Тақырыбы:
Сабақ
|
Ағзаның ішкі ортасы және оның маңызы
|
|
Күні,айы:
|
Мұғалімнің аты-жөні: А.Алшынбекова
|
|
8 сыып
|
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
|
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
|
|
Сабақты оқыту мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Ағзаның ішкі ортасын құрайтын ұлпа сұйықтығы, қан, лимфа және олардың атқаратын қызметі, құрамы, ерекшеліктері туралы түсініктер алады
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Организмнің ішкі ортасы және оның құрамы туралы ұғым қалыптастырады.
|
|
Кейбір оқушылар:
Адамның қан жасушаларының түрлерімен таныстыру.
Берілген тапсырманы өз деңгейінде орындауға дағдыландыру
|
|
Жетістік критерийі
|
Ағзаның ішкі ортасының маңызы зор екенін біледі.
Қан және оның жасушаларын ажырата алады.
Топтасып, жұптасып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ағзаның ішкі сұйықтықтары туралы салыстыру
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады
|
|
Құндылықтар
|
Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.
|
|
Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу
|
Төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу
|
|
АКТ дағдысынқолдану
|
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
|
|
Сабақтың барысы
|
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы(2-5 минут)
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Кім жылдам
Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
Үй тапсырмасын сұрау (интерактивті тақтамен жұмыс)
«Кім жылдам?»
1. Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы қаңқа деп аталады
2. Қаңқа қорғаныштық қызмет атқарады
3. Ми сауытының сүйектері қысқа сүйектерге жатады
4. Адам омыртқаларының саны 34-35
5. Қабырғалардың алдыңғы жағы төссүйекпен байланысқан
6. Буын арқылы байланысқан сүйектер толық қозғалады
7. Бірыңғай салалы бұлшық ет адам ырқына бағынады
8. Екі басты бұлшықет қолда болады
9. Мимикалық бұлшықеттер мойында болады
10.Трапеция пішінді бұлшықеттер құрсақта болады
|
|
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
|
Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.
Қанның қызметі:
Адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-бірімен
өзара байланыстырады.
Оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады.
Қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді.
Ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды.
Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.
Ағзаны зиянды микроптардан қорғайды
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды.
Жасушаларда қышқылдың, судың денгейін реттейді.
Қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю қабілеті).
Қанның құрамы плазмадан, қан жасушаларынан тұрады
Қанның құрамы: плазмадан (55%),қан жасушаларынан (45%) тұрады.
Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Плазманың құрамында 90-92 % су, 7-8 % нәруыз, 0,12 % глюкоза, 0,7-0,8 % май, 0,9 % тұз болады.
Плазмадағы нәруыздар глобулиндер (1,7-3,5%), альбуминдер (4,5%), фибриногендер (0,4%)
Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі.Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырлып, тырысып қалады.
Қан жасушалары лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары), эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), тромбоциттер (қан пластинкалары),
Постер арқылы жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыру
Мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді олар түсініктерін қағазға салу керек , постер арқылы қорғайды
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы топтасып жұмыс жасайды.
1 топ: Қан. Ұлпа сұйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы.
2 топ: Қанның құрамы: плазма және формалы элементтері-эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер
3 топ: Адам қанының ағзадағы атқаратын қызметі
|
Достарыңызбен бөлісу: |