3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізеді;
Оқушылардың басым бөлімі: Өлеңді қайталап оқып, боранға қатысты сөздерді табады, дауыстап айтыңдар, ақын суреттеген қысқы боран нені елестетеді? деген сұраққа жауап береді;
Кейбір оқушылар:мәтінді сызба бойынша талдайды
- өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізеді;
- мәтінді сызба бойынша талдайды
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі /уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут
Қызығушылығын ояту
Дайынбыз ба, сабаққа?
-Дайынбыз!
Дайын болсақ сабаққа, кідірмеспіз сұраққа!
Үй тапсырмасын сұрау
1.«Ауыл күзі» Тайыр Жароков- мәнерлеп оқу.
2. «Күзгі еңбек» шығармаларын оқу
Кітаптың жомарт беттері... -Алдарыңызда 5 кітап. Кітабымыздың мұқабасындағы жұмбақтарды оқып, шешуін табуымыз керекпіз. Жұмбақ жауабы кітаптың келесі бетінде көсетілген.
1- кітаптың жұмбағы: .Қыста бар да жазда жоқ
/Қар/
-Ал, сендер қардың қандай түрлері бар екенін білесіңдер ме?
Ұлпа қар- жаңа жауған жұмсақ қар.
Ақша қар-жаңа жауған ұлпа қар
Омбы қар-белуарға дейін қалың түскен күртік қар.
2- кітаптың жұмбағы: Құлағы мен көзі жоқ
Жоқ тіпті қол мен аяғы
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
/Аяз/
Қызыл шұнақ аяз — адамның бетін қарыған аяз.
Қытымыр аяз — шымшыма аяз.
Сақылдаған сары аяз — адамның аяқ-қолын домбықтырып үсітер аяз.
Тымырсық аяз — желсіз күнгі шақпа аяз.
Шыңылтыр аяз — құрғақ аяз
3- кітаптың жұмбағы: Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр – қатты ақ.
/Мұз/
-Суретте қандай спорттық ойын түрі көрсетілген? /Мәнерлеп сырғанау/
-Суреттегі спортшыны кім таныды?
Денис Юрьевич Тен (Алматы, 13 маусым, 1993 жыл - 19 шілде 2018 жыл) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.