Сабақ 7-8 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі169.35 Kb.
#453849
түріСабақ
1   2
1513620966 (3)

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.



Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.



Жаңа білім

10 минут



«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?


«Биопоэма» тәсілін қолданып, әрбір оқушыға «Аңыз патшайым» деген тақырып бойынша А4 парағына жазылған бірнеше сауал беріледі. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: «Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.

Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.

Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ — X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.

Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып — Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар.



Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, кітап көрмесі, үлестірмелі материалдар, А4 парағы, парақшалар



Ортасы

10 минут




Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады

Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тап- сырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4, 6, 9-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орында- тады.

4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындата- ды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. 10-тапсырманы орындатады.

Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негі- зінде тақырыпқа қатысты тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер





Сергіту сәті

2 минут


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу



Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді








Үлестірмемен жұмыс.
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады. Жұптық жұмыс.




Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут



Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.

Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақ- шалар таратады.


Кері байланыс кемесі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс








Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Менөз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет