Желілік технологияның мақсаты мен міндеттері.
Желі, түрлері
Көлемі бойынша кішігірім, бір үйлер, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті желі деп аталады. Олар: аймақтық және ауқымды желілер болып 2-ге бөлінеді.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қйсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына тиісті болса, онда бұл корпоротивтік деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің желісі –Banknet, негізгі банктің компьютерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоротивтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады.Адаптер компьютердің аналық тақшасынгдағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Әр қосылу - деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы - бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір- біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді.
Жергілікті желі бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Егер компьютерлер бір -бірінен өте алшақ орналаспаса олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір бағдарламалық қамтамасызету дестесімен басқарыла алады. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желінің екі түрі бар:Бір рангты желі , «Клиент- сервер» типті желі
Бір рангты желі — бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.
«Клиент- сервер» типті желі — бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі — файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.
Сервер– ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.
Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет.Серверге принтерлер, модем ортақ қолданбалы программалар, факстер және т.б қосылады.
Жергілікті желі – саны шектеулі қомпьютерлерді біріктіру үшін қолданылады
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде.
Бұл желілер кеңтараған, оларда ақпараттың80-90% айналады және олардың тек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |