Сабақ 5- күн Тақырыбы М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзіндісі бойынша Зигфрид Ахметұлының бейнесі



Дата18.07.2016
өлшемі72.5 Kb.
#206490
түріОқулық




Пәні

Қазақ әдебиеті

6«а» сыныбы

3-сабақ

5- күн

Тақырыбы

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзіндісі бойынша Зигфрид Ахметұлының бейнесі

Мақсаты

Жазушының шығармасындағы идеялық-тақырыптық мән-мазмұнға, басты кейіпкерге және туындының көркемдік қасиетіне талдау жасату.

Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, жазушы туындысын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

Өз пікірлерін нақты дәлелдемелермен жеткізе білуге, ой еркіндігіне, сөз еркіндігіне, шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу.


Күтілетін

нәтиже

Шығармадағы оқиғалармен танысады,  мазмұндай алады, бейбітшілік пен соғыстың мәнін ажырата алады, кейіпкерлерді және олардың іс-әрекетін саралай біледі.

Түйінді идеялар

 Шығарманың  мазмұнын меңгерту,     кейіпкердің ішкі жан дүниесін  ұғындыру,     "соғыс" ж/е "бейбітшілік" сөзінің мәнін ашу


Сабақтың формасы

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың әдісі

«Ыстық микрафон», Борт журналы, «Оқыту сыныптастары» стратегиясы, Бағалау (Ойлан, жұптас, бөліс), «Граффити мәтін» оқу стратегиясы, «Ақылдың алты қалпағы»,БББ кестесі.

Ойлау деңгейі (Б.Блум бойынша)

Мақсаты

Түрткі( тапсырма, сұрақ, ресурс)

Нәтиже

Бағалау

Мұғалімнің

іс-әрекеті



Оқушының

іс-әрекеті



Білу

Ыстық микрафон арқылы үй тапсырмасын сұрау

Түрткі ой салу, үй тапсырмасына дайындап келген сұрақтарын ыстық орындықта отырған оқушыға айту.

Шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы өз ойларын жетік жеткізеді.

Критериалды бағалау

- тапсырманы толығымен дұрыс орындады - 3

- жартылай орындады - 2

-мүлдем орындай алмады - 1




Оқушылармен амандасу.

Сабаққа қатысын тексеру. Топқа бөлу.Отырған орындарында 6 топқа бөледі.



Мұғаліммен амандасады.

Тренингке қатысады. Топқа бөлінеді.




Түсіну

Тақырыптың мазмұнын ашу



Ақылдың алты қалпағы бойынша жұмыс жасайды. Үзінді бойынша мына бағыттарда жұмыс жасайды.

Ақ қалпақ – ақпараттар, фактілер

Қызыл қалпақішкі сезім

Қара қалпақ – логикалық негативті ойлау

Сары қалпақ – логикалық позитивті ойлау

Жасыл қалпақ – шығармашылық ойлау

Көк қалпақ – ойлау процесін басқару

Өздеріне берілген тақырыптар бойынша ойларын бір-біріне түсіндіре отырып тақырыптың мазмұнын ашады.

Критериалды бағалау

- тақырыптың мазмұнын толықтай ашты - 3

- тақырыптың мазмұнын жартылай ашты - 2.

- тақырыптың мазмұнын мүлдем ашпады -1.



Постерлерді қорғау кезінде оқушыларға бағыт береді

Постерлермен жұмыстанады. Бағалау парағын толтырады.

Қолдану

«Борт журналы» стратегиясын орындау.

Берілген мәтін бойынша тірек сөздерді табады да, тірек сызба немесе сурет салады.

Берілген тапсырманы орындау арқылы білі толығады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Критериалды бағалау:

- тапсырманы толығымен дұрыс орындады - 3

- жартылай орындады - 2

-мүлдем орындай алмады - 1




Критериалды бағалаумен таныстырады, тапсырманы қалай орындау керектігі туралы түсінік береді.

Критериалды бағалаумен танысады, тапсырманы толық, талапқа сай орындайды.

Талдау


«Оқыту сыныптастары» стратегиясы

Бағалау ойлан, жұптас, бөліс

«Граффити мәтін» оқу стратегиясы


Берілген сөйлемнің

Жағдаят, мәтін түрі, аспектілерін анықтайды.



Ойлан

Шығармада соғыс зардабы қалай берілгендігі туралы 2 минут ойланыңыз.

Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден басталды?

Ахмет таңдауында қандай сыр бар?



Жұптас

Серіктеспен 2 минут бойы ойыңызды талқылап, Ахмет отбасына Зифгридтің бауыр басып кетуіне не себеп болды? Зифгрид үшін Ахмет қандай іс- әрекеттерге барды?



Бөліс

Сыныпта қазақ халқының бауырмалдығы туралы талқылаңыз. Қазақ халқы үшін маңызды болып табылатын қасиеттердің қысқаша тізімін жасаңыз.

“...Әлде тапсырманы ұмытты ма, әлде балалықпен өзімнің де қолымнан келер деп ойлады ма, бірде Зигфрид егінге тақап қалған малды өзі қайырмақ болды. Қолына шоқпар қамшы ұйғайынан сырлар ыққан жоқ, алға қарай баса берген. Ұстаған кішкене баладан, оның шіңкілдеген айғайынан сиырлар ыққан жоқ, алға қарай баса берген. Желе шауып жүріп, бірін қайырса екіншісі қашып, екіншісіне беттесе үшіншісі бой бермей, ақыры бар сиыр дүркірей шауып, шарасы таусылған Зигфридпен бірге егінге кеп түскен.”


Сөйлемді талдай отырып, шығарма туралы білімдерін жетілдіреді,сұрақтарға жауап бере отырып, сөйлеу мәдениеті мен талдау қабілеті артады.
Сөйлемді талдай отырып, шығарма туралы білімдерін жетілдіреді,сұрақтарға жауап бере отырып, сөйлеу мәдениеті мен талдау қабілеті артады.


Сөйлеу мәдениеті мен талдау қабілетіне сараптама жасалады.



Тапсырмамен таныстырады, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен талдау қабілетіне бақылаужасайды.

Берілген сөйлемді топпен орындайды сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау

Аспект, мәтінге негізделген Сократтық семинар


“...Сол күннен бастап Зигфридті ешкім сыртқа теппейтін болды. Өзі де ойынға тоймайтын бала екен. Таңертеңнен кешке дейін өзен бойында жүреді. Балалармен бірге у-шу боп суға түседі. Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды. Жапырақ желкен керіп, қамыстан қайық жасайды. Тас лақтырып, қаймақ жалатады. Өтірік малтып қақ ойнайды. Ақыры кешке үлкен жұмыс басынан келгендей шаршап жығылады. Таң ата тағы кетеді.”

Зигфридтің іс-әрекетіне талдау жасайды. Сабақ туралы диктор болып, тілші болып, телефонмен сұхбаттасу арқылы сабақ туралы білімдерін жинақтайды.

Үзіндінің тақырыбы мен идеясына

Толық тсінік береді, кейіпкерлерге талдау жасайды Зигфридтің іс-әрекетіне мінездеме береді, өз пікірлерін қосады.



Тақырып бойынша жұмыс жасауларына мүмкіндік береді, оқушылардың дұрыс және мәдениетті сөйлеулеріне ақылау жасады.

Зигфридтің мінез-құлқына, қасиеттері, ұстанымы туралы, сондай-ақ кейіпкердің тағдырына ортақтаса алады, ізгілік қарым-қатынасына, адамгершілік қасиеттеріне талдау жасайды.

Бағалау

Сабақтың тақырыбын, оқушының сабақ туралы сыни көзқарасын БББ кестесі арқылы бекітемін.

Әр оқушы рефлексия жасайды.

1.Мен нені үйрендім және

маған қызықты

болғаны?


2.Мен нені үйренбедім

және маған ұнамағаны



Оқушының өз іс-әрекетінің нәтижесін бағалай алуын байқау

Сабақты бағалау смайликтер мен стикерлерге жазып қалдыру.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ туралы ойларын рефлексия парағына жазып қалдыру

ҚАЗАҚТСАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзіндісі бойынша Зигфрид Ахметұлының бейнесі

Қабылдаған: А.А. Жангабулова

Дайындаған: Абиева С, Әуезова Қ, Құттыбекова М, Мақұлбекова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет