«бейорганикалық Қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» Сауле Айтуарқызы ильясова «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің



Дата09.07.2016
өлшемі54.5 Kb.
#186823
«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ

ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР»
Сауле Айтуарқызы ИЛЬЯСОВА

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

1 орта мектебі» КММ,



ІІ санатты биология –химия пәнінің мұғалімі.

Таран ауданы, Қостанай облысы.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас

ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың

тағдыры ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев
Оқушылардың жан-жақты дамуына, өздігінен белсенді іс-әрекетке жетелейтін сабақтың түрі - қорытынды сабақ. Қорытынды сабақ - өткен материалды жүйелейді, оқушылардың одан әрі ойлау қабілеттерін дамытады, өз бетімен жұмыс жасайды. 8-сыныпта өткен «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын қорытындылау сабағын ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын қорытындылау сабағы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздарды классификациялау, олардың формулаларын ажырата алатындығын тексеру.

дамытушылық: бейорганикалық заттардың бірізділігі туралы білімдерін жетілдіру,

тәрбиелілік: логикалық байланысты одан ары қарай жалғастыра алуы, генетикалық тізбек бойынша жылжуы «жай зат – оксид – гидроксид – тұздарға» қорытынды шығара алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада сабаққа арналған презентация, тест тапсырмалары, сызбанұсқа, бағалау парағы, сөзжұмбақ.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа даярлығы.

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



І. «Бой сергіту». Сызбанұсқа бойынша күрделі заттарды жіктеу:

Оқушылар күрделі заттардың 4-класына анықтама беріп, олардың жіктелуін сызбанұсқа бойынша түсіндіреді. (1-слайд)



ІІ. «Орнын тап». Берілген реактивтерді шкафтағы өз орындарына орналастырыңдар.

Оқушылар шкафта оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар деп бөлінген 4-бөлікке, берілген реактивтерді өз орнына орналастырулары керек. (2-слайд)



ІІІ. «Химиялық диктант». Кестенің бос орнын толтырыңдар:

Кестенің әр жерінде оксидтің атауы, формуласы және жіктелуі беріледі. Оқушылар сол кестенің қалдырылған оксидтерінің атауын, формуласын және олардың жіктелуін жазады. (3-слайд)



ІV. «Генетикалық байланыстар». Жеке кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір-біріне айналуы бойынша берілген айналуларды жүзеге асырады.

1-топ Металдар → Металл оксидтері → Негіздер → Тұздар

2- топ Бейметалдар → Бейметалл оксидтері → Қышқылдар → Тұздар (4-слайд)

V. «Сөздік». Көп нүктенің орнын толықтырыңдар.

Берілген сөйлемдегі қалдырылған сөздерді оқушылар өздері толықтырады. (5-слайд)



VI. «Электрондық тәжірибе». Оқушылар тәжірибені қарап, сол бойынша реакция теңдеулерін жазады және түзілген заттардың қай класқа жататынын анықтайды.

VII. Химиялық сөзжұмбақ: оқушылар берілген сөзжұмбақтың жауабын тауып жазады.

(6-слайд)

CuSO4

+









+

Na2SO4















+

H2SO4






+

H2O

+




H2O

VIII. «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау» тақырыбына тест тапсырмалары. Оқушылар берілген 10 тест тапсырмаларына жауап береді де, бір-бірін тексеріп бағалайды.

Үйге тапсырма: №8, 9, 10 есептер шығару, 131 бет.

Қорытындылау, бағалау: өзін-өзі бағалау парағы. Оқушылар өздерін бағалайды. Кездескен қиындықтарды талқылайды.



Бүгінгі сабақта

Өзіме қойған бағам

Қиындықтар кездесті

Ескерту

1

Өз ойымды толық жеткізе білдім










2

Алған білімімді практикада қолдана алдым










3

Химиялық тілді дұрыс қолдандым










4

Реакция теңдеулерін жаза алдым










5

Заңдылықтарды сандық есептерде қолдана білдім











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет