0 сандары қатысатын жағдайлардағы қосу және азайту, осыларға ұқсас ондықтарды қосу және азайту оқытылады, 2-сыныпта 20-ның көлеміндегі қосу және азайту кестелері, 1 мен 0 сандары қатысатын қосу және азайту, сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу мен азайту тәсілдері ауызша қосу мен азайтудың ондықтан аттайтын, аттамайтын жағдайлары, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту оқытылады. 3-сыныпта 100-дің көлеміндегі көбейту және бөлу кестелері, 1 және 0 сандары қатысатын жағдайлардағы көбейту және бөлу, ауызша көбейту мен бөлудің кестеден тыс жағдайлары, қалдықпен бөлу 1000 көлеміндегі сандармен арифметикалық төрт амалды ауызша орындау тәсілдері, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту, үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу оқытылады. 4-сыныпта көп таңбалы сандармен жүргізілетін ауызша және жазбаша есептеулер арифметикалық төрт амалға қатысты оқытылады.
Жалпы алғанда арифметикалық амалдардың кестелік жағдайларын оқытуда, таблицаны оқушылардың табысты меңгеруін жеңілдету мақсатында барлық кестелік жағдайлар бірнеше топтарға бөлінгендігін ескерген жөн. Мұнда амалдарды орындау тәсілдері бірдей (ортақ) болатын кестелік жағдайлар жекелеген топтар құрайды.
Осыған орай қазірде арифметикалық амалдардың таблицалық жағдайлары мынадай топтар құрайды:
1. Бір таңбалы сандарға (10 көлеміндегі) 2,3,4 сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары;
2. Бір таңбалы сандарға (10 көлеміндегі) 5,6,7,8,9 сандарын қосу және азайту сәйкес жағдайлары;
3. 20-ның көлеміндегі қосу таблицасы және азайтудың сәйкес жағдайлары;
4. 100-дің көлеміндегі көбейту таблицасы және бөлудің сәйкес жағдайлары.
Амалдардың таблицалық жағдайларын оқып үйренуге кірісудің қарсаңында оқушылардың 10-ға дейінгі сандардың құрамының әр түрлі жағдайларын еркін біліп шығуына жетудің де маңызы өте зор. Кез-келген санға 2,3,4,5-ті қосу мен азайту жағдайлары бір бірімен алмастырыла бір мезгілде өткізіледі. Ол үшін әр бөлігінің тұсына 0-ден 10-ға дейінгі сәйкес сандар жазылған сызғышты пайдалану және демонстрациялық немесе үлестірме материалдармен практикалық жұмыс жасауға болады. Мысалы, сызғышты пайдаланып, 0+2 қосу керек болса, қарындаштың ұшын нөлге қойып, одан екі аттап белгі салу керек, сонда қосынды шығады. Азайтуды көрсету үшін кері қарай 10-нан үш аттап 7-ге түсіреді, сонда 10-3=7.

Практикалық сабақ 4. Білім, білік, дағдыны бекітуге байланысты студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру.



Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі.
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

Практикалық сабақ 5. Математикадан бақылау жұмыстарын жүргізу және талдау.


Тексеру тәсілдері: ауызша (жеке, топтық); жазбаша (диктант, мазмұндама, сынақ, зертханалық жұмыс); өз бетінше тексеру жұмысы, емтихан.
Тексерудің көбі үлкен тақырып, бөлім аяқталғанда жүргізіледі. Әрбір сабақта, сабақтың әр кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруден басқа, ауызша және жазбаша тексеру жұмыстарына бағытталған бақылау жұмыстарына арналған сабақтар, зачет, емтихан, қабылдау, тест т.б. өткізу қажеттігі туындайды. Сабақ үрдісінде өткізілетін тексеру жұмыстарының бәрін қадағалап отыру үшін тақтаның бір бөлігіне немесе компьютердің белгілі бір файлына әрбір оқушының атын жазып, тұсына қойылған сұрақтарға берген жауаптарын (мысалы, «плюс», «минус», т.б.) белгілеп отырған жөн. Кейде мүғалім оқушылардың өздері белгілеп отыруын ұсынады. Бұл сабақтың соңында білім алушылардың өздерінің білімін өздері бағалауына мұғалімнің қойған бағасы мен білім алушының өзі қойған бағасының ынтымақтастықта қойылуына, бағаларға комментарий жасауға кететін уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.
Тексеру жұмыстарының өткізілу уақыты мен оның ұзақтығы оқушыларға алдын ала хабарлауды қажет етеді. Бұл оқушылардың психологиялық бейімделуін қамтамассыз етеді.Оқушылардың үлгерімін бағалау негізі бақылау (нәтижесі) қорытындысы болып табылады. Сонымен қатар оқушы жұмысының сапасы да, саны да ескеріледі. Сандық көрсеткіштерінің артықшылығы пайыз бен балл түрінде, ал сапалық – “жақсы”, “қанағаттанарлық” т.б. өлшеммен белгіленеді. Әрбір бағалау пікірге алдын-ала келісілген (белгіленген) ұпай, көрсеткіш (мысалы, “өте жақсыға” – 5 ұпай) қоса жазылады. Мұнда баға тек қана нәтиженің өлшемі мен айқындаушы емес, бағалау пікіріне қосымша мағына үстейтінін түсіндіру керек. Санды қолдан жасап қою бағалау пікірмен қайшылық келтіреді. Әлемнің көптеген елдерінде сандық өлшемге қызығушылықтан сақтану үшін әріптік белгілерді қолданады. Мысалы, А, В, С т.б.
Осы критерий бойынша бағаны анықтау үшін ұсынылған мәліметтер мен игерілгендердің көлемін өлшеуді білу қажет. Бұл міндет ыңғайлы практикалық технология деңгейінде шешілген. Баға қызметі, бізге белгілі болғандай оқытылу деңгейімен ғана өлшенбейді. Баға – педагогтың жеке тұлғаның оқуын реттейтін, жағымды құралы. Әділ бағалау арқылы оқушы бойында өіне-өзі сын көзбен қарауы, өзін бағалауы қалыптасады. Сондықтан бағаның ең басты маңыздылығы, оның қызметінің түрі оқушының оқу әрекетінің барлық жағында оны жан-жақты аша алатындығында. Осы көзқарас негізінде қазіргі білім, біліктілікті бағалауда баға жүйесін диагностикалау маңызымен қоса қайта қарастыру қажет. Оқытуды диагностикалаудың, бақылаудың принциптері болып маңызы әділдік, жүйелілік, көрнекілік (жариялылық) болып табылады.
Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып табылады.

Бақылау жұмысы немесе емтихан алдындағы қорқыныш сезімдерін жеңуге, стресс ахуалының алдын алуға септігін тигізеді. Бақылау жұмыстарының материалдарын жасағанда оқытушы қазіргі заманғы техникалық көбейткіш ксерокөшірме, компьютердің проектрлеуші қондырғылардың мүмкіндігін пайдаланып, жұмысын жеңілдеткені жөн. Сонымен бірге осындай тексеру сабақтарының жоспарын жасағанда білім алушылардың білімінің деңгейлік саралануын ескеріп құрылатын тапсырмалардың шешімдері мен жауаптарын сабақ жоспарына міндетті түрде ендіруі тиіс.


Тексеру сабақтарының мынадай түрлері болады: ауызша және жазбаша; оқылған тақырыптан соң бірден алынатын бақылау жұмыстары және біраз уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, көп уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, яғни уақыт өткен сайын алынған білімдердің беріктігін тексеруге арналған жұмыстар т.б. [1]. Олардың дидактикалық мақсаты тек білім деңгейін тексерумен ғана шектелмейді. Тексеру сабақтары білім беру функциясын да атқарады, окушылардың даму деңгейін де анықтайды. Жазбаша тексеру жұмыстары сабақтың бір бөлігіне немесе бүтін бір немесе екі сабаққа есептеліп беріледі. Мазмұнында міндетті бөлікпен қатар математикаға қабілетті оқушылар үшін қосымша бөлігі жоспарланады . Оқушылардың үлгірім деңгейіне байланысты нұсқалар саны көп болғаны, тіпті әрбір білім алушының аты жөні жазылған, арнайы текстер берген тиімді. Тәжірибеміз көрсетіп жүргендей, оқушы өзінің аты жазылған арнайы тапсырма алғанда, оның жауапкершілігі артып, жұмысқа ықыласпен қарайтыны байқалады. Мұғалім бақылау жұмысында оқушылардың бәрі түгел тиімді жұмыспен айналысуын қадағалап, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды жазылған жұмыстарды уақытында өткізуге үйретеді.
Келесі сабақтың бір бөлігін немесе түгел бақылау жұмыстарын талдауға, жиі кездесетін қателер мен жеке оқушылардың жіберген қателеріне, жұмыста жіберілген грамматикалық, символикалық, логикалық қателеріне талдау жасап, сараптауға арнаудың маңызы өте зор. Бұл осындай қателердің келесі бақылау жұмысында болдырмаудың кепілі бола алады және оқушыларды сауатты жазуға, логикалық ойлауын, сөз байлығын, шығармашылық кабілетін дамытуға ықпал етеді.
Бақылау жұмысын нашар жазған оқушыларға қателерін талдап, көрсеткеннен кейін қосымша нұсқа беріп, бақылау жұмысын қайта жазуға мүмкіндік беріледі. Жазбаша бақылау жұмыстарының тестік тапсырмалардан бір артықшылығы оқушылардың жазу стиліне, математикалық сауатты жазуына, есептерді шығарғанда сөз байлығын пайдаланып, түсініктемелер, тұжырымдар жасауын тексеруге, сол арқылы олардың жазу сауаттылығы мен сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын тексеруге мүмкіндік беріледі. Ал, тестік тапсырмалар уакытты үнемдеуге, оқушының да, тексерушінің де артық жұмыстарын азайтуға, білім беру функциясын т.б дидактикалық функцияларды іске асыруға мумкіндік береді [3].
Оқыту өнімділігінің санмен, сапамен, толықтылығымен, дерексізділігімен, тереңділігімен, әділ бақылаумен тығыз байланыстылығы әдістемелік процестің ең жоғарғы заңдылығы ретінде қарастырылады. Оның іс-әрекетке айналып кетуі үшін бақылаудың тиімділігін негіздеп, әсер етуші факторларды ажыратып, түсінікті нақтылау қажет. Қазіргі теорияда әлі “баға”, “бақылау”, “тексеру”, “есеп” және осылармен байланыстыларды ажырататын үйлесімділік жоқ. Оларды бір мағынада жиі алмастырып та, қолданып та жүр.
“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т.б. белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы) қойылады.
Оқушылардың үлгерімін бағалау негізі бақылау (нәтижесі) қорытындысы болып табылады. Сонымен қатар оқушы жұмысының сапасы да, саны да ескеріледі. Сандық көрсеткіштерінің артықшылығы пайыз бен балл түрінде, ал сапалық – “жақсы”, “қанағаттанарлық” т.б. өлшеммен белгіленеді. Әрбір бағалау пікірге алдын-ала келісілген (белгіленген) ұпай, көрсеткіш (мысалы, “өте жақсыға” – 5 ұпай) қоса жазылады. Мұнда баға тек қана нәтиженің өлшемі мен айқындаушы емес, бағалау пікіріне қосымша мағына үстейтінін түсіндіру керек. Санды қолдан жасап қою бағалау пікірмен қайшылық келтіреді. Әлемнің көптеген елдерінде сандық өлшемге қызығушылықтан сақтану үшін әріптік белгілерді қолданады. Мысалы, А, В, С т.б.
Осы критерий бойынша бағаны анықтау үшін ұсынылған мәліметтер мен игерілгендердің көлемін өлшеуді білу қажет. Бұл міндет ыңғайлы практикалық технология деңгейінде шешілген. Баға қызметі, бізге белгілі болғандай оқытылу деңгейімен ғана өлшенбейді. Баға – педагогтың жеке тұлғаның оқуын реттейтін, жағымды құралы. Әділ бағалау арқылы оқушы бойында өіне-өзі сын көзбен қарауы, өзін бағалауы қалыптасады. Сондықтан бағаның ең басты маңыздылығы, оның қызметінің түрі оқушының оқу әрекетінің барлық жағында оны жан-жақты аша алатындығында. Осы көзқарас негізінде қазіргі білім, біліктілікті бағалауда баға жүйесін диагностикалау маңызымен қоса қайта қарастыру қажет. Оқытуды диагностикалаудың, бақылаудың принциптері болып маңызы әділдік, жүйелілік, көрнекілік (жариялылық) болып табылады.
Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып табылады.

Практикалық сабақ 6. Оқушылармен мәтінді есептер шығаруға студенттерді үйрету.


Мәтінді есептерді шешкен кезде оқушы үшін бірінші кезең өте қиын болады. Есеп шарты, әдетте табиғи тілде жазылатыны белгілі. Сондықтан бұл қиындықтардан шығу үшін есепті табиғи тілден математикалық тілге аударуда оқушылардың дерексіздендіре білу деңгейінің жеткілікті дәрежеде жоғары болуы қажет. Шынайы объектімен оның сипаттарынан аулақтау негізінде математикалық объектіге өту – күрделі операция, сондықтан, есепті табиғи тілден математикалық тілге аударуға баса назар аударылуы тиіс.
Есеп. Шаруашылық күн сайын 40 га жерге егін егуі керек еді. Егіншілер күн сайын 52 га жерге егін егіп, жұмысты жоспарланған мерзімнен 2 күн бұрын аяқтады. Егер жоспарланған жер көлемінен 4 га артық жерге егін егілсе, онда егіншілер неше гектар жерге егін еккенін табыңыздар.
Есепте ізделінді егістік алқабын х-пен белгілесек, оның берілген шамаларға тәуелділігін арифметикалық жолмен табу қиынға соғады және ол ыңғайлы емес. Сондықтан есепті жеңіл арифметикалық есеп түрінде қайта құрып жазып қарастыру теңдеу құра білуге көмектеседі.
Айталық, "есептің 40 га, 52 га және х га берілгендері бойынша 2 күн элементін табайық". Жұмыстың неше күн бұрын аяқталғанын білу үшін егіншілердің неше күнде жұмысты бітіргендерін ( күнде) және олардың жұмысты жоспар бойынша қанша күнде бітіру керек екендігін ( күнде) анықтап, бұл өрнектердің айырмасын 2-ге теңестіру керек (2 күн бұрын бітірді), аламыз:

Егер есептің ізделінді х элементі ретінде оның кез келген шамаларының біреуін белгілесек, онда бұған сәйкес арифметикалық амалдардың әр алуан қиындығы болады. Сондықтан есептің ізделінді х элементін сәйкес арифметикалық есеп мейілінше жеңіл болатындай етіп таңдаған дұрыс болады. Есептерді теңдеу құру арқылы шешу әдетте жоғарыда көрсетілген жоспар бойынша жүргізіледі.


Есеп. Тракторшылар бригадасы 240 га жерді жырту керек еді. Бригада күндік жоспарын 1 га артық орындап, жұмысты жоспарлаған мерзімнен 8 күн бұрын бітірді. Бригаданың бастапқы күндік нормасы қанша гектар және жоспар бойынша барлық жұмысты неше күнде бітіруі тиіс еді?


Осы есепті шығару үшін жұмыс мөлшері – бригаданың күндік нормасын сол жұмысты бітіруге кететін уақытқа көбейткен нәтижеге тең болатындығын білу керек, яғни , мұндағы - жұмыс мөлшері, -бастапқы күндік норма, - осы жұмысты бітіру уақыты. Бұдан жұмыс мөлшері мен уақыт белгілі болғанда, күндік норманы табуға болатындығы шығады, яғни . Талдау жасау кезінде осы айтылғандардан басқа "Есепте шамалардың қандай мәндері туралы айтылып тұр және олардың қайсылары белгілі?" деген сұраққа жауап берген жоқ.
Есепте бригаданың жұмыс мөлшері белгілі, ол – 240 га, бригада күндік нормадан 1 га артық орындады және ол жұмысты жоспарлаған мерзімнен 8 күн бұрын бітірді. Сонымен қатар шамалардың төрт сан мәні белгісіз. Олар: бригаданың күндік нормасы, барлық жұмысты жоспар бойынша бітіру уақыты; күніне қанша гектар жер жыртқандығы және барлық жұмысты қанша уақытта бітіргендігі. Осылайша есепті талдап орындауға болады.
Есеп шығарудың екінші кезеңі айнымалыны енгізу. Берілген белгісіз төрт шаманың біреуін ғана х-пен белгілейміз. Есептің сұрағы бойынша табылатын белгісізді (жұмыстың күндік нормасы) х-пен белгілеген ыңғайлы екендігін мұғалімдер тәжірибесі көрсетіп жүр.
Берілген есепте шамалар уақыт (күн) және аудан (га) өлшемдерімен берілгендеріне оқушылардың назарын аудару керек.
Есеп шығарудың үшінші кезеңін қарастырайық. Мұнда оқушылар назарын қалған үш белгісіз шамаларды (жұмыс жоспары бойынша бітіру уақыты, бригаданың күніне жыртқан жер алқабы және барлық жұмысты неше күнде бітіргені) берілген 1 га, 8 күн шамалармен және х айнымалы арқылы өрнектеуге аудару қажет. Мұнда х айнымалысын белгілі сан деп ұйғарып, осы жағдайда есепті арифметикалық тәсілмен шығарған жөн. Сондықтан берілген есепті осы жағдайға сәйкес қайта тұжырымдаймыз:
«Тракторшылар бригадасы 240 га жерді жырту керек еді. Бригада күндік нормасын 1 га артық орындап, жұмысты жоспарлаған мерзімнен 8 күн бұрын бітірді». Мұнда келесі белгісіз шамаларды өрнектеуді анықтау керек:
1) Бригаданың жоспар бойынша жұмысты бітіру мерзімі: күн;
2) Оның күніне қанша гектар жер жыртқандығы: га;
3) Барлық жұмысты неше күнде бітіргендігі күн.
Төртінші кезеңде оқушылар теңдеу құрулары керек. Теңдеу есептің пайдаланбаған шарты (бригаданың жұмысты 8 күнде бітіргені) бойынша құрылады: , яғни бригаданың жұмысты бітіруінің жоспарлаған мерзімі ( күн) 8 күнге кемиді (бұрын бітіреді).
Есептің шешуін тексерудің негізгі мақсаты-теңдеу түбірінің сан мәні оның сұрағына жауап болатын-болмайтындығын анықтау.
Практикалық сабақ7. Математикалық білім берудің нормативтік құжаттары.1-4 сыныптарға оқу материалдарының жоспарларын, сабаққа дайындалу, жоспарлау схемаларымен танысу.
Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет