Сабақ 3 Тақырып: Қоршаған ортамен таныстыру бағдарламасын жүзеге асыруға қойылатын талаптар



бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі19.13 Kb.
#471362
түріСабақ
  1   2   3
Практикалық сабақ 3


Практикалық сабақ 3 Тақырып: Қоршаған ортамен таныстыру бағдарламасын жүзеге асыруға қойылатын талаптар
Қоңыратқызы Аружан ДО-22-21


Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады. 
Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі оны қоршаған нәрселермен, атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады.
Баланы табиғатпен таныстыру оларды дамытудың басты құралдарының бір түрі. Оның барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғатпен тиімді қарым – қатнас жасауға тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. 
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. 
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Сондықтан да адам сол табиғатты таза сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, кен байлықтарын барынша мұқият пайдаланып, табиғатқа зиян келтірмеуге тырысуда. Бұл-дүние жүзілік мәселе. Қазақстанның өзін алып қарасақ, Арал теңізі, Балқаш өзені, Семей полигонының салдары сияқты, т.б.шешімін таппаған мәселелер баршылық. Табиғатты қорғаудың керек екенін баланың дүниеге келеген күннен бастап санасына құя беруіміз керек. Жер – бұл біздің ортақ ғаламшарымыз, үй-жайымыз. Сондықтан табиғатты тепе-теңдікте сақтауымыз қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет