Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар
Презентация келесі бөлімдерден тұруы керек:
- Титулдық бет (бірінші слайд);
- Кіріспе;
- Презентацияның негізгі бөлігі;
- Қорытынды.
Барлық слайдтардағы тақырыптардың түсі мен қаріпі бірдей болуы керек. Басқа қаріппен және түспен цитаталар мен ескертулерді келтіруге болады (олар тым көп болмауы керек). Қалың немесе түрлі-түсті шрифтпен, курсивпен белгіленген мәтін көп болмауы керек.
Мәтін фонмен біріктірілмеуі керек. Фонның түсі ақ немесе оған жақын, мәтіннің түсі қара немесе оған жақын болғаны жөн.
Титулдық слайдта келесі ақпарат болуы керек:
- Ұйымның атау;
- Баяндама тақырыбы;
- Баяндамашының аты-жөні;
- Жетекшінің аты-жөні;
- Байланыс деректері (e-mail, телефон).
Бірінші слайдтың дизайны әдетте келесілерден ерекшеленеді (жалпы стиль сақталады), баяндама тақырыбы ең үлкен шрифтпен теріледі. Слайд тақырыбы үшін шрифт өлшемі 32 және одан жоғары болуы керек. Негізгі мәтін үшін қаріп өлшемі 24-тен 28-ге дейін, маңыды төмен материал (толықтырулар мен ескертулер) 20-дан 24-ке дейін қаріппен жасалуы мүмкін.
Презентация көрнекі болуы керек, дегенмен суреттер тым көп болмауы керек. Слайдтардағы мәтін көлемі көп болмауы керек.
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Химия, биология және география кафедрасы
«Бекітілді»
Кафедра меңгерушісі
Коразбекова К.У.
Кафедра мәжілісінде қаралды
2021ж. «07» сәуір
№ 10хаттама
Дәріс кешені
Жануарлар биологиясы
6В01505-Биология білім беру бағдарламасына арналған
1.Дәріс тақырыбы: Қарапайымдылар патшалық тармағы. Жалпы сипаттама
2. Оқу нәтижелері: Қарапайымдардың құрылысымен таныстыру
3. Дәріс жоспары:
1.Қарапайымдарға жалпы сипаттама
2.Тип Саркомастигофора
3.Класс Саркодиналар
4.Класс Талшықтылар
4.Дәріс тезистері:
1.Дәріс тақырыбы: Тип Апикомплекстер (Споралылар)
2.Оқу нәтижелері:: Паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы негізгі ерекшеліктерді анықтау
3.Дәріс жоспары:
1.Тип Апикомплекстер. Құрылым ерекшеліктері
2.Өкілдеріне жалпы сипаттама
3.Қарапайым паразиттердің тіршілік циклі
4.Дәріс тезистері
1.Тип Апикомплекстер. Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңце, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар - Gregarinina және кокцидиятәрізділер - Coccidiomorpha.
2. Өкілдеріне жалпы сипаттама. Грегариндер класы. Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы және көлденең жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәтижесіңце грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға карай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде жылжымай бір жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.
Нағыз грегариналар отряды – Eugregarinida. Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалык пер-делер түзеп, грегаринанын. бір клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші - протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро орналасқан үлкенірек болып келген бөлік. Осындай үш бөлімді құрылысты грегариналарды Серһаііпа деген отряд тармағына жатқызады. Басқаларының денесі бөлімдерге бөлінбей, денелері құрт тәрізді не шар тәрізді жануарлардың дене қуыстарында тіршілік етеді. Бұларды Асерһаііпа отряд тармағына жатқызады.
Кокцидиятәрізділер класы – Coccidiomorpha. Бұл класқа өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға сияқты болып келеді. Олар адамның, сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі.
Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna). Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).
Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады: кокцидиялар отряды - Coccidiida және кан споралылар - Haemosporidia.
Кокцидиялар отряды – Coccidiida. Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі фибриддер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді - коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидияларда, клеткаларға ортақ бірқатар органоидтар болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық торы, т. б.
Қан споралылар отряды - Haemosporidia Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш насекомдардың яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.
3. Қарапайым паразиттердің тіршілік циклі. Нағыз грегариналар отряды – Eugregarinida грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді. Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. Гаметалар қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді. Ядро бөлініп 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның ішінде 8 спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітеді.
Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.
1.Дәріс тақырыбы: Тип Апикомплекстер (Споралылар)
2.Оқу нәтижелері:: Паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы негізгі ерекшеліктерді анықтау
3.Дәріс жоспары:
1.Тип Апикомплекстер. Құрылым ерекшеліктері
2.Өкілдеріне жалпы сипаттама
3.Қарапайым паразиттердің тіршілік циклі
4.Дәріс тезистері
1.Дәріс тақырыбы «№4: Тип Инфузория. Жалпы сипаттама
2. Оқу нәтижелері:Инфузориялардың құрылым деңгейлерінің прогрессивті белгілерін анықтау
3.Дәріс жоспары:
1.Инфузория типіне жалпы сипаттама
2.Типтің классификациясы
4.Дәріс тезистері
1.Инфузория типіне жалпы сипаттама. Инфузориялар типінің 7000 нан аса түрі белгілі. Қозғалу органелласы кірпікшелері. Кірпікшелі иңфузориялар кірпікшелері арқылы қозғалады, оның саны көп болады. Сорғыш инфузорияларда кірпікше болмайды. Цитоплазмасында ірі ядро "макронуклеусі. тіршілік процестерін реттейтін соматикалық немесе вегатативтік ядро, оның хромосом саны полиплоидты. Ал, кіші ядро- микронуклеус жыныстық немесе генеративті ядро, хромосом саны диплоидты. Кірпікшелі инфузориялар тіршілік ету тәсілі жәнө қоректену-ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Оның кейбір түрлері суда жүзіп басқа бір түрлері су түбінде, үшінші бір түрлері судағы өсімдіктерге бекініп тіршілік етөді. Бұл организмдердің көпшілігі бактериялармен, ұсақ балдырлармен, басқа қарапайымдармен, тіпті кірпікшелердің кейбір өкілдерімен қоректенетін жыртқыштар, басқа организмдердің денесінде тіршілік ететін паразит түрлері де бар. Ондай паразит түрлері балықтардың терісін, әртүрлі жануарлар мен адамның ас қорыту органдарын мекендейді.
Дене пішіні әртүрлі, көлемі 40 мкм=нан 2 мкм=ге жететін, күрделі қүрылысты бір клеткалы организмдер. Цитоплазма екі қабаттан эктоплазма жанө эндоплазмадан түрады.Эктоплазма қабаты тығыз, серпімді пелликуланы түзеді. Ол, қосқабатты болып келетін сыртқы жөне ішкі мембраналардан тұрады. Сыртқы мембраналар 6 қырлы тығыз орналасқан пластинкалардан құралган.Инфузорияның денесі сыртынан кірпікшелермен қапталған. Саны І0-І50О0=ға жуық. Кірпікшелері бір бағытта ескек тәрізді қозғалады. Туфелька секундына 2,5 мм жылдамдықпен қозғалады. Ауыз деп аталатын цитоплазмалық ойыстағы ұзын кірпікшелер, үш қатар болып өзара бірігіп, толқып тұратын жарғақ мембранаға айналған. Ол қоректі ауызға айдап түсіреді.Кірпікшелілер, эктоплазмадағы базаль дөнешігі - кинетосомнан басталады.Кинетосоманың электрондық-микроскоптық құрылысы негізінен микротүтікше қүрайтын фибриллдер тобынан тұрады. Сонымен қатар қорганыш қызметін атқаратын трихоциста орналасады. Трихоцисталарға тітіркендіргіш әсер еткен кезде, капсуладан улы сұйықтығы бар жіпше атылып шығып, басқа жануарлардан қорғанады жәнө қоректік организмдерін жансыздандырады. Күрделі құрылысты екі немесе одан да көп жиырылғыш вакуольдері болады.Екі вакуоль кезектесіп жиырылады. Алып келгіш түтіктерінің саны 5-7 және орталық резервуардан тұрады. Сұйық заттар түтікшелерімен орталық резервуарга жиналып ерекше тесік арқылы сыртқа шығарылады. Осмостық қысымды реттеуде судағы тұз мөлшері әсер етеді. Су тұзды болса, сұйық шығару мерзімі сирейді. 40-50 минутта дене мөлшеріне сәйкес келе-тіндей сұйық шығарады. Инфузориялар 0% мөлшері аз ортада, ыдырау өнімдерін пай-даланып тіршілік етеді. Кірпікшелі инфузориялардың барлығына тән бір ерекшелік вегетативті ядросы - макронуклеусінің жыныстық немесе генеративті ядросы - микронуклеусінің болуы.
2 Типтің классификациясы. Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады.
Кірпікшелі инфузориялар класы – Ciliata. Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін. Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан. Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді. Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.
Сорғыш инфузориялар класы – Suctoria. Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі, жұтқыншағы жоқ, тек дамуының алғашқы кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады, кейін олар жойылып кетеді.
Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді. Таяқшалары өте сезгіш. Егер кірпікшелі инфузория сорғыш таяқшаға тиіп кетсе, олар сол сәтте оған жабысады. Ұсталған кірпікшелі инфузорияға таяқшалардың бірнешеуі бұрылып келіп, жабысқан жерінің пелликуласын ерітіп жіберіп ішіндегі цитоплазманы сорып алады. Таяқшалары денесінде радиальды түрінде (Sphaerophrya) шоғырланып немесе арнайы өсінділерінде "қолдарында" тарамдалып орналасқан (Dendrocometes) ұзын немесе қысқа. Таяқшаларының осындай құрылысты болуына байланысты оларды сорғыш және ұстағыш таяқшалар деп атайды. Сорғыш таяқшалар қоректену, ал ұстағыш таяқшалар жемді ұстау және өлтіру қызметін атқарады.
Сорғыш инфузорияларды кірпікшелілер типіне жатқызу себебі бұлардың макронуклеусінің, микронуклеусінің болуы, жынысты - конъюгация жолымен көбеюі және дамуының алғашқы кезеңінде кірпікшелерінің болуы.
1.Дәріс тақырыбы: №5Тип Ішекқуыстылар
2. Оқу нәтижелері:: Көпклеткалылардың құрылым ерекшеліктерін көрсету
3. Дәріс жоспары:
1. Радиальды (сәулелі) – Radiata көпклеткалылар
2. Ішекқуыстылар типі
4.Дәріс тезисі
1.Көпклеткалыларға тән белгілер. Нағыз көп клеткалы жануарлардың басты ерекшелігі – дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір – бірімен өзара байланысты тканьдері, мүшелері, нерв жүйесі жақсы дамыған. Жаңуарлардың жалпы құрылымын зерттегенде, дене бөлімдері, не мүшелері бір орталық діңгектің (ось) төңірегін айнала, не бір жазықтық бағытында белгілі тәртіпте орын алып жататындығы байқалады. Бұл дене симметриясы. Симметрияның қалыптасуы озганизмнің өмір сүруіне байланысты. Жануарлар дүниесінде бірнеше симметрия типтері кездеседі. Солардың ішінде ең негізісі – радиальды (сәулелі) – Radiata және билатеральды (екі жақты) – Bilaterata симметрмия.
2.Ішекқуыстылардың негізгі ерекшеліктері. Ішекқуыстылар типі – COELENTERATA (CNIDARIA). Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір – бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblastica) жануарлар тобына жатады.
Екіншіден – энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады.Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тагы бір - сәулелі симметриясының болуы.
Жоғарыда айтылғандай,ол өмір бойғы немесе тіршілік циклінің бір ғана кезеңіндегі тіркелмелі немесе суда қалқып жүзіп тіршілік етуінің және қоршаған ортаның тұрақты әрі бірқалыпты ықпал етуінің етуінің салдары.
Морфологиялық құрылысты жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі – полиптер және еркін жүзіп жүретін – медузалар болып топтасады.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді.табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама – қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол – полиморфты, ал бірдей болса – мономорфты колония болады.
Медузалар – жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың тағы бір ерекшелігі – атқыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000 – ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 1мм – ден бірнеше см – дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica – ның көлденеңі 2м, қармалауыштарының ұзындығы 30м – ге дейін жетеді. Ішекқуыстылар жыныссыз жынысты және ұрпақ алмасуы – метагенез арқылы дамиды.
3.Ішекқуыстылардың филогениясы. Нағыз көпклеткалы жануарлардың тобындағы ең қарапайым құрылысты ішекқуыстылар. Олардың ересек кезінде де айқын сақталған эктодерма және энтодерма деп аталатын екі ұрық жапырақшаларының болуы. Құрылысы жағынан олар гаструлаға ұқсас және радиальді симметриясы жақсы дамыған. Даму кезіндегі пайда болған паренхимула личинкасы И.И. Мечниковтың «фагоцителласына» ұқсас. Осылардың барлығын ескере отырып, ғалымдар алғашқы ішекқуыстылардың арғы тегі И.И. Мечниковтың «фагоцителла» тәрізді еркін жүзетін организмдер болған, олар субстратқа бекініп гидроидты полиптерге бастама берген деп жорамалдайды. Ішекқуыстылардың филогенетикалық байланыстыра қарасақ, олардың ішінде ең қарапайымы гидрозоа класы болып табылады. Бұлардың гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланған, жұтқыншағы дамымаған, құрылысы қарапайым.
Гидрозоа класының ішінде орталық орынды гидроидты полиптер алады. Оларды даму циклындағы метагенез процесі арқылы сцифомедузалармен жақындастыруға болады.
Гидрозоа класының ерекше тобы зооидтарының құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар полиморфты колонияны құрап, күрделі формаларға айналып, эволюциялық дамуы жағынан гидроидты полиптерден жоғары тұрады.
Сцифомедузалар мен маржан полиптер класы эволюциялық даму және филогенетикалық байланыстары жағынан гидрозоа класынан шыққан деп жорамалдайды. Бірақ, бұлар ерте кезде екі эволюциялық бағытта дамыған, яғни сцифомедуза және маржан полиптер кластарының өкілдері өзінің тіршілік ету формаларына байланысты елеулі өзгерістерге ұшыраған. Сцифомедузалардың полиптік кезеңі әлсіздеу, ал медузоидты кезеңі күшті дамып негізгі тіршілік рөлін атқарады. Ас қорыту жүйесі гастроваскулярлы жүйеге айналып, ас қорыту жұмысын және қорытылған асты сіңіру қабілетін арттыруына мүмкіндік береді. Маржан полиптердің медузоидты кезеңі түгелімен жойылып, күрделіленген полиплоидты кезеңі ғана қалған. Ас қорыту жүйесі эктодермалық жұтқыншаққа және септалармен бөлінген гастраль қуысына бөлініп күрделілігін арттырады.
Жоғарыда айтылған ұқсастық және ерекшелік белгілерінің болуы ішекқуыстылар кластарының шығу тектерінде туыстық қатынастың бар екендігін көрсетеді. Бұларда эволюциялық даму процесі бірнеше бағытта жүрген.
1.Дәріс тақырыбы: Тип Жалпақ құрттар
2.Оқу нәтижелері:Еркін қозғалатын жалпақ құрттардың құрылымындағы прогрессивті белгілерін анықтау
Дәріс жоспары:
1.Жалпақ құрттардың құрылысындағы прогрессивті белгілер
2.Класс Кірпікшелі құрттар. Жалпы сипаттама
3.Жалпақ құрттар филогениясы
4.Дәріс тезисі
1.Жалпақ құрттардың құрылысындағы прогрессивті белгілер. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes немесе Platodes. Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы /билатеральды/ жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез рпоцесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрық жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырықшасы – мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа – құрсақ бағытында қысыңқы /жапырақ, тақта, таспа тәріздес/.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері – бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпитеелий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып /сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза – вентральды, қиғаш/ эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Plathelminthes типінің “құрт тәріздес” қозғалуы тері – бұлшықет қапшығындағы бұлшыет талшықтарының жиырылуы арқасында жүреді.
Жалпақ құрттардың бәрі де – қуыссыз, паренхималы жануарла: ішкі мүшелері арасындағы кеңістік мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырап тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше щоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы /зәр шығарушы/ саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесініңартқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жыныс жүесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.
2. Кірпікшелі құрттар класы. Жалпы сипаттама. Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.
Құрылысы және физиологиясы. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады. Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттердің әсерінен әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып, эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп аталады.
3.Жалпақ құрттар типінің филогениясы. Жалпақ құрттардың филогенетикалық негізін кірпікшелі құрттар (Turbellaria), оның ішінде тік ішекті (Rhabdocoela) турбеллярилер құрайды деп ғалымдар жорамалдайды. Осылардан жалпақ құрттардың эволюциялық дамуы бірнеше бағытта жүрген болуы мұмкін. Сірә қазіргі уақыттағы паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттар мен тік ішекті турбелляриялар ортақ бір арғы тектен, морфологиялык жағынан жақын еркін қозғалатын формалардан бастама алған болар. Бұларда эволюциялық даму үш бағытта жүрген: бір бұтағы қазіргі кездегі кірпікшелілерге алып келген, қалған екеуі - паразиттік тіршілік етуге бейімделу бағытында болған (сорғыштар мен таспа құрттар).
Еркін қозғалатын жануарлардың паразиттік тіршілікке ауысуы бірнеше бағытта өтуі мүмкін. Бұл жерде симбиоз түрі маңызды орын алады. Мысалы, суда (немесе теңізде) өз бетінше тіршілік етіп жүрген кішкене құрттар белгілі бір жағдайлармен өзінен ірі жануардың (балықтың) денесін паналайды. Алғашқы кезде сол жерлерде жиналған ұсақ омыртқасыздармен, балық денесіндегі сілекеймен қоректенеді. Қоректің үнемі жетіспеушілігінен, олар балық денесін жарақаттап, ондағы таусылмас қорек қорын пайдалана бастайды. Иесінің қанымен, тканьдерімен қоректенуге көшіп, олар нағыз паразиттерге айналады.
1.Дәріс тақырыбы: №7 Класс Кірпікшелі құрттар. Жалпы сипаттама. Жалпақ құрттар филогениясы
2. Оқу нәтижелері:Паразиттік тіршілік етуіне байланысты жалпақ құрттардың негізгі белгілерін анықтау
3.Дәріс жоспары:
1. Кірпікшелі құрттардың құрылысы және физиологиясы
2. Сорғыштар мен таспа құрттар
4.Дәріс тезисі
1.Класс Сорғыш құрттар- Trematoda. Жалпы сипаттама. Бұл класс өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Сорғыштарға 4000 түр жатады. Сорғыштардың көпшілігі бірнеше миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл құрттардың ірілері де болады. Мысалы, бауыр сорғыш құрттардың ұзындығыЗ см, кейбір бауыр сорғыштары 1,5 м-ге дейін жетеді (Didymozoidea тұқымдасынан).
Құрылысы мен физиологиясы. Дене формасы көбінесе жапырақ тәрізді. Бұлардың сорғыштары болғандықтан кластың атауы да солай. Сорғыштар ойыстау болып, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Осы бұлшықеттердің қозғалысы арқылы сорғыштар үлкейе де, кішірейе де алады.
Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштары бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштар арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп тұрады. Көпке дейін трематодтардың денесі эпителиальды клеткалардан бөлінетін қорғау функциясын атқаратын қатты зат - кутикуламен қапталған деп есептелді. Электронды микроскоп арқылы зерттеулер ол көзқарастың дұрыс емес екенін көрсетті. Трематодтардың, жамылғысы - тегумент, кейбір турбеллярилердің батқан эпителиіне сәйкес келетіні анықталды, бірақ, паразиттік тіршілік етуіне байланысты кірпікшелері болмайды. Тегументтің сыртқы бөлігі - көптеген митохондрия мен вакуольдері бар ядросыз цитоплазмалы қабат. Бұл қабат цитоплазманың өсінділері арқылы паренхиманың ішіне батып жатқан ядросы бар цитоплазмамен байланысады. Сонымен, трематодтардың тегументі турбелляриялардың батып жатқан эпителиі сияқты синцитий болып табылады. Тегументтің жоғарғы қабатында кейде кутикулярлы тікенектері болады - бұлар паразиттердің қосымша бекіну мүшелері. Бұл қабаттың астында базальды мембрана, оның астында сақина және ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Тері - бұлшықет қапшығы мен паренхиманың құрылысы кірпікшелі құрттарға ұқсас. Сорғыштар аз қозғалады.
2. Класс Таспа құрттар. Жалпы сипаттама. Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа-құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15 м-ге дейін. Көбіне денелері проглоттидтер деп аталатын жеке буындардан тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді. Кейбір түрлерінің денесі тұтас бөлінбеген. Денесінің алдыңғы ұшында сколекс (scolex) деп аталатын басы болады, одан бөлшектенбеген мойыны және бір қатар буындар (проглоттидтер) тіркесіп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен бірнеше мыңға жетеді. Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні мойынынан қашықтаған сайын өзгере береді. Алдыңғы буындары қысқа, гермафродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтау - пісіп жетілген (ұрықтанған жұмырткаларға толы) буындар. Олар құрттың денесінен үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның орнына келесі буындар жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп, олар артқа қарай ығысып, пісіп жетіліп тұрады.
Басы немесе сколекс домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар сорғыштар; ботридиялар - ерекше үзын қысқыш аппараты; ботрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер; имекқармақшалар; тістер, т.б.
Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенеяларға ұқсас болады, тек тегументгің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетіңде көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар деп аталады, өте сақ, тек электронды микроскоп арқылы көрінеді, құрттың коректенуінде маңызды қызмет атқарады.
Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының шумағынан құрылған тері-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральді) бұлшықеттері де орналасқан Құрттар бұлшықеттерін жиырып қозғалады. Таспа құрттар-дың паренхимасында едәуір көлемде гликогеннің жиынтығы және шашыранды түрде орналасқан көмірқышқылды ізбест денешіктері болады. Гликогеннің болуы, құрттардың анаэробты тыныс алатын жағдайда тіршілікке қажет энергияны бөлетіндігіне байланысты. Ал өте ұсақ ізбесті денешіктердің құрылысы және атқаратын қызметі толық анықталмаған, бірақ оларды экскретті (зат алмасу процесіндегі соңғы, организмге қажеті жоқ өнімдер) денешіктер деп қарастырып, буферлік жүйенің қызметін атқарып, құрттарды қышқыл ортаның зиянды әсерінен сақтайды деген болжамдар бар.
Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі - ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Лекция 8
Дәріс тақырыбы: Тип Жұмыр құрттар
2. Оқу нәтижелері:: Жұмыр құрттардың құрылым ерекшеліктерін көрсету
Дәріс жоспары:
Жұмыр құрттар типіне тән белгілер
Нағыз жұмыр құрттар класының негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттар типінің филогениясы
4.Дәріс тезисі.
1. Жұмыр құрттар типіне тән белгілер. Жұмыр құрттардың көпдеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктермен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтаноны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттардың бір келкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуыда солай.
Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамыған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протенфридияльды; қан айналу және тыныс алу жуйесі дамыған; ас қорыту жүйесінде артқы ішкі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды,сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.
2. Нағыз жұмыр құрттар класының негізгі ерекшеліктері. Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бірклеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ арасына енуге) қалыптасқан.
Грек тілінде "nematos" - жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрге әзер жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір ұзын болады. Мысалы: жылқы аскаридасының (Parascaris eguorum) ұзындығы 37 см, Placentonema gigantissima-ның 8 метр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі арқа және құрсақ бөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.
Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған. Кутикула (латынша "cuticula" - қабықша) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен минералды заттар және сақиналы әрі ұзынша келген таралымдары оған механикалык беріктік береді де, оны созылғыш етеді. Кутикула сомалық (дене) бұлшықеттерге тірек бола тұрып нематоданың өзіндік сыртқы қаңқасын құрайды да, денені механикалық жарақаттанудан, улы заттардың әсерінен сақтап, қорғайды.
3.Жұмыр құрттар типінің филогениясы. Ұзақ уақыт бойы жұмыр құрттар типінің шығу тегі белгісіз болып келді. Тек, соңғы кезде, негізгі кластарын нақтылы зерттегеннен кейін, бұл типтің шығу тегі кірпікшелі құрттармен (Turbellaria) байланысты екені байқалды. Шынында да, кірпікшелі құрттармен ұқсастық белгілері жұмыр құрттардың әрбір кластарында байқалады. Коловраткалар мен құрсақ кірпікшелілерде денесінің кейбір жерлерінде кірпікшелері сақталған. Бұл кластарда зәр шығару жүйесі протонефридиялы түрінде. Нағыз жұмыр құрттар және құрсақ кірпікшелілер класы нерв жүйесінің құрылысы жағынан кірпікшелі құрттарға ұқсас. Қүрсақ кірпікшелілер, нематодтар және киноринхалар класының жұтқыншақ құрылысы тік ішекті турбелляриялардың жұтқыншағына ұқсас. Жыныс жүйесі, дара жыныстылығы болмаса, басқа жағынан турбелляриялардың жыныс жүйесімен бірдей. Коловраткалардың аналық жүйесінде сарыуыз безі бар. Осылардың барлығы жұмыр құрттар типінің арғы тегі кірпікшелі құрттар деуге толық негіз береді.
Жұмыр құрттар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы - бірінші дене қуысының (схизоцель) және аналь тесігінің болуы. Бірақ бұл белгілер типтің прогрессивті дамуы нәтижесінде өзгерген. Жұмыр құрттардың әрбір кластарының өзінің құрылысы жағынан турбелляриялардан ерекше: кутикуланың болуы (нематодтарда); жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы (нематодтар, коловраткаларда); сақина тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, жұтқыншақ айнала нерв сақинасының болуы (нематодтарда); айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш - мастаке бөлімінің түзілуі (коловраткаларда) т. б. Бірақ бұл ерекшеліктердің барлығы жекелеген мүшелер мен тканьдерінде болады, ал денелерінің жалпы құрылысындағы негізгі белгілері арғы тектерінің және кластар арасындағы филогенездік сабақтастықты көрсетеді.
1.Дәріс тақырыбы: Тип Буылтық құрттар
2. Оқу нәтижелері:: Буылтық құрттардың құрылым ерекшеліктерін көрсету
3.Дәріс Жоспары:
1.Целомдық жануарлар
2.Буылтық құрттар типі. Жалпы сипаттама
1. Целомдық жануарлар. Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
2. Буылтық құрттар типі. Жалпы сипаттама. Буылтық құрттар құрылысы жөнінде күрделі, құрттардың ішіндегі жоғарғы тип. Жұмыр құрттармен салыстарғанда денесі әлдеқайда, күрделіленген, оның өзі тіршілік ету тәсіліне, тез қимылдағыш әрекетіне байланысты. Буылтық құрттардың басым көпшілігі мұхиттарда, теңіздерде, тұщы және тұздырақ суларда тіршілік етеді. Кейбір жоғары дәрежеде дамыған топтары (жауын құрттары, сүліктің, кейбір туыстасы және т.б) ылғалы мол топырақта тіршілік етуге бейімделген. Дегенмен осы топтың өкілдерінен бастап бірте-бірте құрлықта тіршілік ете бастайды және соған сәйкес дене құрлысының күрделенуі шапшаңдайды. Ғылымға бұл құрттардың 17 мың түрі белгілі.
Құрлысы. Барлық буылтық құрттарға тән ортақ белгілер денесі созылыңқы ұзын гомономдық метамериялы болады, демек денесі бірінен соң бірі қайталап отыратын дұрыс біркелкі сақиналардан (буылтық-буылтық) тұрады. Олар біріне бірі өте ұқсас болады, сондықтан гомономдық, метамерия дейді. Денесінің тұрқы тіршілік еткен ортасына қарай өзгеріп отырады, 0,5 мм-ден 3 мм-ге дейін болады, жиірек 10-150 мм аралығында кездеседі. Буылттық құрттар денесі бас бөлімі (простомиум), келесі сақиналардан (метамерлер) және артқы бөлімнен (пигидиум) тұрады. Олардың сақиналары немесе буылтықтары бір-бірінен перде арқылы бөлініп жатады.
Дене сегменттерін (сақиналарды) сыртына тығыз жамылғы немесе кутикула жауып тұрады. Кутикуланың астыңғы жағында бір қабатты эпителий жатады, қозғалғанда жеңілдік жасау үшін жауларын қорқыту т.б. оның терісінде әртүрлі шырындар шығарып тұратын тері бездері көп болады. Көпшілік түрлерінде терісінде әртүрлі түс беретін пигменттері бар, ол теңізде тіршілік ететін көпқылтанды құрттарда және әртүрлі сүліктерде, бұл пигменттер өте әсерлі және ашық болып келеді. Су түбінде немесе топырақта тіршілік ететін түрлерінде пигменттер болмайды.
Нерв жүйесі. Орталық нерв жүйесі бас ганглиясы (ми) жұтқаншақ маңындағы нерв сақинасы мен мидан шыққан нерв тізбегінен құрылады. Құрсақ тізбегінің нерв түйіндері, әрбір буылтыққа бір түйіннен жіберіп жалғасады. Түіндер бір-бірімен көлденең комиссурлар арқылы тұрады. Нәтижесінде әрбір құрсақ тізбегінің ганглиясы буылтықтың мүшелеріне қоздырғыш әрекетті жеткізіп отырады. Бас ганглиясы бүкіл ішкі мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесіне байланысты әртүрлі сезім мүшелері пайда болады. Олар негізінде дененің алдыңғы бөлігінде жинақталған. Сезім мүшелері қармалағыштардың ішіндегі нерв клеткаларының ұшымен қабылданады. Тамақ (азық) іздеп, оны табуда ауыз айналасында орналасқан сезгіш химиялық тітіркендіргіштер зор роль атқарады.
Жарық сезгіш клеткалар бүкіл денесінің үстінде орналасқан (терісінде). Көпшілік теңізде тіршілік ететін көп қылтанды буылтық құрттарда және көпшілік сүліктерде әртүрлі көздері болады. Көпшілік көп қылтанды буылттық құрттарда тепе-теңдік мүшесі болады.
Жануарлар дүниесінде нерв жүйесінің күрделеніп дамуы, оның ішінде ішекқуыстылармен салыстырғанда, нерв жүйесінің қызметі артып, олардың барлық мүшелерінің бірыңғай бірігіп жұмыс істеуіне толық мүмкіншілік туғызса, екінші жағынан жаңа бір қонысты игеруде де, мінез-құлықтарының жетілуіне де әсерін тигізеді.
Қозғалу жүйесі. Тері-ет қапшығының құрылысы, жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда күрделі болады және құрылысы жөнінен өздеріне тән белгілері болады. Эпидермистің астында жақсы жетілген сақиналы бұлшық еттер, ал оның астында қалың қабат ұзын салалы бұлшық еттер орналасады. Бұлшық ттердің бұлардан басқа да топтары кездеседі.
1.№10 Дәріс тақырыбы: Тип Моллюскалар. Жалпы сипаттама. Классификациясы
2. Оқу нәтижелері: Моллюскалардың көптүрлілігін және құрылысын көрсету
3Дәріс жоспары:
1.Моллюскалар типі: жалпы сипаттама
2.Бүйіржүйкелілер тип тармағы
3.Бақалшақтылар тип тармағы
4.Моллюскалар типінің филогениясы
4.Дәріс тезисі
Моллюскалардың түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана кейін қалатын, күрделі құрылысты жануарлар. Былқылдақденелілердің көпшілігі судың, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа райы жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген. өздерінің тіршілігі мен құбылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді.бірқатар моллюскаларды адам тамақ үшін аулайды, устрица сиятыларды қолда өсіреді, олардан меруерт алу үшін пайдаланады. Кейбір былтықденелілер – зиянды жануарлар, олар ауыл шаруашылығын дақылдарын зақымданады, мысалы, кәдімгі шырышты, «кеме құрты» теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың паразит құрттарының аралық иелері мысалы, тоспа ұлуы т.б.
Құрылысы. Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: дене, бас және бұлшықты аяқ. Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлері тері қаптармен-мантиямен қапталып жатады. Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы инвесть қабыршақтарын бөліп шығарып бақалшақтар түзейді. Моллюскалардың тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады, жануарлардың шабуылынан қорғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтайды. Былқылдақденелілердің бақалшақтарының пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай әртүрлі болады. Мысалы, мұхит пен теңіздердің түбінде тіршілік ететіндерінің бақалшақтары (қабыршақ) қалың, ауыр болып келеді, ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде бақалшақтары жұқа, жеңіл болады. Құрлықта, ылғалды жерлерді мекендейтін моллюскаларда нашар дамыған, ал кейбіреулерінде бақалшақтары жойылып кеткен (редуцируются). әсіресе теңіздерде тіршілік ететіндерінде суда жүзіп жүруіне бақалшақтарының жеңіл болуы көп жеңілдік келтіреді. Бақалшақтар органикалық емес (көміртегі немесе фосфорлы кальций) және органикалық қосылыстардан конхиолиннен (белоктық заттар) тұрады. Көпшілік моллюскалардың бақалшақтары үш қабаттан тұрады: сыртқы немесе конхиолиндік, ортаңғы немесе призмалық, ішкі немесе перламутралық (нағыз меруерттік, інжу қабат).
Нерв жүйесі. Былқылдақденелілердің әр тобында әртүрлі құрылған. Бұл жүйенің қарапайым түрлерінен бірте-бірте күрделене берретінін аңғаруға болады. Былқылдақденелілердің нерв жүйесі жақсы дамыған нерв ганглияларынан тұрады. Олар мыналар. Бас ганглиясы – ол баста жұтқыншақ үстінде орналасқан. Оның қызметі көз және басқа сезім мүшелерін, ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімін, сол маңайдағы байланысы бар мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді; аяқ ганглиясы – ол аяқта орналасқан, аяқты және оның бұлшық еттерін, басқа мүшелерді қамтамасыз етеді; бір жұп висцеральдық ганглилері (ішкі нерв түйіндері) – дененің ішіндегі біренеш ішкі мүше жүйелерін нервтермен қамтамасыз етеді. Ол ішек үстіне орналасқан нерв түйіндері болғандықтан ішкі мүшелерді кеңірек қамтиды; бір жұп плевральдық – ол мантияны нервпен қамтамасыз етеді. Содан кейін әр жұп нерв түйіндері өзара қысқа комиссуралар арқылы қосылады, одан бір жұп аяқтың, бір жұп бастың және бір жұп құрсақтың тб. Түйіндерімен де байланысады.
Сезім мүшелері әртүрлі дамыған. Сезім мүшелері дененің барлық жерлеріне таралған әсіресе олар мантияның эпителиінде жиектерінде, қармалағыштарында шоғырланған. Ортаның температурасы мен химиялық тітіркендіргіштерінде қабылдайтын мүшелер – статоцистері (тепе-теңдік мүшесі) болады. Көпшілік түрлерінде көз бар, олар күрделі құрылыс түрінде дамыған. Кейбіреулерінің көздері өте үлкен, мысалы, алып кальмардың көздерінің диаметрі 30 сантиметрге жетеді, қосжақтаулыларда мантиясының жиегінде тұйық көпіршік тәрізді жарық сезгіш көздері болады, ал бауыраяқтыларда көз ұзын айдаршықтардың (щупалец) ұшында орналасқан.
Қозғалу мүшелері. Моллюскалар баяу қозғалады. Осыған байланысты жауларынан қорғану үшін бақалшақтары жақсы дамыған. Олардың қозғалысы, ұшы ілгері созылған сына тәрізді етті өсінді аяқтары арқылы жүзеге асырылады. Аяқта оның қозғалысын реттеп отыратын бірыңғай салалы ет талшықтар жүйесі болады. Аяқтары әр түрлерінде әрқиля жетілуі ықтимал. Мысалы. Қосжақтаулы моллюскалардың өкілі мидиялардың аяқтары жұқа тіл тәрізді, теңіз тарақшасында болмашы бұдыр, ал устрицада аяқ мүлдем жойылған. өзіндік ерекшелігі бар жылдам қозғалу басаяқты моллюскалардан көруге болады. Аяқтары өзгеріп ерекше құрылысты воронкаға айналған. Олардың қозғаласын көлденең салалы ет талшықтары реттеп отырады. Мысалы, кальмарлар (басаяқты моллюскалардың өкілі) мантия қуысынан суды воронка арқылы шығарып ракета әдісімен қозғалады.
Қан айналу жүйесі. Моллюскаларда қан айналу жүйесі жақсы дамыған, тұйық емес, ашық. Көпшілік моллюскалар да жүрек бір құлақшадан және бір қарыншадан тұрады. Ал қалған өкілдерінде жүрек кейде үш камерадан (екі құлақша және қарынша) және төрт камерадан (екі құлақша және қарынша) тұруы ықтимал. Қарыншадан ілгері және кейін қарай қолқалар шығады, олардан артериялар мен капиллярға тармақталады. Қан капиллярдан дене қуысында жатқан мүшелерге құйылады. Мүшелердің арасындағы қуыстарды шая отырып, мүшелерді оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етіп, жолшыбай көмір қышқылын және диссимиляция қалдық заттарын ала кетеді. Бұл қуыстардан қан, қан тамырларына қайта жиналып, веналық система арқылы көмір қышқыл газына қаныққан қан өкпеге жеткізіледі. Оттегінің көпшілігі қанда еріген күйінде болады.
1.Дәріс тақырыбы: Бауыраяқтылар класы. Жалпы сипаттама
2. Оқу нәтижелері: Бауыраяқтылар класына тән белгілерді анықтау
Дәріс жоспары:
1.Бауыраяқтылар класы. Жалпы сипаттама
2. Буынаяқтылар типі. Жалпы сипаттама
3.Буынаяқтылар типінің филогениясы
4.Дәріс тезисі.
Өкілі үлкен тоспа ұлуы, жүзім ұлуы, жалаңаш шырыштар т.б. Бұлардың денесінің алдыңғы жағы, аузы мен сезім мүшелері орналасқан басқа айналған. Басының ішінде нерв түйіндерінің біреуінен пайда болған миы болады. Арқасында спиралша бұралған бақалшағы бар жануар. Денесі басқа моллюскалардікі сияқты үш бөлімнен тұрады: бас, қысқа денесі және аяғы. Үлкен бұлшық етті аяғы бауыр жағында орналасқан. Сондықтан оларды бауыраяқтылар деп атайды. Олардың ауыз қуысында әрдайым үккісі (радуласы) және жағы болады бұлар өте көп, түр жағынан да қалыспайды, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. Тек осы класта ғана құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Оларда желбезек орнына «өкпе» болады. өкпенің қызметін мантиядағы қантамырларының тармақтары орындайды. Бауыраяқтылар класы үш класс тармағына бөлінеді: алдыңғы желбезектілер (Prosobranchia), артқы желбезектілер(Opistobranchia) және өкпелілер(Pulmonata). Өкпелілерден басқалары теңіздер мен тұщы суларда тіршілік етеді. Құрлықта тіршілік ететіндердің өкілдері жүзім ұлуы және шырыштар. Көп бауыраяқтылардың бақалшақтары редукцияға ұшыраған немесе жойылып кеткен. Мысалы, мұндай құбылыс шырыштарында байқалады. Құрлықта және тұщы суда тіршілік ететін бауыраяқтылардың көбінің, жүзім ұлуынікіндей, желбезектері редукцияға ұшырап, оның орнына өкпе пайда болады. Тұщы суларда көп кездесетіндердің бірі тоспа ұлуы және басқа да өкпелі ұлулар. Құрлық бауыраяқтылар паразит құрттардың аралық иесі болады.
Буынаяқтылар типі. Жалпы сипаттама. Буынаяқтылардың тегі көпқылтанды буылтық құрттар деп есептеледі. Буынаяқтылар мен буылтық құрттардың денелері сақиналардан (сегменттерден) тұрады, орталық нерв жүйесі бас ганглилялардан, жұтқыншақ айналасындағы нерв бағанасынан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сол сияқты шыққан тегімен басқа жағынан да ұқсастықтары бар. Бірақ, ұзақ эволюцияның дамуының барысында белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшыраған.
Буынаяқтылар жануарлардың ішінде түрге өте бай және алуан түрлі болып келеді. Олардың түрлерге байлығы, тіршілік ететін қандай жағдай болса да, сол жерге бейімделуі. Оның айғағы ретінде мынадай мысалды келтіруге болады, ең алғаш олар суда (теңізде) пайда болып, эволюцияның даму барыснда құрлыққа шықты, содан кейін ауа кеңістігін игеріп алды. Буынаяқтылар типі сан жағынанда қалған типтердің түрлерінен көп. Буынаяқтылардың барлық климаттық аймақтарында, (тропиктен, бастап полярлық аймаққа дейін) тіршілік етеді және әртүрлі биоценоздардың құрамына кіреді. Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, тоғандар мен шалшық суларда, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Олардың арасында жыртқыштар мен паразиттер, етпен және өсімдік тектес азықпен қоректенетіндері де бар. Олардың адам баласына тигізер пайдасы да, зияны да бар, сондықтан ауыл шаруашылық мамандары, медицина қызметкерлері және басқа саладағы мамандар үнемі есепке алып отыруы қажет. Қазақстанда буынаяқтылардың барлық кластарының да түрлері кездеседі. Олардың паразитті түрлері және егін, бау-бақша зиянкестері зерттеліп, экологиялық ерекшеліктері анықталуда. Буынаяқтылар типі 1000000 түрлерден тұрады.
Құрылысы. Буынаяқтылардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, екі жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буын болып келгендіктен буынаяқтылар деп атайды. Эволюцияның даму барысында сақиналардың бір-бірінен айырмашылығы туып (ішкі және сырты құрылысы), денесі ұқсас сақиналардың бірігуінен үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Дене сақиналары типтің кейбір топтарында бас бөлімі көкірегімен қосылып кетеді (мысалы, өрмекшілер мен су шаяндары), ал кенелерде сақиналардың бәрі бірігіп кетеді. Олардың денесінің сыртын хитин қабық қаптаған. Ол дененің тек сыртын емес, кейбірінде дененің ішкі органдарының да бетін қаптап жатады. Хитин әрі қорғаныштың, әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттер жабысып бекиді. Хитин азотты заттардан құралған созылмайтын зат. Сондықтан буынаяқтылар дене өсу кезінде хитин қабығын таспат түлейді.
Нерв жүйесі. Буынаяқтылардың нерв жүйесі морфологиясы жағынан буылтық құрттардың нерв жүйесіне ұқсас, жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрғақ нерв тізбегінен тұрады. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып келеді де, содан кейін алдыңғы бөлімі ішектердің үстіңгі жақтарда, қалған бөлімі құрсақтізбегін құрайды. Орталық нерв жүйесінен дененің шет жақтарына нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, еттерге және сезім мүшелерге таралған. Ал ішкі мүшелері ас қорыту, қан жүру, тыныс алу симпатикалық деп аталатын нерв жүйелері арқылы қызмет істейді.
Сезім мүшелері. Буынаяқтылардың сезімталдығы тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитинмен екінші жағынан орталық нерв жүйесімен байланысты. Оларға иіс, дәм сезу тепе-теңдік мүшелері жақсы дамыған. Буынаяқтылардың көздері жақсы жетілген. Оларға күрделі немесе фасеткалы көздер өздігінен көре алады, заттың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алады. Қарапайым көздер тек жарықты ғана сезе алады.
Аяқтары. Буынаяқтылардың қозғалу жүйесі және тезірек құбылыс, оларда буылтық құрттардың параподиясынан дамып пайда болған, буындардан тұратын аяқтардың пайда болуы. Аяқтардың буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Олардың аяқтары әртүрлі, тіршілік ортасына қарай атқаратын қызметі де сан алуан. Бұлшық еттері буылтық құрттардікімен салыстырғанда бір қатар күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың бұлшық еті көлденең салалы-жалпақ, бұндай бұлшық еттер салалы бұлшық еттерден гөрі тезірек жиырылады. Көлденең саласы – жалпақ бұлшық еттер су шаяндары мен өрмекшілердің қозғалыс қимылдарын, әсіресе насекомдардың ұшуын тездетіп отырады. Құрттардан негізгі айырмашылығы буынаяқтыларда тері-ет қапшығы жоқ, сондықтан бұлшық еттері бір-бірінен байланыссыз бөлек-бөлек бұлшық, ет түрінде бөлінген.
Қан айналу жүйесі. Бұл типтің көптеген өкілдерінде, қанды қозғалысқа келтіріп отыратын орталығы-жүрек бар. Ол соғу арқылы қанды үнемі айдап тұрады. Буынаяқтыларда қан айналу жүйесі ашық, демек қан тек қан тамырларымен ғана ағып қоймай, ішкі дене мүшелеріне де құйылады.
2. Буынаяқтылар типінің филогениясы. Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда буынаяқтылардың арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар (Polychaeta) екендігіне күмән жоқ. Оларды байланыстыратын ұқсастық белгілері өте көп: үш қабатты, екі жақты симметриялылар, екеуінің де денелері сегменттелген және кутикула қабатымен қапталынған, жылжу (локомоторлы) мүшелері метамериялы орналасқан, ішкі мүшелерінің құрылысы (ас қорыту, нерв жүйесі т. б.), даму жолдары да бірдей. Осы ұқсастықтарына қарай 1817 жылы француз ғалымы Ж. Кювье буылтық құрттар (Annelida) мен буынаяқтылар (Arthropoda) типін Articulata деген бір топқа біріктірген. Сонда да, буынаяқтылар типінің буылтық құрттармен салыстырғанда олардың өзіне тән біраз күрделі ерекше белгілері бар.
1.Дәріс тақырыбы: Омыртқалылыр зоологиясына кіріспе
2. Оқу нәтижелері:: омыртқалылар зоологиясы – екінші ауыздылар бөлімінің күрделі құрылыстылығын және омыртқалылар зоологиясының ғылым ретінде дамуын студенттерге түсіндіру.
3.Дәріс жоспары:
1. Омыртқалылар зоологиясы жоғары ұйымдасқан екінші ауыздылар бөлімі
2. Омыртқалылыр зоологиясының ғылым ретінде дамуы
4.Дәріс тезисі
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда – хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан, күрделі құрылысты алуан түрі орталықта тіршілік ететін (40 мыңға жуық түрі бар) жануарлар. Хордалылар құрлықта, суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты олардың тіршілік ету ортасымен өз ара қарым-қатысының да күрделене түсуінің нәтижесіне болады. Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері, жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлері де бар. Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы бір түрлері үй малдарының жаңа пайдалы тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып саналады. Сондай-ақ, жабайы омыртақыларды жоспарлы түрде аулай отырып, ет, май, бағалы терілер ситяқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз. Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауыл шаруашылық зиянкестері. Оларға саршұнақтар, тышқандары, дала тышқандары, қасқыр тағы басқалар жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болғанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, тулярмия, энцефалит, бруцеллез тағы басқа) тасмалдаушы, таратушы болып саналады. Омыртқалалар – қаншама күрделі және көп түрлі болғанымен толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері, сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеудің нәтижесінде систематиканың, салыстырмалы анатомияның, гистологияның, экологияның, зоогеографияның, палеонтологияның, филогенетиканың көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді. Омыртқалылар зоологиясының осы замандағы биік шыңына көтерілуіне көптеген оқымыстыларының (Н. Книпович, В.К. Солдатов, А.Н. Державин, Б.М. Житков және тағы басқа) қажырлы еңбектері негіз болды. Омыртқалылар зоологиясының негізгі мақсаты – омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрекеттерін зерттеп қана қоймай, жануарлар дүниесін халық шаруашылғында пайдаланудың жоспарлы, ғылыми негізін жасау болып табылады.
1.Дәріс тақырыбы:Хордалылар типі (CHORDATA)
2.Оқу нәтижелері:: Хордалылар типінің ерекшелігін жалпы сипаттай келе студенттерге бас сүйектілер және бас сүйексіздердің ерекшелігін түсіндіру. «Хордалылар» деп аталуының негізін ашу.
3.Дәріс жоспары:
1. Хордалылар типіне жалпы сипаттама
2. Бас сүйекті және бас сүйексіздер
4.Дәріс тезисі
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар (минога, миксин), балықтар, қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. А.О. Ковалевскийдің зерттеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде, көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар, аппендикулярияларды да жатқызуға болады. Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас белгілері бар, ішек тыныстыларды да хордалыларға жатқызады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады. Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің (chorda dorsalis) болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын, серпімді, бұнақталмаған, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолы көп ерекше ткапьнан құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады, сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда (асцидиялар мен сальпылардан басқа) өмір бойы сақталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады. Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын – невроцель (neurocoel) деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды - желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтың даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері. Хордалылар да тікен терілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы – екінші қуыс. Бұның өзі оларды тікен терілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екендігін көрсетеді. Көптеген органдарының метамерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғары сатыдағы хордалыларда метамерия айқын байқалмайды. Хордалылардың денесі бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді.
1-тип тармағы. Личинка хордалылар немесе Туникаттар (Urochordata немесе Tunicata )Личинка хордалыларға – асцидиялар (ascidiae), сальпылар (saipae ) және аппендликуляриялар (appendiculariae) жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі- туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника – біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден ішкі қалың қабатына келіп орналасқан жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппендикулярияда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген, қан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады. Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Кейбір түрлері су түбіндегі затарға бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп тіршілік етеді.
2-тип тармағы. Бас сүйексіздер (Acrania )
Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordate) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан – бас хордалылар деп аталған.
Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып, созылып жатады, желбезектерінің айналасында қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де, оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-қолдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
3-тип тармағы. Бас сүйектілер немесе Омыртқалылар (Craniata немесе Vertebrata).
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуі түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректену, сезім мүшелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет ету үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелер және орталық нерв системасын қоршап түрады. Скелет денеге тірек болып, желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық скелеттер және аяқ скелеттері пайда болады. Денесіне қанның жылдам таралуына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарлай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі.
1 – класс Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata )
Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілік әрекетіне қарағанда, балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, олардың омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады. Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты, олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады.
Қазіргі кезде тіршілік ететін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді.
1-отряд. Миногалар (Petromyzoniformes )
2-отряд. Миксиндер (Myxiniformes )
Қорытынды: Хордалылардың денесі екі жақты симметриялы, кейбір өкілдері теңізде өмір сүреді және паразиттік тіршілік ететін түрлері кездеседі.
1.Дәріс тақырыбы: 2-класс Балықтар (PISCES)
2. Оқу нәтижелері: Балықтар класына жалпы сипаттама беріп, морфологиялық ерекшелігін және балықтар түрлерін студенттерге түсіндіріу.
Дәріс Жоспары:
1. Балықтарға сипаттама
2. Балықтардың тіршілік жағдайына байланысты морфологиялық, физикалық бейімделушілігі
4.Дәріс тезисі
Сүйекті және шеміршекті балықтарға сипаттама
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарда алғашқы жақтылар деп атайды. Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; 1) балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы, 2) көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының, 3) иіс-сезім және танау тесіктері жұп болуы, 4) желбезектерінің жапырақшаларының эктодермадан пайда болуы, 5) балықтардың денесінің қабықшақтарымен қапталуы тағы басқа жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады. Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі. Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші – шеміршекті балықтар, екінші – сүйекті балықтар.
1-топ. Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes )
Шеміршекті балықтар – осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесітерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді.
1 – класс тармағы. Тақта желбезектілер (Elasmobranchii)
1-отряд. Акулалар (Selachoidei)
2-отряд. Скаттар (Batoidei)
2-класс тармағы. Бүтінбастылар немесе Химерліктер (Holocephali)
Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына қарай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Тірісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми мауытымен бірігіп кеткен. Жалпақ тақташа тестері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген.
Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады.
Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа жатқызуға болады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған.
2 – топ. Сүйекті балықтар (Osteichthyes)
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларының дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады. Скелетінің алғашқы жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектенудің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен жамылмай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана, ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады.
Балықтардың скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің, жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтарға тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі балықтың меншікті салмағының өзгеруіне әсер етеді. Жүзу торсылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатына көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуінге мүмкіндік алады.
Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ, мүйізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді:
3 - класс тармағы. Шеміршек- Сүйектілер (Chondrostei)
Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелетінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектерітерінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген.
Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумының болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің артериялары конусы болады сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы тағы басқа. Қазір тіршілік ететін шеміршікті сүйекті балықтардың бекіре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар.
4 - класс тармағы. Қауырсын қанаттылар (Astinopterygii)
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың түрінің 90 процентінен астамы осы класс тармағына жатады.
Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан - өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгендерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардың барлық түрлеріне тән дене құрлысында мынадай белгілері бар. Дене скелеті толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондықтан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды.
1-отряд үсті. Сүйекті ганоидалар (Holostei)
2-отряд үсті. Көп қанаттылар (Poloypteri)
3-отряд үсті. Сүйекті балықтар (Teleostei)
1-отряд Майшабақ тәрізділер (Clupeiformes)
2-отряд. Карп тәрізділер немесе Сүйекті торсылдақтылар (Cypriniformes)
3-отряд. Угрлар (Anguilliformes)
4-отряд. Шортан тәрізділер (Esociformes)
5-отряд. Алабұға-шортан тәрізділер (Mugiliformes немесе Percesoces )
6-отряд. Саргандар немесе Ұшқыш балықтар (Beloniformes)
7-отряд. Тікен тәрізділер (Gasterosteiformes )
8-отряд. Шоқ желбезектілер (Lophobrachii)
9-отряд. Тікен қанаттылар (Acanthopterygii)
10-отряд. Треска тәрізділер (Gadiformes)
11-отряд. Камбала тәрізділер (Pleuronnectiformes)
12-отряд. Біріккен жақтылар (Plectognathi )
13-отряд. Аяқ қанаттылар (Rediculati)
5 - класс тармағы. Қос тынысты балықтар (Dipnoi)
1-отряд. Бір өкпелілер (Monopneumones)
2-отряд. Қос өкпелілер (Dipneumones)
6 – класс тармағы. Саусақ қанатты балықтар (Crossopterygii)
Саусақ қанатты - өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Саусақ қанаттылардың, қос тынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды.
Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалық сүйек пластинкаларымен – космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі афмибилерді еске түсіреді. Сонымен қатар, саусақ қанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңы құлақ қуысына айналады.
Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтарға жақын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін - әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің және олардың қалдықтарымен ластануы қанаттарының жүзу қызметін атқаруымен қатар денеге тірек болуына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бес саусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезозойда саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусақ қанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады.
2.
Лекция 15
Тақырыбы: 3-класс Амфибиялар немесе Қосмекенділер (AMPHIBIA)
Оқу нәтижелері: Қосмекенділердің тіршілік формасын және құрылысының ерекшеліктерін студенттерге түсіндіріу.
Жоспары:
1. Қосмекенділердің сулы және құрлықта тіршілік етуіне байланысты сипаттама
2. Қосмекенділердің құрылысына аналитикалық шолу
Амфибиялар – суда тіршілік ететін балықтар мен құрлықта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Олардың суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.
Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, құрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға ұшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықта емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органдарының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себептен денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанымен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қосмекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта болады.
Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600-2800 жуық түрі бар: олар үш отрядқа топтасады:
1-отряд. Құйрықтылар (Caudata немесе Urodela )
Құйрықты амфибилердің денесі бас, дене құйрық бөлімдеріне бөлінген. Құйрықтары жұмыр немесе екі бүйірінен қысыңқы болып келеді. Кейбіреулерінің құйрығының үстіңгі жағында жал сияқты тері қатпары болады. Көбінің аяқтары жақсы дамыған. Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Кейбір түрлерінің артқы аяқтары болмайды.
Омыртқалары амфицельді немесе опистоцельді болады. Дене омыртқаларына қабырға жоралғылары бекиді. Құйырықсыздарға қарағанда бұлардың бас сүйектері айқын жіктелген. Маңдай және төбе сүйектері бірігіп кетпеген, бір пар сына тәрізді көз сүйектері болады. Бұғана сүйегі болмайды. Құйырықсыздан айырмашылығы кәрі жілік пен асықты жілік екі сүйектен (шыбық, шынтақ, асықты жілік және шыбығынан) тұрады. Қан айналу системасы қарапайым құрылған. Тек қана жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың жүрекшесі толық пердемен бөлінген. Қолқаның төрт шеңбері де болады. Артқы қуыс венасының сақталуымен қатар, кардинал веналары да сақталған. Көпшіліктерінде сыртқы, ал біраз ғана түрлерінде ішкі желбезек болады, терісі арқылы тыныс алуы басым болады.
Дабыл қуысы мен дабыл жарғағы болмайды. Көптеген құйрықтылардың амфибидің басқа отрядтарына қарағанда бүйір сызық органдары өмір бойы сақталады. Көздері тіршілік ететін ортасына қарай түрліше дамыған. Суда болатындарында қозғалмалы қабығы болмайды. Көпшілігінің ұрықтануы іште орындалады. Ұрықтанған уылдызықтарын салу, личинка немесе тірі туу арқылы көбейеді. Бірқатар түрлерінің личинка кезінде де көбеюге қабілеті болады. Мұны неотения құбылысы деп атайды. Құйырықтылардың қазір 230 –ға жуық түрлері белгілі.
2-отряд. Аяқсыздар (Apoda )
Аяқсыздар жер астында тіршілік етуге маманданған қарапайым құрылысты амфибилер жатады. Денесіндегі маманданушылық, олардың жерді қазып, жер астында тіршілік етуіне байланысты болған. Көпшілік түрлерінің денесі сақина тәрізді бунақталғандықтан олар жауын құрттарына ұқсайды. Аяқтары болмайды, терісі жалаңаш, тері бездері көп болады, сондықтан да терісінің сырты сілекейленіп тұрады. Құйырығы қысқа, денесінің артқы жағынан клоака тесігі ашылады. Жер астында тіршілік етуіне байланысты көздері рудимент түрінде, есту нервтері нашар дамыған, дабыл жарғақтары болмайды. Колаканың керегесінің өсуінен пайда болған копулятивтік органы болады.
Аяқсыздардың құрылысында қарапайым бірнеше екрешеліктер бар, мысалы, олардың терісінде стегоцефалдардан қалған сыуыт қалдықтары бар. Бұл қалдықтар олардың терісінің әр жерінде сүйекті сүйелдер түрінде кездеседі. Басқа қосмекенділерге қарағанда басының жамылғы сүйектері де жақсы дамыған, бұл олардың стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Омыртқалары амфицельді, нағыз қабырғалары болады. Естіу сүйекшесі, яғни үзеңгі сүйек мен шаршы сүйек бірігіп кеткен. Жүрекшелерінің арасындағы перделер әлі толық дамымаған.
3-отряд. Құйрықсыздар (Anura немесе Ecaudata )
Бұған құрылысы күрделі, сан жағынан соншалықты көп, кеңінен тараған құйрықсыз қос мекенділер жатады.
Бұл отрядқа Антарктикадан басқа жер бөліктерінің барлығында да кездесетін 1700 – ге жуық амфибилердің түрлері жатады. Құйырықсыздардың, әсіресе Оңтүстік Америкада көп кездеседі. Құйрықсыздардың түрлері көп болғанымен де барлығына тән белгілері: дене формасы бақа тәрізді құйырықсыз, әрқашанда жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяғының саусақтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетімен секіріп қозғалады.
Скелетіне тән ерекшеліктері: омыртқалары процельді, нағыз қабырғалары болмайды, маңдай және төбе сүйектері, шынтақ және білек сүйектері, асықты жілікпен оның шыбығы бірігіп кеткен. Жоғарыда айтылған қозғалу ерекшеліктеріне байланысты осы көрсетілген сүйектері ғана емес, сонымен қатар аздап та болса білезік және толарсақ сүйектері де бірігіп кетеді. Дабыл қуысы дамымаған. Ересектерінде сыртқы және желбезек асңылаулары болмайды. Сыртқы ортада ұрықтанады. Копулятивтік органы болмайды. Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз тараған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлде болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немесе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсертеді.
2. Амфибилердің дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:
1. Тритон тәрізділер. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйырығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар тағы басқа. 2. Бақа тәрізділер. Бұлардың дене тұрқы қысқа болғанмен де массивті толық келеді, құйырығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде ғана су отралығында болады да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.
3. Құрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы болмайтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.
Лекция 16
Тақырыбы: 4- класс. Бауырымен жорғалаушылар немесе рептилилер (REРTILIA)
2. Оқу нәтижелері:: Бауырымен жорғалаушылар ерекшелігін, күрделі құрылыстығын және алуан түрлілігін студенттерге түсіндіру.
Жоспары:
1. Бауырымен жорғалаушылар сипаттама
2. Бауырымен жорғалаушылардың ішкі сыртқы құрылысы органына типографиясы
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғары сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі саатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, құстар және сүтқоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделмеген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологиның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құлықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғары сатыдағы сүтқоректілерде ұрық қабы бала жататын орында немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.
Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғары сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде қайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жетілген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жетілген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғары сатыдағы омыртқалылардың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14-32 0 градустың арасында болады.
Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000-5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.
1–класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе ящерогадылар (Prosauria)
1-отряд. Тұмсықбастылар (Rhynchocephalia)
2-класс тармағы. Қабыршақтылар (Squamata)
2-отряд. Кесірткелер (Lacertilia)
3-отряд. Хамелеондар (Chamaeleontes)
4-отряд. Жыландар (Ophidia)
3-класс тармағы. Крокодилдер (Crocodilia)
5-отряд. Крокодилдер (Crocodilia)
4-класс тармағы Тасбақалар (Chelonia)
6-отряд. Жасырын мойындылар (Cryptodira)
7-отряд. Бүйір мойындылар (Pleurodira)
8-отряд. Теңіз тасбақалары (Cheioniidea)
9-отряд. Жұмсақ терілілер (Trionychpidae)
2. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептилилер үшке бөлінеді.
1. Кесіртке тәрізділер. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйырықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
2. Жылан тәрізділер. Бұлардың денесі цилиндр пішінде, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйырық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға; жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (Amphisbaenidae) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардың басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйырығы да денесінен айқын бөлінбеген. Керісінше, жыландардан, айдаhарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
3. Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбіне қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады.
Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп отырады. Оны төменгі жатқан қабаты қалпына келтіреді. Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуының үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің көпшілігінің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан. Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді. Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген; мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық. Кесірткелердің мойын омыртқасының саны 8. Рептилилердің мойын омыртқалары амфибилердің мойын омыртқаларынан көп және бұлардың алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (atlas) ауыз омыртқасы, екіншісін - эпистрофея (epistropheus) деп атайды. Бел- көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 болады. Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлделең өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді. Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады.
Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытының түбі негізделген. Бас сүйегінің шүйде бөлімі шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Рептилилердің амфибилерден айырмашылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының кеңейіп, тарылуы нәтижесінде орындалады. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфибилнодікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды.
Рептилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан – дене бүйрегі бастамасының алдыңғы жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың миының сұр затынан тұратын қыртысы болады. Механикалық қозуларды қабыршақтарының үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жиналған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш «түктері» арқылы қабылдайды. Рептилилерде қосмекенділер сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақты бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкіреген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған. Олар саусақ қанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар, немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақытын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап қалған жағдайда жақын жержегі басқа су қоймасына жылжып бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің біркелкі жылы, дымқыл ауа райы әсер еткен. Тас көмір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа райы өзгерген.
Алғашқы рептилилер. Котилозаврлар – тас көмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен рептилилер. Алғашқы кесірткелердің қалдықтары перм дәуірінен табылған.Тирас дәуірінің тұмсық бастылар пайда болған. Оның гаттерия деген түрі осы кезде Жаңа Зеландияда кездеседі. Крокодилдер. Тирас дәуірінің аяқ кезінде пайда болған. Юра дәуірінің крокодилдердің қазіргі крокодилдерден ерекшеліктері; олардың кәдімгі сүйекті таңдайы болмаған және ішкі танау тесіктері таңдай сүйектерінің аралығына ашылған.
Қанатты кесірткелер – мезозой заманындағы рептилилердің ішіндегі ұшуға бейімделген жануарлар. Олардың алдыңғы аяқтарының төртінші ұзын саусағымен екі бүйіріндегі жарғақтары ұшу қызметін атқарған.
Динозаврлар. Тирас дәуірінің басынан бор дәуірінің соңына дейін тіршілік еткен динозоврлар псевдозухилардың соңғы бұтағы болып саналады. Қабыршақтылар. Бұлардың өте ертеде тіршілік еткен түрінің қалдығы перм дәуіріндегі жер қыртысының арасынан табылған. Кесірткелер жоғары юрада пайда болған. Тасбақалар котилозаврлардан шыққан болуы мүмкін. Олардың тегі перм дәуіріндегі еунотосаурус деп болжайды. Олар кесіртке тәрізді қабырғалары қысқа, әрі жалпақ арқа сауыты сияқтыны құрайды. Құрсақ сауыты болмаған. Тістері жақсы жетілмеген. Нағыз сауыты бар нағыз тасбақалар триаста пайда болған.
Аң тәрізді кесірткелер – сүтқоректілердің алғашқы өкілдерінен шыққан. Аң тәрізділер тас көмір дәуірінің соңында пайда болған, перум дәуірінде көбейіп алуан түрі тіршілік еткен. Рептилилер Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің барлығында мекендейді. Рептилилер әр түрлі жануарлармен; жер бетінде тіршілік ететін ұсақ жануарлармен суда тіршілік ететін омыртқасыздармен қатар, ірі сүт қоректілерді де қорек етеді. Рептилилердің ұрықтануы іште болады. Еркектерінің шағылыс органы бар. Жұмыртқалары судан тыс құрлықта құрғақ жерде дамиды. Даму кезінде амфибилерде болатын личинка стадиясы болмайды. Жұмыртқадан ересектеріне ұқсас және ересектері тіршілік ететін жағдайда өмір сүруге бейімделген дене мүшелері кішкене рептилл шығады.
Барлық рептилилердің жұмыртқаларының сырты мықты талшықты қабықпен қапталған. Ол жұмыртқаны кеуіп кетуден, механикалық әсерден, бактериялардың ішіне еніп кетуден сақтайды.
Адам үшін рептилилердің қаншалықты маңызы бар екені әлі толық анықталмаған. Әйткенмен кесірткелердің көпшілігі зиянды насекомдарды және моллюскалармен, оның ішінде зияндыларымен қоректеніп, пайда келтіреді. Бірқатар жыландар кемірушілерді жеп, пайда келтіреді. Пайдалы жақтарымен қатар, кейбір жыландар пайдалы жануарларды жеп, зиянын да тигізеді.
Дәріс тақырыбы: 5-класс Құстар (AVES)
2. Оқу нәтижелері:: Құстардың ұшыуға бейімделген құрылысты болуын және бұлшық еттерінің ерекшелігін студенттерге түсіндіріу.
3.Дәріс жоспары:
1. Құстар класына жалпы сипаттама.
2. Құстарға систематикалық шолу.
Дәріс тезисі
Құстар класы өкілдерінің көптеген морфологиялық белгілері бауырымен жорғалаушыларға ұқсас, бірақ олардан жылықандылық және қауырсынды жамылғысы сияқты маңызды белгілерінің болуымен ерекшеленеді. Бұлар құстарға көптеген артықшылық береді. Сонымен қатар, құстар ұшуға қабілетті, маманданған артқы аяқтарымен әрі жерде де, ағаш бойымен де қозғала алады, тым прогрессивті дамыған.
Жылықандылық құстарға қоңыржай және суық аймақтарға кең таралуға көмектеседі, ал салқынқанды рептилиялар үшін бұл өте қиындықпен жүзеге асады. Ұшуға қабілеттілік басқа ұшпайтын жануарлармен салыстырғанда кеңістікті кең пайдалануға мүмкіндік жасайды. Жерде және ағашта қозғалуға бейімдеушілік құстарға ұшатын кесірткелердің алдында үлкен артықшылық береді, өйткені соңғылары жерде және ағашта икемсіз қозғалатын еді.Осыған қарамастан құстар рептилиялар және сүтқоректілермен бірге амниоталар (Amniota) тобына жатады, өйткені бұлардың барлығында ерекше ұрықтық қабықтар – амнион мен аллантоис болады.Дегенмен де құстар рептилиялармен бірге кесірткетектестер (Sauropsida) тобына бірігеді және бұл жағынан сүтқоректілерге қарама-қарсы жақта болады. Құстарда сүтқоректілердегідей сүт бездері, жұмсақ ерні болмайды, тері жамылғысы бездерге кедей, бас сүйегінде бір ғана шүйде ілмешегі бар, астыңғы жақ бас сүйекпен шаршы сүйектің көмегімен байланысады, клоакасы болады.Деседе құстар бірқатар белгілері бойынша рептилиялар және сүтқоректілерден ерекшеленеді. Құстардың денесі қауырсындармен жабылған, ал алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, оның ұшу бетін ірі қақпа қауырсындар қалыптастырады. Асық жіліктің садақша сүйегі өте күшті редукцияға ұшыраған және үлкен асық жілікпен бірігіп кеткен, оның төменгі бөліміне толарсақтың проксиалды элементтері біріккен, ал қалған сүйектері табан сүйектерімен қосылып құстарға ғана тән жіліншікті түзейді. Бас сүйектің алдыңғы бөлімі өте ұзарған, мүйізді қапшықпен қапталып тұмсықты құрайды, қазіргі құстарда тіс болмайды. Құстардың тұмсықтары алуантүрлі, оларды зерттеу арқылы қоректену сипатын және қорегін ұстау тәсілдерін білуге болады. Сол сияқты артқы аяқтарының құрылыс ерекшеліктерін де атап өтуге тұрады. Олар құрлықта, ағашта және суда қозғалуға бейімделген. Құстар аяқтарының морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында оларджың құрлықта қозғалу жылдамдығы, ағаш бойымен өрмелегенде саусақтарының жабысуы немесе суда тіршілік етуге аяқтарының бейімделуі туралы айтуға болады.
Жамбас белдеуі күрделі сегізкөзге айналған және құстардың жүрегі төрт камералы, одан бір ғана аортаның оң доғасы шығады. Қуық болмайды. Оң жұмыртқа безі және жұмыртқа жолы редукцияға ұшыраған.
Құстардың дене температурасы тұрақты, жоғары. Әртүрлі алмасу жүйелерінің – тыныс алу, асқорыту және қан тасымалдау- қарқындылығы зат алмасу деңгейінің өсуіне, дене температурасының көтерілуіне әрі жоғары деңгейде тұрақты болуына себепкер болды, бұлар құстарға сыртқы орта температурасының өзгеруіне қарсы тұруға көмектеседі.
Жылықандылық, жоғарғы жинақылық, күрделі мінез-құлық-осылардың бәрі құстарға құрлықта мекендеу орталытарына қоныстануға және көптеген түрлердің су маңында тіршілік етуге мүмкіндік берді. Деседе ұшуға бейімделушілік және алдыңғы аяқтарының қанатқа айналуы бұл кластың бейімделушілік радиациясын шектеді. Құстар арасында жер астында және таза айдын суда тіршілік ететін түрлері кездеспейді, сол сияқты олардың дене мөлшері де біршама шектелген. Бірақ осыған қарамастан, бұл құрлық омыртқаларының ішінде ең көп түрлі класс.
Ежелгі құстарды (археоптерикстер) шығу тегі жағынан псевдозухиялармен байланыстырады, бұлардан динозавлар шыққан. Шамасы динозаврлар тым маманданған топ болып табылады, сондықтан да олардың арасынан құстардың тегін іздеуге болмайды (бұғаналары жоқ). Псевдозухиялардың қаңқасы жеңілденген, бұлардың арасында ағаш бойымен еркін өрмелейтін және бұтақтан бұтаққа қалықтап ұша алатын түрлері болған, оларда ағаш арасында қалықтап үшуын жеңілдететін ұзарған қабыршақтары дамыған.Ұзарған және жалпайған қабыршақтардың бірте-бірте жіктелуі нәтижесінде бұлар күрделі құрылысты құстардың қауырсындарына айналуына алып келуі мүмкін. Археоптерикстердің қалдықтарын мұқият зерттеу барысында бұл жануарлардың систематикалық жағдайы туралы сұрақ туғызады.
Табылған археоптерикстер бір түрге (Ежелгі құстар – Archaeornithes класс тармағы) жатады деп саналады және бұлардан басқа құстардың тегін көрсететін олжа жоқ, ал қазба бор құстары (гесперорнис және ихтиорнис) басқа класс тармағына (Жаңа құстар - Neornithes) жатады. Соңғыларының құйрықтары қысқарған және бауырымен жорғалаушылардың белгілері мүлдем аз қалған өте ертеде тіршілік еткен құстар болуына қарамастан бұлар нағыз құстар болып табылады.
Гесперорнистердің пішіні өте ерекше болған, өйткені олардың алдыңғы аяқтары толықтай жойылған, төс сүйегі жайпақ. Аяқтары тым артына қарау орналасқан және барлық саусақтарында қазіргі қасқалдақтардағыдай жекеленген жарғақтары болған. Гесперорнистер жақсы жүзген болуы керек, өйткені олар балықпен қоректенген, олардың жақтарында текодонтты тістер сақталған. Олар үшін құрлықта жүру өте қиын болған, сол себепті суқоймаларының жағалауларында мекендеген, осыған байланысты құрлықта алысқа баруы мүмкін емес еді. Дене мөлшері жағынан бұл құстар ірі қанатсыз қаздарды еске түсіреді.
Ихтиорнистер сумаңы құстарының мүлдем басқа типіне жатады. Олардың дене мөлшері кептердей. Қанаттары жақсы жетілген, төсінде үлкен қыры болған және тамаша ұщқыштар еді. Аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары жоқ. Ихтиорнистер балыққоректі бор құстары болғандықтан, олардың жақтарында, гесперорнистер сияқты, текодонтты тістер сақталған. Ихтиорнистер, судан майда балықтарды ұшып жүріп іліп алуы немесе жағалаулардағы өлген балықтарды теріп алуы мүмкін.
Құстардың систематикасы
+ 1 кластармағы Ежелгі құстар, не кесіртке құйрықтылар – Archaeornithes, seu Saururae
2 кластармағы Нағыз құстар, не Желпуіш құйрықтылар – Neornithes, seu Ornithurae
+ Отряд үсті Тісті құстар – Odontognathae
+ Отрядүсті Ихтиорнистер – Ichthyornithes
Отрядүсті Жүзгіш құстар – Impennes
Отряд Пингвинтәрізділер – Sphenisciformes
Отрядүсті Кәдімгі құстар, не Жаңа таңдайлылар – Neognathae
Отряд Түйеқұстар – Strutioniformes
Отряд Нандутәрізділер – Rheiformes
Отряд Казуартәрізділер – Casuariiformes
+ Отряд Эпиорнистәрізділер – Aepyorithiformes
+ Отряд Маотәрізділер – Dinornithiformes
Отряд Кивитәрізділер – Apterygiformes
Отряд Тинамутәрізділер – Tinamiformes
Отряд Гагаратәрізділер, не маймаққаздар – Gaviformes
Отряд Сұқсырүйректәрізділер – Podicideformes
Отряд Дауылпаздар, не Түтіктанаулылар – Procellariiformes, seu Tubinares
Отряд Бірқазантәрізділер, не Есекеаяқтылар – Pelecaniformes, seu Steganopodes
Отряд Ләйлектәрізділер, не Сирақтылар – Ciconiiformes
Отряд Қоқиқазтәрізділер – Phoenicopteriformes
Отряд Қазтәрізділер – Anseriformes
Отряд Күндізгі жыртқыштар, не Сұңқартәрізділер – Accipitres seu, Falconiformes
Отрял Тауықтәрізділер – Galliformes
Отряд Тырнатәрізділер – Gruiformes
+ Отряд Диатримотәрізділер – Diatrymiformes
Отряд Татреңтәрізділер – Charadriiformes
Отряд Кептертәрізділер – Columbiformes
Отряд Тотықұстәрізділер – Psiitaciformes
Отряд Көкектәрізділер – Cuculiformes
Отряд Жапалақтәрізділер – Strigiformes
Отряд Тентекқұстәрізділер – Caprimulgiformes
ОтрядҰзынқанаттылар – Apodiformes
Отряд Көкқарғатәрізділер – Coraciiformes
Отряд Тоқылдақтәрізділер – Piciformes
Отряд Торғайтәрізділер – Passeriformes
+ жойылып кеткен таксондар
Құстардың морфофизиологиялық ерекшеліктері
Тері жабындылар жүйесі. Құстардың денесі қауырсындармен жабылған, олар терінің эпидермисі мен дермасының туындылары болып табылады. Бұлар негізінен қалыпты құрылысты жабын қауырсындар. Жабын қауырсын бағанадан (өзектен) тұрады, оның екі бүйіріне пәрі (сыртқы және ішкі) орналасады, ол 1-ші және 2-ші қатарлы жіңішке мұртшалардан тұрады, ал соңғылары майда ілгекшелермен жабдықталған, олар басқа екінші қатарлы мұртшалармен ілініп, қауырсынның әрі жеңіл әрі мықты бетін түзейді. Өзектің төмеңгі бөлімі қаламүш деп аталады. Ажыратылған мұртшалар, ілмешектердің көмегімен, құс тұмсығы арқылы тарап өткізгенде оп-оңай бір-бірімен қайта жалғасады. Жабынды қауырсындар құстың денесінде орналасуына қарай түрліше аталады, яғни бас, жамбас, құйрықүсті, құрсақ және т.т. Ең ірі қауырсындар – қақпа және бағыттаушы қауырсындар, олар ең маңызды қызметті – ауырлықты көтереді, яғни ұшудың тарту күшін тудырады және оның мәнерлілігін қамтамасыз етеді.
Жабын қауырсындардан басқа мамық қауырсындарда болады, олардың құрылысы жабын қауырсындарға ұқсас, бірақ мұртшаларында ілгекшелер болмайды, осыған орай пәрі 1-ші дәрежелі шашыраңқы мұртшалардан тұрады, сол себепті мықты пәр түзбейді. Мысалы, түйеқұстың (страус) үлкен әрі әдемі қауырсындары осындай қауырсындарға жатады, ертеде бұлармен қыз-келіншектер мен мушкетерлер бас киімдерін әшекейлеген. Мамық-қауырсынның ерекше типі, оның өзегі қысқа, осыған орай 1-ші қатарлы мұртшалар шоқталып бір жерден шығады, ол бақбақ гүлін елестетеді. Сонымен қатар, құстарда қылтықтәрізді немесе түктәрізді қауырсындар болады, бұлар әсіресе насекомқоректі құстардың (шыбыншылар, қарлығаштар, ұзынқанаттар, сайрауықтар) езуінде жақсы дамыған, ұшып жүріп насекомдарды ұстау кезінде белгілі бір сезу ролін атқарады. Кейбір орнитологтар ұнтақ қауырсындар деп аталатын типін ажыратады, олар өсу барысында өте жұқа ұнтаққа айналады, бұларды құтандар мен оқпандар қауырсындарын күтуге пайдаланады. Қауырсындар құс денесінің барлық жерінде өспейді, олар бар жерді птерилия, қауырсынсыз жерлерді аптерия деп атайды. Бұлардан басқа, кейбір түрлерде көзінің айналасы мен тұмсығының түбінде қауырсынсыз учаскілер (балсірі) болады.
Үншіл құстардың қауырсындарының саны түрге байланысты әдетте 1100 ден 4600-ге дейін ауытқып тұрады. Қыста жазға қарағанда барлық құстарда қауырсындар біршама көп. Қауырсын жамылғысы, ең аз дегенде жылына бір рет, ұялап болған соң әдетте жаздың аяғында жаңарып тұруы керек. Бірақ көптеген құстарда көктемде, ұялау кезеңінің алдында екінші түлеу (толықтай не жарыс жартылай) жүреді. Көптеген құстарда түлеу процесі біртіндеп белгілі бір ретпен жүзеге асады. Қақпа және руль қауырсындар әдетте
Дәріс тақырыбы: Сүтқоректілер класы
Дәріс жоспары:
1. Ілкіаңдар (алғашқы аңдар)
2. Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар
3. Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер
4. Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
4.Дәріс тезисі
Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5 000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Түрлі орта жағдайларында (суда, ауада, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (кейде «териология») деп атайды. Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.
1-отряд. Насеком жемділер (Incectivora )
2-отряд. Жүнді мқанатттылар (Dermoptera)
3-отряд. Қол қанаттылар (Chiroptera)
1-отряд тармағы. Крландар немесе Ит бас жарқанаттар
(Megachiroptera )
2-отряд тармағы. Жарқанаттар (Microchiroptera)
4-отряд. Мүкі тістілер (Edentata)
5-отряд. Кесірттер (Pholidota)
6-отряд. Кемірушілер (Rodentia)
7-отряд. Қоян тәрізділер (Lagomorpha)
8-отряд. Жырқыштар (Carnivora )
9-отряд. Ескек аяқтылар (Pinnipedia)
10-отряд. Кит тәрізділер (Cetacea)
1-отряд тармағы. Тісті киттер (Odontoceti)
2-отряд тармағы. Тіссіз киттер немесе мұртты киттер (Mustacoceti )
11-отряд. Дамандар (Hyracoidea )
12-отряд. Ет тұмсықтылар немесе пілдер (Hrobosccidae )
13-отряд. Сирендер (Sirenia)
14-отряд. Жұп тұяқтылар (Artiodacnyla )
1-отряд тармағы. Күйіс қайтармайтындар (Nonrumibabtia )
2-отряд тармағы. Күйіс қайтарушылар (Ruminantia)
15-отряд. Тақ тұяқтылар (Perissodactyla)
16-отряд. Түтік тістілер (Tubulidentata)
17-отряд. Шала маймылдар немесе лемурлар (Prosimiae)
18-отряд. Маймылдар немесе приматтер (Simiae немесе Primates)
1-отряд тармағы. Кең танаулы маймылдар (Platyrrhini)
2-отряд тармағы. Тар танаулы маймылдар (Catarrhini )
Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар – терінің қосалқы бөлімдері.
Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуімен алдыңғы аяқтарынан және жамбас белдеуі артқы аяқтарынан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы – 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйегі қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Басқа бассүйектері бірімен-бірі жіктесіп тұтасып кеткен.
Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан.
Бассүйегіндегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныстық қозғалыстарға (тынысалу, тыныс шығару) қатысады. Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет ұрт деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүт тістері шығып, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3–4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі. Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады. Қанайналым жүйесі – құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы – сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ қолқа доғасы болатынын естеріңе түсіріңдер! Қан денеге газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.
Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзеді. Жүйке жүйесі – күрделі құрылысты. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп. Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Тек суда, жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде құлақ қалқаны болмайды. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы құлақ қуысында балға, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде, жорғалаушыларда және құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатын еске түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер, дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады. Сүтқоректілер – дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі – жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған (178-сурет). Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян 45–51 күн, бұғылар 8–9 ай, жылқы 10 ай, түйе 12–13 айда төлдейді. Халық ұғымында «12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бұл күлкі!» деген жұмбақ та әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған. Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларына жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше топтарға бөледі:
Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер – Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде сарышұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді. Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбөкен, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.
Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерге көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.
Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Химия, биология және география кафедрасы
«Бекітілді»
Кафедра меңгерушісі
Коразбекова К.У.
Кафедра мәжілісінде қаралды
2020ж. «06» мамыр
№ 10хаттама
Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жануарлар биологиясы
6В01505-Биология білім беру бағдарламасына арналған
Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық құрылымы
Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтың құрылымы
1. №1 Зертханалық сабақтың тақырыбы: Полимерлерді зерттеудің физикалық әдістері. Тығыздықты анықтау әдістері. Сығылған және құйылған полимерлердің тығыздығын анықтау
2. Оқу нәтижелері: Полимерлерді зерттеудің физикалық әдістерімен танысып, тығыздықты анықтау әдістерін меңгеру
3. Зертханалық сабақтың тапсырмасы
Полимерлердің физикалық қасиеттерін анықтау
4. Бағалау критерийлері
- жұмысқа қатысты теориялық білім болу керек;
- жұмыстың барысы мен жасалынуын;
- аппараттар мен реактивтермен жұмыс жасай білуі керек;
- реакция теңдеулерін жаза білуі тиіс.
Жұмыс мақсаты: Полистиролдың алынуы және оның құрамын окып білу.
Реактивтер: стирол 4 мл, бензоилдын перокисі, бензол, хлороформ, этил спирті.
Құрал-жабдықтар: пробирка, құмды қыздырғыш, сағатты шыны, шыны таяқша.
Жұмыс тәртібі:
1. Полистиролды алынуы
2. Полистиролдан пленка алу
3. Полистиролды ұнтақтың алынуы
4. Полистиролдың ерігіштігін тексеру
Жұмыс әдістемесі
1.№1 Зертханалық сабақтың тақырыбы:: Қауіпсіздік техникасының ережесі.
2. Оқу нәтижелері: Зертханалық жұмыстарды орындау кезінде әдіс тәсілдерді меңгеру
3. Зертханалық сабақтың тапсырмасы
Жабдықтар: микроскоп, лупа, штативті лупа, фиксацияланған препараттар
4. Бағалау критерийлері
- жұмысқа қатысты теориялық білім болу керек;
- жұмыстың барысы мен жасалынуын;
- препараттармен жұмыс жасай білуі керек;
Жұмыс тәртібі:
Техникалық құралдар, құрылысы пайдалану
Бекітілген препараттарды оқып үйрену
Микроскопиялық препараттармен жұмыс
Жұмыстың барысы: Қол лупасы линза (екі беті дөңес линза) тұтқасы штативті лупа, штатив, заттық үстелше, айна, окуляр.
Микроскоптың құрамды бөліктері: механикалық бөлім (штатив, заттық үстелше, тубус, бұрандалар), жарық түсіргіш құрылым (айна), оптикалық жүйе (окуляр, обьектив). Микроскоппен жұмыс барысында микросопты жұмыс жағдайына қою қажет (жарық түсіру, айқындау) зерттеу нысанының жеке бөліктерін толықтай көру үшін таңдап алу және оны көру алаңының ортасына жылжыту.
Уақытша препараттарды студенттер сабақ барысында даярлайды. Мысалы: қарапайымдардың қолдан өсірілген культурасының тамшысын заттық шыныға салады және үстін жабын әйнекпен жабады. Алдын ала жабын шыныға зерттелетін нысан жаншылмайтындай етіп балауыз «аяқшаларын» салады.
Жабдықтар: микроскоп, лупа, штативті лупа, фиксацияланған препараттар
4. Бағалау критерийлері
- жұмысқа қатысты теориялық білім болу керек;
- жұмыстың барысы мен жасалынуын;
- препараттармен жұмыс жасай білуі керек;
Жұмыс тәртібі:
№ 2 жұмыс
1.№2 Зертханалық сабақтың тақырыбы тақырыбы: Кәдімгі амебаның және қабыршақты амебалардың құрлысы.
Систематикалық орны
Бір клеткалы жануарлар - Protozoa
Тип Саркомастигофоралар – Sarcomastigophora
Класс Жалған аяқтылар - Sarcodina
Класс тармағы Тамыр аяқтылар - Rhizopoda
Отряд Амебалар - Amoebina
Өкілі Кәдімгі амеба – Amoeba proteus
Отряд Қабыршақты амебалар - Testacea
Өкілдері: Арцелла sp. , Диффлюгия
Отряд фораминифералар - Poraminifera
Өкілдері: Бір және көп камералы фораминифералар.
2.Оқу нәтижелері: Кәдімгі амебаны мысалға ала отырып, құрылысы қарапайым жалған аяқтылар класына тән ерекшеліктерді анықтау.
3. Зертханалық сабақтың тапсырмасы
: Амебаның дене пішінімен танысып, қозғалысын бақылау. Цитоплазманың жіктелуіне назар аудару. Жиырылғыш және асқорыту вакуольдерінің пайда болуын бақылау. Эктоплазманы және эндоплазманы салыстырып. Олардың бір- бірінен айырмашылықтарын анықтаңдар. Қабыршақты құрылысымен танысу. Фораминифералардың жәй және күрделі қабыршақтарын микроскоппен қарау.
Жабдықтар:Таблицалар: қарапайымдардың систематикасы, амебаның құрлысы, дизентерия амебасының даму циклінің схемасы. Лабораторияда өсірілген амебалар.заттық және жабын әйнектер, пипеткалар. Амебаның тұрақты препараты. Қабыршақты амебалардың тұрақты препараттары.
+Жұмыстың барысы: Уақытша препарат жасап, амебаны тауып, оны микроскоптың әр түрлі ұлғайтқыштарымен қарау. Амебаның қозғалуын, қоректенуін бақылау. Ядросын боялған тұрақты препараттан табу: Экто- және эндоплазманы ажыратып, оларды салыстырыңдар. Көпіршік тәрізді асқорытувакуольдерін және жиырылғыш вакуольдерін табыңдар. Амебаның суретін сызып, онда эктоплазманы, эндоплазманы, жалған аяқтарды, ядроны, асқорыту және жиырылғыш вакуольдерін көрсетіңдер.
4. Бағалау критерийлері
- жұмысқа қатысты теориялық білім болу керек;
- жұмыстың барысы мен жасалынуын;
- препараттармен жұмыс жасай білуі керек;
Дизентерия амебасының даму циклімен таблица арқылы танысыңдар.
Қабыршақты амебалардың құрлысымен танысып, арцелланың және диффлюгияның схемалық суретін сызыңдар.
Қайталауға арналған сұрақтар:
Бір клеткалы жануарлардың қандай типтерін білесіңдер?
Қарапайымдардың құрлысының көп клеткалы жануарлардың жеке клеткасымен ұқсастығы неде?
Қарапайымдардың қозғалу органеллаларын атаңдар?
Жалаңаш амебалар мен қабыршақты амебалардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтары қандай?
Амебаның, диффлюгияның, фораминифераның денесіне сұйық заттар қалай енеді және олар қандай жолмен қоректенеді?
Цистаға қоршалудың қандай биологиялық маңызы бар?
Жалаңаш және қабыршақты амебалар қалай көбейеді?
Фораминифералар қалай көбейеді?
Жалған аяқтыларды неге ең төменгі сатыдағы қарапйымдарға жатқызады?
Достарыңызбен бөлісу: |